Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 21:06, курсовая работа
Ол қазіргі уақыттағы қонақжайлылық қағидасына негізделіп құрылған сауықтан оның ішкі туризмнің дамуына әсері мол. Қазіргі таңда әлемде туризмге түсетін табыс таңғажайып отельдердің есебінен ұлғайып келеді. Таңғажайып отельдерге орналасу орны (ағаштағы, судағы, үңгірдегі, жер астындағы, ғарыштағы отельдер), дизайны (геометриялық, бейне отельдер), құрылыс материалы (алтыннан, тұздан, мұздан салынған отельдер), атқаратын қызметі (мұражай-отель, отель-түрме, бутик-отель, медициналық отель) өзге отельдерден ерекшеленіп отыратын отельдер жатады.
КІРІСПЕ
1 ҚОНАҚ ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ........................................................................... 5
1.1 Әлемдік қонақ үй шаруашылығы....................................................................... 5
1.2 Қазақстанның қонақ үй шаруашылығын талдау..............................................12
2 ТАҢҒАЖАЙЫП ОТЕЛЬДЕР............................................................................... 17
2.1 Әлемдегі таңғажайып отельдердің жіктелуі.....................................................17
2.2 Әлемдегі таңғажайып отельдерге сипаттама....................................................19
3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БОЛАШАҚ ТУРИСТІК
КЕШЕНДЕРІНІҢ ЕРЕКШІЛІКТЕРІ....................................................................... 37
3.1“Жаңа Іле” туристік кешені мен “Ақтау Сити” туристік кешендеріне сипаттама....................................................................................................................37
3.2 Қазақстан аумағында ерекше отельдерді салу мүмкіндігі .............................41
3.3Қазақстанда экологиялық отельді салудың экономикалық тиімділігі.. .........50
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................61
Crane отелі голландық
Харлингенде, порттағы
Харлинген қаласындағы маяк-отель бір номерден тұрады. Маякта тұрудың артықшылығы одан тамаша көріністің ашылуында. Сондықтан да, мұнда терезелер еденнен төбеге дейін орналасқан. Интерьер арт-деко стилінде безендірілген. Маяк-отель иесі Crane Hotel отелінің иесі. Бір тәулік құны Crane Hotel отеліндегідей 319 евроны құрайды.
Голландықтар таңғажайып отельдерді салудан көшбасшы болып келеді. Роттердам телемұнарасы харлингендік маяктан биігірек келеді. 100 метр деңгейлік мұнарада Euromast отелі орналасқан. Әйнекпен келбеттендірілген екі сьют бөлмесінен тұрады. Бір тәулік құны 230 евродан басталады.
Тау-шаңғы отелі Копенгагенде орналаспақ. BIG архитектуралық компаниясы Норвегияда тау шаңғышылары үшін отельді ерекше етіп салмақ. Қонақ үй тұрғындары өз номерлерінен тау беткейіне бірден шығатын болады. Басты идеясы – отель тұрғындары тау беткейіне бірден номерден шыға алуы тиіс және дәл солай тау беткейінен бірден бөлмеге тап болуы керек. Жалпы ауданы: 11 000 м2. Мұнда мейрамхана, кафе, бассейн 332 ыңғайлы номер бар. BIG жобасы бойынша Хафьель тау баурайында салынбақ.
Дизайнерлік отель Стокгольмдегі жаңа қонақ үй скандинавтық дизайнды бағалаушыларды қуантпақ. Clarion жүйесіне кіретін Sign отелі 6 ақпанда ашылды және қазіргі уақытта Стокгольмдағы ең ірі қонақ үй аталып отыр, мұнда 558 номер бар. Отельдің ерекшелігі – қонақ үйдегі әрбір қабат Скандинавияның бір еліне арналған. Отель 4 қабаттан тұрады. Олар әйгілі дизайн шеберлерінің біртұмасымен жиһаздалған. Бірінші қабат Швецияға (Бруно Матосо, Эрик Иоргансен жұмыстарымен), екінші қабат Финляндияға (Алвар Аалто), үшінші қабат Данияға (Арне Якобсен), төртінші қабат Норвегияға арналған. Қонақ үйді Герд Вингар атты әлемге танымал шведтік архитектор салды. Отельдің жоғарғы қабатында spa және шатырда орналасқан терраса бар. Оңтүстік террасада Стокгольмнің орталығына, ал бассейннен (қыста оны жылытып отырады) Кунгсхольменге (Ханзада аралы) тамаша көрініс ашылады. Отельде негізі 1928 жылы қаланған нью-йорктік Aquavit мейрамханасының әлемдегі тұңғыш филиалы болып саналатын Aquavit Grill and Raw Bar мейрамханасы бар.
Nitenite Cityhotels отельдер жүйесінде
номерлер шағын мұхит
Rogner Bad Blumau отелі Австриядағы Блюмау қаласында орналасқан. Отельдің итерьерінде бірде-бір тік бағыт жоқ – қисық терезелер, ісіп кеткен едендер, әр түрлі түске боялған толқын тәрізді дәліздер мен қабырғалар осының куәгері болып табылады.
Хият Будапешт отелінің атриумында XX ғасырға жататын ұшақ ілініп қойылған. Франциядағы классикалық отельдер қатарына Haute couture классикалық отельдері – «Марсэ», «Нуазэ», «Ла От Рош» кіреді. Олар XIV Людовик стилінде безендірілген отель-замок түрінде салынған. Онда XV-XVI ғасырда француз корольдері тұрған. Уақыт өте келе ол жаңа заман талабына сәйкестендіріліп өзгертілді. Қазіргі таңда орналастыру қызметін көрсетеді.
3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БОЛАШАҚ ТУРИСТІК КЕШЕНДЕРДІҢ ЖОБАСЫ
3.1 “Жаңа Іле”
туристік кешені мен “Ақтау
Сити” туристік кешендеріне
Елімізде жоспарланып отырған екі маңызды туристік кешендердің Қазақстанның қонақ үй бизнесіне тигізетін ықпалы зор болмақ. Қонақ үй шаруашылығын туристік нарықтан бөлек қарастыруға болмайды. Себебі, орналастыру – саяхаттау кезінде туристерге қызметтің кешенді түрін ұсынатын негізгі қызметтің басты бөлігі.
Қапшағайдың жағалауында 11 мың гектар жерге “Жаңа Іле” туристік орталығын салу жоспарланып отыр. Оның құрылысы биылғы жылы басталып, 2012 жылы аяқталуы тиіс. Қазір ол жерге жобалау-сметалық құжаттама дайындау үшін инвесторлар арасында тендер жарияланды. Қазіргі кезде “Жаңа Іле” туристік кешенінің құрылысын жүргізуге құлшыныс білдіріп отырғандар арасында Қытайдың “Таленд Драгон Инвестмент Лимитед” компаниясы мен оңтүстіккореялық бизнесмендер бар. Екеуі де бір қарағанда аса тиімді. Қытайлықтар өз жобалары үшін Қапшағай жағалауынан 3,5 мың гектар жер сұрап отыр және қала аумағына дейінгі инфрақұрылымды жеткізуді қазақстандықтарға жүктемек. Олар туристік маңызы бар және ойын бизнесін арттыруға болатын қаланың құрылысына 10 млрд АҚШ долларын жұмсамақ. Ал оңтүстіккореялық бизнесмендер инфрақұрылымдық жұмысты атқарып, әрі қалада туристік және ойын-сауық бизнесіне арналған нысандармен бірге әлеуметтік саланың нысандарын, спорттық ғимараттар мен мектеп, аурухана салмақ. Сонымен бірге, ұлттық нақыштағы ауыл тұрғызып, екі мың гектар жерге саябақ орнатпақ. Біздің елде табиғаты сұлу, көрікті жерлер көп. Соларға туристерді тарту үшін көп жұмыс істеу керек. Біздің қазіргі жұмысымыз осылардың ішінен шетел инвесторларын тартып, туристік орталық құруға болады деген бірнеше өңірді таңдап алып, сол жерлерде туризмді дамыту /31/.
Оңтүстік Кореяның “Rehoboth
Group” компаниясы Қапшағай су қоймасының
жағалауында қоныс тебетін «
Біріккен Араб Әмірлігінің қай салада болмасын сәттілік танытатындығы 3 негізгі көрсеткішке тәуелді: мұнай, ақша, шет елдік инвесторлар. Қазақстанда жоғарыда аталып кеткен факторлардың барлығы бар. Республикада басты қаражат осы күнге дейін 2 негізгі орталыққа бағытталып келді – екі астанамыз: Алматы мен Астана. Батыс қалаларына келгенде мемлекеттің басты назары өндірістік салаға ауып отырды, яғни, мұнай өндіру мен оны тасымалдау, көліктік логистикалық торларды құру т.б.
Мұнайлы өңірдің ғана
емес, егеменді еліміздің мерейін
өсіре түсетін “Ақтау-Сити”
«Ақтау Сити» деген атқа ие болған қаланы салуға 39 миллиард доллар жұмсалмақ. Құрылысы биыл басталып 2020 жылдары аяқталмақ бұл шаһардың көркімен әлемнің кез келген қаласы таласа алмасы хақ. Тіпті, болашақта дүниеге келетін қаланы Дубайға ұқсатқанымен, Дубайды салуда кеткен кем-кетік бұл қалада қайталанбасы белгілі. Мұның бәрі бүгіннің өзінде есепке алынған көрінеді. Жарқыраған көшелерін Каспийдің самалы аралаған, көгілдір теңізге ұқсаған әйнектерден тұрар әсем қала көп ұзамай талай елдің көз құрты, талайлардың қол жетпес арман қаласына айналары шындық. Ақтау қаласының болашақтағы өсіп-өркендеу сатысы – бұған «Ақтау Сити» де кірмек. Құрылыстың жалпы ауданы: 3600 гектар және 10 километрлік жағажай сызығы. Қала төртбұрышта орналасады: батысында Каспий теңізімен, оңтүстігінде Ақтау қаласымен, шығысында автострадамен, солтүстігінде әуежай зонасымен шектеледі.
Теңізге жақын орналасқан қаланың батыс бөлігі биік құрылыстармен толы болады, сол биік құрылыстардың арасында жағалауға апаратын аллеялар салынады. Бұл зонада ойын-сауық мекемелері орналасады. Қаланың шығыс бөлігінде жеке бақтар мен скверлерге арналған аумақ бөлінген. Солтүстігінде демалыс зонасы, көңіл көтеру кешендері мен өзге де арнайы кешендер, жарыс трассалары, ат жарытары үшін тректер, ат жарыс орталығы мен гольф алаңы орналасады. Ақтау Ситида 950 мың мен миллион аралығында тұрғын болады деп есептелуде. Қалада жаңадан мектептер, ауруханалар, супермаркеттер, университеттер салынады. Алдын ала жасалған есептеулер барысында жаңа қаланың құрылысына 38-40 млрд доллар кететіндігі анықталған. Алайда, Ақтау Сити толығымен тек 2020 жылы ғана іске қосылатындығын ескерсек, оғанға дейін аталмыш соманың бірнеше есе өсетіндігі айдан анық.
АҚШ-та жасалған жобаға 200 астам білікті маман қатысыпты. Ал құрылыстың құны 38 миллиард АҚШ доллары мөлшерінде. Алғашқы құрылыстардың денін тұрғын үйлермен қатар, бизнес, сауда, демалыс және көңіл көтеру кешендері, қонақ үйлер, медицина орталықтары, мұнай және газ жобаларын дайындау, қызмет көрсету орындары құрамақ. “Ақтау-Сити” тұрғын үй кешенінің құрылысына қаланың қазіргі солтүстігінен Аңшұқыр кентіне қарай 4000 гектарға жуық жер бөлінген. Солтүстік бағытта теңіз бойымен 10 шақырымнан астам жерге созылатын сәнді шаһардың кейбір тұстары теңізге 1,2 шақырымға дейін сұғына салынбақшы. Ал, қаланың шығыс бөлігіне теңіз жағалауына балама ретінде жекеменшік бақтар мен сейіл жолдар салуға ауқымды көлемде алаңдар бөлінбекші.
Біз өз тарапымыздан бұл
жобаға қатты қызығып отырмыз. Өйткені
оның болашағы зор, оның үстіне, бұл
– ұзақ мерзімді жоба. Жұмыстар 10-12
жыл бойы жүргізілмек. Бұған қазіргі
уақытша дағдарыстан келіп-
5 сурет. «Ақтау Сити» қаласының көрінісі [28]
Қаланың өзі теңіз жағасында орналасқан, әрі Ақтаудағы мұнай өндірісі алдағы 10 жыл ішінде 3-4 есеге дейін артады. Болашақта көптеген жұмыс орындары ашылып, халық саны кем дегенде екі есеге дейін көбеюі тиіс. Жобаға деген коммерциялық қызығушылық зор. Ақтау қаласында мұнай өндіріледі, көптеген шетел азаматтары тұрып жатыр. Бұл жерде жайлы әрі әдемі қала болуы тиіс. Енді Дубай қаласында өтетін көрмеден кейін үш жерден үйлер салына бастайды. Бұл жоба халықтың әлеуметтік тұрмысын көтереді. Көптеген жұмыс орындары ашылып, келешекте 1 млн адам тұрады деген ой бар. Миллиондаған мекемелер ашылуы керек. Тұрғын үйдің бағасы әр түрлі болады. Элиталық үйлер мен орта бағалы үйлер салынады. Бірақ, олардың бағасы Қазақстандағы кез келген қаламен салыстырғанда арзанырақ болады. Ақтау – ерекше жер. Ақтау – ең алдымен, Қазақстанның мұнайлы орталығы, еліміздегі жалғыз теңіз порты. Ақтаудың тағы бір ерекшелігі – географиялық орналасуы. Мәскеуге дейін ұшақпен екі жарым сағат ұшасыз. Дубайға дейін де, Алматы мен Астанаға дейін де тура екі жарым сағат кетеді. Барлық жерге ұшақ екі жарым сағат ұшады. Бұл тізімге Стамбул мен Иорданияны да қосуға болады.
Жобаның алғашқы кезеңі инфрақұрылым салуды көздейді. Ескі қала мен жаңа қаланы байланыстыру керек. Жаңа әуежайға жол салып, жақын арада жаңа шағын аудан құрылысы басталады. Ықшам ауданда тұрғын жайлармен қатар, кеңселер, қоғамдық орындар, мектептер, қонақ үйлер мен халыққа қажетті бірқатар әлеуметтік нысандар пайда болады. Бүгіннің өзінде бұл жобаға көптеген инвесторлар қызығып отыр. Біз мұндай келуіміздің бір себебі – жергілікті инвесторларға да осындай мүмкіндік беру. Өйткені қазақстандық инвесторлар да бұл жобаның пайдасын көруі тиіс. Жаңадан салынатын ХХІ ғасыр қаласы – Ақтаудың идеологиясы: заманға сай қала, мұнайшылар мен энергетиктер ортасында бола тұрып, жайлы тұрмысқа арналған орталық. Құрылыстың Бас жоспары қала мен Каспий жағалауы экологиясын сақтауға бағытталған. Бос жерден бастау алған жоба қазірдің өзінде көптеген шетелдік инвесторлардың қызығушылығын тудырып отыр, бірақ бастапқы мәлімдеме бойынша, ең әуелі қазақстандық инвесторларға басымдық беріледі. Сондай-ақ жобаға отандық мердігерлер, өзіміздің мамандарымыз мен жұмысшыларымыз тартылады.
Қаланың солтүстігіне келсек, автомобиль жарысына арналған трасса, ат шабысына арналған трек, атпен серуен үшін алаң, гольф алаңы, басқа да спорттық және демалыс кешендері орналасады. Аталмыш жобаларды қазір Париждің, Лондонның, Гонконгтың, Бостонның халықаралық сәулетшілерінің бірлескен тобы әзірлеп, сарапқа салуда. Осынау қала құрылысының мастер-жоспарының стратегиялық жоспарлануын “Миллениум Девелопмент Интернешнл” атты ливандық компания, бас жоспарын АҚШ-тың әйгілі “Koetter Kіm & Ассэшейтес”, жобаны дамытушы Біріккен Араб Әмірліктерінің компаниясы екендігін еске алсақ, аталмыш құрылыстың күрделілігі мен қауқарын байқап білу қиын болмас.
Бұл күндері құрылысты ұйымдастырушы “ҚазЭмирХолдинг” атты қазақстандық компания атқаруда. Осы компания Парсы шығанағы елдерінен, Америкадан, Еуропадан инвесторлар тарту жұмысын қолға алыпты. Компания президентінің кеңесшісі А.Мақашовтың айтуынша, қазірдің өзінде қала құрылысына қатысуға әлемнің 20 жуық компаниясы тілек білдіріпті.
Жобаны жүзеге асырушы акционерлері Таяу Шығыс, Батыс елдері мен Қазақстанның жеке тұлғалары болып табылатын Kazemir Group атты халықаралық компаниясының қазақстандық «қызы» - Kazemir Aktau Development Ltd ЖШС. Kazemir Group компаниясының активі – жер учаскесі. Компанияның жоспарлаған инвестиция мөлшері 2 млрд доллардан асады. Kazemir Group вице-президенті Жомарт Сайбулатовтың айтуынша жобаның негізінен басым бөлігі араб капиталының үлесіне тиеді. Kazemir Group-тың серіктесі – Saraya Holdings тобына кіретін Millenium Development International (MDI). MDI компаниясы Сингапур, Шанхай, Малайзия қалаларының құрылыстарына қатысқан.
Қаланың іргетасын қалау салтанатты рәсімі 2007 жылы 11 қыркүйекте Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтті. Сонымен қатар, оған Абу-Дабидің мәдениет басқармасының жетекшісі, басқа министрліктердің басшылары қатысты. Ақтау Ситидің болашағы Шымкент қаласында өткен кездесу барысында Қазақстан мен БАӘ елбасыларының арасында өзара талқыға алынған болатын. Инвесторлар құрылысқа халықаралық серпінмен кірісті. Барлық жобалар Бостон, Париж, Лондон, Гонконг архитекторларының біріккен тобымен жасалды. Стратегиялық жоспарларды Millenium Development International (Ливан) компаниясы жүзеге асырды. Генжоспарды жетілдіруші – Koetter Kim & Associates (АҚШ). Инфрақұрылымды жетілдіруші – «Катиб и Аллами» (Ливан). Жобаны алға жылжытуға жауапты – TBA компаниясы (ОАЭ, АҚШ).
3.2 Қазақстан территориясында ерекше отельдерді салу мүмкіндігі
Экономика біздің дамуымыздың басты алғышарты болып қалуда, ал экономикалық өсуде максималды жоғары қарқынды жетістік басты мәселе. Біз бұған экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттырғанда ғана жете аламыз. Соңғы уақытта әлемдік туризм мен қонақ үй бизнесінде жаңа бағыт пайда болды – уақытты тек қана тартымды жерде емес, сонымен қатар, тартымды әрі бірегей қонақ үйде өткізіп, саяхаттан ерекше әсер алу.