Әлемдік қонақ үй шаруашылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 21:06, курсовая работа

Краткое описание

Ол қазіргі уақыттағы қонақжайлылық қағидасына негізделіп құрылған сауықтан оның ішкі туризмнің дамуына әсері мол. Қазіргі таңда әлемде туризмге түсетін табыс таңғажайып отельдердің есебінен ұлғайып келеді. Таңғажайып отельдерге орналасу орны (ағаштағы, судағы, үңгірдегі, жер астындағы, ғарыштағы отельдер), дизайны (геометриялық, бейне отельдер), құрылыс материалы (алтыннан, тұздан, мұздан салынған отельдер), атқаратын қызметі (мұражай-отель, отель-түрме, бутик-отель, медициналық отель) өзге отельдерден ерекшеленіп отыратын отельдер жатады.

Содержание

КІРІСПЕ

1 ҚОНАҚ ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ........................................................................... 5
1.1 Әлемдік қонақ үй шаруашылығы....................................................................... 5
1.2 Қазақстанның қонақ үй шаруашылығын талдау..............................................12
2 ТАҢҒАЖАЙЫП ОТЕЛЬДЕР............................................................................... 17
2.1 Әлемдегі таңғажайып отельдердің жіктелуі.....................................................17
2.2 Әлемдегі таңғажайып отельдерге сипаттама....................................................19
3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БОЛАШАҚ ТУРИСТІК
КЕШЕНДЕРІНІҢ ЕРЕКШІЛІКТЕРІ....................................................................... 37
3.1“Жаңа Іле” туристік кешені мен “Ақтау Сити” туристік кешендеріне сипаттама....................................................................................................................37

3.2 Қазақстан аумағында ерекше отельдерді салу мүмкіндігі .............................41
3.3Қазақстанда экологиялық отельді салудың экономикалық тиімділігі.. .........50
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................61

Вложенные файлы: 1 файл

ТУКИ КЕРЕК.doc

— 646.00 Кб (Скачать файл)

Посейдон отелі Багам  архипелагында орналасқан. Жобасын Poseidon Undersea Resorts фирмасы жасаған. Жоба жетекшісі Флоридадан шыққан американдық  кәсіпкер Брюс Джонс. Ол 17 жыл бойы тропикалық рифтерге туристік саяхат жасайтын су асты қайықтарын қайта жабдықтау және сатумен айналысып келген. Отель 20 номерге арналған. Су астындағы отельдің үстінде қатты металда орнатылған шағын платформа бар. Су астындағы бөлік пен платформа 2 лифт арқылы қатынасады. Лифттің біреуі туристерге арналса, екіншісі қызмет көрсетушілерге арналған. Бейне шағылыстыратын қабырғадан салынған номерлер 15 м тереңдікте орналасқан. Қонақтар балықтарды арнайы автоматтандырылған құрылғылардың көмегімен тамақ бере алады. Сондай-ақ, бұл жерде дайвинг сабақтары өтеді, ал антуражға арналған кешеннің қасында дельфиндер жүзіп жүреді. Отельдегі әрбір бөлме туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады. Авария бола қалған жағдайда оларды арнайы су өткізбейтін құрылғымен жауып қоюға болады. Ал, үстінде сыртқа шығаратын авариялық шығу жолы бар. Бір тәулік тұру құны 1500 $ құрайды. Отель құрылысына кеткен қаражатты 10 жыл ішінде ақтайды деп болжам жасалуда.

Burj al Arab отелі The Jumeirah Beach Resort отелі мен Wild Wad аквапаркіне қарама-қарсы бетте, Біріккен Араб Әмірлігінің шығыс бөлігінде, жасанды аралда жағалаудан 280 м, Дубайдан оңтүстікке қарай 15 км жерде, Дубай қаласының халықаралық әуежайынан 25 км жерде орналасқан. Ол Араб мұнарасы деген мағынаны білдіреді. Жоба жетекшісі Tom Wright (WS Atkins PLC), Khuan Chew. Отель құрылысы 1994 жылы басталып, 1999 жылы аяқталды. Ол араб кемесіндегі доу желкеніне ұқсас келген. Жоғарыға қарай тікұшақ алаңы, ал басқа жағында «Аль-Мунтаха» мейрамханасы орналасқан. Ол Парсы шығанағынан 200 метр биіктікте орын алған және ол жерден Дубайға тамаша көрініс ашылады, оған шолу лифті арқылы көтерілуге болады. Ол екеуі деконсулдық балкамен берік қадалып тұрады. Келесі бір мейрамхана «Аль-Махара» деп аталады, оған келушілерді су асты қайығы іспеттес кемеде алып келеді. Онда сыйымдылығы миллион литрден асатын теңіз суы бар алып аквариум бар. Бактың қабырғалары қалыңдығы 18 м болатын плексигластан (ұлғайтқыш эффектті төмендету үшін) жасалған. Бұл мейрамхана Conde Nast Traveler Magazine журналының бағалауы бойынша дүниежүзіндегі ең мықты мейрамхана аталды. Отель  56 қабаттан тұрады, биіктігі 321 м. Ол теңізде, жасанды аралда орналасқан әрі Jumeirah International кешенінің бөлігі болып саналады. Отель әлемдік қонақ үй бизнесі саласындағы ең қымбат жоба болып саналады. 2006 жылы «World Travel Awards» марапатталды. Отельдің корпусы Персид шығанағынан 32 метр биіктікте орналасқан, фундаменті 40 метрге дейін теңіз тереңдігінде жатыр. Ақ ғимарат желкен формасында салынған, ал оның фасады түнгі уақыттың өзінде арнайы жамылғының арқасында жарқырап тұрады. Отельдің қабырғалары нағыз өнер туындыларымен безендірілген. Ғимараттың ішінде сарқырама мен түрлі түсті әуенді фонтан, коралл рифтері мен әр түрлі балықтары бар екі алып аквариум бар.

Отельде барлығы 202 екі қабатты номер бар: оның ішінде ауданы 170 кв.м болатын бір жатақ орны бар 164 екі бөлмелі номер, екі жатақ орны бар 28 үш бөлмелі номер, үш жатақ орны бар 6 төрт бөлмелі номер, ал 25 қабатта жеке лифт пен жеке кинотеатры бар 2 Special Suites пен 2 Grand Suites номерлері бар. Ең шағын номер ауданы 170 кв.м, ал ең үлкені 780 кв.м. Әр қабатта тіркеу бөлімі мен қызмет көрсету бар. Отельді безендіруде ең көрікті материалдар пайдаланылды: 24000 кв. м 30 түрлі мәрмәр, оның басым бөлігі бразилиялық мәрмәр, ағаштың құнды тегі, таза тас, тамаша қолөнер туындылары мен бірегей мозаика, былғары және асыл металдар – 8000 м кв астам отельдің ауданына жоғары пробалы 22 караттық таза алтын кеткен, тефлон жамылғысы бар екі қабатты әрі аса төзімді әйнекпен жабылған. Құны  1000 $-15 000$ аралығына дейін жетеді, ал Royal Suite номерінің құны шамамен 28 000 $. Отель ішіндегі экскурсия 75 $. Отельде барлар мен лоунж зоналарын есепке алғанда 4 мейрамхана, 2 бар, конференц-зал мен сауықтыру орталығы бар. Отельге тек қайықпен немесе тікұшақпен ғана жетуге болады.  Жобаның құны жуықтап алғанда 650 миллион $ құрайды. Отельдің холы екі қабаттан тұрады. Бірінші қабатта отельге келушілерді тіркеу бөлмесі, екінші қабаттағы холда дүкендер мен кафелер, жедел лифттерге апаратын дәліз бар. Екінші қабатқа көтерілу эскалатор арқылы жүзеге асырылады, оң жақтан жоғары көтерілсе, сол жақтан төменге түседі. Эскалатордың жанында қабырғаға бекітілген аквариум бар, сол эскалатор мен аквариумның арасында баспалдақты түрлі түс болып жанатын фонтан бар. Отельде дүниежүзіндегі ең биік 180 метрлік атриумдық лобби бар.

The Apeiron Island Hotel Sybarite архитектуралық  бюросының жобасы. Бұл жеті жұлдызды  қонақ үй, оның жалпы ауданы 200 мың кв.м. Жоба жетекшісі Joachim Hauser. Қонақ үй ғимараты бір қарағанда алып фонтан, бір қарағанда алып медуза үлгісінде салынған. Отельдің 60% су астында орналасқан. Бұл 28 қабаттан тұратын 185 метрлік мұнарада 438 люкс-номерінің тұрғындарына тікұшақтар қызмет көрсетеді, әрбір тұрғынның өзінің жеке яхтасы болады. Қонақ үй өзінің атауын біздің заманымызға дейінгі VI ғасырдағы Anaximander атты космологиялық теориядан иеленген. Онда нағыз әлемде кәрілік, кедейлік, ауру, соғыс, аштық болмайды делінген. Отель қонақтарына жеке жағажайлар, мейрамханалар, галереялар, дүкендер, кинотеатрлар, бассейндер ұсынылады. Ғимаратта, сонымен қатар, су асты мейрамханасы және тропикалық жануарлар мен өсімдіктер түрі кездесетін соңғы екі қабатта орналасқан жасанды джунгли бар. Арал жобасының құны 500 миллион долларға жуықтайды. Номерді отельдің ресми сайтынан алдын ала броньдауға болады. Жобадан күтілетін құн 500 миллион $ құрайды. Дубайдағы гидрополис отелі - 2003 жылы Crescent Hydropolis Resorts Plc компаниясы отельдің алғаш жобасын ұсынған болатын. Инвесторы шейх Мұхаммед бен Рашид әл Махтум. Аквасарай жан-жаққа бағытталған ұзын қармалауыштары бар мөлдір медуза түрінде салынған. Отель 2 бөліктен тұрады: оның бірінші бөлігі жағалауда, ал екінші бөлігі су астында  20 м тереңдікте орналасқан болатын (2 суре т).

                     2 сурет. The Apeiron Island Hotel отелі [21]

 

Кешен 220 номерге арналған. Олардың ең керемет бөлігі су астында  орналасқан. Апартаменттердің төбесі мен қабырғалары теңіз тұрғындарының  өмірін бақылау үшін мөлдір болып  жасалған. Жасанды түрде салынған тропикалық рифтерге алуан түрлі экзотикалық тіршілік иелерін әлемнің әр аймағынан әкеліп қоныстандырған. Отельдің су үстіндегі бөлігінде концерт залы, конференц-зал мен әкімшілік ғимарат, катерлер мен яхталарға арналған тұрақ орны, теңіз тереңдігін зерттеу лабораториясы, пластикалық хирургия клиникасы орналасқан. Отельдің 2 бөлігі бір-бірімен лифт пен фуникулер арқылы жалғасады, 500 метрлік тоннельмен зуылдап өтетін поезд “Гидрополис” тұрғындарын 20 м тереңдікке жылдам жеткізеді. Бір тәулік тұру құны 5,5 мың $ құрайды.

The Poseidon Undersea Resort су асты отелі 2009 жылы Фиджи аралында ашылады деп жоспарлануда, ол 13 метр тереңдікте орналасады. Жоба жетекшісі Брюс Джонс, ол  U.S/ Submarines компаниясының президенті. Бұл компания әлемге әр данасы 80 млн $ тұратын жеке су асты қайықтарын салумен танымал. Отель салынып жатқан аралда инфрақұрылымы мен ұшатын жолы бар курорт кешені орналасқан. Қонақ үйді лифтке апаратын 2 пирс жалғастырады. Турпакет 6 күнді құрайды: 2 күн кешеннің су асты бөлігінде және 4 күн жағалаудағы бунгалода. Бір апта тұру құны 15 000 $ құрайды. All inclusive жүйесі қосылған, соның ішінде қонақтарды Фиджи халықтық әуежайынан жеке ұшағымен отельге жеткізу. Қалталы клиенттер үшін пентхауздегі номерлердің бір тәулік құны 20 мың $ құрайды, олар 2006 жылдың қараша айынан бастап сатып алынып қойды. Жобаның құны 105 млн $. Отельдегі барлық номерлер су астында орналасқан. Отельдің айналасындағы су коралдарға және әдемі балықтарға бай. Мұндағы алғашқы 1000 тұрақтаушыларының есімін отель басшылығы екі монументке жазып түсірмекші. Отель қонақтарына әр түрлі  бағдарламалар ұсынылады: су аттракциондары, су асты қайықтарында жүзу, дайвинг, су асты үңгірлерін зерттеу т.б. Отельдің ашылуы 2009 жылға жоспарланып отыр. Ол 24 су асты номерінен және 48 бунгалодан тұрады. Әрбір бөлме 70% әйнектен тұрады.

Utter Inn – Швецияда орналасқан су асты отелі, қонақтарды отельге қайықпен әкеледі, ол Стокгольмға жақын жердегі өзен бойымен жүзеді. Бір тәулік құны 350 $ құрайды. Crescent Hydropolis Resorts Plc компаниясы осындай жаңа отельдерді салуда белсенділік танытуда. Компания Дубайдан басқа Бразилия, Қытай, Оман, Монако, Танзания, Багам аралдарында осындай жобадағы отельдерді салу үстінде. Бір қарағанда, әсіресе, жағалаудан көз тіккенде отель қалқымалы платформада орналасқан дүңгіршекке ұқсас келеді. Utter Inn айсберг сияқты, ондағы бар қызық су асты әлемінде шоғырланған. Баспалдақ отельдің су асты бөлігіне апарады. Отель бір номерден тұрады және ол қарапайым рәсімделген: төсек орны мен қызыл қабырғалар. Интерьердің басты элементі - өзеннің «ішкі әлеміне» көрініс ашатын үлкен терезелер. Алайда, өзендегі су мөлдір емес. Алайда, ондағы тұрғындар бір тәулікке 250 евроны өздерін аквариумдағы тіршілік иелері ретінде сезінетіндіктері үшін қуана төлейді.

Қытайдағы отельдің құрылысы 2008 жылы аяқталды. Hydropolis Qingdao атты су асты курорты Сары Теңіздің жағалауындағы Цнндао қаласына жақын жерде 33 мың метр кв территорияны алды. Waterworld қонақ үйі – Қытай үкіметі жетілдірілген және батқан карьерлерді игеру бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті, ол 100 метр тереңдегі бұрынғы карьерде орналасқан, 400 тұрғынға арналған. Шанхай қаласына жақын орналасқан Сунцзян провинциясындағы отельдік кешен пилоттық жоба болып саналады. Отельді салу байқауын Atkin’s Architecture Group британдық бюросының архитекторлары жеңіп алды. Ғимараттың жасыл шатырының үстіндегі ауданында ағаштар мен шөптер орнатылады, оның жасыл шатыр ауданы 3,5 мың квадрат метр. Геотермальды энергияны қолдану арқылы отель электр қуатымен қамтамасыздандырылады және ғимаратты жылытады. Отель су асты Гидросарайы мен су үсті Гидромұнарасынан тұрады. Отель тұрғындары теңіз тереңіне осы мұнарадан өткенде ғана жете алады. Бұл мұнарада да номерлер ұсынылады.  Экологиялық отельдің футуристік кешені іш жағынан жартылай сумен толтырылған карьерлерге орналастырады. Судың үстінде номерлер, ал карьердің ең терең бөлігінде су бассейні мен суда көңіл көтеру бағдарламалары қарастырылған спорттық-сауықтыру кешені орналасқан. Отель мейрамхана, бутик, бал залы мен әйнек қабырғаларынан тұратын кешен болып саналады. Бір тәулік орташа бағасы 600 $ құрайды.

Ерекше сезімді құмартушылар отельдің шатырында орналасқан экстремалды  демалыс орталығынан берік арқанмен секірулеріне, карьерлердің жартасты қабырғаларында тауға шығумен айналысуына, шағын су асты қайықтарында жүзулеріне, беткейде су шаңғысын тебулеріне болады. Екі су асты деңгейінде мейрамхана орналасады, олар судан он метрлік аквариумдар арқылы бөлінеді. Отель жобасында су тақырыбы визуалды және функционалды жағынан да кең пайдаланылған. Жобада жасанды сарқырама іске қосылған, ол әйнек пен болаттан жасалған отельдің негізгі ғимаратының фасадын әшекейлендіреді. Отельді жобалау барысында «экологиялық архитектураның» барлық талаптары ескерілген, мәселен, энергия кешенін қамтамасыз ететін геотермальдік электростанция. Ал, бұрынғы карьердің жабық территориясы кешенді қоршаған ортаға зиян келтірмейтіндей етіп салынған. Бөлмедегі қабырғалар мөлдір акрилден жасалған, ол арқылы су асты коралл бақтарына тамаша көрініс ашылады. Atkin's Architecture Group бюросы Шанхайда өткен архитектуралық жобалардың халықаралық байқауында премияға ие болды. Ғимарат 2 бөліктен тұрады: жерде және су астында. Бір тәулік құны 500-1500 $ құрайды.

Huvafen Fush Male Atoll Мальдив аралының солтүстік бөлігінде орналасқан. Мальдив сізге эсклюзивті қызмет түрін ұсынады. Отельге гидроұшақпен немесе кемемен жетуге болады. Тұрақтаушыларға 43 бунгало қызмет көрсетеді, олар қазіргі заман талабына сай заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Екі номер су астында орналасқан, ондағы еден мәрмәрмен жабылған, ол арқылы тамаша теңіз тұрғындары – медуза, балық, теңіз конькилерін көруге болады. Отель негізінде spa қызметтерін көрсетеді. Процедураға арналған зал су астында ораласқан. Релаксация бөлмесінде бұл теңіз тұрғындарын терезеден тамашалауға болады. Бір тәулік құны 800 $ құрайды.

Мальдив аралындағы The Hilton Maldives Resort and Spa бірден екі аралда орналасқан. Ол әлемге өзінің қалқымалы вилласымен танымал, олардың әрқайсысының ауданы 500 кв. м асады. Мұнда Ithaa деп аталатын су асты мейрамханасы бар, қонақ үй иелері оған 5 млн $ қаржы жұмсады. Мейрамхана теңіз деңгейінен төмен 5 метр тереңдікте орналасқан. Оған суда орналасқан платформа арқылы кіруге болады. Бір тәулік құны 510 $ құрайды.

Енді ағаш отельдеріне  тоқталайын. Оларды «Tree Houses» деп  те атайды.

Ең алғаш ағаштағы отельдерді салу идеясының авторы Майкл Гарнье. Ең алғаш отель 1990 жылы АҚШ, Канадада салынған. Қазіргі таңда бұл салада Такилма Университетінде инженерлік факультетте  Tree Core Specialtree мамандығы бойынша арнайы мамандар даярлайды.

Tree Houses отельдер тобы қазіргі таңда әлемде кең таралған. Олардың ерекшелігі – тропикалық ормандағы орасан алып ағаштарда орналасуы. Жыл сайын мұнда жабайы құстар мен жыртқыш аңдарды тамашалауға сан мыңдаған туристер келеді. Мысал ретінде Амазониядағы Ariau Jungle Tower элиталық қонақ үй кешенін келтіруге болады. Ariau Amazon Towers Lodge 5* бразилиялық ағаш отелі Бразилияда Риу-Негро өзенінің оң жағалауында Манаус қаласынан батысқа қарай 60 км қашықтықта, жерден 50 м биіктікте орналасқан. Отель ағаш көпірі мен ағаш баспалдақтардан, сонымен қатар мұнаралардан тұрады, ең биігі "Тарзан мұнарасы". Амазонияның жаңбырлы ормандарының арасында 7 ағаш мұнара салынған. Негізгі ғимараттың жанында мұнара орналасқандықтан да отель «Джунглидағы мұнара» атын иеленді. Негізгі бес қабатты ғимарат Риу-Негро өзенінің сағасы болып келген өзен жағалауында орналасқан. Оның жанында тікұшақ алаңы бар. Отель "Suite" категориясындағы номерлерді қосқанда 271 номерден тұрады. Мұнда 2 мейрамхана (континенталды және жергілікті асхана), интернет-кафе, 4 бар, 3 бассейн, биіктігі 40 м болатын 2 шолу мұнарасы (жаңбырлы ормандарға шолу түрі) бар. Персонал көптеген еуропалық тілдерде сөйлейді. Қызмет көрсету сапасы жоғары деңгейде. Осындай жерде интернет-кафелер, түрлі әдемі бассейндер бар. Ойын-сауық бағдарламасы ретінде Амазония бойынша арнайы экскурсиялар, жеке хайуанаттар бағына серуендеу, каноэда жүзу, аллигатор мен пиранийларға аңға шығу ұсынылады. Отельден 150 м жерде құмды жағажай орналасқан. Қолшатыр мен шезлонг тегін беріледі. Қолайсыз маусым кезінде су тасқыны көтеріледі, ал жерде көптеген қауіпті жыртқыш аңдар жүреді. Алайда, бұл жағдай отельге қоныстануға келетін азаматтардың мүлдем қорқынышын тудырмайды, қайта керісінше қызықтыра түседі. Мұнда елдің бетке ұстар азаматтары келіп, демалып тұрады. Анығырақ айтсақ, ел басшылары, шоу-бизнес адамдары, олигархтар, кәсіпкерлер. Отельде Билл Клинтон, Билл Гейтс, Сюзен Сарандон, Джимми Картер, шведтік король жанұясы аялдаған.

Информация о работе Әлемдік қонақ үй шаруашылығы