Кәсіпорын мысалында қаржылық жоспарлау және жобалау ("Қазақстан темір жолы" Маңғыстау бөлімі мысалында)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 19:56, дипломная работа

Краткое описание

Теміржол көлігі Қазақстан экономикасын дамытуда басты роль ойнап, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың негізгі бөлігін атқару арқылы мемлекеттің көлік жүйесінің негізі болып табылады.

Содержание

Кіріспе…………………………………………..................………………………5
1. Қаржылық жоспарлаудың ролі мен міндеттері және теміржол көлігінің экономикалық маңызы
1.1 Қаржылық жоспарлаудың ролі мен міндеттері…………..…………...............8
1.2 Қаржылық жоспар жүйесінің ерекшеліктері............................................11
1.3 Теміржол көлігінің экономикалық маңызы………………….................... ...16

2. "Қазақстан темір жолы" Маңғыстау бөлімінің қаржылық – экономикалық жағдайын талдау
2.1 "Қазақстан темір жолы" Маңғыстау бөлімінің кұрылысы............................23
2.2 Маңғыстау темір жол белімінің 2007-2008 жылғы қызметінің технико
-экономикалық көрсеткіштерін талдау................................................................ ..25
2.3 Маңғыстау темір жол белімінің 2007-2008 жылғы қызметінің шығындары мен табыстылығын талдау.......................................................................................30

3 . “Қазақстан темір жолы” ҰК” қаржысын жоспарлау және жобалау
3.1 “Қазақстан темір жолы” ҰК”-ның Мемлекет экономикасын тиімді пайдалануда жаңа темір жол торабтарын енгізу....................................................45
3.2 Темір жол көлігінің даму перспективалары.....................................................48

Қорытынды…………………………………..................………………………..60
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................63
Қосымша

Вложенные файлы: 1 файл

Темір жол көлігі - ЖД транспорт.ДИПЛОМ.ӨЗГЕР.doc

— 753.00 Кб (Скачать файл)

 

 
 
Тақырыбы: «Кәсіпорын мысалында қаржылық жоспарлау және жобалау ("Қазақстан темір жолы" Маңғыстау бөлімі мысалында)»

 

Мазмұны

 

Кіріспе…………………………………………..................………………………5

1. Қаржылық жоспарлаудың ролі  мен міндеттері және теміржол  көлігінің  экономикалық маңызы

1.1 Қаржылық жоспарлаудың ролі мен міндеттері…………..…………...............8

1.2   Қаржылық жоспар жүйесінің  ерекшеліктері............................................11

1.3  Теміржол көлігінің  экономикалық маңызы………………….................... ...16

 

2.  "Қазақстан темір жолы" Маңғыстау бөлімінің қаржылық  – экономикалық жағдайын талдау

2.1  "Қазақстан темір жолы" Маңғыстау бөлімінің кұрылысы............................23

2.2  Маңғыстау темір жол белімінің 2007-2008  жылғы қызметінің технико

-экономикалық көрсеткіштерін талдау................................................................ ..25

2.3  Маңғыстау темір жол белімінің 2007-2008  жылғы қызметінің шығындары  мен табыстылығын талдау.......................................................................................30

 

3 . “Қазақстан темір жолы” ҰК”  қаржысын   жоспарлау және жобалау

3.1 “Қазақстан темір жолы” ҰК”-ның  Мемлекет экономикасын тиімді  пайдалануда жаңа темір жол  торабтарын енгізу....................................................45

3.2 Темір жол көлігінің даму  перспективалары.....................................................48

 

Қорытынды…………………………………..................………………………..60

Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................63

Қосымша

 

 

 

Кіріспе

 

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы «Бұл жұмысымда негізгі үш тарау қорытылады.

Бірінші тарауда - қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі,  жоспарлау өндірістік – материалдық – заттай элементтері турасында ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жұзеге асырылатындығы қарастырылады. Қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өз ара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай – ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықтау туралы жалпы түсінік бере отырып, олардың мәнін, мақсатын, экономикадағы ролін баяндап, сіздерге ұсынамын.

Ал, екінші тарауда - "Қазақстан темір жолы" Ашық акционерлік қоғамы Жолаушы және жүк тасымалдау Маңғыстау филиалы Ашық акционерлік қоғамның негізделген құрылымдық бөлімшесі мысалында есептік көрсеткіштер: жолаушылар саны, еңбек ақы қоры, қызмет және жұмыстың өзіндік құны, таза табыс және оның таратылуының бағыты. Филиал өзінің қызметін тікелей бағынышты бөлімшелерге ие: вокзалдар,   жолдың  қауіпсіздгін  ұйымдастырудың   вокзалдық  кешендері, сызықтық билетінің кассалары, технико-экономикалық көрсеткіштеріне, Маңғыстау темір жол белімінің 2007-2008  жылғы қызметінің шығындары мен табыстылығын талдауын қорытындылаймын.

Үшінші тарау - теміржол көлігінің бүгінгі мәселелері мен оны шешу жолдары, мемлекет экономикасын тиімді пайдалануда жаңа теміржол торабтарын енгізу және даму перспективаларын қарастырдым.

Теміржол көлігі Қазақстан экономикасын дамытуда басты роль ойнап, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың негізгі бөлігін атқару арқылы мемлекеттің көлік жүйесінің негізі болып табылады. Қазақстан теміржол торабының инфрақұрылымы Республиканың барлық аймақтарын өзара байланыстырып, басқа көрші мемлекеттердің темір жол тораптарымен 15 байланыс нүктесіне ие, оның ішінде он бірі Ресей Федерациясымен.

Теміржол Қазақстандықтардың өміріне енгелі қашан. Теміржол көлігінсіз ел экономикасын елестету де қиын. Пойыздар миллиондаған адамдар үшін үйреншікті, әрі қайталанбас қозғалыс құралына айналды. Темір жолдың арқасында Қазақстан тәуелсіздігі қанатын қатайтып, нығая түсті десек қателеспеспіз. Еліміздің темір жол көлігінің үлесіне жалпы жүк айналымының 70%-ы, жолаушы тасымалы айналымының 60%-ы тиіп отыр. Осы жайт, тек темір жол магистралінің бүгінгі жұмысын үлкен жауапкершілікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, оның болашағын байыптылықпен бағдарлап жасауды жүктейді.

Қазақстан Республикасының территориясының үлкендігі және көптеген ірі кәсіпорындардың шикізатты экспорттауға бағытталуы негізінде мемлекетіміздің теміржолдарының ролі барлық отандық экономика үшін стратегиялық маңызды. Жүктердің көптеген түрлері үшін теміржол көлігі бәсекелестігі жоқ көлік болып табылады.

Республикамыздағы ең ірі компаниялардың бірі бола отырып, АҚ «ҰК «Қазақстан темір жолы» 85 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуде.

Халық шаруашылығының барлық салаларын бірыңғай жүйеге біріктіретін теміржол көлігінің тұрақты жұмыс істеуі, Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуінің қажетті шарты болып табылады. Осыған орай, оның тұрақты қызмет етуі үшін қажетті шарттармен қамтамасыз ету белгілі бір ресурстарды қажет етеді. Бірақ та, объективті себептерге байланысты соңғы 10 жыл ішінде қозғалмалы құраммен инфрақұрылымға инвестициялар бағытталмаған десе де болады. Нәтижесінде белгілі бір уақыт ішінде негізгі құралдардың тозуы бет алды.

Сонымен қатар, кез-келген шаруашылық субъектінің қызметінің өмірге қабілеттілігі мен тиімділігі, ең алдымен оның айналадағы орта мен ішкі қажеттіліктерінің  тұрақты өзгеруі кезінде даму қабілеттілігімен сипатталады. Бұл тезис өте дұрыс, әсіресе теміржол саласы сияқты өте ірі жүйе үшін. Шаруашылықтың дамуына негізгі шығындардың бірі – бұл қызмет істеп тұрған негізгі өндіріске капиталды салымдар.

Теміржол көлігінің спецификалық ерекшеліктеріне орай оның активтерінің 80% ұзақ мерзімді активтер құрайды. Сондықтан да саланың техникалық қарулануы көліктің негізгі қызметінің – жолаушылар мен жүктерді тасымалдау тиімділігін арттыру үшін анықтаушы ролге ие.

Мемлекеттің экономикалық өсуі жағдайында теміржол көлігінің тиімді қызмет етуі үшін негізгі талаптары болып, өзіндік шығындарды азайту, тасымалдаудың үлкен көлемдерін жүзеге асыру, сұраныстың өзгеруіне икемді әрекет ету, тасымалдау қауіпсіздігін сақтау табылады. Басқару мен құрылымын жетілдіруге бағытталған теміржол саласын реструктуризациялау нәтижесінде, компанияның тік интеграциялық бағытталған қызметіне негіз қаланды. Бірақ әлемдік тәжірибе көрсеткендей бұл әлі де болса жеткіліксіз. Теміржол саласын реформалау процесі, мемлекеттің жалпы және инвестициялық саясатын, сонымен қатар басқару процесін де  өзгертуі керек. Жалпы айтқанда, Қазақстанның теміржол көлігінің тиімді қызмет етуіне жету үшін бірталай күрделі жұмыстар жасау керек. Мені бұл мәселелер іштей өте қызықтырды. Сондықтан да мен бітіру жұмысымның тақырыбын осы мәселелерге сай таңдадым. Бұл жұмысымда Қазақстан теміржолдарының жалпы жағдайы, мәселелері және оны шешу жолдарына назар аударылған.

Әлбетте, темір жол көлігін жан-жақты жаңартуға байланысты жүргізіліп отырған саясат оның болашақтағы рөлін арттыра түседі.

Саланың тиімділігі өсіп,   ХХІ ғасырға сай дами түсетін болады. Нәтижесінде, теміржол Қазақстан экономикасының өсіп келе жатқан талаптарына толығымен жауап беретін болады. Еліміздің бірегей транзиттік әлеуетін жүзеге асыруға қолайлы жаңа мүмкіндіктер пайда болады. Отандық және шет елдік инвесторлар салаға аударған қаржылай салымдарының бағасын бағалай алады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты рыноктық қатынастарға өту жағдайында теміржол көлігі саласында экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық методологиялық мәселелері негізінде және оның тиімділігін жоғарлату бойынша ұсыныстар тәжірибесін құрастыру болып табылады. Осы мақсат келесі міндеттерді шешуге  бағытталған:

  • Экономикалық дамыған теміржол көлігі саласы экономикасын мемлекеттік реттеу тәжірибесін қолдану  арқылы  дамыту;
  • Қазақстан Республикасында теміржол көлігі саласының қазіргі жағдайын және даму тенденциясын талдау;
  • Теміржол көлігі саласы үшін стратегиялық жоспарлау методологиясын қарастыру;
  • Мемлекеттің қатысуымен теміржол саласындағы кәсіпорындарды басқару механизімін қарастыру;
  • Теміржол көлігі саласы экономикасын мемлекеттік реттеуді жетілдіру және оның қызмет етуінің тиімділігін қамтамасыз ету жолдары мен бағыттарын анықтау.

Жұмысымды жазар алдында, көлік саласы бойынша бір оқу жылы ішінде арнайы курсты тамамдадым. Сол жыл ішінде жиналған мәліметтермен басқа да ақпарат көздері және жүзеге асырылған біраз зерттеулер негізінде осы бітіру жұмысын ұсынып отырмын.

 

1. Қаржылық жоспарлаудың ролі мен міндеттері және теміржол көлігінің  экономикалық маңызы

 

1.1 Қаржылық жопарлаудың ролі мен міндеттері

 

          Қаржылық  жоспарлау – бұл қаржы механизімінің  қосалқы жүйесі саналады, басқаруың  аса маңызды элементтерінің және әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі.

          Олар  экномикалық үйлесімді және тепе  теңдік дамуына жетуге, бір тұтас  ұлттық шаруашылық кешенінің  барлық буындарының қызметін  үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің  жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған.

          Қаржылық  жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі  сол, бұл жоспарлау өндірістік  – материалдық – заттай элементтері  турасында ақшамен қоғамдық ұдайы  өндіріске белсенді ықпал жасау  ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жұзеге асырылады. Қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өз ара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай – ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады.

          Қаржылық  жоспарлау – бұл  қаржы жоспарларын  әзірлеу, қаралған мерзімді оларды  орындау, белгіленген мақсатқа жетуге  бағытталған процесі. Жоспарлау  басқарудың элементі ретінде  қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлеекттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен жеке мекеменің сметаларынан бастап, мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады.

          Әр бір  жоспарда белгілі бір мерзімге  белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің  буындары мен байланыстары анықталады. Қаржылық жоспарлаудың нақтылы  міндеттері қаржы саясаты мен  айқындалады.

          Бұл  жоспарлы тапсырмаларды орындауға  қажетті ақшаның көлемі мен  олардың көздерін анықтау; кірістерді  өсурудің шығыстарды үнемдеудің  резерфтерін анықтау; орталықтандырылған  және орталықтандырылмаған қорлар  арасында қаражаттарды бөлуде  оңтайлы үйлесімдерді белгілеу.

     Жоспарлау:

1)  Экстенсивтілігімен (әлеуметтік  – саяси және экономикалық  құбылыстардың кең шеңберін қамтиды);

2)   Қарқындылығымен (кәміл техникамен  әдістерді қолдануды түсініледі);

3)  Тиімділігі мен ( қорытындысында қаржыны басқаруға қойған міндеттерге жетудің қажеттілігін білдіреді) сипатталады.

          Ұйымдардың  қаржысын тиімді басқару шаруашылық  субъектілеріне қатысты барлық  қаржы ресурстарын, олардың көздерін  жоспарлау жағдайында ғана мүмкін  болады.

          Жоспарлау  – бұл сандық және сапалық көріністе мақсатты міндеттерді жасау және қабылдау, сондай – ақ оларға қол жеткізудің тиімді жолдарын анықтау процесі.

          Кәсіпорынның  қаржысын жоспарлау әкімшіл - әміршіл  жүйе тұсында да болған. Ол  кезде кәсіпорын жоспарлары салалық министірліктердің тапсырмаларымен анықталған. Бұл ретте олардың көлемі ауқымды және тәжірибеде қолдануда қиындықтарға итермелейтін болған. Нарықтық экономика кәсіпорындағы жоспарлау кәсіпорынның ішкі мәселесі болып табылады, Яғни дерективті сипатта болмайды. Ішкі кәсіпорындық жоспарлаудың мақсаты – табысты шаруашылық қызметті жүзеге асыруға арналған оңтайлы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, оған қажетті қаражаттарды табу және нәтижесінде кәсіпорынның табыстылығына қол жеткізу. Жоспарлау, біріншіден қаржы саласындағы қате әрекеттерді болдырмаумен, екінші жағынан, пайдаланылмаған мүмкіндіктерді азайтумен байланысты.

          Нарықтық  экономика күрделі әрі ұйымдастырылған  әлеуметтік – экономикалық жүйе  болғандықтан сапалы қаржылық  жоспарлауды талап етеді. Бұл ретте кәсіпорын өз қаржы жағдайының нашарлауымен жауапкершілікте болады.

          Соңғы  он жылдықта қалыптасқан кәсіпорындардағы  қаржылық жоспарлау жүйесінің  бірқатар кемшіліктері бар:

          1) Дәстүр  бойынша жоспарлау процесі, өнімді  сатудан емес, өндірісінен басталады.

          2) Бүгінгі  таңдағы жоспарлаудың еңбек сиымдылығы  өте жоғары. Жоспарлау – экономикалық  бөлімдер әрекеттерді талдау  және түзету мақсатында көпшілігі  қаржылық қызметте қолданылмайтын  ауқымды ққжаттарды әлі де  дайындауда.

          3)  Қаржылық  жоспарлау процесі ұзақ уақытты  қамтиды, Бұл өз кезегінде жедел  басқару шешімдерін қабылдауға  жоспарлы мәліметтерді пайдалануға  мүмкіндік бермейді.

          4)  Жоспарлауда  бағаны қалыптастырудың шығындық  механизімі әрекет етеді: кәсіпорынның көтерме бағасын қалыптастыруда нарық конъюктурасы ескерілмейді.

          5)  Ережеге  сәйкес, кәсіпорындарда шығындарды  өзгермелі және тұрақты деп  бөлмейді, маржиналды табыс түсінігі  қолданылмайды, өткізудің шығынысыз  талдау әруақытта жүзеге аса бермейді.

          6) Қаржылық жоспарлау процесінде операциялық тетіктің нәтижесі бағаланбайды, қаржылық беріктің қорының есебі жүргізілмейді.

Информация о работе Кәсіпорын мысалында қаржылық жоспарлау және жобалау ("Қазақстан темір жолы" Маңғыстау бөлімі мысалында)