Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2015 в 13:35, дипломная работа
Кәсіпорынның еңбек ресурстарын талдау кезінде төмендегілер зерттеледі:
• Еңбек ресурстарының өндіріс процесінде қолданылуы (жұмыс уақыты);
• Еңбек ресурстарын қолдану тиімділігі (бір жұмысшыға өнім өндірудің өзгеруі және де осы негіз бойынша еңбек өнімділігінің өзгеруі);
• Еңбекақыға құралдарды қолданудың тиімділігі;
• Өндірістің еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі.
Кәсіпорында еңбекті қолдануды сипаттайтын негізгі көрсеткіштерге жұмыс күшін, жұмыс уақытын, еңбек өнімділігін, еңбекақы шығындарына қатысты көрсеткіштерді қолдану жатады.
Кіріспе……………………………………………………………………………..5
1 Кәсіпорынның еңбек ресурстары және оның маңыздылығы
1.1. Кәсіпорынның еңбек ресурстары, олардың құрылымы және көрсеткіштері..........................................................................................................9
1.2. Кәсіпорындағы еңбек ресурстарын бөлістіру.............................................20
1.3. Еңбекті нормалау және еңбек өнімділігі.....................................................24
2 Кәсіпорынның еңбек ресурстарын талдау және еңбек потенциялын көтерудің жолдары
2.1. «Жайик-Универсал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде кадрлар жағдайы және олардың қызмет ету тиімділігін талдау.....................................32
2.2. «Жайик-Универсал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде еңбекті нормалау және еңбек өнімділігін талдау............................................................44
2.3. «Жайик-Универсал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде еңбекақы қорын талдау..........................................................................................................53
3 Еңбек ресурстарының жағдайын жақсартудың және еңбек потенциалын көтерудің негізі жолдары
3.1. Еңбек ресурстарын ұйымдастырудың шетел тәжірибесі...........................56
3.2. Кәсіпорындағы еңбек ресурстарының жағдайын жақсартудың негізгі жолдары..................................................................................................................64
Қорытынды..........................................................................................................69
Библиография.....................................................................................................72
Қосымшалар
Енді персоналдардың қызмет ету тиімділігін талдаймыз. Нарықтық экономика шарттарында кәсіпорында еңбек ресурстарын қолдану тиімділігін бағалау үшін қызметкерлердің рентабельділігінің көрсеткіші үлкен мағынаға ие.
R = қызмет көрсетуден түскен табыс / персоналдардың орташа тізімдік саны x 100;
Берілген көрсеткіштердің факторлық моделін келесідей етіп көрсетуге болады.
2.1. - сызба. Персонал рентабельділігінің құрылым - логика факторлық үлгісі.
Бұл берілген персонал рентабельділігінің құрылым - логикалық факторлық моделі бір қызметкерге тиісті таза табыстың сату рентабельділігі деңгейі жайлы көрсетілген қызмет көлеміндегі көрсетілген қызметтің үлесі және еңбек өнімділігі есебінен қаншалықты өзгергендігін көруге мүмкіндік береді.
Төмендегі берілген кестеден көрініп тұрғандай бір жұмысшыға келетін пайданың көлемі 2010 жылы 2009 жылға қарағанда 14,3 мың теңгеге артып отыр, яғни оның пайыздық қатынасы 12,9 пайызды құрап отыр, ал 2011 жылы 2010 жылға қарағанда 21,1 мың теңгеге артқан, яғни оның пайыздық қатынасы 16,4 пайызға тең.
Бұл өзгерістерге еңбек өнімділігі, қызмет көрсету рентабельділігі, жалпы қызмет көлеміндегі көрсетілген қызметтің үлес салмағы өз әсерін тигізеді.
Кесте 2.1.3.
Персоналдар тиімділігін талдау үшін келесі мәліметтер қолданылады.
Көрсеткіштер |
2009 ж. |
2010 ж. |
Ауытқу |
2011 ж. |
Ауытқу | ||
+,- |
% |
+,- |
% | ||||
Қызмет көрсетуден пайда, мың теңге |
10500 |
18655 |
8155 |
177,7 |
24500 |
5845 |
131,3 |
Есептік жылдағы баға мен қызмет көрсетудің жалпы көлемі, мың теңге |
8678 |
10450 |
1772 |
120,4 |
18500 |
8050 |
177,3 |
Қызмет көрсетуден табыс, мың теңге |
9250 |
14454 |
3204 |
142,3 |
20580 |
8126 |
156,2 |
Жұмысшылардың орташа тізімдік саны, адам |
65 |
98 |
33 |
50,7 |
114 |
16 |
63,2 |
Сату рентабельділігі, % |
98 |
120 |
22 |
122,5 |
132 |
12 |
110 |
Қызмет көрсету құнындағы қызмет көрсетудің үлес салмағы |
1,04 |
1,152 |
0,112 |
101,5 |
1,164 |
0,012 |
110,8 |
Бір жұмысшының орташа жылдық өнімділігі, мың теңге |
85,5 |
88,15 |
2,65 |
103,9 |
93,4 |
5,25 |
105,9 |
Бір жұмысшыға келетін пайда, мың теңге |
110,2 |
124,5 |
14,3 |
112,9 |
145,6 |
21,1 |
116,9 |
а. Еңбек өнімділігі:
∆ R 2009 = ∆ ОЖӨ x Қ үлесі x R сату = 85,5 x 1,04 x 98 / 100 = 87,14 мың теңге
∆ R 2010 = ∆ОЖӨ x Қ үлесі x R сату = 88,15 x 1,152 x 120 / 100 = 121,8 мың теңге
∆ R 2011 = ∆ ОЖӨ x Қ үлесі x R сату = 93,4 x 1,164 x 132 / 100 = 43,5 мың теңге
б. Жалпы қызмет көлеміндегі көрсетілген қызметтің үлес салмағы:
∆ R 2010 = ОӨЖ x ∆Қ үлесі x R сату = 88,15 x 0,112 x 98 / 100 = 9,67 мың теңге
∆ R 2011 = ОӨЖ x ∆Қ үлесі x R сату = 93,4 x 0,012 x 120 / 100 = 13,4 мың теңге
в. Сату рентабельділігі:
∆ R 2010 = ОӨЖ x Қ үлесі x ∆R сату = 88,15 x 1,152 x 22 / 100 = 22,34 мың теңге
∆ R 2011 = ОӨЖ x Қ үлесі x ∆R сату = 93,4 x 1,164 x 12 / 100 = 30,4 мың теңге
Берілген модель еңбек өнімділігі өсіміне әсер ететін факторлардың персонал рентабельділігі өсім қарқынымен байланыстытыруға мүмкіншілік береді.
Енді жоғарыдағы кестеде берілген көрсеткіштерді пайдалана отырып, кәсіпорындағы еңбек ресурстарын қолданылу тиімділігін анықтауға болады.
R = қызмет көрсетуден табыс / жұмысшылардың орташа тізімдік саны
R 2009 = 9250 / 65 x 100 = 142,3 мың теңге
R 2010 = 14454 / 98 x 100 = 147,4 мың теңге
R 2011 = 20580 / 114 x 100 = 180,5 мың теңге
Осыдан көрініп тұрғандай кәсіпорындағы еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігі жылдан жылға жоғарылауда, яғни еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігінің мөлшері 2009 жылы 142,3 - ті құраса, ал 2010 жылы 5,1 - ге артып, 147,4 - ке тең болған. Ал 2011 жылы бұл көрсеткіш 33,1 пайызға көбейіп, 180,5 ке жеткен.
Бұл көрсеткіштердің жылдан жылға артуының негізгі себебі кәсіпорында еңбек ресурстарын басқару жолдары мен әдістерін жетілдіру, жұмысшылар мен қызметкерлердің деңгейін арттыру мақсатында көптеген оқу курстары мен дайындық өткізу және де сыйақы түрлерімен тағы басқа ынталандыру болып табылады.
2.2. «Жайик-Универсал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде еңбекті нормалау және еңбек өнімділігін талдау.
«Жайик-Универсал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өндіріс жоспарын орындаудың негізгі шарттарының бірі болып жұмыс уақытын тиімді пайдалану табылады. Кәсіпорын қызметкерлерінің саны көбінесе еңбек шығындары бағасының өлшемі қызметін атқарған жұмыс уақыты нормасымен анықталады. Енді еңбекті нормалау үшін келесі кестені қолданамыз:
Кесте 2.2.1.
«Жайик-Универсал» ЖШС - де еңбек ресурстарын пайдалану
Көрсеткіштер |
2009 ж. |
2010 ж. |
Ауытқу |
2011 ж. |
Ауытқу | ||
+,- |
% |
+,- |
% | ||||
Жұмысшылардың орташа тізімдік саны (ЖОС) |
65 |
98 |
33 |
50,7 |
114 |
16 |
63,2 |
Бір жұмысшының 1 жыл ішінде жұмыс жасаған күндері (К) |
232 |
250 |
18 |
7,7 |
247 |
-3 |
1,2 |
Бір жылда 1 жұмысшының жұмыс жасаған сағаты (С) |
1856 |
2000 |
144 |
107,7 |
1976 |
-24 |
98,8 |
Жұмыс күнінің ұзақтығы (Ж) сағ. |
8 |
8 |
-- |
-- |
8 |
-- |
-- |
Жұмыс уақытының орташа қоры (ЖУҚ), сағ. |
187456 |
272000 |
84544 |
14,5 |
381368 |
109368 |
28,6 |
Сурет 2.2.1. «Жайик-Универсал» ЖШС - де 2009 – 2011 жылдар аралығындағы еңбек ресурстарын пайдалану динамикасы
Енді осы кестедегі көрсеткіштер бойынша жұмысшының орташа тізімдік саны 2009 жыл мен 2010 жылды салыстырғанда абсолютті түрде 33 адамға адам саны көбейіп, ал оның пайыздық қатынасы 50,7 пайызға тең болып отыр. 2010 жыл мен 2011 жылды салыстырғанда абсолютті түрде 16 адамға артып, пайыздық қатынасы 63,2 пайызды құрап отыр. Көрсеткіштердің жыл сайын артуының негізгі себебі жұмыс көлемінің артуына байланысты.
Бір жұмысшының бір жыл ішінде жұмыс жасаған күндері алдыңғы екі жылды салыстырғанда, бір адамның жұмыс күндері 18 күнге көбейген, оның пайыздық қатынасы 7,7 пайызға көбейген, ал 2010 жыл мен 2011 жылды салыстырсақ 3 күнге кеміген, пайыздық қатынасы 1,2 пайызға азайған. Оның себебі жұмысшылардың мереке күндеріне, сырқаттанып қалған күндерінде жұмысқа шықпауында болып отыр.
Бір жылда жұмысшының жасаған сағаты 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 144 сағатқа артқан, яғни 107,7 пайызға көбейген, оның себебі жұмыс көлемінің 8 сағаттан болуынан, яғни әр ай сайын табельдің өзгеруіне байланысты болып отырады. 2010 жылмен 2011 жылды салыстырғанда 24 сағатқа кеміген, пайыздық қатынасы 98,8 пайызға азайған болып отыр. Себебі жұмыс күні 5 күндік болғандықтан, әр ай сайын табельдің өзгеруіне байланысты.
Жұмыс күнінің ұзақтығы есептік жылдарда ешқандай өзгеріс болмаған, жылда жұмыс күн ұзақтығы 8 сағатпен бірқалыпты болған.
Аяқтай келе осы кестеден «Жайик-Универсал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмыс уақытының орташа қорын есептеп шығардық, яғни 2010 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 81 544-ке көбейген, ал 2011 жылы 2010 жымен салыстарғанда абсолютті түрде 109 368 – артқан, осыдан келіп келесі өзгерістер туындайды:
а. Жұмысшылар саны:
∆ ЖУҚ жос = (ЖОС 2010 – ЖОС 2011) X К 2009 X Ж 2009 = (98 – 65) X 232 X 8 = 61248
∆ ЖУҚ жос = (ЖОС 2011– ЖОС 2010) X К 2009 X Ж 2010 = (114 – 98) X 250 X 8 = 32000
б. Бір жұмысшының жұмыс жасаған күні:
∆ ЖУҚ к = ЖОС 2010 X (К 2010 - К 2009) X Ж 2009 = 98 X ( 250-232) X 8 = 14112
∆ ЖУҚ к =ЖОС2011 X (К 2011 - К 2010) X Ж 2010 = 114 X ( 247-250) X 8 = - 2736
в. Жұмыс күнінің ұзақтығы:
∆ ЖУҚ жұ = ЖОС 2010 X К 2010 X ( Ж 2010 – Ж 2009) = 98 X250 X (8 – 8) = 24500
∆ ЖУҚ жұ = ЖОС 2010 X К 2011 X ( Ж 2010 – Ж 2011) =114 X 247 X (8 – 8) = 28158
Берілген мәліметтер бойынша, кәсіпорын еңбек ресурстарын барынша тиімді пайдаланылып отыр деп тұжырымдауға болады.
Өндірістік процесте қолданылатын нәтиже әртүрлі дәрежедегі еңбек тиімділігінде де қолданылуы мүмкін. Өндірістік процестегі еңбек тиімділігінің шамасы еңбек өнімділігі деген атқа ие болды. Басқаша айтқанда, еңбек өнімділігі терминімен оның нәтижелілігі және белгілі бір жұмыс уақытында өнім көлеміне қабілеттілігі түсіндіріледі.
Персоналды қарқынды пайдаланудың деңгейін бағалау үшін еңбек өнімділігінің жалпылық, жеке және қосымша көрсеткіштері пайдаланылады
Жалпылық көрсеткіштер - бұл бір қызметкермен өндірілген өнімнің орташа жылдық, орташа күндік, орташа сағаттық мөлшері, сонымен бірге белгіленген құны бойынша бір қызметкерге келетін орташа жылдық өндірілген өнім.
Жеке көрсеткіштер - бұл белгілі бір өнім бірлігін өндіруге кеткен уақыт немесе бір адам / сағат немесе адам / күн шамасында өндірілген жеке дара өнім.
Қосымша көрсеткіштер - бұл белгілі бір жұмыс түрінің бірлігін орындауға кеткен уақыт немесе уақыттың бірлігінде орындалған жұмыс көлемі.
Еңбек өнімділігінің кең таралған толықтай көрсеткіштерінің біріне бір жұмысшының орташа жылдық өнім өндірісі жатады. Оның көлемі тек қана жұмыс өндірісінен емес, сонымен бірге, өнеркәсіптік - өндірістік персонал санының соңғы үлес салмағына, олар жасаған күн санына және жұмыс күнінің ұзақтығына тәуелді.
2.2.1. сурет. Еңбек өнімділігінін факторлық жүйесінің құрылымдық - логикалық үлгісі.
Төмендегі кестеде көрсетілгендей, персоналдардың жылдық орташа саны 2009 жылы 59 адамды құраса, 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 2 адамға кеміп, 57 адамды құрап отыр, оның пайыздық қатынасы 96,6 пайызға тең. Ал 2011 жылы 2010 жылға қарағанда 4 адамға артып, 61 адамды құрап отыр, яғни оның пайыздық қатынасы 107,2 пайызға тең. Ал оның ішінде жұмысшылар саны 2009 жылы 35, 2010 жылы 20 адамға артып 55 адамға жеткен, пайыздық қатынасы 57,2 пайызға тең болып отыр. Ал 2011 жылы 2010 жылға қарағанда 7 адамға артып, 62 адамды құраған. Пайыздық қатынасы 12,7 пайызға тең болып отыр. Бұл көрсеткіштердің осылайша өзгеруі берілген жұмыс көлеміне байланысты болып отыр. Бір жұмысшының бір жылда жұмыс жасаған сағаты 2009 жылы 1856 сағат болса, 2010 жылы 2009 жылға қарағанда 144 сағатқа артып отыр, оның пайыздық қатынасы 107,7 пайызға тең, ал 2011 жыл мен 2010 жылды салыстырғанда 24 сағатқа кеміп, 1976 сағатты құрап отыр, яғни оның пайыздық қатынасы 98,8 пайызға төмендеген. Бұл көрсеткіштердің осылайша өзгеруі мереке күндері, сырқаттанып қалған күндері және т.б. себептерге байланысты жұмысшылардың жұмысқа уақытында шықпауында болып отыр. Ал жұмыс күнінің орташа ұзақтығы бірқалыпты, яғни 8 сағаттық жұмыс күнімен жұмыс жасаған. Базалық кезең бағаларымен өндірілген өнім көлемі 2009 жылы 70500 теңгеге тең, ал 2010 жыл мен 2009 жылды салыстырғанда 4155 теңгеге артып, 74655 теңгені құраған, яғни оның пайыздық құрамы 105,89 пайызды құраған. Ал 2011 жылы 2010 жылға қарағанда 5345 теңгеге көбейіп, 80000 теңгеге тең болып отыр, яғни оның пайыздық қатынасы 107,15 пайызды құрайды. Бір қызметкердің негізгі өндірістегі жылдық орташа өнім өндірісі 2009 жылы 1194 мың теңгені құраған, ал 2009 жылмен 2010 жылды салыстырғанда 115 мың теңгеге өсіп отыр, яғни оның пайыздық қатынасы 109,6 % - ды құрап отыр. Ал 2011 жылы 2010 жылға қарағанда 2 мың теңгеге артқан, яғни оның пайыздық қатынасы 100,2 % - ға тең. Ал барлық жұмысшылардың жылдық орташа өндірген өнімі 2009 жылы 846 мың теңгеге тең, ал 2010 жылы 2009 жылға қарағанда 49 мың теңгеге артып отыр, оның пайыздық қатынасы 105,7 пайызға теңескен, 2011 жылы 2010 жылға қарағанда 65 мың теңгеге артқан, оның пайыздық қатынасы 107,2 пайыз. Оның ішінде күндік орташа өнім 2009 жылы 3,64 мың теңгені құрап отыр, ал 2010 жылы 2009 жылды салыстырғанда 0,04 мың теңгеге кеміп отыр, яғни оның пайыздық қатынасы 98,4 пайызды құрайды, ал 2011 жылы 2010 жылға қарағанда 0,3 мың теңгеге артып отыр, яғни оның пайыздық қатынасы 108,4 пайызға тең. Сағаттық орташа өндірген өнімі 2009 жылы 29,12 мың теңгені құрап отыр, ал 2010 жылы 2009 жылды салыстырғанда 0,48 мың теңгеге кеміп отыр, яғни оның пайыздық қатынасы 98,5 пайызды құрайды, ал 2011 жылы 2010 жылға қарағанда 2,4 мың теңгеге артып отыр, яғни оның пайыздық қатынасы 108,3 пайызға тең. Оның ішінде келесі факторлардың өзгеру есебінен:
а. кәсіпорынның жалпы персонал санындағы жұмысшылардың үлес салмағынан:
∆ ЖОӨ жү = ∆ Жү (2009) x К 2009 x Жұ (2009) x СОӨ 2009 = 0,11 x 232 x 8 x 323,25 = 65994 мың тенге;
∆ ЖОӨ жү = ∆ Жү (2010) x К 2010 x Жұ (2010) x СОӨ 2010 = 0,1 x 250 x 8 x 327,5 = 65500 мың тенге;
ә. бір жұмысшының бір жылда жұмыс істеген күндерінің санынан:
∆ ЖОӨ к = Жү (2010) x ∆К x Жұ (2009) x СОӨ 2009 = 0,7 x 0,11 x 8 x 323,25 = 199,2 мың тенге;
∆ ЖОӨ к = Жү (2011) x ∆К x Жұ (2010) x СОӨ 2010 = 0,8 x 0,1 x 8 x 327,5 = 209,6 мың тенге;
б. жұмыс күнінің ұзақтығынан:
∆ ЖОӨ жұ = Жү (2010) x К 2010 x ∆Жұ (2009) x СОӨ 2009 = 0,7 x 250 x 323,25 = 39,5 мың тенге;
∆ ЖОӨ жұ = Жү (2011) x К 2011 x ∆Жұ (2010) x СОӨ 2010 = 0,8 x 247 x 327,5 = 64714 мың теңге;
в. жұмысшылардың сағаттық орташа шығарылған өнімі:
∆ ЖОӨ соө = Жү (2010) x К 2010 x Жұ (2010) x ∆СОӨ = 0,7 x 250 x 8 x 4,25 = 5950 мың теңге;
∆ ЖОӨ соө = Жү (2011) x К 2011 x Жұ (2011) x ∆СОӨ = 0,8 x 247 x 8 x 26,7 = 42207 мың теңге.
Енді бір жұмысшының жылдық орташа шығарған өнімінің өзгеруін талдаймыз. Ол бір жылда бір жұмысшының істеген күндерінің санына, жұмыс күнінің орташа ұзақтығы мен сағаттық орташа өніміне байланысты болады:
ЖОӨ' = К x Жұ xСОӨ;
∆ ЖОӨ'к = ∆К x Жұ 2009 x СОӨ 2009 = 18 x 8 x 323,25 = 4654 мың тенге;
∆ ЖОӨ'к = ∆К x Жұ 2010 x СОӨ 2010 = -3 x 8 x 327,5 = - 7860 мың тенге;
∆ ЖОӨ'жұ = К2010 x ∆Жұ x СОӨ 2009 = 250 x 323,25 = 812,5 мың тенге;
∆ ЖОӨ'жұ = К2011 x ∆Жұ x СОӨ 2010 = 247 x 327,5 = 892,5 мың тенге;
∆ ЖОӨ'соө = К2010 x Ж ұ 2010 x ∆СОӨ = 250 x 8 x 4,25 = 8,50 мың тенге;
∆ ЖОӨ'соө = К2011 x Ж ұ 2011 x ∆СОӨ = 247 x 8 x 26,7 = 7,59 мың тенге.
Кесте 2.2.2.
Еңбек өнімділігін талдау үшін қажетті мәліметтер.
Көрсеткіштер |
2009 ж. |
2010 ж. |
Ауытқу |
2011 ж. |
Ауытқу | ||
+,- |
% |
+,- |
% | ||||
Персоналдардың жылдық орташа саны (ӨӨП) |
59 |
57 |
-2 |
96,6 |
61 |
4 |
107,2 |
Соның ішінде жұмысшылар саны |
35 |
55 |
20 |
57,2 |
62 |
7 |
12,7 |
Барлық жұмысшылар санының үлес салмағы (Ж ү) |
0,59 |
0,7 |
0,11 |
18,7 |
0,8 |
0,1 |
14,3 |
Бір жұмысшының жыл бойында жұмыс істеген күні (К) |
232 |
250 |
18 |
107,7 |
247 |
-3 |
98,8 |
Жұмыс күнінің орташа ұзақтығы, сағ. (ЖҰ) |
8 |
8 |
-- |
-- |
8 |
-- |
-- |
Бір жұмысшының жыл бойындағы жұмыс жасаған сағаты |
1856 |
2000 |
144 |
107,7 |
1976 |
-24 |
98,8 |
Информация о работе Кәсіпорынның еңбек ресурстарын талдау және еңбек потенциялын көтерудің жолдары