Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2013 в 19:47, курсовая работа
Жазаның нақты мүмкіншіліктерін анықтау үшін, олардың жеке түрлерінің тиімділік деңгейін өлшеу үшін, қылмыстық саясат шеңберінің принциптерін көрсететін жаза мақсаттарын заңда дұрыс белгілеу қажет және бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін әдістер мен тәсілдерді бекіту керек. Қоғам алдында, оның барлық әлеуметтік институттары мен заң ғылымының алдында әлеуметтік әділеттілік принциптеріне сай, қоғам қажеттігінің нақты көріністері, құқықтық жүйеде әлеуметтік экономикалық және саяси дамуда, жаңа тенденцияларды адекватты бейнелеу мақсаты тұрғанда, бұл мәселе қазіргі таңда өте өзекті болып отыр. Заң жаза мақсаттарын белгілеу, қылмыстық құқық тиімділігін зерттеу үшін және жазаны қолдану нәтижелерін негіздеу үшін қажет.
Теорияда және практикада өзекті мәселердің бірі үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау болып табылады.
Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау тәртібін ҚР ҚК-нің 60-бабы реттейді. Үкімдердің жиынтығы сотталушының үкім шығырылған соң, жазасын толық өтегенге дейін жаңадан қылмыс жасайтыны білдіреді. Егер бірінші үкімде тағайындалған жаза өтелген болса, онда үкімдердің жиынтығы орын алмайды.
ҚР ҚК-нің 60-бабының 1-бөлігіне сәйкес: «Егер сотталған адам үкім шығарылғаннан кейін, бірақ жазаны толық өтегенге дейін жаңадан қылмыс жасаса, сот соңғы үкім бойынша сот тағайындаған жазаға соттың алдыңғы үкімі бойынша жазаның өтелмеген бөлігін толық немесе ішінара қосады».
Үкімдердің жиынтығының мынадай ерекше белгілері бар:
1) Үкімдердің жиынтығының негізінде қылмыстардың қайталануы жатыр («қайталану» - бұрыңғы соттылықтан кейін орын алған, жаңадан жасалған қылмыс). Қылмыстарды бір адам жасаса да, ол оның өмірінің әр кезеңінде жасалған.
2) Екінші қылмысы үшін сотталған кезде сот оның алдындағы бірінші әрекет туралы үкімнің мән-жайларымен және нәтижелерімен шектеліп отырады. Олар сот үшін басшылыққа алуға міндетті сипатқа ие. Бұл соттың бірінші қылмысқа тікелей құқықтық баға беруге және ол үшін тағайындалған жазаның дұрыстығы туралы талқылауға мүмкіндігі жоқ. Сонымен қатар, сот өзі тағайындамаған жазаны өз бетінше өзгерте алмайды және жиынтық жазаны анықтаған кезде соңғысының кемшіліктерін түзете алмайды.
3) Үкімдердің жиынтығында жазалардың орындалуының бөлінісі байқалады. Бірінші жаза өзінен кейінгіден бұрын орындалады, оған қатысты қылмыстық-құқықтық санкциялардың барлық қажетті атрибуттарын – жазаның түрлері, режимі, мерзімі, мөлшерін қолдануға болады. Екінші жаза тағайындаған және жауаптылықтың түпкілікті шарасын анықтаған кезде жазаның өтелмеген бөлігі жаңа негізгі жазаға толық немесе ішінара қосылады. Жай қылмыстардың жиынтығында (бір үкіммен сотаған кезде) бір жаза – барлық іс-әрекеттерегі ортақ тағайындалған жаза өтеледі.
Қылмыстардың және үкімдердің жиынтығы инстуттарының осындай елеулі айырмашылықтарын қарастыра отырып, соңғысының мазмұнынына жан-жақты тоқтала кеткен жөн. Айта кету қажет, заңда оған жеткілікті дәрежеде көңіл аударылмаған. Ғылымда да бұл мәселе жеріне жеткізе зерттелмеген. Бұл орайда В.И.Воронинның позициясы назар аудартады. Ол «заңда үкімдердің жиынтығы анықтамасының жоқтығы – елеулі кемшілік» деп есептейді, өйткені, оның пікірінше, «осыдан келіп соттылық, түзеу мекемелерінің режимінің түрін тағайындау және жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату проблемалары шешусіз қалады». Осыған орай ол қылмыстық құқықты мынадай баппен толықтыруды ұсынады: «Үкімдердің жиынтығы деп нақ сол адамның айыптылығын анықтайтын, жасалған қылмыстардың және бірінші жазаның өтелмеген мерзімі ішінде жаңадан қылмыс жасауға әкеп соққан қылмыскердің жеке басының қоғамдық қауіптілігін сипаттайтын екі құқықтық актіні біріктіру танылады» [50;155-166].
Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау процесі екі кезеңнен тұрады:
1) жаңа қылмыс үшін жаза тағайындау;
2) біржолата жазаны анықтау.
Жаңадан істелген қылмыс үшін жаза тағайындағанда сот ешбір өзгертулерсіз жаза тағайындаудың жалпы негіздерін басшылыққа алады.
Тұлғаның бұрын істеген қылмысы үшін сотталған соң жаңа қылмыс істеуі оған қылмыстық құқықтық ықпал ету шараларының қажетті әсерінің болмағанын көрсетеді. Сондықтан үкімдердің жиынтығы бойынша біржолата жаза анықтау ережелері қылмыстардың жиынтыңына қарағанда айтарлықтай қатаң. Атап айтсақ, сот үкімдердің жиынтығы бойынша жазаны анықтағанда неғұрлым қатаң жазаның жеңіл жазаны сіңіруі қағидасын қолдана алмайды, ол жазаларды толық немесе ішінара қосу қағидасын қолдынуға міндеті болады. Яғни, сот соңғы үкім бойынша тағайындалған жазаға алдыңғы үкімдегі жазаның өтелмеген бөлігін қосады (ҚР ҚК 60-бабы 1-бөлімі).
Сонымен, үкімдердің жиынтығы
бойынша біржолата жазаны анықтағанда
жазаның өтелмеген бөлігін
Алдыңғы үкім бойынша жазаның өтелмеген бөлігі мыналар:
1) шартты соттауда, сол сияқты ҚР ҚК-ң 72-бабында, ҚР ҚК-ң 74-бабы 2-бөлімінде көзделген негіздер бойынша жазаның атқарылуын кейінге қалдыруда немесе ҚР ҚК-ң 73-бабы 3-бөлімін қолданудағы ҚР ҚІЖК-ң 452-бабында қарастырылған тәртіпте – жазаның бүкіл мерзімі, ұстауға байланысты, қамауға алу туралы бұлтартпау шарасының таңдалуына байланысты немесе жазаның атқарылуына байланысты қамауда ұсталу немесе дәрігерлік сипаттағы күштеу шараларының қолданылуына байланысты емдеу мекемесінде болған мерзімінен басқа;
2) жазадан ҚР ҚК-ң 70-бабында көзделген негіздер бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатқанда – жазаның сотталушы нақты өтеуден шартты түрде мерзімінен босатылған бөлігі.
Үкімдердің жиынтығы бойынша біржолата жазаның мөлшері заңда белгіленген шектерден аса алмайды. Атап айтсақ, бас бостандығынан айыруға қатысы жоқ біржолата жаза жазаның осы түрі үшін Қылмыстық Кодекстің Жалпы бөлімінде көрсетілген ең жоғары мерзімінен немесе мөлшерінен жоғары бола алмайды (ҚР ҚК-ң 60-бабы 2-білімі); бас бостандығынан айыру түріндегі біржолата жаза 25 жылдан аса алмайды (ҚР ҚК-ң 60-бабы 3-бөлімі); егер үкімдердің жиынтығына тұлғаны істелгені үшін заңда 25 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы ретінде қарастырылған кемінде бір аса ауыр қылмыстың жасалуына кінәлі деп таныған үкім кіретін болса, онда бас бостандығынан айыру түріндегі жаза 30 жылдан аса алмайды (ҚР ҚК 60-бабы 3-бөлімі).
Алдыңғы үкімдегі жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосу арқылы үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындағанда біржолата жаза жазаның осы түрі үшін заңда белгіленген ең жоғары мерзімі шектерінде тағайындалмаған болса, онда сот үкімде қабылдаған шешімінің себептерін көрсетуі тиіс. Алдыңғы үкімдегі жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосқанда біржолата жаза мөлшері жағынан жаңа істелген қылмыс үшін тағайындалған жазадан да, алдыңғы үкімдегі жазаның өтелмеген бөлігінен де кем дегенде артық болуы керек тиіс («ҚР Жоғарғы соты Пленумының «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықта сақтауы туралы» 1999ж. 30 сәуірдегі №1 қаулысының 21-тармағы).
Қылмыстардың жиынтығы бойынша (ҚР ҚК-ң 58-бабы) және үкімдердің жиынтығы бойынша (ҚР ҚК-ң 60-бабы) жаза тағайындау ережелері қатар қолданылуы мүмкін. Мұндай қажеттілік үкім шығарған соң сотталушының бірі үкім шығарғанға дейін, бірі одан кейін істелген қылмыстарда кінәлі екендігі анықталатын жағдайларда туындайды. ҚР ҚК-ң 58-бабы және ҚР ҚК-ң 60-бабында бекітілген ережелердің ескерілуінде жаза келесі тәртіпте тағайындалады:
- алдымен, бірінші үкім шығарылғанға дейін істелген қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындалады;
- одан соң, ҚР ҚК 58-бабы 6-бөлімінің ережелері қолданылады;
- соңынан, бірінші үкім шығарылған соң істелген қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза анықталып, біржолата жаза үкімдердің жиынтығы бойынша анықталады.
Сотталғандардың жазалардың жекелеген түрлерін өтеу барысында жаңадан қылмыс жасауы мынадай сипатта көрініс тауып отыр:
а) шартты түрде соттау – 318 қылмыстық іс (49,3%);
ә) шартты түрде мерзімене бұрын босату – 236 қылмыстық іс (36,6%);
б) жазасын өтеуді кейінге қалдыру – 12 қылмыстық іс (1,9%);
в) бас бостандығына айыру – 57 қылмыстық іс (8,8);
г) жазаның өзге де түрлері – 22 қылмыстық іс (3,4%).
Көріп отырғанымыздай, осылардың ішіндегі басым бөлігі бұрындары соттаудың шартты түрі және мерзімінен бұрын босату шаралары қолданған қылмыстық істер. Сондықтан да, бұл кезде олардың екінші мәрте қолданылуы мәселесін шешкен кезде мұқият болу керек [51; 103].
Осы сияқты сұрақтарды дұрыс шешу үшін белгілі заңгер-ғалым Дулатбеков Н.О. өзінің «Қылмыстық жаза тағайындау» атты монографиясында ҚР ҚК 60-бабының диспозициясына бірқатар түзетулер енгізіп, баптың редакциясын мынадай үлгіде түзуді ұсынады [37]:
1 Егер сотталған адам
үкім шығарылғаннан кейін,
2 Бірінші үкім бойынша өтелген жазаның мерзімі мен мөлшері соңғы үкімді орындау кезінде есепке алуға жатады.
3 Түпкілікті жазаны анықтау тәсілін таңдау кезінде сот осы Кодекстің 58-бабының 2-бөлімінде белгіленген критерийлерді басшылыққа алады.
4 Үкімдердің жиынтығы бойынша түпкілікті жаза, егер ол бас бостандығынан айырумен байланысты болмаса, осы Кодекстің Жалпы бөліміндегң осы жазалау түрі үшін көзделген жазалардың ең жоғарғы мерзімінен немесе мөлшерінен аспауы қажет.
5 Бас бостандығынан
айыру түріндегі үкімдердің
6 Егер жиынтықты құраушы
бір немесе бірнеше қылмыс
үшін өлім жазасы немесе өмір
бойы бас бостнадығынан айыру
тағайындалса, бұл жаза үкімдердің
жиынтығы бойынша ескерілетін
басқа қылмыстар үшін
7 Үкімдердің жиынтығы
бойынша жаза тағайындау
Сонымен қорыта келегенде, үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау бүгінгі таңда қылмыстық құқық теориясында және практикасында аса күрделі әрі маңызды мәселедердің бірі болып отыр.
Үкімдердің жиынтығы – қылмыстардың көптігінің жаңа түрі немесе формасы емес. Бұл, анығында, қылмыстардың біріншісі үшін сотталған және сол үшін жазасын өтеп жүрген адам жаңа қоғамға қауіпті әрекет жасаған кезде қайталануының ерекше түрі кезегінде ортақ жаза анықтаудың тәсілі. Бұл мәселенің осы күнге дейін жеткілікті дәрежеде толық зерттелмеуі үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау тақырыбындағы пікір-таластар заң ғылымы саласында зерттеулер жүргізумен шұғылданатын ғалымдардың назарына жиі ілініп жүр.
Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындаудың тәжірибесі
Қазақстан Республикасында үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау тәжірибесі келесідей сипатқа ие.
Мысалға, Павлодар облыстық сотының 2002 жылғы 23 сәуірдегі №2у-20 үкімінде Золотарев Евгений Васильевичке қатысты қылмыстық іс бойынша ҚР ҚК 60 бабын басшылыққа ала отырып, 05.01.2000 ж. Павлодар облысының Ертіс ауданының үкімі бойынша жазаның өтелмеген бөлігін қосу арқылы 17 жыл 9 күн бас бостандығынан айыру жазасын мүлкін тәркілеусіз тағайындалды.
Батыс Қазақстан облыстық сотының 2002 жылғы 4 ақпадағы №3-6 үкімінде Куздавлетов Арыстан Акылбековичке қатысты қылмыстық іс бойынша ҚР ҚК 60 бабын басшылыққа ала отырып, 01.07.1997 ж. Бұрлы аудандық сотының үкімі бойынша жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосу арқылы 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Павлодар облыстық сотының 2002 жылғы 18 қаңтардағы үкімінде Синельников А.А. Павлодар облысының Ақсу ауданының 1999 жылғы 19 қазандағы үкімі бойынша ҚР ҚК 60 бабын басшылыққа ала отырып, жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосу арқылы 21 бас бостандығынан айыру жаза тағайындалған болатын.
Павлодар облыстық сотының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 2а-71-07 үкімінде Никифоров Иван Ивановичке ҚР ҚК 60 бабын басшылыққа ала отырып Ақмола облсының Арқалық ауданының 2002 жылғы 1 қарашадағы үкімнің өтелмеген бөлігін қосу арқылы 19 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қолданылған.
3.2 Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындаудың өзекті мәселелері
Заңтанушы ғалым Бекбергенов Н.А. өзінің «Актуальные проблемы назначения наказаний по совокупности приговоров» атты мақаласында үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау мәселелерін зерттеу мақсатында ҚР ҚК-нің 60-бабын қолдану арқылы қаралған 645 қылмыстық іс және ҚР ҚК-нің 58-бабы 6-бөлімінің ережелеріне сәйкес әр түрлі үкімдермен сотталған қылмыстар туралы 244 қылмыстық іс зерттелді. Нәтижесінде, соттардың үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау мен қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындауды дұрыс ажырата алмауы салдарынан 72 ылмыстық істе (8%) үкімдердің жиынтығы бойынша негізсіз жаза тағайындалғандығы анықталды [51; 92].
Аталған екі институт та бір қарағанда ұқсас болғып көрінгенмен жалпы бір-бірінен өзгеше заңдық негіздері бар құқықтық институттар болып табылады. Құқық қолданушыны олардың ортақ сипаттары мен құқықтық табиғаты, қолданылатын ұғымдар мен терминологияларының ұқсастығы, сәйкес қағидалар, жаза тағайындаудың бірдей ережелері шатастырады. Алайда, бұл институтардың сипаттарын тереңірек зерттеу кезінде бірқатар өзгешіліктерін анықтауға болады.
Біріншіден, үкімдердің
жиынтығының негізінде қылмыста
Менің ойымша, соңғысы қылмыстардың жиынтығымен мүлдем сәйкес келмейді. Бір тұлғаның жасаған қылмыстары бір-бірінен тек уақытта ғана алшақ болмайды, олар оның өмірінің әртүрлі кезеңдерінде жасалады. Бұл әлемде барлығының құбылмалы екендігі және адам санасының өзгеріске ұшырайтындығы баршаға мәлім. Уақыт қарама-қайшылықтардың аясын өзгертеді, олардың қыртыстарын жазады. Бұрын болған қақтығыстар уақыт өте келе олардың маңызын жояды. Сондықтан мемлекет өзінің құзырлы органдары арқылы заңдар қабылдай отырып, сотталушының жазаның әсерімен қоғамдық мүдделерге теріс қарым-қатынасын өзгертуі, кінәсін мойындап, өзін келешекте ұстамды болуы сияқты адам санасының бейімделу қасиеттеріне үміт артады. Уақыт оның тұлғасы мен жасалған қылмысының қоғамға қауіптілік деңгейін төмендетеді деп болжауға болады. Өзінің жазасын толық өтеп, соттылығы алынғаннан кейін тұлға заң тұрғысынан қылмыскер болып табылмайды деп саналмайды. Теріс сипаттарын сақтап қалған қылмыстық жолға қайтып оралуы, сондай-ақ өзіне қолданған шектеулер мен тыйымдардың әрекет ету уақытында қылмыс жасауы оның қылмысқа бейімділігін, дөрекілігін, жалпы танылған мінез-құлық нормаларына бағынбауын дәлелдейді. Соған сәйкес, оны мемлекет тарапынан алғашқысынан басқаша қарым-қатынас қолданылады, яғни қылмыстық құқықтық ықпал етудің басқа әдістері, соның ішінде арнайы қылмыстардың жиынтығы бойынша жүзеге асырылатын әдістер қолданылады.
Информация о работе Жаза тағайындаудың түсінігі, маңызы және қағидалары