Жаза тағайындаудың түсінігі, маңызы және қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2013 в 19:47, курсовая работа

Краткое описание

Жазаның нақты мүмкіншіліктерін анықтау үшін, олардың жеке түрлерінің тиімділік деңгейін өлшеу үшін, қылмыстық саясат шеңберінің принциптерін көрсететін жаза мақсаттарын заңда дұрыс белгілеу қажет және бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін әдістер мен тәсілдерді бекіту керек. Қоғам алдында, оның барлық әлеуметтік институттары мен заң ғылымының алдында әлеуметтік әділеттілік принциптеріне сай, қоғам қажеттігінің нақты көріністері, құқықтық жүйеде әлеуметтік экономикалық және саяси дамуда, жаңа тенденцияларды адекватты бейнелеу мақсаты тұрғанда, бұл мәселе қазіргі таңда өте өзекті болып отыр. Заң жаза мақсаттарын белгілеу, қылмыстық құқық тиімділігін зерттеу үшін және жазаны қолдану нәтижелерін негіздеу үшін қажет.

Вложенные файлы: 1 файл

Работа.doc

— 608.00 Кб (Скачать файл)

Екіншіден, қылмыстардың жиынтығы кезінде сот ҚР ҚК баптарында көзделген барлық қылмыстық құқықтық санкцияларды қолдана отырып жаза тағайындайды, ал үкімдердің жиынтығы кезінде жаза тағайындау – өтелмеген жаза мен жаңа жасалған қылмыс үшін көзделген қылмыстық құқықтық санкцияның жиынтығы аясында жүзеге асырылады.

Үшіншіден, үкімдердің жиынтығы кезінде бірінші үкім бойынша  сотталған қылмыс үшін тағайындалған  жазаны анықтау үшін маңызды болып табылатын іс жүзіндегі мән-жайларға құқықтық баға беру преюдициясы байқалады. Жаңа істі қарастырушы сот үкім шығарарда жазалардың жиынтығы үшін баға беруді ескеруі тиіс. Ол жазаға әсер ету, бірінші үкімнің олқылықтарын түзету мүмкіндігіне ие. Осыған байланысты салыстыру жүргізу мақсаттарында Швеция заңнамасы қызығушылық туғызады. Швеция Корольдігінің қылмыстық кодексінің 34 тарауының 1 бабында бірінші үкім бойынша тағайындалған санкцияның күшін жою және кейінгі сотпен жаңа жазаны тағайындамау мүмкіндігі қарастырылған [50; 155-166].

Төртіншіден, қылмыстардың және үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде әрқайсысы бойынша  әртүрлі қылмыстық-құқықтық салдар туындайды. Бірінші жағдайда жаза тағайындау бүкіл қылмыстардың жиынтығы бойынша жалпы соттылықты қамтиды, екіншісінде – бірінші соттылығы бойынша жаза мерзімі тоқтатылады және ол жаңа жасалған қылмыс үшін соттылықпен қатар есептеледі.

Бесіншіден, заңда жекелеген  қылмыстар үшін жазаларды біріктіру  әдістері әртүрлі анықталған: қылмыстардың жиынтығы бойынша қосу және сіңіру әдістері арқылы, үкімдердің жиынтығы бойынша бірінші үкім бойынша жазаның өтелмеген бөлігін жаңадан тағайындалатын жазаға қосу арқылы.

Алтыншыдан, әртүрлі үкімдері бойынша тағайындалатын қылмыстардың жиынтығы кезінде жазаның өтелмеген бөлігі есептеу ережелері бойынша ескеріледі. Ал үкімдердің жиынтығы кезінде жазаның өтелмеген бөлігі формалды түрде ескерілмейді.

Осы екі құқықтық институттың  арасындағы айырмашылық қылмыскердің әлеуметтік бейімделмеуі және оның қылмыстық әрекеттерінің жандану жағдайында нормаларда ерекше ережелерінің болуы қажеттілігімен түсіндіріледі. Заңнан көріп отырғанымыздай заң шығарушының еркі жиынтық жаза жиынтығының  максималды шегінің неғұрлым қатаңдатылуымен (30 жыл) айқындалады, соңғы жазаның минимумы жаңа тағайындалған жазаның көлемімен шектеледі және алдындағы үкім бойынша жазаның өтелмеген бөлігіне тең болады, жазаларды сіңіру қағидасынан бас тарту бекітілген.

Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындауды ерекше реттеудің  қажеттілігінің туындауына сенімді бола отырып бұл институттың құқықтық табиғатын оның аса маңызды аспектілерін анықтай отырып зерттеп көрейік.

Теорияда үкімдердің жиынтығы анықтамасын заңнама жүзінде бекіту ұсынысы жасалып жүр, себебі оның жоқтығынан «соттылық, түзеу мекемелері режимдерінің түрін тағайындау және жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату мәселелері шешімін таппай отыр». Мұндай пікірдің авторы Воронин А.И. былай деп көрсетеді: «Үкімдердің жиынтығы ретінде бір тұлғаның кінәлілігін бекітетін, жасалған қылмыстың және қылмыскердің оның бірінші  өтелмеген жаза кезеңінде жаңа қылмыс жасауы салдарынан қоғамдық қауіптілік деңгейінің артуын сипаттайтын екі қылмыстық-құқықтық актілердің бірігуі танылады» [50;155-166].

Жалпы мұндай ұсыныс қылмыстық-құқықтық саласында жаңалық табылады, алайда оның іс-жүзіндегі қажеттілігі туындамай отыр. Оның ғылыми доктриналдық деңгейде анықтамасын беру де жеткілікті. Үкімдердің жиынтығы – бұл қылмыстардың көптігінің нысаны болып табылмайды. Менің көзқарасым бойынша, тұлғаның өзінің қылмыстық белсенділігінің әртүрлі кезеңдері үшін жалпы жаза бойынша әртүрлі үкімдермен анықтаудың ерекше әдісі.

Әрекет етуші үкімдердің бір уақыттағы өзара байланысының құқықтық табиғаты аса маңызды болып  табылады. Осыған орай, оны әртүрлі  жолдармен қарастыру әдістері бар:

а) қылмыстық жазаларды  жеке-жеке атқару жөнінде;

б) соңғы үкімнің алдындағы  үкімдердің барлығын өзіне сіңіру жөнінде, мұнда соңғылары өзінің заңдық күшін  жояды;

в) алдындағы үкімдердің әрекет ету заңдық күшінің сақталуы кезінде ортақ жазаны тағайындау жөнінде.

Бірінші әдіс көбінесе шетел мемлекеттерінің құқық қолданушылық тәжірибелерінде кездеседі және оң сипаттамаларға ие, мысалғы, соттық іс өндірісі үрдісін айтарлықтай жеңілдетеді, заң шығарушының қылмыстық әрекеттің қайталануы немесе жандануы жағдайларындағы теріс көзқарасын білдіреді және т.б.  Сонымен қатар оның жетіспеушіліктері де бар – әрқашан қылмыстық жазаның қудалау сипаттарының өркендеуі әсерін көрсетеді және тәжірибеде жазалардың сіңірілуіне жол бермейді, жауапкершілікті жеке даралау мүмкіндігінің аясын тарылтады.

Алғашқы үкімнің алдында  барлық үкімдерді толық сіңіруі (жоғары көрсетілген Швеция корольдігінің тәжірибесі), сндай-ақ көптеген іс-жүргізушілік мәселелерді жеңілдетеді, мысалғы, бірқатар жағдайларда сот актілерін қайта қарау қажеттілігінен бас тарту мүмкіндік береді (сотталушының жағдайлары нашарлауына, жаңа мән-жайларды анықтауға және т.б. байланысты). Алайда, мұндай әдіс құқықтық жауаптылық шараларын анықтау кезінде формальды тұрғыдан келу жол бермейтін біздің құқықтық жүйеге тән емес. Әрбір жаза қатаң түрде жеке дара, тұлғаға бағытталған және шарттары анықталған болуы тиіс.

Менің ойымша, ұсынылып отырған  сот актілерінің өзара байланысының  үшінші нұсқасы дұрыс болып табылады. Барлық үкімдер олардың соңғы  атқаруымен құқықтық салдарының сақталуы сәтіне дейін өздерінің заңдық маңызын жоғалтпайды, кейінгі үкімдермен қатар қолданылады және әрекет етеді. Соңғылары преюдиция ережелері бойынша өздерінің құрамындағы қорытындылар баға беру және шешімдерді ескереді және олардың кері күші болмайды, мысал үшін, оларды белгілі бір жолмен тоқтату, өзгерту (сотталушының жағдайын ауырлату). Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде сот бұрын қолданылған шартты түрде соттауды жойып, нақты жаза тағайындау мүмкін.

Соңғы үкім бұрын жария көрген және қолданыстағы сот актілерімен қақтығыста бола алмайды. Ол жазаны атқарушы органдары үшін негізгі және жалғыз болып табылады. Ол келесілерді қамтиды: қылмыстық құқық бұзушылықтардың ескере отырып жазаларды механизмі, барлық қылмыстардың ара-қатынасы, олардың әрқайсысының қылмыстардың көптігі жүйесінде атқаратын ролі және алатын орны, қылмыстық жауаптылықты күшейту себептерін негіздеу немесе олардан мүлдем бас тарту, негізгі және қосымша жазалардың нақты және соңғы түрлері, олардың мерзімдері мен көлемдері, өтелген жазаларды есептеу тәртібі және т.б. алдындағы үкім өзінің өзгермеген бөлігінде заңдық күшін сақтап қалады және басқалармен бірдей орындалады.

Теорияда үкімдердің жиынтығы бойынша тағайындалатын жазаларды біріктірудің құқықтық табиғаты жөнінде пікір-таластар туындап отыр.

Заңға сәйкес әртүрлі  үкімдер бойынша тағайындалатын жазалар бірінші үкім бойынша  жазаның өтелмеген бөлігінің  жаңадан тағайындалған жазаға қосу арқылы біріктіріледі. Мұндай ережеге Благов Е.В. қарсы шығады. Оның ойынша, «бірінші үкім неғұрлым тұрақты болып табылады, себебі екіншісі кассациялық инстанциямен өзгертілуі мүмкін, соның салдарынан жиынтықтағы жаза мерзімның қысқартылуына байланысты алғашқы үкімнің өтелмеген бөлімінен төмен болуы мүмкін». Благов Е.В. мынадай ұсыныс жасайды: «жазаның өтелмеген бөлігіне жаңа қылмыс бойынша тағайындалған жазаны біріктіру» [53;64-70].

Тағайындалған жазалардың басымдықтарын Становский М. басқаша қарастырады. Оның айтуынша, «жекелеген қылмыстар үшін жазалар екінші үкімді шығару кезінде бірінші іс бойынша толық немесе ішінара өтелгеніне қарамастан жиынтыққа тұтастай кіруі керек. Жазаларды біріктіру кезінде сот жазаның өтелмеген бөлігіне емес бірінші іс бойынша жазаның барлық көлеміне негізделуі тиіс» [54;10-12].

Жазаларды біріктірудің құқықтық табиғаты жөнінде өзінің көзқарасын Попрас В. білдірген болатын. Ол бірінші үкім бойынша жазаның өтелмеген бөлігін қосу қылмысты қайталап жасаған кезінде жазаның екінші өтелген бөлігі сияқты жиынтыққа мүлдем кірмейді және бірнеше үкімдер бойынша жаза тағайындаған кезде ескермеуі тиіс деген пікір білдіреді [43;22-26].

Көріп отырғанымыздай, бұл  мәселе бойынша көзқарастар әр түрлі болуы мүмкін. Менің ойымша, үкімдердің жиынтығы кезінде мәртебесі тең жазалар біріктіріледі, олар орындалудың әртүрлі кезеңдерінде болуы мүмкін, алайда бұл жазаларды біріктіру механизімін зерттеуге әсер етпейді. Әрбір қылмыс сот зерттеуінің объектісі бола отырып үкімдердің жиынтығы кезінде ескергенде дербес құқықтық бағаға ие болады (алғашқы сотталғанда бірінші, кейінгі сотталғанда екіншісі). Жалпы жиынтық жазаны тағайындаған кезде соңғы сот алғашқы жазаны өтеудің бастапқы уақытында байқалған өзгерістерді ескеру қажет.  

Алғашқы жазаны ішінара  болсада кейінгі жазамен салыстырғанда  екінші деңгейлі деп санау қате, себебі бұл оның жиынтықтағы рөлі мен маңызын төмендетеді. Сондықтан «бірігу» терминін қате деп санаймын. Жазаларды қосу немесе сіңіру әдістері арқылы біріктіру қажет. Мұнда біріншіден бұрындары тағайындалған жазалардың барлығын немесе олардың өтелген немесе өтелмеген бөліктерін ғана ескеру керектігін анықтап алған жөн.

Барлық жазаларды ең алдымен қосып алып, олардан орындалғандарын  шегеру соттарды жазалардың мерзімдері мен көлемдерін есептеу машақатынан  босатар еді. Алайда әдістен бас  тарту қажет, себебі жазаларды тағайындау жүйесіне бірыңғай жолмен келу тәжірибесі жойылып кетеді. Бірінші үкім бойынша жазаның өтелген бөлігі жиынтық құрамына кірмейді, себебі ол сотталғанның қылмыстық әрекетінің жандануына дейін орындалған болатын. Мұндағы қауіп болып тұлғаның жаңа қылмыс жасауымен көрініс табатын қайталану әсерімен туындайтын оқиға саналады. Осы сәттен бастап жазаның өтелмеген жаңа сипатқа ие болады, ол өзінің бұрынғы маңызы мен қасиетін жоғалтады. Сотталушының тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігін және жаңадан тағайындалған жазаны қосу әдісі дұрыс болып табылады. Қылмыстық құқық теориясында үкімдердің жиынтығы кезінде соттар тәжірибеде жекелеген мақсаттылық сияқты жазаларды қосу әдісін қолданады деген пікір қалыптасқан. Мысалға, Благов Е.В. мынадай мысалдар келтіреді, бұрын шартты түрде сотталған тұлға жаңадан абайсызда қылмыс немесе қасақана жеңіл қылмыс жасаса және сот шартты түрде соттауды жою негіздерін таппаса. Оның ойынша, «жаңа қылмысқа қатысты жаңа үкім шығарылады. Мұндай жағдай РФ ҚК-нің 82-бабында көзделген жазаны кейінге қалдыру қолданылуы мүмкін» [53; 173].

Бұл ережені ҚР-ның  Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 19 қазандағы «Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның кейбір мәселелері туралы» №15 бекітеді.

Мұндай жағдайлардың іс-жүзінде кездесетіне келісе отырып мұндай жағдайларды біріктірудің құқықтық табиғаты олардың үйлесуінің ерекше тәртібінде емес, бірігуінде жатыр. Сонымен қатар, үкімдерді жекелей орындау құрамдас бірліктерді біріктіру әдістерінің бірі болып табылады. Ол екінші нысандағы – үкімдерді біресе орындаумен қатар әрекет етеді. Жазаның өтелмеген бөлігін есептеу мәселесі даулы болып табылады, жаңа сотталу кезінде оның қай бөлігі ескерілуі тиіс екендігі маңызды. Мұнда үш тәсіл қолданылу мүмкін:

а) жазаның өтелмеген  бөлігі үкімді жария ету кезінде  есептеледі;

б) ол үкімнің заңды  күшіне енуі сәтінде бекітіледі;

в) ол жаңа қылмыс жасалған күні анықталады;

Жазаның өтелмеген бөлігін үкімді жариялау күні есептеу қате деп санаймын, себебі қылмысты жасаған күннен бастап үкімді шығарған сәтке дейін белгілі уақыт өтеді, және осы бөлікті есептемеу қылмыстық қудалаудан бас тарту дегенді білдіреді. Сонымен қатар, алғашқы үкімді іс жүзінде орындау жағдайында жоғарыда көрсетілген сәтке дейін жазаның өтелмеген бөлігін есептеудің мәнісі болмайды, және жаза үкімдердің жиынтығы бойынша шығарыла алмайды. Олай болмаған жағдайда жалғанды шындыққа, жоқ жазаны (ол өтеліп болған) жаңадан тағайындалған жазаға қосу керек болар еді. Екінші уақыттық бағдар тұрақтылығымен ерекшеленбейді, себебі ол аппеляциялық өндіріс перспективасына тәуелді. Жазаның мерзімін әрбір кезекті сот актысын шығарған кезде қайта есептеу ыңғайсыз болады. Ең тұрақты мерзім болып қылмысты жасау күні болып табылады. Ол жазаға әсер етуші факторларды есептеген кезде елеулі рөл атқарады. Жоғарыда аталғандай жазаны тағайындаудың жалғыз жігі болып қылмыс пен қылмыстық істің мән-жайлары бойынша анықталатын тұлғаның кінәлілігі табылады. Үкімдердің жиынтығы бойынша жазаларды тағайындау кезінде жаңа қылмыс пен тұлғаның жаңа қасиеттерін сипаттайтын мән-жайлар ғана маңызға ие болады. Бірінші іс бойынша маңызға ие мән-жайлар преюдицияналдық болады, өзгерістерге ұшырамайды және қосымша ақпарат ретінде ескеріледі. Соған сәйкес үкімдердің жаза тағайындаудың жігі болып жаңа қылмыс жасаған күннен бастап анықталатын қылмыстың және кіналы тұлғаның қоғамға қауіпті деңгейі танылады.

Менің ойымша аталмыш  пікірлерді келтірілген мысалдармен  негіздеуге болады. Мысалы, Қарағанды  қаласы Октябрь аудандық сотының 03.04.2001ж  үкімімен кәмелетке толмаған 3; бұрын  сотталған және 01.12.1999 жылы 8 ай 12 күнге мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған, 21.04.2000 жылы ҚР ҚК 175-бап 2 бөлім «б» тармағы бойынша 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасына қайта сотталды. ҚР ҚК 70-бабының негізінде оның мерзімінен бұрын шартты түрде босатылуы жойылып ҚР ҚК 60-бабы бойынша 2 жыл 10 ай 20 күн мерзіміне бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкімнен көріп отырғанымыздай сот 3 ай 22 күнді шегеріп, бірінші үкім бойынша жазаның өтелмеген бөлігін – 4 ай 20 күнді қосты. Біріншісі – қылмыскердің жаңа қылмыс жасаудан тартынған мерзім (01.12.1999ж – 21.04.2000ж), ал екіншісі – жаңа қылмыс жасалғанға дейінгі және мерзімінен бұрын шартты түрде босатылу мерзіміне дейінгі қылған уақыт аралығындағы кезең. Көріп отырғанымыздай, сот іс жүзінде жазалар қалайша қосылатынына немқұрайлы қарайды.

Информация о работе Жаза тағайындаудың түсінігі, маңызы және қағидалары