Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 13:42, дипломная работа
Салық теориясында ғалымдар мен зерттеушілердің жанама салықтар туралы пікірі әр түрлі. Жанама салықтар соның ішінде акциздердің жетіспеушілігі ретінде, олардың тұтынушылардың салық ауыртпалығын күшейтетіні, олардың төлем қабілетін азайтатындығы, бұл салықты салудың белгілі бір шығындарды қажет ететіні көрсетілді. Ал акциздердің тікелей салықтардан артықшылығы олардың фискалдық ролі деген тұжырымдама туындаған.
Кіріспе..........................................................................................................................4
1
Акциз салығын салудың экономикалық қажеттілігі және теориялық-әдістемелік аспектілері......................................................................................7
1.1
Салық жүйесіндегі акциз салығының экономикалық табиғаты және пайда болу тарихы............................................................................................................7
1.2
Жанама салық ретіндегі акциз салығының атқаратын қызметтері...............11
1.3
Қазақстандағы акциз салығын төлеушілер және акцизделетін тауарлар түрлері...................................................................................................................15
2
Елден өндiрiліп, өткiзiлетiн және импортталатын акцизделетiн тауарларға салық салу механизмдерін зерттеп-талдау............................23
2.1
Қазақстан аумағында өндiрiліп, өткiзiлетiн және импортталатын акцизделетiн тауарларға салық салу негіздерін талдау...................................23
2.2
Акциз салығын есептелуі мен төлеу процедурасын зерттеп-талдау..............29
2.3
Елден өндiрiліп, өткiзiлетiн және импортталатын акцизделетiн тауарлардан түсетін бюджет түсімдерінің тиімділігін бағалау.............................................41
3
Қазақстанда өндiрiлген немесе оған импортталған акцизделетiн тауарларды бақылау және акциз салығын салу қатынастарын жетілдіру жолдары.............................................................................................51
Қорытынды..............................................................................................................60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................63
Қосымшалар............................................................................................................66
Сондықтан бұл салалар үнемі мемлекеттің бақылауында болуы керек. Осыған байланысты акциз арқылы бір жағынан жоғары нормативтік пайданың бір бөлігі бюджетке алынса, екінші жағынан осы өндіріс салаларын экономикадағы қызуына кедергі жасалады. Бүгінде белгіленген акциз салығы арақ өндірісінің рентабельділігін 1/3 бөлікке төмендетіп, алкоголь бизнесімен бюджетке елеулі түсімдерді қамтамасыз етіп отыр. Ал өндіріс құрылымына, өндіріс сапасына, кейбір тауарларды тұтынуға әсер ету бағытындағы реттеу негізінен акциз салығының ставкалары арқылы жүзеге асырылуда. Қазақстанда акциз салығы алғаш рет енгізілген жылдарда барлық акциз салығының ставкалары тауар құнына процентпен белгіленген, яғни адвалорлық ставка қолданылған болатын.
Бүгінгі күнде Қазақстанда акцизделетін тауарлар түрлеріне негізінен тұрлаулы ставкалар белгіленеді. Бірақ Қазақстанда өндіріс құрылымына және тауар сапасына әсер ету мақсатымен акциздің адвалорлық ставкалары әлі де болса жетілдірілуде. Мысалы, алкоголь өнімдеріне келсек, адвалорлық ставкалар бұл өнімдердің түрлеріне (коньяк, шампан, шарап, т.б.) байланысты белгіленген.
Акциз ставкалары бұл жағдайда алкоголь өнімдерінің күштілігіне ондағы спирттің мөлшеріне сәйкес келмейді. Мәселен, коньяк пен шампан шараптарына бірдей ставка, яғни 20тг/л мөлшерінде белгіленген. Сондықтан акциз ставкаларының алкоголь өнімдерінің күштілігіне байланысты дифференциалдануы жөн болар еді. Күштілігі жоғары алкоголь өнімдеріне жоғарғы акциз ставкаларын белгілеу өндірушіні күштілігі төмен алкоголь өнімдерін өндіруге көшуіне ынталандырады. Осыған сәйкес тұтынушыны да зияны аз әлсіз алкоголь өнімдерін тұтынуға итермелейді. Осы сияқты адвалорлық ставкаларды темекі өнімдеріне, мұнайды қайта өңдеу өнімдеріне (бензин, дизель отыны) олардың сортына сапасына құрамындағы зиянды заттарға қарай қолдануға болады.
Акцизге тән реттеудің негізгі бағыты болып табылатын әлеуметтік қауіпті тауарлардың өндірісі мен тұтынуын қысқарту бағыты Қазақстанда нарыққа сай жүзеге асырылуда. Осы ретте тауарлардың өндірісін шектеу үшін оған акциз салығын жоғарлату шарасы тиімсіз болып табылады. Өйткені жоғары ставкалар заңды өндірушілерді қысқартып өндіріс пен тауарларды заңсыз жолмен әкелу көлемінің өсуіне ықпал етеді.
Бұның нәтижесінде ел экономикалық және әлеуметтік шығындарға батады: бюджетке түсімдер толық түспейді, халық тұтынатын тауарлар сапасы төмендейді, сапасыз тауарларды тұтыну салдарынан адам денсаулығының нашарлау саны өседі.
Республикамызда алкоголь және темекі өнімдерінің заңсыз жолмен әкелінуі ішкі нарықтағы отандық тауар өндірушілердің бәсекелестігіне елеулі түрде кері әсерін тигізіп отыр.
Соңғы уақыттағы Қазақстанның темекі нарығындағы жағдайы жалпы көлемнің 10%-ын заңсыз айналымы 50%-ға тең, яғни жыл сайын бюджетке шамамен 3,5 млрд. теңге түспей қалады екен. Заң бұзушылықтарды шектеу және акцизделетін тауарлардың заңсыз өндірісімен айналымына қарсы күресі мақсатымен Қазақстан Республикасының Үкіметі акцизделетін өнім сферасын реттеу саясатын жүргізуде. Жүргізілген экспертизалардың нәтижесі жасанды акциз маркаларының жоғары сапалылығын дәлелдеп тіпті олардың жасандылығын анықтаудың қиын екендігін көрсетті.
Сондықтан акциз маркаларының заңсыз айналыммен күресті күшейту мақсатымен ең біріншіден акциз маркаларын қорғау дәрежесін үнемі өзгертіп толықтырып отыруы керек.
Бүгінгі күнде алкоголь нарығын заңдастыру негізінен келесі мәселелерді шешуді талап етеді: бірінші мәселе, бұл алкоголь өнімінің, көбінесе шарап пен сыра өнімдерінің контрабандасы. Бұл жағдай негізінен республикадағы шарап өнімдерінің шектеулігінен жеткілікті дәрежеде дамуына байланысты. Ал ол өз кезегінде республикадағы жүзімдіктер аумағының қысқартуымен, сондай-ақ соңғы 2 жылдағы жүзім шырындарының нашарлануымен түсіндіріледі. Отандық сыра импорттық өніммен салыстырғанда бағасы, сапасы бойынша бәсекеге қабілетсіз болғандықтан, оның өндірісі де жеткіліксіз көлемде. Сыра айналымы Қазақстан Республикасының Алкоголь өнімін реттеу туралы Заңымен реттелмейді.
Қазіргі таңда сыраның тек өндірісі ғана осы заңның күшімен реттелуде. Ал сыраның заңсыз айналымы мемлекетке үлкен сомаларды түсірмей отыр. Мысалы, жылына 29 млн. долл. сыра тұтына отырып, біз тек 8,3 млн. долл. сыра өндіреміз, ал сыраның ресми импорты 0,3 млн. долларға ғана тең. Ендеше қалған 20,4 млн. долл. сыра заңсыз айналым есебінен әкелінуде. Бұдан сыра айналымын мемлекет тарапынан реттеу шараларын күшейту керектігі туындайды. Осы ретте республикамыздағы сыра өндірісін барынша ұлғайту, дамыту керек.
Келесі мәселе жергілікті атқарушы органдар тарапынан алкоголь өнімінің бөлшек саудасының бақылаудың жеткіліксіздігі. Осы күнге дейін кейбір әкімшіліктердің бөлшек саудаға лицензия беру механизмдері реттелмеген. Соның салдарынан алкоголь өнімін заңды сауда көлемін төмендету тенденциясы орын алуда. Республика бойынша лицензия алуға өтініш берген 22665 бөлшек сауда объектілерінің ішінде тек 80971-сі ғана, яғни 36%-ы лицензия алған. Одан басқа ұйымдардың жартысынан көбі тіпті әлі өтініш бермегенін ескеру керек.
Алкоголь өнімдері базарларда,
көтерме сауда орындарында
Мұндай мақсаттарға жету үшін перспективада және қазіргі уақытта мынадай шаралар орындалуы қажет:
Темекі өндірісінің заңсыз айналымына тосқауыл мәселесіне келсе, бүгінгі күнде Қазақстанның темекі нарығындағы жағдайына назар аудару керек. Қазақстандағы жалпы темекі нарығының көлемінің 10%-дық үлесі заңсыз айналымға тиіп отыр. Заңсыз өнім айналымын конфискациялау және өндіріп алу бойынша жұмыстарды активизациялау қажет.
Мұнай өңдеу саласы кез келген мемлекеттің жалпы қоғамның экономикалық әлеуметтік және саяси мүдделерінің үлкен спектрін анықтайтын, экономиканың ерекше секторы болып табылады.
Қазақстан Республикасының нарығында мұнай өнімдері бойынша заңсыз айналымның мөлшері 50%-ға бағаланып отыр. Ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 10%-ға тең екен [42]. Осының нәтижесінде бюджетке жыл сайын 3470 млн. теңге қаражат түспей қалуда. Республикадағы мұнай өнімдерінің нарығындағы заңсыз айналым үлесінің жоғары болуы отандық мұнай өңдеу кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетінің төмендігі Қазақстан Республикасы аумағында мұнай өнімдерінің айналымын мемлекеттік реттеуді күшейту жөнінде бағдарламаның қабылдауына себеп болады. Мұнай өнімдері нарығының республика экономикасының ерекше орын алатына байланысты бұл сала бір нормативті-құқықтық актімен реттелінетін, мұнай өнімдерінің айналым сферасын реттейтін бір құжат қабылдау қажет.
Бүгінгі кезде көптеген экономистер мен ғалымдардың пікірі бойынша спирт, арақ-шарап өнімдерінің 30-дан 50 пайызға дейінгі айналымы көлеңкелі айналымның үлесінде делінген. Мұндай жағдай тек біздің елімізде ғана емес, көршілес елдердің салық жүйесінде күрделі мәселелердің бірі болып отыр.
Акциз саясатын жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі деп салықтық әкімшілікті күшейтуді айтуға болады. Салықтық әкімшіліктің тиімділігін арттыру тек қана акцизге байланысты емес, бүгінгі таңда Қазақстан экономикасының тұрақты өсуінің негізгі бағыттарының бірі болып отыр.
Елімізде жүргізіліп отырған салық салу механизмін жетілдіру мәселесін шешудің мынадай екі жолы бар: біріншісі, алкоголь өнімдерін өндіретін саладағы кәсіпорындардың өнімін акцизделетін тауарлар қатарынан шығару. яғни спирт, алкоголь өнімдерін акцизделетін тауарлар емес деп белгілеу. Ал, бұл кәсіпорындарға бірыңғай жүктеме салық түрін енгізу. Бірыңғай жүктеме салықты екі түрлі жолмен енгізуге болады:
Ал екінші жолы, алкоголь өнімдеріне қайтадан мемлекеттік монополия енгізуге оралу. Алкоголь өнімдерінің заңсыз өндірісі мен заңсыз айналымы көлемінің ұлғаюы, алкоголь өнімдерін тұтынуды реттеудің жеткіліксіздігі, сыра және шарап өндірісінің жеткілікті дамуына байланысты осы өнімдердің контрабандасының кең етек жаюы. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан алкоголь өнімінің бөлшек саудасын бақылаудың жеткіліксіздігі және т.б. мәселелер.
Әрине бұл екі жолдың
шешуін алдымен кең түрде талқылап,
жан-жақты зерттеп барып
Автокөліктердің санының өсуінің қоршаған ортаға келтіріп жатқан зиянының орасан зор екені жалпыға түсінікті. Осындай экологиялық мәселелерді шешу жолдары мақсатында жоғары сапалы бензинге акциз ставкаларын, сапасы төмен, құрамында қорғасын мен басқада қоспалары бар бензин сорттарына қарағанда төменірек етіп белгіленгені дұрыс болады.
Қорытынды
Экономиканы мемлекет тарапынан реттеудің негізгі құралдарының бірі – салықтар болып табылады. Қаржы жүйесінде салықтардың экономикалық категория ретіндегі маңыздылығы – ол мемлекеттің өз қызметтерін жүзеге асыру үшін қажетті жағдай туғызатын мемлекеттік ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік беруі. Сонымен қатар, ол – салық төлеушілердің мемлекет алдындағы міндеттерін айқындап, мемлекеттік бюджетті қалыптастыруға, фискалдық және экономикалық процестерді ынталандыруға бағытталған реттеушілік қызметтерін атқарады.
Осыған байланысты, макроэкономикалық жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасында жанама салықтар белгілі бір деңгейде ішкі экономикалық саясаттың мақсатына қарай отандық өндірушілер үшін жағымды жағдайлармен қамтамасыз етуді көздейді. Соның ішінде акциз салығының басты бағыты әлсіз өндірушілерді нарықтан ысырып шығару және артық өндірудегі дағдарыстың алдын алу болып табылады. Бұл іс-жүзінде акциздің адвалорлық ставкаларын және тұрлаулы акциз ставкаларын белгілеу арқылы жүзеге асырылады. Төменгі сортты тауарға жоғарғы акцизді салу арқылы мемлекет тауар өндірушіні сапалы өнім өндіруге ынталандырады. Мысалы, Германияда бағасы төмен бензиннен жоғары акциз алынады, сондай-ақ төменгі сортты темекілерге де акциздің жоғарғы ставкасы белгіленген. Нәтижесінде акциз арқылы мемлекет өндіріс құрылымының өзгеруіне ғана емес, тұтыну сипатына да әсер ете алады. Бұдан басқа сапалы өнім өндірісін ынталандыру акциздің тұрлаулы ставкаларын белгілеу арқылы да жүзеге асырылады. Өндірушілер үшін өнім бірлігінен тұрлаулы акциз салығын төлеу тұтыну қасиеттері, дизайні жоғары, сапалы әрі бағалы өнім өндіруге ынталандырады. Ал тұтынушы үшін тұрлаулы ставканың белгіленуі сапалы бағалы өнімдерге бағаның қолайлығын яғни осы тауарларды сатып алу мүмкіндігін өсуін білдіреді. Өйткені бұл жағдайда акциз салығының сомасы тауарлардың бағасына, оған кеткен шығындар мөлшеріне байланыссыз болады.
Акциздер нарықтық экономиканың маңызды, белсенді элементі болып табылады. Шындықты бейнелейтін ғылыми негізделген салықтардың болуы экономикалық процестерге оңды әсер етіп, келеңсіз құбылыстарды жойып, өркениетті құқықтық қатынастарды бекітуде ықпал етеді. Сөйтіп, акциздер өз кезегінде негізгі екі функцияны атқарады: біріншісі, реттеуші – қоғамға зиян келтіретін кейбір тауарлар түрлерінің өндірісі мен тұтынушы шектеу және реттеу; екіншісі, ынталандырушы – кейбір тауар түрлеріне сұранысты ынталандыру және импортталатын тауарларға акциз салу арқылы отандық өндірушілерді қолдау.