Бастауыш оқыту үдерісінде ұлттық ойындарды қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2015 в 12:54, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік құндылығын тәрбиелеуде ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың маңызы және оларды тәрбие жұмысында қолданудың жолдарын көрсету.
Осы мақсаттан туындайтын міндеттер:
1. Ұлттық ойындардың зерттелу жайын сипаттау;
2. Әлеуметтік құндылығын тәрбиелеуде ұлттық ойындарды пайдаланудың дидактикалық маңызын көрсету;
3. Ұлттық ойын элементтерін тәрбие жұмысында пайдаланудың жолдарын көрсету;
4. Озат мұғалімдер тәжірибесін жинақтау және талдау;

Содержание

Кіріспе ............................................................................................................ 3-4
І. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰНДЫЛЫҒЫН ТӘРБИЕЛЕУДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Педагогика тарихында ұлттық ойындардың зерттелу жайы ......... 5-17
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік құндылығын тәрбиелеуде ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы................................................................................................. 18-25
ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰНДЫЛЫҒЫН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Бастауыш сыныптардың тәрбие жұмысында ұлттық ойын элементтерін пайдалану арқылы әлеуметтік құндылығын дамыту жолдары…........... 26-33
2.2 Эксперименттік жұмыс нәтижелері...................................…............. 34-43
Қорытынды………………………………………………………............... 44-45
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………........... 46

Вложенные файлы: 1 файл

Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды қолданудың педагогикалық негіздері.DOC

— 542.00 Кб (Скачать файл)

Осы нормалары мен ережелері айқын тұжырымдау орындаушылықты міндетті түрде мадақтаумен, ұқыпсыздық пен тәртіпсіздікке тиісті шаралар қолдану, кіші сынып оқушыларының тәртіптіліг мен ұйымшылдығын тәрбиелеудің маңызды шарттары.

Баланың сыныпке келуі және осымен байланысты өмірдегі жаңа бейнелер оның әлеуметтік жағдайын түп тамырымен өзгертеді. Балалардың қабілеттіліктері жөнінде, ең алдымен: олардың қалай оқитындығын, оқу материалынтүсінуі және есте сақтауы, өз білімдерін қолдана алуы, тапсырманы орындаудағы қабілеті, жазу және сөйлеу тілінің қаншалықты дәрежеде екендігі жайлы білгеннен кейін ғана дұрыс шешімге келуге болады. Балалардың қабілеттіліктерінің кейбір көрсеткіштері мына сапалар бола алады: зейінділік, тез және берік есте сақтау, ойлай білу, тапқырлық, ұшқыр қиял, инициативасы, жұмыс үстіндегі дербестігі және оның жақсы нәтижелілігі.

Бала неге бейім және қандай қабілеті бар, ол қалай дамуда екендігін мұғалім білуі керек. Мұнда қорытынды жасауға асықпау қажет. Кейде талантты балалардың өзін қабілетсіз деп таныған ғой. Мысалы, данышпан жазушы Н.В. Гогольді мұғалімдері орыс тіліне қабілетсіз деп есептеген. Кішкене П.И. Чайковскийдің музыкаға ерекше қабілетін байқаған жоқ. Сынып оқушысы Николай Лузинді математикаға қабілетсіз деп есептеді, ал одан кейіннен, математикада бірқатар маңыды жаңалықтар ашқан, ірі ғалым шықты.

Жалқау немесе түрлі себептермен білімінде олқылықтары бар оқушыны қабілетсіз деп есептейтін жағдайлар да кездеседі. Кейбір кезде қабілетті, бірақ жүйелі еңбекке дағдыланбаған, ықылассыз, іске немкетті қарайтын, самарқау жұмыс жасайтын оқушыны да қабілетсіз деп танимыз. Алайда, оның жұмыс істеуіне жасалған кедергілерді жойса, қызықтырса, көңілін сергітсе, уақытында көмек көрсетсе, ол жақсы оқу үшін жеткілікті қабілеттіліктер көрсете бастайды. Ақыл-есі сау балалардың ішінде бастауыш кластың оқу материалдарын қанағаттанарлық дәрежеде игеруге қабілеттері жетпейтіндер жоқ. Әдетте, төменгі класс оқушыларында қабілеттіліктері әр салаға бөлінгендері байқалады. Бірқатар балалар оқу мен жазуға, біреулері – математикаға, енді біреулері сурет салуға (немесе қол еңбегіне) қабілеттірек. Бірқатарлары тез есте сақтайды, бірақ тез ұмытып қалады, ал кейбіреулері баяу есте ұстайды, бірақ ұзақ есінде сақтайды. Мұғалім балалардың осындай жекелеген айырмашылықтарымен есептесуі қажет.

Егер баланың не жалпы, не арнаулы бір нәрсеге қабілеттілігі байқалмаса, ол жайлы ештемеге қыры жоқ адам дегендей қорытындыға келуге болмайды. Еш әнрсеге қабілетсіз адам жоқ. Мұағілм әрбір оқушыны жіті бақылап, оңайлықпен қолға түсе бермейтін, оның қабілеттілігін ашуға тырысуы керек. Сыныпте ІІІ класс оқушысы Әселдің орыс тіліне қабілеті жоқ деп есептеді. Ол сабағын тыңғылықты әзірлемеді, жазу жұмыстарында жиі көптеген қателер болатын. Бірақ бірде Әсел көркемөнерпаздар кешінде өлең және прозалық шығарма оқып, өте жақсы өнер көрсетті. Дәл осы уақытта сыныпта драма үйірмесі ұйымдастырылды. Оның мүшелері едәуір ересек балалар болса да, Әсел оған қатысуға және кештерде өнер көрсетуге рұқсат етілді. Қыздың мәнерлеп оқуға деген үлкен қабілеті бар екендігі, есте тамаша сақтай алатындығы байқалды. Әдебиет пен өнерге қызыққан Әсел орыс тілі грамматикасына деген қатынасын тез өзгертті, бұл пән бойынша тәуір үлгіре бастады, сөйтіп кейіннен педагогикалық училищесіне оқуға түсіп, оны жақсы бітіріп шықты. Сынып пен мұғалімнің міндеті оқушыларды оқыту ғана емес, сондай-ақ олардың қабілеттерін дамыту болып табылады. Қабілеттілікті дамытуда оқу жұмыстарының зор маңызы бар. Дегенмен қабілеттілікті дамытуда оқыту әр түрлі дәрежеде ықпал жасайды, ал қиынсыз әдістер (мысалы, түсінбей жаттап алу) бұл дамытуға кедергі келтіруі мүмкін.

Сыныптерде оқытудың актив әдістері қолданылады, мұнда оқушы есте сақтап қана қоймайды, сондай-ақ көп ойлайды, бұл оның қабілеттерінің дамуына көп көмегін тигізеді. Оқушы мұғалімнің басшылығымен жиі-жиі орыс тілі мен математиканың ережелерін талдауы, оны жасауы, оқығандарын қорытып және айтып беруі, өз бетінше математикалық есептер ойлап, оны шығаруы, әлеуметтік құндылық шығармалар жазуы өте пайдалы. Мұғалім жұмыстың кез келген түрінде баланың творчествосы мен белсенділігн құптап, мадақтап отыруы қажет. Оқушыға қиыншылықтар кездескен жағдайға көмек беруге асықпауы тиіс. Дұрысы оның өзіне ойлануға жағдай туғызып, ал қажет болса, оған жетекші сұрақтар берген жөн.

Қиындықты бірте-бірте көбейте түсудің зор мәні бар. Оқушыға берілген тапсырмалар біраз ақыл-ой жұмсауды талап еткені дұрыс. Сынып оқушысына жекелеп қатынас жасай білу қажет, олардың ерекшеліктерін ескеріп, соған сай тапсырмалар берген жөн. Күшті оқушыларға, сабақта зерігіп кетпес үшін және үйде орындауға жетерліктей, қосымша жұмыстар беру керек. Нашар оқитындарға, шамасы келетіндей талаптар қойып, бала нәтижелі орындай алатындай жеңілдеу тапсырмалар беріп, көбірек көмектесуге тура келеді. Мұнадй оқушыларды жиі мадақтап, жұмыс орындаудағы кішкене жетістіктерін байқау керек, бұл оларда өз күшіне деген сенім туғаызады, оқуға талаптандырады. әлсіз оқушыларға жүйелі түрде көмек көрсетуге ата-аналар мен ересек баларды тартқан жөн Әдетте мұндай шаралардың бәрі көмегін тигізеді, балалар ІІІ класты нәтижелі аяқтап, орта сыныпте қанағаттанарлық дәрежеде оқиды.

Өкінішке орай, жақсы оқуға мүмкіншілігі толық жететін оқушыны, оның кейбір ақыл-ой енжарлығына қарап, қабілетсіз деп есептейтін жағдайлар да ездеседі. Бұл оқуға қызығушылықтың жоқтығынан, ақыл-ой жұмсаудан қашу ниетінен, онда қалыптасқан сенімнен, яғни ілім – баланың қабілеті жетпейтін, өте қиын нәрсе дегеннен келіп пайда болады. Мұндай балаларға қозғау салып, оны белсенділікке бастап, бейімділік көрсеткен нәрселерінен мағлұматтар беріп қызықтыру қажет. Оған қосымша қызықтыратын материал беріп, білім алудың қуанышын бастан кешруге (мысалы, бұрын оған қиын көрінген, есепті дұрыс шығару кезі) жағдай туғызған пайдалы. Бұл сынып оқушысының өз күшіне деген сенімін туғызады, сөйтіп басқалардан қалыспай тәуір оқи алатындығына көзін жеткізеді. Мұғалімнің, ойлы, қабілетті балаларға төнген қауіпті де ұмытуына болмайды. Олар оқуды жеңіл меңгереді, сондықтан да олар еңбектенуге дағдыланбаған және қажетті ықыласы жоқ. Ақыл-ой күшін жұмсаудың болмауы мынандай жағдайға әкелуі мүмкін: мұндай балалардың бірте-бірте қабілеттіліктері жойылады, талантты сынып оқушысынан еңбекке жарамсыз, орта, тіпті нашар жұмыскерлерге де айналып кетеді.

В.А. Сухомлинский: «Егер баланың оқуда бәріне де жеңіл қолы жетсе, онда  біртіндеп адамды аздыратын ой самарқаулығы пайда болады. Ой самарқаулығы бәрінен бұрын төменгі кластарда өріс алады, егер басқа балалардың белгілі бір дәрежеде ақыл-ой жұмсауын қажет ететін жұмысты жеңіл игеретін қабілетті бала бостан-босқа ерігуге айналады. Оқушылардың бостан-босқа құр жүруін болдырмау – белгілі бір тәрбие міндетті»,- деп жазады. Оқушыларды жұмыста тыңғылықтылыққа, дербестікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелей отырып, мұғалім сонысымен оларда еңбекке қабілеттілік деп аталатын маңызды сапаның дамуына көмегін тигізеді.

Талантты оқушылармен қарым-қатынаста сақтық жасау керек: оларды шектен тыс мадақтамау керек, оларды бәрін білемін, басқалардан артықпын дегендей сезімге негізделген көкіректікке тәрбиелемес үшін, бұл балалардың ерекше екендігіне сонша мән беріп айтпау қажет. Талантты бала, әдетте өзінің басқалардан қабілеттірек екенін түсінеді, бірақ сонымен бірге онда жұмысқа деген жоғары жауапкершілік сезімі де болуы тиіс.

Кейбір төменгі класс оқушылары іс-әрекеттің қандай да бір түріне қабілеттілігін көрсетеді. Мысалы, суретке, музыкаға. Бұл қабілеттіліктердің одан әрі жетіле түсуіне көмектесу қажет. Сыныптің алдында тұрған міндет – баланың жан дүниесі мен дене күшін жан-жақты дамыту екенін есте ұстауымыз керек.

      Әлеуметтік құндылық деген не? Адам бойындағы әлеуметтік құндылықтың  деңгейге көтерілуі неге байланысты деген сұрақтар әрбір ұстазды мазалайды. Әлеуметтік құндылық - өте күрделі процесс және ол адамға ғана тән. Әлеуметтік құндылық – адам іс-әрекетінің түрі. Мұндай әрекеттің ерекшелігі, даму деңгейі тек әлеуметтік факторларға ғана емес, табиғи, биологиялық факторларға да байланысты.

Бұл мәселе төңірегінде жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық. Енді бастауыш сыныптарда осы мәселе қалай шешілетінін, өрбитінін қарастырайық.

Балалар психологиясында әрбір жас кезеңдерінде психикалық даму ерекше орын алады. Жас ерекшеліктеріне орай таным әрекеттерінің біршама жедел дамуының негізгі жолдарын ашу, олармен оқу, тәлім-тәрбиелік жұмыс жүргізудің көкейкесті мәселесі.

Бала психикасының дамуындағы нәтижелі кезеңді ескере отырып, жеке даралық өзгешеліктердің жан-жақты дамуына түрткі – оқу-іс әрекетін тиімді ұйымдастыру. Бала психикасының дамуына оқытудың әсері ерекше екенін Ж.Пиаже, Д.В.Эльконин, А.В.Запорожец, М.И.Лисина, А.А.Венгер, В.В.Давыдов, Н.Н.Поддьяков, А.А.Любленская, Л.И.Божович, Ж.Аймауытов, М.М.Мұқанов еңбектерінен көруге болады. Ж.Аймауытов өзінің педагогикалық еңбектерінде «білімдендіру көбінесе, екі мақсұт көздейді – білім көбейту, яғни затты мақсұт, ақыл күшейту, яғни қалыпты мақсұт» - деп көрсетеді. Мұндағы көзқарас – оқу баланың білімін көбейтеді, ақылын күшейтеді, тәжірибені молайтады (1).

Р.С.Немов бастауыш сынып оқушыларының оқу материалдарын меңгеру мүмкіншіліктері мен ақыл-ой қабілеті өте жоғарылығы оқытуды дұрыс ұйымдастырған жағдайда кәдімгі сыныпте беретін әдеттегі білімнен әлдеқайда жоғары нәрселерді қабылдап, меңгере алатындығын, сондай-ақ бастауыш сынып кезеңінде оқыту баланың барлық психикалық үрдістерінің едәуір жаңа өзгеріс – жетістікке жететіндігін түсіндіреді. Бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуының жедел жүруіне бірден-бір себеп – оқу үрдісі екенін жоғарыда атап өттік. Сыныптегі оқыту – жас бүлдіршіндерді өз елінің ұлы азаматы, жан-жақты білімді жеке адам етіп тәрбиелеуді көздейді. Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартына көрсетілгендей (17) бастауыш сатыдағы білім берудің приоритетті мақсаты – оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым-қатынасқа дайындау. Оқушының жалпы және психикалық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін, оның психологиялық ерекшеліктері дәл ескеріліп отырылуы қажет.

Балдырған сынып қабырғасын аттасымен-ақ оқу үрдісінде балалардың бұрын қалыптасқан барлық таным әрекеттері, санасы қайта жаңа өзгерістерге ұшырайды.

Р.С.Немов, егер баланы оқытудың бағдарламасына сәйкес дұрыс оқытса, дұрыс меңгеруге үйретсе, кәдімгі баланың өзі де барлық нәрсеге қабілетті бола алатындығын айтады [24].

Әлеуметтік құндылық  қабілетті  дамытудың психологиялық,  педагогикалық  ережелерін  басшылыққа  алып  қарастырғанда  мұғалімнің  дидактикалық  дайындығына  мына  компоненттер  кіруі  керек:        

  • педогогикалық  қызметті  толық  берілуі, оны  дұрыс  атқаруы;
  • ақыл – ой  әрекетін  кезеңмен  қалыптастыру  теориясын  білу;
  • бала  психологиясының  жасқа  байланысты  ерекшеліктерін  білу;
  • Әлеуметтік құндылық  процестің  негізін  меңгере  білу;

     Психологтардың  зерттеуі  бойынша  әрбір  жас  кезеңінде  әлеуметтік құндылыққа  баулуға  өзек  болардай  өзіндік  ерекше  қабілет, бейімділік  бар  екен.

     Қабілеттілік – оқушының  жеке  психологиялық  ерекшелігі. Ол  жалаң   білім  мен  дағды  емес, соны  тез  игеру  жолындағы  табандылығы. Ол  адам  бойындағы  жақсы  қасиеттер, яғни  олардың   жиынтығы.Өзбек  ғұламасы  Әлішер  Науаи  өзінің  «Ғажайып  мәжілістер» атты  еңбегінде адам  тек  рухани  қабілеттіліктен  туады. Оның  негізі  еңбек  деп  тұжырымдады.

    Көптеген  психологтар  оқушылардың  жасы  өскен  сайын  нерв  жүйесінің  мүмкіндіктері  кеңейіп, қалыптасып отыратындығын, бірақ  оқушының  дамуы  үшін ең  қажетті, құнды  қасиеттерінің  біртіндеп  жоғалып отыратындығымен түсіндіре  келе, бала  қабілетінің  дамуы  үшін  ең  қымбатты  кезеңді  ,тиімді  пайдаланып  қалуға  асығу  керектігін  ескертеді. Бастауыш  сынып  оқушыларының  жас  ерекшеліктеріне  сай  қабілет  олардың  белгілі  бір  іс-әрекетке  бейімділігі  арқылы  көрінеді.

   Балалық  кезде  ерекше  көзге  түсетін  бейімділіктің  келешектегі  олардың  қабілетінің  көрсеткіші  екенін  ескеріп,  оқушының  бейімділігін  дер  кезінде  көре  біліп,  соған  сәйкес  келетін  қабілеттерді  дамыту  біздің  міндетті  борышымыз  екенін  ұмытпауымыз  керек.

        Бастауыш  сынып  оқушыларының  қабілеттерін  дамыту  жөнінде  И.П.Волковтың  айтқан  пікірі  өте  құнды. Оқушының  әлеуметтік құндылық  қабілеттері олардың өз  бетімен  меңгерген    білімдерін,  іскерліктерін,  дағдыларын  пайдалана  отырып  өзіне  бұрыннан  белгілі  жаңадан  бір   нәтиже  алуы. Баланың  жаңа  нәтижеге  қол  жеткізуі жалпы  білімдерімен  қатар  олардың  осы  нәтиже  алу  жолында  пайдаланылатын  әдіс-тәсілдердің  тиімдісін  таңдай алуына, тапқырлықтарына  және  жеке психологиялық  қабілеттеріне  байланысты.Психологтардың  зерттеулеріне  қарағанда,  әлеуметтік құндылық  іс-әрекеттің  қалыптасуы  өздігінен  тұйыққа  тірелген  процесс  емес. Ол  тек  әлеуметтік  орта  қоршауымен,  адамның  өзіндік  қызмет  сипатымен  ғана  емес,  жеке  тұлғаның  кәсіби  іс- әрекеті,  танымдық  қажеттілігін  оятуға  ынталандыратын оқу  және  тәрбие  үрдісі, сондай-ақ  өзінің  жеке  басының  белсенділігімен  үндесе  жүргізілетін  күрделі  үрдіс.Бұл  мәселе  белгілі  бір  танымдық  іс-әрекетке  оларды  бағыттайтын,  тәрбиелейтін,  жұмылдыратын,  ынталандыратын  адамдардың  әсеріне  де  тікелей  байланысты.  Сонымен  қатар  шәкірттің  танымдық  іс-әрекетте  ілгері  қарай  басуына  себепкер  болатын  негізгі  күш – түрлі  қайшылықтар. Бала  білмеуден  білуге  қадам  басқанда  әртүрлі  қайшылықтар мен  қиындықтарға  кездеседі,  оларды  шешу,  жеңу  нәтижесінде  оқу  міндеттері  жүзеге  асады.  Оқу  үрдісіндегі  ең  негізгі  қайшылықтармен  оқушының  мүмкіндіктерінің  (білімі, дағдысы, дамуының  қазіргі  деңгейі) арасындағы  қайшылық.  Бұдан  тағы да  оқушының  білімі  мен  біліктілігі  арасындағы  және  әлеуметтік құндылық  ойлауы мен  репродуктивті  ойлау  арасындағы т.б.  қайшылықтар  жатады.  Осындай  қайшылықтарды  шешу  оқушының  саналы  түрде  көп  күш-жігер  жұмсауын  керек  етеді.

        Оқытушы  шәкірттің  білім,  білік  деңгейлерін  анықтап,  олармен  жеке  дара  жұмыстар  жүйесін  пайдалануы  керек.

        Жүйелі,  дұрыс  ұйымдастырылған  Әлеуметтік құндылық  әрекет  түрлері  нәтижесінде  шәкірттің  білімі,  біліктілігі  кеңейіп,  Әлеуметтік құндылық  ізденімпаздығы  қалыптасады.

       Оқушының  жұмысты әлеуметтік құндылықпен  ойлауы,  оны  ұйымдастыра  білуі,  танымдық  іс-әрекет  түрлерін  таңдап,  оны  жоспарлай  білуі,  ізденімпаздығын  арттыру  маңызды  жұмыс. Оқушылардың  Әлеуметтік құндылық  іс-әрекеттерді  жоспарлау  және  іске  асыру  біліктерінің  қалыптасуына  оқу-танымдақ  тапсырмаларды  әлеуметтік құндылық  тұрғыда  шешудің  маңызы  зор.

Информация о работе Бастауыш оқыту үдерісінде ұлттық ойындарды қолдану