Бастауыш оқыту үдерісінде ұлттық ойындарды қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2015 в 12:54, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік құндылығын тәрбиелеуде ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың маңызы және оларды тәрбие жұмысында қолданудың жолдарын көрсету.
Осы мақсаттан туындайтын міндеттер:
1. Ұлттық ойындардың зерттелу жайын сипаттау;
2. Әлеуметтік құндылығын тәрбиелеуде ұлттық ойындарды пайдаланудың дидактикалық маңызын көрсету;
3. Ұлттық ойын элементтерін тәрбие жұмысында пайдаланудың жолдарын көрсету;
4. Озат мұғалімдер тәжірибесін жинақтау және талдау;

Содержание

Кіріспе ............................................................................................................ 3-4
І. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰНДЫЛЫҒЫН ТӘРБИЕЛЕУДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Педагогика тарихында ұлттық ойындардың зерттелу жайы ......... 5-17
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік құндылығын тәрбиелеуде ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы................................................................................................. 18-25
ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰНДЫЛЫҒЫН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Бастауыш сыныптардың тәрбие жұмысында ұлттық ойын элементтерін пайдалану арқылы әлеуметтік құндылығын дамыту жолдары…........... 26-33
2.2 Эксперименттік жұмыс нәтижелері...................................…............. 34-43
Қорытынды………………………………………………………............... 44-45
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………........... 46

Вложенные файлы: 1 файл

Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды қолданудың педагогикалық негіздері.DOC

— 542.00 Кб (Скачать файл)

Өлең құрастыру тапсырмасы оқулықтағы жыл мезгілдері, сол сияқты ана, Е.Сағындықов Қазақтың ұлттық ойындары Алматы: Рауан, 1991 жыл, 14-бет. ата туралы, Отан, туған жер т.б. туралы топталған шығармалардан кейін беріліп отырылады. Бұл жұмысты мұғалім түрліше ұйымдастырып, басқаруына болады. «Орамал тастамақ» ойын арқылы тақырыпқа сай дайын ұйқастар ұсынылады.

Көктем тақырыбына берілген «көктем – төккен», «жетіпті - кетіпті», «тыраулар – жер арнап» деген ұйқастар бойынша оқушылар мынандай өлең жолдарын орамалды бірінен екіншісіне тастап, кезекпен құрастырады. Бірінші оқушы «Армысың, көктем», - деп, орамалды келесі оқушыға тастайды. Екінші оқушы «Күн нұрын төккен», - деп орамалды үшінші оқушыға тастайды. Тапсырмада берілген ұйқас сөздер таусылғанша балалар ойынды жалғастыра береді. Кімде – кім ойын шартын орындай алмаса, қарызын өлең оқу, жұмбақ жасыру, жаңылтпаш айту арқылы өтейді. «Орамал тастамақ» ойын арқылы ұйқас бойынша өлең жолдарын құрастыруға балалар құлшына кіріседі. Бұл жұмыс өлең шумақтарын, одан әрі тұтас өлең құрастыруға ұласады.

Мұның өзі оқушылардың өлең, оның құрылысы, қара сөзден айырмашылығы туралы білімдерін нығайтып, поэзия әлеміне құштарлық сезімін туғызады. Оқушылардың сөздік қорын молайтып сөзді еркін, өз мағынасында қолдануды ұлттық ойындар бірден – бір таптырмайтын құрал.

Ізденуден жалықпайтын, жаңашылдар ізімен жүріп келе жатқан Ш.Уалиханов атындағы № 12 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Алыпкенова Алтынай Раулқызы былай дейді: «Балалардың таным қабілетін жетілдіріп, логикалық ой - өрісін кеңейтіп, оқу-тәрбие ісіне ынтасын арттыруда ұлттық ойын элементтерін ұжымда пайдаланудың маңызы зор. Сондықтан да өзім оқу-тәрбие ісінде ұлттық ойынды кең қолданамын. Ойын түрлерін сабақ мазмұнына қарай белгілі бір мақсатта таңдап аламын».

Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырудың маңызды құралы.

Ұлттық ойындар – бастауыш мектеп балаларының негізгі іс–әрекеті, оқудың маңызды құрамды бөлігі, дидактикалық ойынның бір түрі.

Ұлттық ойын – оқушылардың оқу әрекетін жандандырады, еңбекте дербестік пен инициативаны, жолдастық пен өзара көмекті дамытуға жол ашады. Ұлттық ойынның ең басты ерекшеліктерінің бірі балалардың білімді игеруде ақыл ой қызметін дамыта отырып, өзара қарым - қатынас жасауға жеткен жетістіктерінің дәрежесінің көрсеткіші. Екіншіден, оның ұжымдық сипатта болатындығы. Ұлттық ойын көп жақты, қиын педагогикалық құбылыс.

Ұлттық ойынның негізгі мақсаты оқу-тәрбие барысында баланы қызықтыра отырып, білімдік, тәрбиелік мақсаттарына жеткізеді.

Ұлттық ойын – тәрбие құралы, ақыл-ойды кеңейтіп, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, сезімдерін күшейтеді.

Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін оқу процесінде үздіксіз дамыту, сабақ барысында алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың орны ерекше. «Ана тілі» оқу-тәрбие ісінде рында ойын элементтерін пайдалану мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың тиянақты меңгеруіне көмегін тигізеді. Ойын оқушыларды сергітіп, тапсырманы тез, әрі ынтамен орындауға, өз беттерімен жұмыс істей білуге үйретеді.

Қай баланың болмасын мінез-құлқы ойын үстінде қалыптасады. Яғни ойынды ойнаған кезде біреуі әділ ойнайды, екінші бірін алдайды, үшіншісінің шамасы келмейді, келесісі қарсылық көрсете алмайды. Сондықтан, бастауыш мектеп мұғалімдері ұлттық ойындарды қолдануды тәрбие құралының негізі ретінде пайдалану керек.

Бастауыш мектептердің оқу-тәрбие ісінде рында бағдарлама бойынша материалдарды өткен кезде оқушылардың ой-өрісі, ойлау қабілетін жетілдіру, мұғаліммен қарым-қатынасын нығайту, тілін дамыту, дене жағынан даму процестері баса ескеріледі. Демек, сабақтың мақсатына қарай арнайы іріктеліп алынған ұлттық ойын элементтерін оқушылар белсене қатысып, орындай алатындай болу керек. Ойынға оқушылар белсене қатыспаса немесе дұрыс орындамаса, ойынды тоқтатпай-ақ, сол оқушыға ғана ескерту жасап, орындауын, қалай ойнайтынын өзіне ғана көрсетіп беруге болады. Тіпті олай болмаған күнде, бала ойынды дұрыс орындап, ойнап жатқан құрбысына көңіл аударуына болады.

Жалпы оқу-тәрбие ісінде қолданылатын ұлттық ойындардан оқушыларға төмендегідей қасиеттер қалыптасады

  1. Оқушылардың қызығушылығын арттыра түседі.
  2. Оқу-тәрбие ісінде көп жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
  3. Балаларды достастырады, қарым-қатынасы нығаяды.
  4. Бір-біріне ынтымақ көмек көрсетуге баулиды.
  5. Ой-өрісі кеңіп, жылдамдыққа үйренеді.
  6. Оқушылар өз ойын, пікір талабын ортаға сала біледі.

  
ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰНДЫЛЫҒЫН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ  АРҚЫЛЫ  ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

 

2.1    Бастауыш сыныптардың  тәрбие жұмысында ұлттық ойын  элементтерін       пайдалану  арқылы әлеуметтік құндылығын  дамыту жолдары

 

Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламасында «білім берудің мақсат приоритеті түбегейлі өзгеруі керек бірінші кезекте, бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылады1» - делінген.

Бұл мақсат білім мен тәрбие мазмұнына ықпал етіп, оны жанартудың басты бағыттарын айқындайды, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастырудың жолдарын қарастырады.

Сабақтың тартымды да, қызықты өтіп, оқушылардың оқу еңбегіне ынтасын арттыруда дидактикалық ойындардың алатын орны ерекше.

Ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан халқымыздың ұлттық мұрасының озық мәдениетін, ізгі әдет-ғұрып, салт-санасын жастардың бойына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.

Ал оқушыларды жан–жақты қабілетті азамат етіп өсіруде ұлттық ойындардың тәлім–тәрбиелік, білімдік, танымдық ролі орасан зор.

Бастауыш мектеп тәрбие жұмысында ұлттық ойын элементтерін тиімді қолдану оқушылардың оқу материалын түсінуіне, сол пәнге қызығуына, ұлттық сезімнің оянуына, сөйлеу тілінің жетілуіне, сөздік қорының болуына мол мүмкіндік береді.

Тәрбие жұмысында ұлттық элементтері бар дидактикалық ойындарды қолдану мынадай негізгі шарттарға жүгінеді:

  • ойын оқушылардың алдына тапсырма ретінде қойылады;
  • оқушылардың оқу әрекеті ойын ережесіне бағынады;
  • оқу материалы ойын құралы ретінде қолданылады;
  • оқу әрекетіне ойын жұмыс элементтері ретінде кіреді;
  • ойын нәтижесі бірден шығарылып отырылады.

Тәрбие жұмысында ұлттық элементтері бар дидактикалық ойындарды қолдану үшін мұғалім мына мәселелерді ескеруі керек.

Ойынның мақсаты: Оқушылар оқу-тәрбие ісінде қандай іскерлік пен дағдыны игереді, ойынның қандай тәрбиелік мақсаты көзделеді?

  1. Ойынға қатысушылар саны.
  2. Ойында қолданылатын материалдар.
  3. Уақытты үнемдей отырып, ойын шартын қалай түсіндіруге болады?
  4. Ойын қанша уақытқа созылады? Бұл ойын әсерлі, қызықты бола ма?
  5. Оқушылардың ойынға қатысу белсенділігін қалай бақылауға болады?
  6. Ойын бұрын оқу-тәрбие ісінде қолданылған ба? Қандай жағдайда қолданылған?
  7. Ойын қорытындысын хабарлау.

Тәрбие жұмысында орынды қолданылған ұлттық ойын элементтері оқушылардың ынтасын арттырып, білім дағдыларын игеріп, іскерліктерін шыңдауға өз септігін тигізеді. Ойын барысында қолданылатын дидактикалық материалдар оқулық мазмұнымен үндес болып, оқушыларға ыңғайлы, түсінікті болса, ойын жақсы нәтиже береді.

Ойын тәртібі: а) жұмбақтардың шешулері жазылған қима қағаздар немесе суреттер ойынға қатысушы оқушыларға үлестіріліп беріледі. Әрбір оқушы өз қолындағы жұмбақтарды ойлап тауып, оның тұсына қояды.

Мұғалім ойнаушы оқушылардың жұмыстарын тексеріп шығады. Қолындағы жұмбақтарын түгелдей дұрыс тапқан оқушы ұтқан болып саналады.

ә) ойынға қатысушы оқушылар екі топқа бөлінеді. Тақтаға мұғалім жұмбақтар жазылған қима қағазды іледі. Сонымен қатар жұмбақтардың шешулері (суретті немесе жеке сөз қима қағаздар) салынған қалтада тақтаға ілініп қойылады. Оқушылар жұмбақтарды қима қағаздағы ретіне қарай біртіндеп шешеді. Оқушы жұмбақтың шешуін айтып, соның суретін не сөз қима қағазын қалта ішінен алып, жұмбақ сызығына орналастырады. Суреттің атын немесе қима қағаздағы сөзді тақтаға жазады. Сонымен қатар жұмбақ шешуінің не себепті олай екенін айтып береді. Басқа жұмбақтар да осы ретпен шешіледі.

Қима қағаздағы жұмбақтарды дұрыс шешіп, жұмбақ мәнін орынды түсіндірген оқушылар ойында ұтады.

б) Бұл ойында, керісінше, шешулері бойынша жұмбақтарды айту көзделеді. Мұғалім оқушыларға жазылған қима қағазды немесе суретін біртіндеп көрсетеді . Оқушылар оған сай жұмбақты жатқа айтып беруі тиіс. Шешуі бойынша жұмбақты көп әрі дұрыс айтқан оқушы ұтады.

«Адам болам десеңіз» тарауын қайталау кезінде М.Әуезовтың «Көксерегі» мен Ш.Мұртазаның «Бөртесін» көркем сөзбен сипаттап, жұмбақтауға болады.

Мысалы: «Зіңгіттей көк шолақ, тамаққа өлгенше ашқарақ, жота жүні үрпиіп, көздері жалындап тұратын» және «Ай сияқты айналма мүйізі, делдиген танауы бар, басы кекшиіп, тұяқтарымен жерді тарс-тарс тарпиды».

Мұғалім жұмбақталған нәрселердің ішкі-сыртқы сапа, белгілеріне оқушылардың назарын аударта отырып, сипаттама иесін таптыртады, яғни мұның қайсысы бөрте, қайсысы көксерек екенін ажыратады. Осындай ойын арқылы мәтіннен бейнелі сипаттамаларды айыра білуге оқушылар төселеді.  «Асыл мұра» тұрмыс-салт жырларынан «Бөбектің тілегі», «Шопан атаға», «Сиыр», «Торпағым», «Түйе», т.б. шығармалар берілген. Бекіту, қорытынды оқу-тәрбие ісінде «Қалай айтуды білемін», «Жануарлар қалай үндейді» ұлттық ойындарын ойнатуға болады.

Жүргізуші «Жануарлар қалай үндейді»  атты ұлттық ойын ойнайтындығын, ойынның жүргізілу шартын хабарлайды. Мұғалім жануарлардың жеке суретін көрсетеді, оқушылар олардың қалай дыбыстайтынын айтады. Мысалы:

Жылқы - кісінейді,шұрқырайды,оқырынады, арқырайды.

Сиыр - мөңірейді, өкіреді, азынайды.

Қой-ешкі - маңырайды, мекіренеді.

Түйе - боздайды.

Қаз - қаңқылдайды, шаңқылдайды.

Бұлбұл - сайрайды.

Жылан - ысылдайды, суылдайды.

Аю - ақырады, өкіреді.

Қасқыр - ұлиды, ырылдайды.

Түлкі - ырсылдайды, шәңкілдейді.

Шыбын - ызыңдайды.

Бөгелек - ызылдайды.

Құндыз - сыңсиды.

Суыр - шулайды т.б.

Ойынды керісінше ұйымдастыруға болады. Мұғалім бұл жануарлардың дыбыстауын айтса, бұл дыбыстаудың қай жануарға тән екенін оқушы шешеді. Мысалы: 

-Не бақылдайды? - Бақа.

-Не шыңғырады?  - Шошқа.

-Не шықылықтайды? - Сауысқан.

-Не шиқылдайды? - Тышқан.

-Не барқылдайды, қаңқылдайды? - Үйрек.

-Не күркілдейді, бұрқанады? - Жолбарыс.

«Қалай айтуды білемін» - үй жануарларының, аңдар мен құстардың жүріс-тұрысын, дауысын дұрыс сипаттап, тілімізді дұрыс айтуға дағдыландыратын аса қызықты ұлттық ойындардың бірі. Бұл ойында шаруашылықта, күнделікті тұрмыстіршілікте маңызы зор мәліметтер кем қамтылады, ол төмендегіше жүргізіледі.

Мұғалім ойынды былай бастайды:

Ұқыпты - ұтар,

Ізденген - табар,

Оқыған - озар,

Еріншек - тозар.

Осылай деп мұқият тыңдап отыруды тапсырған соң, ойын жүргізуші енді: «Не қалай дыбыстай біледі?» - деп сұрақ қояды да, оған өзі былай жауап береді:

Әтеш - шақырады,

Есек - ақырады.

Күзен - шақылдайды,

Бақа - бақылдайды.

Торғай - шырылдайды,

Бөдене - бытпылдайды.

Қаз - қаңқылдайды,

Бүркіт - шаңқылдайды.

Қарға - қарқылдайды,

Сұңқар - сыңқылдайды.

Қой - маңырайды,

Қозы - жамырайды.

Қасқыр - ырылдайды,

Борсық - қырылдайды.

Жылқы - кісінейді,

Сиыр - мөңірейді.

Тырна - тыраулайды,

Мысық - мияулайды.

Жылан - ысылдайды,

Ит - арсылдайды.

Торай - қорсылдайды,

Аққу - сұңқылдайды.

Тышқан - шиқылдайды,

Түйе - боздайды,

Сандуғаш - сайрайды.

Барлыығы айтылып болған соң, ойынды жүргізуші бір оқушыдан:

- Әтеш қалай дыбыстайды? -  деп  сұрайды.

- Әтеш «ку-ка-ре-ку-у...» деп шақырады, - деп жауап береді ойыншы.

Мұнан кейін келесі отырған ойыншыдан:

- Есек ше? - деп сұрайды.

- Есек «ба-а-аһ» деп ақырады, - дейді кезегі келген ойыншы.

Ойын осылай жалғаса береді. Дұрыс айта алмаған ойыншы өлең не тақпақ айтып айыбынан құтылады.

Сұрақ біткеннен кейін жүргізуші ойынның келесі бөлімдеріне ауысады:

- Кәнеки, балалар, малды қалай шақырады, білесіңдер ме, енді соның үніне  салайық! - дейді. Сөйтіп жүргізушінің өзі:

Информация о работе Бастауыш оқыту үдерісінде ұлттық ойындарды қолдану