Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Января 2014 в 20:24, курсовая работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі басты міндеттердің бірі – жеке тұлғаны қазіргі өмірге тез бейімделіп кетуіне көмектесетін біліммен, икемділікпен қамтамасыз ету, өз ана тілінде дұрыс, таза сөйлеуге машықтандыру. Соның бірі – қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға қабілетті, өзіндік пікірін тиянақты, анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Яғни білім мазмұнын байыту, жан-жақты дамыған, рухани бай, өз ойын ашық айта білетін, сөйлеу мәдениеті жетілген тұлға тәрбиелеу өз шешімін қажет ететін, кезек күттірмей, іс жүзіне асыратын мәселе болып отыр.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1. Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың теориялық негіздері
1.1. Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытуды педагогикалық тұрғыдан негіздеу.......................8
1.2. Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың мүмкіндіктері....................................................20
2 Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың жолдары
2.1 Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың әдістемесі….................................…..................38
2.2 Эксперименттік жұмыстың нәтижесі............................................................61
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................80
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................82
Әдеби шығармалар тыңдату, әңгімелеу
кезінде өздеріне ұнаған көркем, бейнелі
сөздерді тауып айтуға (тәрбиешінің
басқаруымен) жаттықтырылады. Ол сөздерді
әңгімелесу кезінде қолдана білуге
үйретіледі. Мысалы: «әдемі айна көл»,
«ботаның көзіндей», «ақ сақалды
денелі», «түтілген түбіттей», «мамықтай»,
«садақтай мойны иілген»
Ана тілінің барлық дыбыстарын дұрыс айта білу машықтарын тиянақтау: р-л, б-в, п-ф, ж-з,с-з,ш-щ-ч дыбыстарының айтылу ерекшелігін байқап, бір-бірінен ажыратып, айта білуге үйрету, үн ырғағын, дауыс әуенін реттей білуге баулу; фонетикалық естуін жетілдіріледі.
Әңгімелеу кездерінде жалаң,
жайылма сөйлемдерді қолдана
білуге үйрету, сөздік қорындағы жиі
қолданылатын сөздерді әр түрлі грамматикалық
формада (септеп, жіктеп, жекеше, көпше)
түрлендіріп айта білуін жетілдіру,
сөйлеу кезінде грамматикалық
Түрлі мамандыққа, жұмыс түрлеріне қатысты сөздерді (құрылысшы, мұғалім) айта білу, жаңа сөздердің мәнісін өздігінен түсіне білу дағдысын дамытылады.
Тілімізде жаңа орныға бастаған – Елтаңба, көгілдір түсті ел туы, Әнұран, ұшақ т.б. сөздерді түсіндіру, дұрыс айтуға үйрету; жалпы ұғым беретін қала: қала, ауыл, мал, үй, киім, ыдыс, адам, ағаш, өзен, көл, жеміс-жидек, көкөніс т.б. сөздерді қалай түсінгендерін анықтап, қайталап отыру, сөздік қорындағы сөздерді әр түрлі грамматикалық формада (септеп, жіктеп, тәуелдеп, жекеше, көпше түрде) қолдана білуге үйретуді әрі қарай тереңдете жалғастыру; дербес логикалық жаттығулар орындату іске асады.
Ауызша сөйлескен кезде сөзді дұрыс, анық, таза, мәнерлі айтуға үйрету. Өнер шеберлерінің үнтаспаға жазылған сөздері, кешкі ертегі сияқты хабарларды тыңдату. Әдеби үйірмелер ұйымдастыру арқылы балалардың дара қабілеттілігін жетілдіру. Өз беттерімен әрекет жасай білуге, шығармашылыққа үйрету.
Қазақ тіліне тән, түбір сөз тудыратын жұрнақтарды (шы, ші) қолдана білуге, сөз тудыру тәсілдеріне үйрету. Тірек сөздер беріп, сөйлем құрату. Түбір сөзден сөз тудыру үшін ойын-жаттығулар орындату (қой, шөп, мал, комбайн т.б.).
Айтылуы киын дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету. Дауыс, үн ырғағын келістіре, мәнерлі сөйлеге төселдіріп отыру.
Байланыстырып сөйлеуін дамыту.
Оқылған ертегі, әңгімелерді, сюжетті
суреттер мазмұнын өздігінен әңгімелей
білуге, көрген кинолары, естіген-білгені
туралы басқалардың көмегінсіз әңгімелеп
беру. Тәрбиеші нұсқаған немесе өз қалаған
тақырыпта әңгіме құрап айту. Әңгімелегенде
оқуға кейіпкерлерінің көңіл-
Баланы ана тілінде дұрыс сөйлеуге үйрету арқылы олардың бойында тілдік мәдениетті қалыптастыруда суретке қарап әңгіме құрастыру, өлеңді дауыс ырғағына келтіріп жаттап алу, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал- мәтелдердің маңызы зор.
Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың ерекшеліктері
Сонымен, жоғарыдағы сипаттамалардан мектепке дейінгі даярлық топ балаларының анатомиялық-физиологиялық, танымдық процестерінің өзіндік даму ерекшеліктері мен тұлғаның жеке даму қасиеттері бар екенін байқадық. Мектепке дейінгі даярлық топ балаларының халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытуда осы ерекшеліктерді басшылыққа аламыз.
Эксперимент жұмысы Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы 2534 әскери бөлімінің балабақшасында өткізілді.
Халық ауыз әдебиеті арқылы мектепке дейінгі топтарда баланың сөйлеуін дамытуда төмендегідей сапалары қалыптасты.
Эксперимент барысында қол жеткен нәтижелердің оңды болуы мектепке дейінгі даярлық топ тәрбиешілірінің өз істеріне тиянақты, жауапкершілікпен қарауында болды.
Қалыптастыру
экспериментін ұйымдастыру
Жүргізілген қалыптастыру экспериментінің нәтижесінде тіл дамыту сабағында өтілетін ол материалдарды түстен кейін жалғастыруға ынта білдіріп, белсенділік танытты.
Көркем
шығарма кейіпкерлерін
Педагогикалық
экспериментті ұйымдастыруға
Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың алғашқы кезеңдері көрінісі зерттеудің 2.1 бөлімінде жан – жақты сипатталады.
Эксперимент барысында болған өзгерістер қалай тексеріліп отырғанын кезеңдер бойынша көрсетейік.
Алғашқы кезеңде мектепке дейінгі даярлық топтарының халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығының бастапқы көрінісі бойынша кесінді алынды.
Бізге қажетті салаға жан – жақты баға беру мақсатында оқушыларды әртүрлі оқу жағдайына қоя алатын диогностикалық тапсырмалардың арнайы кешені айқындалды.
Мысалы, балаларға алдын – ала даярланған тапсырмаларды орындау туралы ұсыныс берілді.
Оны Кесте 1 – ден көруге болады.
Кесте 1 - Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытуға даярланған тапсырмалар
№ п/п |
Тапсырмалар |
Тексеріс түрлері |
1. |
Қазақ халық фольклоры жанрларын атап шығу |
жарыс |
2. |
Қазақ балалар ертегісін әңгімелеп өзгерту |
жарыс |
3. |
Сұлулықты дәріптейтін мақал – мәтелдерді атап шығу |
олимпиада |
4 |
Ойын фольклоры жанрларын атап шығу |
олимпиада |
5 |
Күлдіргі фольклор жанрларын атап шығу |
олимпиада |
6 |
Тұрмыстық фольклор бойынша білетін жанрларын әңгімелеп беру |
жарыс |
7 |
Ананың әлпештеу – мәпелеу әндерін орындау |
концерт |
8. |
Қазақ балалар фольклоры бойынша ребус, кроссворд шешу |
жарыс |
9 |
Қазақ ертегілерінен, эпос – жырлардан алған әсерін суретке түсіру |
Жарыс немесе көрме |
Қалыптастыру экспериментінің екінші кезеңінде мектепке дейінгі даярлық топ балаларының меңгерген білімі, ертегіні эмоциялық әсермен қабылдау қабілеті сұрақ –жауап, кроссворд шешу, т.б. әдіс-әдістемелер арқылы тексерілді. Мысалы, балалардың «Ақсақ құлан» аңыз – ертегісі негізінде түсірілген «Ақсақ құлан» мультфильмінен алған әсері анықталды.
Мақсаты: Оқушылардың мультфильмдегі «Ақсақ құлан» күйін тыңдау барысындағы сезімін сөзбен жеткізе білу іскерлігін анықтау.
Жұмыс барысы: алдымен күйді тыңдады, содан соң күйден алған әсерін, одан қандай «бейне көргендерін» сөзбен сипаттап беруге талпынады. Сөзердің тізімі кейбір топтарда тақтаға жазылды, кейбіріне экран арқылы көрсетілді.
Зерттеу барысында жаңылтпаш жанрына жататын туындыларды тақырыптық-идеялық жағынан топтастырып, басты-басты тақырыптары (табиғат, өнер-білім, еңбек, жан-жануарлар, т.б. тақырыптарды) анықталды. Балалар жаңылтпашты ұнатады, ондағы айтылатын қызықты жайларға сүйсінеді, күледі, одан өз ойының деңгейіне қарай қорытынды шығарады. Бала тілінде кездесетін кейбір кемшіліктердің кейде күлкілі жағдайға апаратындығын түсінген балалар олардан аулақ болуға талпынады.
Халықтық
жаңылтпаштардың көбі ерте заманда
жазылғандықтан да, олардан сол кездегі
қоғамдық талаптар көрініс береді.
Ал бүгінгі ХХІ ғасырда қоғам
өмірінің алуан ағысына орай тарихи-әлеуметтік,
мемлекеттік – саяси, экономикалық,
т.б. салаларда түрліше өзгерістер
болып жатқанымен, тәрбие талаптары
негізінен өзгере қойған жоқ. Сондықтан
жаңылтпаштың тіл ұстартудағы тәрбиелік
мәні әсте кемімегендігі белгілі. Жаңылтпаш
арқылы балалардың жаңылтпашты жаттау
кезіндегі талпыныстары, психологиясы,
танымы мен қиял ұшқырлығы әсерлі
көрінеді. Балаға жаңылтпаш айтқыза
отырып, оқытуға, ойлантуға болады.
Оның тәлім-тәрбиеге, тағылымдық өнегеге
баулитын ғибраттық үлгілері балаларды
оқуға, санауға үйретуде аса пайдалы
болатындығы анық. Жаңылтпаштан халықтық
рух пен діл, ұлттық мінез бен
салт-дәстүр, халықтың өзіне тән
болмысы мен таным көкжиектері
көрініс табады. Сондықтан жаңылтпашты
халықтық және авторлық деп атауға
негіз бар. Жаңылтпаштың өміршеңдігі
оның халықтық айдынынан нәр алып,
сан ғасырлар сынынан өтіп, бүгінгі
күнге дейін жалғасып келе жатқан
қазақ ауыз әдебиетінің құнарлы
топырағында гүлденуінде жатыр.
Зерттеу еңбегімізде біз
Сонымен,
зерттеу барысында қазақ
Сан ғасырлық
тарихы тереңге кеткен жаңылтпаш
жанрының ғылыми негізде қалыптасып,
жүйеге түсуінен бермен қарайғы дерек
көзінің құндылығы сол
Фольклор қай халықтың болсын көне замандағы рухани мұраларының бірінен саналады. Сондықтан да белгілі бір халықтың ауыз әдебиеті сол халықтың тарихынан, мәдениетінен мағлұмат береді.
Қазақ ауыз
әдебиетінің бір саласы – жаңылтпаштар
да ауыз әдебиетінің өзіндік
Фольклордың басқа жанрлары сияқты жаңылтпаштар да көп нұсқалы болады. Осының өзі де бізге жеткен жаңылтпаштардың жалпы халықтығын және оны өңдеп, жөндеуге әр дәуірдің әсері болғандығын аңғартса керек.
Әр халықтың жаңылтпашты айту, жазу мәнері – стилі әртүрлі. Бұл да жаңылтпаштың халықтық сипатын көрсетеді. Демек, жаңылтпаштарды алғашқы айтушы жеке адамдар болғанымен, оны кейін өңдеп-жөндеуші, сақтаушы – халық болғандығын аңғарамыз.
Халық тудырған нұсқалардағы жаңылтпаштарды қалай пайдаланғаны, қалай жинастырғаны сөз болды. Яғни еңбек өзінің алдына халықтық жаңылтпаштар мен авторлық жаңылтпаштардың ерекшеліктерін жаңадан қосылған жолдар мен элементтерді ашу міндетін қойды.
Алдымен ауыз әдебиетіндегі халықтық жаңылтпаштардың даму тарихы жан-жақты толығырақ түрде қарастырылды. Неге осылай қарастыру қажет болғандығы жайында жұмыста дәйекті дәлелдер баршылық.
Осыған орай халықтық және авторлық жаңылтпаштарды топтай отырып, әр дәуірдегі ғылыми талап деңгейінен оларға өз ойымызды білдіруге тырыстық. Сөйтіп жаңылтпаш жанрын тереңірек те кеңірек шеңберде алып қарап, алдымызда оны талдау міндеті тұрды. Жаңылтпаштардың өзара ерекшеліктеріне тың тұжырымдар жасалынды, әдебиетші ғалымдардың ғылыми байламдары негізге алынды.