Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Января 2014 в 20:24, курсовая работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі басты міндеттердің бірі – жеке тұлғаны қазіргі өмірге тез бейімделіп кетуіне көмектесетін біліммен, икемділікпен қамтамасыз ету, өз ана тілінде дұрыс, таза сөйлеуге машықтандыру. Соның бірі – қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға қабілетті, өзіндік пікірін тиянақты, анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Яғни білім мазмұнын байыту, жан-жақты дамыған, рухани бай, өз ойын ашық айта білетін, сөйлеу мәдениеті жетілген тұлға тәрбиелеу өз шешімін қажет ететін, кезек күттірмей, іс жүзіне асыратын мәселе болып отыр.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1. Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың теориялық негіздері
1.1. Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытуды педагогикалық тұрғыдан негіздеу.......................8
1.2. Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың мүмкіндіктері....................................................20
2 Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың жолдары
2.1 Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың әдістемесі….................................…..................38
2.2 Эксперименттік жұмыстың нәтижесі............................................................61
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................80
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................82
Қазақ халқының жаңылтпаш жанрының даму тарихына байланысты не қосылды деген мәселелерге нақты мысалдар келтіріле дәлелденді.
Бұл жұмыста халықтық жаңылтпаштың біздің уақытымызда жаңа үлгіде дамып, тәрбие құралы түріне айналып отырғандығын айқынырақ ашып көрсетуді мақсат еттік. Жанрдың жалғастырылып, салыстырыла қарастырылуы осы зерттеудің маңызды мақсаттарының бірі.
Жаңылтпаштың нұсқаларын анықтау, сөйтіп оны басқа халықтардың жаңылтпаштарымен байланыстыра қарастыруға ғылыми жұмыста назар аударылды.
Қорыта келгенде, осының бәрі жаңылтпаштың зор тәрбиелік рөл атқара алатындығына айғақ бола алады. Оның табиғатында ғасырлар бойы жинақталған халық педагогикасының тәжірибесі бар. Жаңылтпаштың үлгілері оқулықтарда, хрестоматияларда, әртүрлі көмекші құралдарда жарияланып, бүгінгі ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуге септігін тигізуде.
Сондықтан да, жаңылтпаш ұлттық рухани құндылығымыздың қайнар бұлағы болып саналады.
Жаңылтпаш сөздер дегеніміз – белгілі бір тақырыпқа байланысты тапқыр ой, көркем тілмен ойын-сауықта айтылған және халық жиі қолданып, өлеңдік құрылымы қалыптасқан жүйелі, үлгілі жыр шумақтары. Онда халықтың өмірге, дүниеге көзқарасы көрінеді. Сөйтіп бүкіл халықтық мұраға, ортақ рухани қазынаға айналады. Мазмұны мен көркемдігі жоғары жаңылтпаштар жаңа заманға сай айтылып, халықпен бірге жасап, ұдайы жаңғырып, жасарып отырады. Жаңылтпаштар – әдеби тіліміздің сөздік қоры, сарқылмас көзі. Демек, жаңылтпаштар – ауыз әдебиетінің басқа салаларымен бірге қазіргі қолданып жүрген әдеби тіліміздің үлгісі, ұйтқысы. Оны зерттеп білу, оқып-үйрену тіліміздің байлығын, дұрыс сөйлеу ережесін меңгеруімізге, тілді ұстартып, ой-өрісіміздің кеңеюіне негіз болған, әлі де бола бермек. Жаңылтпаштың айтылу формалары, көркемдік тәсілдері, атқаратын қызметі, тәрбиелік мәні жайында еңбектің ІІ тарауында кеңінен баяндалды. Осы орайда жаңылтпаштың өткені мен бүгінгі дамуының өлшемін көрсете, салыстыра зерттеп, жүйелеуді нысана тұттық. Мәселен, бір-біріне тілі жақын түркі халықтарының өзінен мазмұндық, тақырыптық айырмашылықтарды молынан табамыз. Мұны біз сол халықтардың жаңылтпаштарын салыстыра қарағанда айрықша аңғарамыз.
Әрине, қанша
ұқсас болғанымен, әр халықтың өзіне
тән даралық ерекшеліктері
Бұл жұмыста
жаңылтпашты зерттеудің негізгі
үдерістері (принциптері) мен мақсаттары
баяндалып, зерттеу объектісінің ерекшелігіне
байланысты жүйелі – кешенді түрде
халықтық және авторлық жаңылтпаш проблемасының
бүгінгі таңға дейінгі
Осы тұрғыдан
келгенде диссертант теориялық үдерістерді
айқындап алып, оның негізінде жаңылтпаштың
тіл ұстарту мен тәрбиелеу
құралы екендігін салыстыра зерттеуде
нәтижелі қадам болды деп есептейді.
Жалпы, жаңылтпаш ғылыми әдебиетте
арнайы зерттелмеуімен де өзекті. Сондықтан,
жаңылтпаштың табиғатын анықтауды
зерттеудің елеулі мақсаты деп таныдық.
Бұл қадамымыздың өзі зерттеуді
жүргізу барысында
Сондай-ақ,
зерттеу үдерісінде, біз тек нақтылы
халықтық жаңылтпаштарды зерттеуге
ғана тоқталмай авторлық жаңылтпаштарды
да талдаудың өзекті мәселелері деп
қарадық. Осы орайда жаңылтпаштарды
тақырыптық, көркемдік ерекшеліктеріне
сай талдап, әр қырынан ашуға талпындық.
Жаңылтпаштың көркемдік элементтері
мен қолданылу аясы, сол арқылы
жанрлық ерекшелігі зерттеу барысында
анықталып, оған ғылыми талдау жасалды.
Сонымен бірге жаңылтпаш
Жаңылтпаштың деңгейі, жалпы халық ауыз әдебиетіндегі жетістігі – көп ғасырлық ұлттық рухани даму нәтижесі, өріс-деңгейін көрсететін көркемдік жетістік.
Жаңылтпаштың
фольклордағы өзіндік орны арнайы диссертациялық
проблема ретінде қарастырылуы - бүгінгі
күннің талабы. Сондықтан жаңылтпашты
ауыз әдебиетіндегі көркемдік
Бұл еңбек жаңылтпашты зерттеудің өрісін кеңейтіп, оны жаңа белеске шығаруға ақиқат тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді.
Қазақ фольклоры мен өзге халықтар фольклорын салыстыра қарап, олардың арасындағы ортақ заңдылықтар мен ерекшеліктерді айырып зерттеудің де үлкен мәні, орны бар. Зерттеу жұмысы бұл мәселедегі ізденісіміздің басы болмақ.
Тарихи-салыстырмалы әдісті қолдану нақтылы бір жанрдың өз ішіндегі ерекшеліктерді танып білу үшін, бір халық пен бір халықтың фольклорындағы ұқсас, ортақ сипаттарды дәлме-дәл салыстырып, саралап зерттеу үшін аса тиімді тәсіл. «Қазақ фольклорындағы жаңылтпаш жанры» деп аталатын диссертациялық жұмысымызда осы мақсатты іске асыру ниеті көзделді.
Бұл ғылыми
жұмыстың негізгі мақсаты – халықтық
және авторлық жаңылтпаштардың түрлі
ұқсастық тұрғысын зерттеу. Соның ішінде
түркі халықтарының туыстық тектестігінен,
былайша айтқанда, тарихи-генетикалық
ұқсастығынан туатын ортақ желілерге,
көркемдік қайталауларға назар
аударылады. Сондай-ақ, жаңылтпаштың күнделікті
қоғамдық-тұрмыстық
Жаңылтпаштың жанрлық табиғатын, тәрбиелік, өмір танытқыштық мәнін, қалыптасу, даму жолдарын анықтау, әдеби-көркемдік ерекшеліктерін ашу болғандықтан, оған жан-жақты тоқталдық. Қазақ халқы жаңылтпашты есте сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыр. Тек біздің міндет әлемдік кеңістіктегі өз орнымызды жоғалтып алмай, жаңа ұрпақтың ұлттық дүниетанымы мен менталитетін өзінің төл әдебиеті арқылы тәрбиелеу болып саналады. Осы жолда халық әдебиетінің бай қазынасы - жаңылтпаш жанры да рухани азық бола бермек.
Кесте 1 - - Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың анықтау көрсеткіші
Бағалау өлшемдері |
эксперимент тобы |
бақылау тобы | ||||
а |
ә |
б |
а |
ә |
б | |
% |
11 |
6 |
12 |
13 |
6 |
9 |
Жоғары деңгей
Орта деңгей
Төмен деңгей
Сурет 1 -
Мектепке дейінгі даярлық топтарында
халық ауыз әдебиеті арқылы баланың
сөйлеуін дамытудың анықтау
Кесте 2 - Жұмбақтар мен жаңылтпаштар негізінде даярлық топ балаларының сөздік қорын дамытудыңқалыптастыру экспериментінің көрсеткіші
Бағалау өлшемдері |
эксперимент тобы |
бақылау тобы | ||||
а |
ә |
б |
а |
ә |
б | |
% |
17 |
8 |
4 |
14 |
8 |
6 |
Сурет 2 - Жұмбақтар мен жаңылтпаштар негізінде даярлық топ балаларының сөздік қорын дамытудың анықтау экспериментінің диаграммалық көрсеткіші
Тәжірибелік – педагогикалық жұмыстың соңында біз жұмыс қорытындысын бастапқымсен салыстырып, суретте көрсетілген төмендегідей нәтижелерді алдық.
Сурет 3 - Жұмбақтар мен жаңылтпаштар негізінде даярлық топ балаларының сөздік қорын дамытудың экспериментінің салыстырмалы көрсеткіші
ҚОРЫТЫНДЫ
Балабақшадағы оқу – тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастырудың бірден – бір жолы сапалы білім берумен қатар, сол білімді алуға балалардың қызығушылығын ояту, өз ана тілдерінде таза сөйлеуге баулу. Бүгінгі бабалақшада тәрбиеленетін балалар еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы.
Осымен байланысты мәселелер мемлекет тұрғысынан көптеген маңызды құжаттарда қарастырылды. Осыған орай Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуын, жеке тұлғаның дарындылығын, талантын, өз ойын терең жеткізе білу қабілетін дамыту өзекті мәселе енгізіліп отырғаны белгілі. Қазақстанда баланың тілін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру негізінен, «Қазақстан–2030» стратегиялық құжаттарындағы «Білім беру» бөлімінде көрсетілді.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында да бағдарламалар баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталып, оның қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, шығармашылықпен өзін-өзі көрсетуін қалыптастыру қажеттігі» көрсетілді.
Жоғарыда келтірілген үкімет тарапынан жарық көрген құжаттарда балалардың тілдік қарым-қатынасына, ана тілін қадірлеуге, сондай ақ сөйлеу мәдениетіне көп көңіл бөлініп отырғандығын көреміз.
Тілдік білім беруді сапалы дамыту мәселелері тек ұлтық қана емес, елдің әлеуметтік те дамуының негізі ретінде танылып отыр. Мұндай мақсатқа жетуде жалпы білім беру жүйесі, оның ішінде үздіксіз білім беру жүйесінің ең маңызды да күрделі сатысы – балабақша үлкен орын алады.
Балабақшада әдеби материалдарды өз тәжірибесінде пайдалана білудің ғылыми-әдістемелік жолдарын көрсетіп, ойын жүйелі түрде дұрыс айта және жаза алатындай етіп үйрету күрделі мәселе. Мұның себебі, біріншіден, тіл – адам мәдениетінің, интеллектісі мен жан-жақтылығының көрсеткіші болса, екіншіден, өз ойын байланыстырып айту және жазу баланың басқа адамдармен еркін қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді. Басқалармен қарым-қатынастың тартымды, сәтті болуы адамның өзінің ойын қаншалықты еркін, тиянақты, жүйелі түрде жеткізуіне байланысты. Балабақшада балаларды сөйлеу мәдениетіне үйрену арқылы тілдің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін тануға, көркемдік бейнелілігін ұғынуға, сөздік қорының кеңеюіне мүмкіндік алады.
Қорыта келгенде, осының бәрі халық ауыз әдебиетінің оқушы сөйлеуінің дамуына және тәрбиелік мәніне айғақ бола алады. Оның табиғатына сандаған жылдар бойы жинақталған халықтық педагогиканың рөлі бар. Халық ауыз әдебиеті халықтың ескісінің елесі ғана емес, ол бүгінде жаңа мазмұнмен толығып, балалар арасында әлі белсенді қолданып келе жатқан тірі жанды құбылыс. Біз зерттеу обьектімізге айналдырған халық ауыз әдебиетінің осындай сипаты бар.