Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Августа 2013 в 15:16, дипломная работа

Краткое описание

Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалуы керек. Өмірге келген әрбір бала бақытты болуы тиіс. Бұл-баланың басты құқығы. Балалар-еліміздің бүгіні мен ертеңі. Мемлекетіміздің басты байлығы, әрі тірегі. Сондықтан балаға тиісті дәрежеде жағдай жасап, денсаулығын жақсартып, өмірін гүлдендіріп, саналы тәрбие мен сапалы білім беру-біздің басты мақсат.
Тәрбие баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет-ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылысиармен, адамдардаң еңбегімен, қарым-қатынасымен танысады.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................4


1 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту ……................................................................................6
1.1 Бейнелеу және құрастыру әрекеттері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамыту.........................................................6
1.2 Балалардың бейнелеу қабілеттерін қалыптастыру......................................25

2
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін бейнелеу өнері арқылы дамыту…………....……...............32
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттерін дамыту кезеңдері мен алғышарттары…………………………………………….....32

2.2
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық бейнелеу іс- әрекеттерінің ерекшеліктері…………………………………………….......35
2.3 Ересек жастағы балалардың бейнелеу, құрастыру әрекетіндегі шығармашылық………………………………………………………….......45

3 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту әдістемесі……............................................................50
3.1 Бейнелеу іс-әрекетінің түрлері және мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамытудағы маңызы…………………………….......................50
3.2 Балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту әдістері мен тәсілдері……………………...........................................................................56
3.3 Эксперименттік тәжірибе нәтижелері…………………………………......59
3.4 Қолданылған зерттеу әдістеріне сипаттама ……………………………....64

Қорытынды............…………………………………………………………….....69
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................71
Қосымшалар............................................................................................................73

Вложенные файлы: 1 файл

дипл жумыс.DOC

— 676.50 Кб (Скачать файл)

Аппликация сабақтары  математикалық түсініктердің дамуына  мүмкіндік  туғызады. Мектепке дейінгі балалар аса қарапайым геометриялық формаларының аттарымен, белгілерімен танысады, заттардың және олардың бөліктерінің кеңістікте орналасуы мне көлемі туралы түсінік алады. Осы күрделі ұғымдарды балалар декоративтік ою-өрнек жасау процесінде немесе затты бөлік-бөлігі бойынша бейнелеген кезде оңай ұғып алады.

Сабақтардың барысында  мектепке дейінгі балалардың бойында  түсті, ритмді, симметрияны сезу дамиды және осының негізінде көркемдік  талғам қалыптасады. Оларға түсті өздері жасау немесе форманы бояу керек емес.  Балаларға түрлі түстер мен реңктегі қағаздарды бере отырып оларды әдемі үйлесімді таңдай білуга тәрбиелейді.

Ритм мен симметрия  ұғымымен балалар сәби жастың өзінде-ақ декоративтік ою-өрнек элементтерін бөлген кезде танысады.

Аппликация сабақтары бөбектерді жұмысты жоспарлы ұйымдастыруға үйретеді, өйткені өнердің бұл түрінде композиция жасау үшін бөліктерді жүйелі жапсырудың үлкен маңызы бар.

Аппликациялық бейнелерді орындау қол бұлшық еттерін дамытуға, қимылдарды үйлестіруге жәрдемдеседі. Бала қайшы ұстауға, қағаз парағын бұра отырып,формаларды дұрыс қиып алуға, формаларды қағаз бетіне бір-біріне бірдей қашықтықта орналастыруға үйренеді.

4.Бейнелеу және құрастыру әрекетінің келесі бір түрі - конструкциялау.

Алуан түрлі материалдардан конструкциялау бейнелеу іс-әрекетінің басқа түрлеріне қарағанда ойынмен көбірек байланысты. Ойын көбіне конструкциялау процесімен қатар жүреді, ал балалардың жасап шығарғандары әдетте ойындарда пайдаланылады.

Балабақшада конструкциялаудың  мынадай түрлері қолданылады: құрылыс материалдарынан, конструкторлар жиынтығынан, қағаздан, табиғи және басқа материалдардан конструкциялау.

Конструкциялау процесінде мектеп жасына дейінгі балалар білімге, дағдыға және іскерлікке ие болады. Құрылыс материалдарынан конструкциялай отырып, олар геометриялық ауқымды формалармен танысады, симметрияның, тепе-теңдіктің пропорцияның маңызы туралы түсінік алады. Қағаздан конструкциялау кезінде балалардың геометриялық жазық фигуралар туралы білімі, жақ, бұрыштар, орталық нүктесі туралы ұғымы нақтылана түседі. Балалар қағазды майыстыру, жинау, кесу, желімдеу жолымен жалпақ формалардың түрін өзгерту тәсілдерімен танысады.

Табиғи және басқа  материалдармен жұмыс істеу балаларға  өздерінің творчестволық қабілеттерін көрсете білуіне, жаңа бейнелеу дағдыларына ие болуға мүмкіндік береді.

Конструкциялау жұмыстары  үшін, әдеттегідей, дайын формалар пайдаланылады, балалар оларды жинай отырып қажетті  кескінді алады.

Конструкциялаудың барлық түрлері балалардың контрукторлық  ойы мен творчестволық қабілетін дамытады. Балаға жасалатын затты, оның бөліктерінің формаларын алдын ала елестетіп, өзінде бар дайын формалармен ойша салыстыруы, оының жарамдылығын анықтауы, содан кейін пайдалануы керек. Конструкторлық ойды қалыптастырудың күрделі процесі тәрбиеші жағынан зейін аударып, дұрыс басшылық жасауды талап етеді.

Бейнелеу іс-әрекетінің алуан түрлерінің өзара байланысына тоқталып өтеміз.

Бейнелеу іс-әрекетінің жоғарыда қарастырылып өткен түрлері  өзара тығыз байланысты. Бұл байланыс ең алдымен жұмыстардың мазмұны арқылы жүзеге асады.  Кейбір тақырыптар – үйлердің, транспорттың, хайуанаттардың және т.б. бейнесі барлық түрлер үшін ортақ болып табылады.

Мысалы, егер мектеп жасына дейінгі ересек және аппликация жасау  кезінде қоянды бейнелесе, онда осы  сабақтардан оның формасы, көлемі, бөліктерінің арақатынасы туралы алған білімдерін олар арнайы оқу сабағынсыз-ақ сюжетті  сурет салғанда пайдалана алады. Оның өзінде мектеп жасына дейінгі балалар бұл жұмысқа қажетті бейнелеу және техникалық тәсілдерін меңгере алған – алмағанын ескеру маңызды.

Бейнелеу іс-әрекетінің алуан түрі арасындағы байланыс түрлі  материалдармен жұмыс істегенде  форма түзуші қимылдарды дәйекті  түрде меңгеру жолымен жүзеге асырылады. Мысалы, дөңгелек формамен танысуды ауқымды берілетін мүсіндеуден бастаған жақсы. Сурет салғанда сызықтық контур жасалады.

Сонымен, жұмысты жоспарлаған  кезде тәрбиеші қандай материалды пайдалану  балаларда бейнелеу дағдыларын шапшаң әрі оңай меңгеруіне мүмкіндік беретінін  мұқият ойластырып алуға тиіс. Мектеп жасына дейінгі балалар бейнелеу іс-әрекетінің бір түрі бойынша өткен сабақтарында алған білімдерін жұмыстың басқа түрлерімен және басқа материалдармен өткізілетін сабақтарда ойдағыдай пайдалана алады.

Балалардың жан-жақты  дамуы үшін бейнелеу іс-әрекетінің маңызы зор.

Бейнелеу іс-әрекеті жөніндегі сабақтар, оқу тапсырмаларын орындаудан басқа, балаларды жан –жақты дамытудың маңызды құралы болып табылады. Сурет салуға, мүсіндеуге, аппликацияға, конструкциялауға үйрету мектеп жасына дейінгі балаларға ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесін беруге жәрдемдеседі.

Ақыл-ой тәрбиесі үшін бейнелеу іс-әрекетінің маңызы жоғары.

Бейнелеу іс-әрекеті қоршаған өмірді танып-білумен тығыз байланысты. Мұның өзі алдымен материалдардың қасиеттерімен тікелей танысудан, әрекеттің алынған нәтижемен байланысын танып білуден басталады.

Ақыл-ойды дамыту үшін сурет салудың маңызы туралы М.И. Калинин былай деп жазды: «Сурет салуды үйреніп, әдеттенген адам әрбір жаңа затқа ерекше көзбен қарайды. Ол барлық жағынан шамалап байқап, сондай заттың суретін салады, және оның басында соның өзінде-ақ образ болады. Ал бұл заттың мәнінің өзіне ол терең енеді деген сөз».

Затты дұрыс бейнелеу үшін ол туралы айқын түсінік болуы, яғни заттың сипатты белгілерін, олардың  бір-бірімен ара қатынасын, формасын, түсін көре білуі керек. Мектепке дейінгі сәби жастағы бала өз суреттерінде бар болғаны неғұрлым ашық бірнеше белгілерін бөліп алады.

Бейнелеу іс-әрекеті процесінде балалардың айналадағы заттар туралы көзбен көріп ұғынуы нақтыланып,тереңдей түседі. Бала суреті кейде баланың зат туралы ұғымы дұрыс емес екенін дәлелдейді, бірақ суретке, мүсінге қарап бала ұғымының дұрыс-бұрыстығын кесіп айту әрдайым мүмкін бола бермейді. Баланың ойы оның бейнелеу мүмкіндігінен ауқымды да бай, өйткені ұғымдардың дамуы бейнелеу іскерліктері мен дағдылардың дамуынан басым болады. Оның үстіне, кейде мектеп жасына дейінгі балалар объектіге өзінің эмоциялық қатынасын беруге ұмтыла отырып, бейненің көлемі мен түсін саналы түрде бұзады.

Бала бір объектінің суретін салған кезде ие болған іскерлігін біртектес объектілер қатарын бейнелегенде өз бетімен пайдалана алуы үшін, ол ұғымдарды жалпылап, реттей білуге тиіс. Қазіргі кезде іс-әрекеттің алуан түрлерімен байланысты баланың ойлау қабілетін дамтыудың ерекшеліктері туралы мәселе айтарлықтай терең зерттелген.

Мектепке дейінгі жаста, практикалық жұмыс процесімен тікелей  байланысты ойлаудың көрнекі әркетті  формаларынан басқа, ойлаудың неғұрлым жоғары дәрежеде дамуы - көрнекі образды ойлауда болуы мүмкін. Бала ақыл-ой операцияларының негізінде өз жұмысының нәтижесін ойша елестетіп алып, содан кейін әрекет ете бастайды.

Көрнекі-образды ойлау  қабілетін дамыту үйрету процесі  кезінде жүреді.  Белгілі педагог  Н.П.Сокулинаның зерттеулері мынаны көрсетті: бейнелеу тәсілдерін ойдағыдай  меңгеру және әсерлі образды жасау кейбір заттар туралы айқын ұғымдарды ғана емес, сонымен бірге заттың сыртқы түрінің, оның заттар немесе құбылыстар қатарындағы қызметімен байланысын белгілеуді де талап етеді. Сондықтан балалар сурет салуды бастар алдында өздерінде қалыптасқан түсініктердің негізінде ақыл-ой міндеттерін шешеді, содан кейін осы міндетті жүзеге асырудың әдістерін іздестіреді.

Бейнелеу іс-әрекеті  адамгершілік тәрбие міндеттерін шешумен  тығыз байланысты. Бұл байланыс қоршаған болмысқа белгілі бір қатынасты  нығайтатын балалар жұмыстарының мазмұны және балалардың бойында байқампаздықты табандылықты, белсенділікті, инициативаны, тапсырманы тыңдап, орындай білуге, бастаған жұмысты аяғына дейін жеткізе білуді тәрбиелеу арқылы жүзеге асады. 

Айналадағы өмір балаларға көп әсер етеді де олардың суреттерінде, аппликацияларда жән т.б бейнеленеді. Сурет салу процесінде бейнеленіп отырған құбылысқа деген қатынас беки түседі, өйткені бала бұл құбылысты қабылдағанда өткерген сезімді тағыда бастан кешеді. Сондықтан баланың жеке басының қалыптасуына жұмыс мазмұны үлкен ықпал жасайды. Н.К.Крупская «Балаға өнер арқылы өз ойлары мен сезімін тереңірек аңғаруға, айқынырақ ойлап, терңірек сезінуге көмектесу керек; балаға бұл өзін-өзі танып-білуді басқаларды танып-білу құралы, коллективпен неғұрлым тығыз жақындасу құралы, коллектив арқылы басқалармен бірге өсу және мүлдем жаңа, терең де елеулі толқыныстарға толы өмірге бірлесіп бару құралы етуге көмектесу керек.»,- деп жазған еді.

Этикалық және эстетикалық  толғаныстар үшін табиғат бай материал береді: түстердің қызылды-жасылды үйлесімі, формалардың әртүрлілігі, көптеген құбылыстардың ғажайып сұлулығы.

Мектеп жасына дейінгі  балалардың аппликация құралдарын көкөністерден, жемістерден, гүлдерден жасалған декортивтік  ою-өрнектер құрайды.

Педагог осы тақырып  бойынша өткен сабақтарда бейнеленіп отырған объектілердің конструкциясы, формасы олардың түсі жөнінде  ғана емес, сонымен бірге адамның  жаңа үйлер салуға, ауыл шаруашылық өнімдерін өсіруге және т.б. жұмысауына тура келетін үлкен еңбегі туралы да әңгімелеп береді. Мұның бәрі адамның еңбек қызметі туралы бала ұғымын анғұрлым кеңейтіп, мектеп жасына дейінгі баланы еңбекке тәрбиелеуге жәрдемдеседі. 

Сурет салу, мүсіндеу, конструкциялау процесінде шығармашылық қызметтің негізгі компоненттері болып табылатын белсенділік, дербестік, инициатива сияқты жеке бастың маңызды сапалары қалыптасады.

Бала бақылауда, жұмысты  орындауда белсенді болуға, мазмұнды ойластыруға, материалды іріктеуге, алуан  түрлі көркемдік әсерлілік құралдарын пайдалануда дербестігін көрсетуге үйренеді. Жұмыста мақсаттылыққа, оны ақырына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу керек.

Бейнелеу іс-әрекетінде мектеп жасына дейінгі балаларда  жолдастық, өзара көмек сезімі тәрбиеленеді. Мұндай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда олардың жас ерекшелігін ескеру қажет [46,47,48,49,50]. Сурет салу кезінде балалар көбіне бір- бірінен ақыл, кеңес сұрайды. Сабақтың соңында ұжамдық талдау жүргізіледі.

Бейнелеу іс-әрекеті  балалардың білімді, іскерлік пен дағдыларды игеру және практикада қолдану процесінде ғана мүмкін болатын шығармашылық қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді.

Балалардың бойында  көркемдік қабілеттерін дамытуға қамқорлық  жасай отырып, педагог балалардың сурет салуға, мүсін жасауға және тағы басқаларға назарын, ықыласын аударудың  алғашқы қозғау салушы факторлары болап табылатын сәттерді білуге тиіс. Затты немесе құбылысты ашық түсті суреттерді, кітапшаларды, ойыншықтарды. Мекрекелік көріністерді қабылдағын кездегі баланың терең эмоциялық тебіреністері көбіне осындай факторлардың бір қызметін атқарады. 

 

 

3.2

Балалардың  бейнелеу және құрастыру әрекетін дамыту әдістері мен тәсілдері


Бейнелеу және құрастыру әрекетіне үйретудің негізгі мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.

Балалардың айналадағы өмірден алған әсерлері бұл іс-әрекетінің мазмұны болып табылады. Сурет алу процесінде балада бейнелеушіге белгіл бір қатынас орнығып, қоршаған әлем жөніндегі білімі нақтыланып, көбейе түседі. Балалар сабақ кезінде түрлі материалдармен жұмыс жасауға дағдылар мен іскерліктерге ие болады, оларда болмыстың заттары мен құбылыстарын бейнелеу процесінде бұл іскерліктерді шығармашылықпен пайдалануға үйренеді.

Мектепке дейінгі ересек жастағы баланың айналасындағыны  берудегі бейнелеу мүмкіндіктері шектеулі. Бала қабылдағанының барлығы бірдей оның суреті немесе мүсіні үшін тақырып бола алмайды.

Тақырыптық композицияны жасау міндеті өзара логикалық  байланысы бар зататр тобын бейнелеуді талап етеді. Өмірде бала заттар арасындағы байланыстар мен қатынастарды оңай аңғарады, алайда бұл қатынастарды сурет немесе мүсін арқылы беру үшін мектеп жасына дейінгі бала ой мен ұиялдың үлкен жұмысын талап ететін бірқатар бейнелеу іскеліктерін меңгеруге тиіс. Бала бейнеде ненің басы, ненің екінші дәрежелі екенін анықтау; композициялық міндеттерді шешу қажет.

Бұл бейнелеу тәсілдерін меңгеру – ойды дамытуды талап ететін барынша күрделі міндет. Балабақшада бұл негізінен ересек топтарды шешіледі.  Үйретудің маңызды міндеті ритмді, симметрияны, түсті ескере отырып, ою-өрнек жасай білуді дамыту болып табылады. Бұл міндет көбіне декоративтік сурет пен аппликация сабақтарында жүзеге асады. Мүсіндеуде жасалған ыдыстар мен декоративтік пластиндерді бояулармен боылған ою-өрнекпен нақыштау.

Бейнелеу өнеріне баулудың маңызды міндеттерінің бірі – түрлі материалдармен жұмыс жасау техникалық тәсілдерін меңгеру.

Бейнелеу іскерлігі  затттың формасын, оның құрылысын, түсін  және басқа сапаларын бере білу, нақышталатын форманы ескере отырып, ою-өрнек жасай білу қабілетінен  тұрады. Бейнелеу іскерліктерімен техникалық дағдылар тығыз байланысты. Кез келген затты бейнелеу үшін кез келген бағытқа сызықтарды еркін және жеңіл жүргізе білу керек, ал осы сызықтардың көмегімен заттың формасын қалай беру керек – мұның өзі бейнелеудің міндеті болып табылады.

Бейнелеу өнеріне  үйретудің әдістері мен тәсілдері:

    • Бақылау.
    • Заттарды пайдалану.
    • Үлгіні пайдалану.
    • Картиналарды пайдалану

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту