Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Августа 2013 в 15:16, дипломная работа

Краткое описание

Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалуы керек. Өмірге келген әрбір бала бақытты болуы тиіс. Бұл-баланың басты құқығы. Балалар-еліміздің бүгіні мен ертеңі. Мемлекетіміздің басты байлығы, әрі тірегі. Сондықтан балаға тиісті дәрежеде жағдай жасап, денсаулығын жақсартып, өмірін гүлдендіріп, саналы тәрбие мен сапалы білім беру-біздің басты мақсат.
Тәрбие баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет-ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылысиармен, адамдардаң еңбегімен, қарым-қатынасымен танысады.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................4


1 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту ……................................................................................6
1.1 Бейнелеу және құрастыру әрекеттері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамыту.........................................................6
1.2 Балалардың бейнелеу қабілеттерін қалыптастыру......................................25

2
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін бейнелеу өнері арқылы дамыту…………....……...............32
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттерін дамыту кезеңдері мен алғышарттары…………………………………………….....32

2.2
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық бейнелеу іс- әрекеттерінің ерекшеліктері…………………………………………….......35
2.3 Ересек жастағы балалардың бейнелеу, құрастыру әрекетіндегі шығармашылық………………………………………………………….......45

3 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту әдістемесі……............................................................50
3.1 Бейнелеу іс-әрекетінің түрлері және мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамытудағы маңызы…………………………….......................50
3.2 Балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту әдістері мен тәсілдері……………………...........................................................................56
3.3 Эксперименттік тәжірибе нәтижелері…………………………………......59
3.4 Қолданылған зерттеу әдістеріне сипаттама ……………………………....64

Қорытынды............…………………………………………………………….....69
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................71
Қосымшалар............................................................................................................73

Вложенные файлы: 1 файл

дипл жумыс.DOC

— 676.50 Кб (Скачать файл)

VII.Тапсырма

Доптардың суретін  теңестіріп салу.

Жауап: Доптардың суретін теңестіріп  салу арқылы түс, әрі теңестіру  ұғымдарына зейінін тұрақтандырады.

       Бала ойлауын анықтауға  арналған тапсырмалар.

VIII.Тапсырма

Сурет бойынша  есеп құрастыр.

Жауап: Логикалық ойлауға, яғни  суретке қарап ауызша есеп  құрастырады.

IX.Тапсырма.

Әр қатардан не артық екенін айтып  бер.

Жауап: Қатардағы суреттерге қарай  отырып қандай зат артық екенін  тауып айтады.

X.Тапсырма.

«Суреттерді өз ойыңнан толықтырып аяқта».

Жауап: Бала өз қиялын қағаз бетіне түсіру дағдысын байқатып, салынған бейнелерді жалғастырады.

Бұл тапсырмалар арқылы бала өз  қиялын қағаз бетіне түсіру дағдысын  байқатып, салынған бейнелерді  жалғастырып, толықтырып салу  арқылы қиялының қаншалықты  деңгейде екенін көрсете алады. 

XI.Тапсырма «Ұжымдық сурет салу».

Бұл жаттығу негізінде  де шығармашылық әрекет жатады.

Үлкен парақ қағаз, фломастерлер, қарындаштар немесе бояулар дайындалады. Әр қатысушы «өз түстерімен» бояу үшін бояулар көптеп әзірленеді. Топ үлкен қағаз немесе плакатты қоршап, айнала отырады да өз түсініктерін таңдап алғаннан кейін үлкен үй салуға кіріседі. Жаттығулардың алғашқы кезеңінде топ тек қана жалпы жоспарын ғана жасауы тиіс. Оларға өзара келісіп алуға, сөйлесуге рұқсат етілмейді. Қатысушылар біріге отырып, әркім өз бетінше, қалауы бойынша жұмыс жасайды.

Жалпы үй жоспарын бітіргеннен  кейін, үй ішінің жоспарына кіріседі. Жабдықтарын, үй жиһаздарын қойып шығуы тиіс. Үшінші тапсырмада олар суретке қай жерде өздерін жақсы сезінсе, сол жерге салуы тиіс.

Жаттығу үлкен мағлұмат берері сөзсіз. Пікір алмасу кезінде  барлық аспектілерді қамтымауы мүмкін, топ өздеріне көкейкесті мәселені шешуге уақыттарын бөледі. Сурет туралы пікірталас өтеді. Негізгі сұрақ суреттің қалай салынғаны  жөнінде болады. Үйді жоспарлауда кімнің белсендірек болғандығы; кімнің альтернативті ұсынысы болғандығы; негізгі бөлігін кім салды; кім жаңа нәрсе салды, кім тек қана түзетіп отырды; әшекейлеуге қатысқандар; кім басқаның шығармашылығына сыйластық танытты және т.б. талқыланады. Кім үйдің шарбағын салды? Кім ас үй мен қонақ бөлмесін әшекейледі? Кім үйге жол салды?

Жоғарғы жастағы мектепке дейінгі шақтағыларда бірте-бірте  көрнекілікті, қайта жаңғыртудың негізгілері немесе жаңа бейне туындатудың құралдарын қолдану қажеттілігі әлсірейді. Бірақ алты, жеті жастағылар еш әрекетсіз де қиялдай алады. Олардың әрбіреуі кім болуды және істеу керектігін армандайды: суреттер жүйесінен әңгіме құрастырады, суреттемеге немесе әңгімеге атау ойлап табады.

Жоғарғы жастағы мектепке дейінгілерде ойлау мен шығармашылық қиял қалыптасады, баланың есі материалдың тез пассивті жазылуына және оның тез ұмытылуына әкеп соғатын классикалық болады. Мектепке дейінгі баланың дамуымен есі (көрнекілік) көркемдікке ие болады: бала өзіне қызықты және өзінің іс-әрекетінің материалын қолданатын болғандықтан оны тез және көп уақытқа сақтай алады.

Зерттеу мәселесіне байланысты эксперименттік зерттеу жұмысы жүргізілді. Ол екі кезеңде жүргізілді:

1. Анықтаушы эксперимент.

2. Қалыптастырушы эксперимент.

 Анықтаушы эксперимент  кезінде мектепке дейінгі балалардың  бейнелеу қабілеті мен құрастыру әрекеттерін дамытда шығармашылығын дамыту ерекшеліктерін анықтауға арналды.

      Эксперименттік зерттеу жұмысы бала-бақшадағы ересек тобында жүргізілді. Топта балалар саны 25.

Эксперимент барысында балабақша тәрбиеленушілерінің психологиялық-педагогикалық сипаттамасы жасалынды.

Ересек топтағы балалардың шығармашылық деңгейлерін анықтадық.

Жыл басындағы анықтаушы эксперимент кезеңде бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамытуда шығармашылық әрекеті мен мен жыл соңындағы шығармашылық деңгейлеріне айырмашылықтар болды.

 Анықтаушы эксперимент кезінде жоғары деңгейі 18% болса, ол қалыптастырушы кезеңде 24 пайызды көрсетіп, есіне сақтау процесі 6 пайызға артқаны байқалды. Бұл эксперимент жұмысымыздың тиімділігін айғақтайды (2-сурет). 

Ескертпе – автордың зерттеу нәтижелері негізінде құрастырылды.

 

2-сурет. Балабақша тәрбиеленушілерінің деңгейлері

 

Эксперимент басында шығармашылық әрекеттерінің орташа деңгейі 61% болып, эксперимент соңында 63%-ға өзгеріп, нәтижесінде 2%-ға артқандығын көрдік. Ал төменгі деңгей көрсеткіштері 18%-дан 13%-ке өзгеріп,  5%-ға төмендегендігі байқалып, эксперимент жұмыстары барысында зерттеу болжамының дәлелденгендігін айғақтады.

       Балаларды оқыта отырып, бейнелеу қабілеті мен шығармашылығын дамыту керек. Себебі бейнелеу қабілеті мен шығармашылық дәрежесі  бірдей   екі баланы  табу  қиын.

      Эксперименттік зерттеу жұмысы мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілеті мен құрастыру әрекеттерін дамыту ерекшеліктерін анықтауға арналды.

      Эксперименттік  зерттеу жұмысы бала-бақшадағы ересек тобында жүргізілді. Зерттеушілердің саны 25. Мектепке дейінгі балалардың отбасы жағдайы жақсы, әлеуметтік материалдарымен толық қамтамасыз етілген. Даму орташа және жоғары, ал екінші бақылаушы топқа ұсынылған психологиялық жаттығулар жүйелі ұйымдастырылып, мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілеті мен шығармашылығын дамытуда көптеген жетістіктерге жетуге арналған әдістемелер пайдаланылды.

Бұл топтардың зерттеу  себебі мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілеті мен шығармашылығын дамыту деңгейін анықтау және дамыту жолдарын қарастыру болды.

Зерттеу тобы екіге бөлінеді. Бірінші тікелей бақылау тобындағы балалар саны 25, мектепке дейінгі жастағы балалар, екінші эксперименттік тобындағы балалар саны – 25 мектепке дейінгі жастағы балалар.

          Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар барысында эксперимент және бақылау топтары бойынша алынған нәтижелерге салыстырмалы түрде талдау жасай отырып, математикалық-статистикалық өңдеу жүргізілді, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды психологиялық-педагогикалық тұрғыда пайымдалған теориялық ұсыныстардың практикалық тұрғыда іске асуына қорытынды жасалды; тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың алдына қойған мақсат-міндеттерінің орындалуына талдау жасалды.

 

 

          3.4 Қолданылған зерттеу әдістеріне сипаттама

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамын дәлелдеу және диплом жұмысының міндеттеріне сәйкес эксперименттік жұмыстарды жүргізу барысында әдістемелер қолданылды. Кейбір әдістемелерге тоқталып, сипаттамалар береміз.

    Сонымен,  балалардың шығармашылық бастамасының  белгілері бойынша барлық балаларға тән ақыл-ой ерекшелігінің мейлінше, ерте көрінуінің байқалуы ерте жаста ақыл-ой жоғарылылығымен өзгешеленуінен көрінеді. Н.Лейтес еңбегінде шығармашылық жетістікке жету шарты индивидтің интеллектісінің потенциалы болып табылады. Шығармашылық қабілетті дамытуда Медниктің «Ассоциация», «Сурет» әдістемелері қолданылды.

   Медниктің  алыстағы ассоциация тестілері.  Бұл тест бойынша тексерілуші  сөздердің арасындағы ассоциациятивтік  байланысты орнату керек, яғни  бір жүйеге келтіретін төртінші  сөзді табу керек.

  1. «Сурет» әдістемесі

Бұл әдістемеде балаға стандартты беті бар қағаз  және фломастарлер беріледі. Бала қандай да бір суретті ойлап табуға және суретін салуға тапсырма алады. Бұған 5 минут  уақыт кетеді.

Баланың сурет  және қиялын талдау.

 

3-кесте - «Сурет» әдістемесі хаттамасы

 

Бағаланатын параметрлер

Бұл параметрлерді  баллмен бағалау

0

1

2

1.

Қиял процестерінің  жылдамдығы

     

2.

Бейнелердің ерекшелігі, өзгешелігі

     

3.

Қиялдың кеңдігі, молдығы

     

4.

Бейнелердің тереңдігі  және ойланып, рет-ретімен жасалйнуы

     

5.

Бейнелердің эмоционалдығы, әсерлілігі

     

Ескертпе – автордың зерттеу нәтижелері негізінде құрастырылды.


 

Даму деңгейі  туралы қорытынды

10 балл - өте  жоғары

8-9 балл –  жоғары

4-7 балл –  орташа

2-3 балл –  төмен

0-1 балл - өте  төмен

 Балалардың шығармашылығын диагностикалау мақсатында Равеннің матрицасы қолданылды. 

  1. Равен матрицасы

Бұл әдістемемен ересек жастағы балалардың көрнекілік – бейнелік ойлауы бағаланады. Мұнда көрнекілік – бейнелік ойлау дегенді тапсырманы орындағанда әртүрлі бейнелерді және көрнекілік елестермен жұмыс істеуін айтады. Көрнекілік-бейнелік ойлаудың дамуының деңгейін тексеру үшін 10 дана Равен матрицалары қолданылады.

Бұл бойынша  матрицаның жоғары жағында орналасқан детальдардың заңдылықтарын тауып, төменде орналасқан суреттерден көрсетіп тауып, орнына қою керек.

Тапсырманы  орындау үшін 1 минут уақыт беріледі.

Даму деңгейі  туралы қорытынды:

10 балл - өте  жоғары

8-9 балл –  жоғары

4-7 балл –  орташа

2-3 балл –  төмен

0-1 балл - өте  төмен

Нәтижелерді статистикалық  өңдеу барысы – Стъюденттің t – критериясы қолданылды. Стъюденттің t – критериясы

 

1 – Х2/

Оның негізгі формуласы t =


√/m21 + m22/

 

    Ересек  жастағы балалар үшін тәрбиеші беделі айрықша. Мұндай сенімді орындаушылық көп жағдайда меңгерулікті жүзеге асырады. Осыған орай бастапқы үйренудегі еліктеушілік – баланың интуициясына, оның өзіндік инициативасына сүйенеді. Ересек жастағы балалардың  қабылдау өткірлігі, сөздік ойлауға қажетті алғы шарттың болуы, ақыл-ой белсенділігінің бағыттылығы – психиканың дамуы мен баюы үшін қайталау, іштей шешім қабылдау, жағымды жағдай құрудан тұрады.

  Зерттеу мақсатына байланысты олардың шығармашылық қабілетін зерттеуге арналған әдістеме жүргізілді.

Оқушылардың қиял-елес белсенділігін арттыру арқылы шығармашылық қабілеттін дамытуда қолданылған ойын тапсырмалар жөнінде аздап мағлұмат бере кетейік.

«Авангард» атты сабақтар циклы.

Әңгімелесу, суреттерді көріп пікірлесу барысында балаларға  өз көзқарасын, алған әсерін, сезімдерін айтып жеткізуге мүмкіндік беру керек. Тәрбиеші балаларға суретті көрсетіп, оған ат қоюды сұрайды, содан кейін суретшінің өзінің қойған атымен салыстырады, бейнелеу техникасын анықтап қарайды.

Педагогтың мақсаты: балалардың шығармашылық қабілетін, қиял-әлемін дамыту; олардың бұған дейінгі алған  білімдерін өзгертіп қана қоймай сонымен қатар жаңа үйлесімдермен ұштастыра, қиылыстыра отырып, жаңа бейнелер, бейнелік ситуациялар (баланың өзі үшін) жасай білуге, суретте өзінің көңіл-күйін, сезімін, түйсінуге берілуге үйретеді; бояу дақтарымен гүл үйлестіктерінен бейнені, көңіл-күйін, қозғалысты табады.

Балалардың мақсаты: өз суреттерінде қоршаған ортадан алған әсерлерін, көңіл-күйін көрсе білу, өзіндік ерекше суреттеріне ат қою.

Материал: оркестр сазы жасалған үнтаспа, сурет салатын  қағаз, бояу, қарандаш, гуашь, көмір, түрлі түсті бор, салфетка.

Қалыптасушы танымдық процесс.

Түсіну, қабылдау, таным, қиял, елестету, алғырлық, қолдану, талдау, синтез, бағалау, шығармашылық, ойлау  саналығы.

Педагог пен балалардың өзара әрекеттестігі.

Бірінші сабақ. «Аспанда бұлттар көшіп жүр»

Балалар аспандағы бұлттарды  бақылап, олардың не нәрсеге ұқсайтынын анықтайды. Бұлттардың тұрақты бір  формаға ұқсайтындығын, тез өзгеретініне көңіл бөледі. «Кляксография» әдісін қолданып, балалар бұлттардың суретін  салады. Яғни сурет салатын қағазға сияны тамызып, қағазды екі бүктейді. Қағазды қайтып жазып болған соң сия дағынан бұлтпен ұқсайтындығын айтады.

Екінші сабақ. «Ойлап тап және атын ата» немесе «не пайда  болды»

Балалар «Монотомия»  әдісін қолданып сурет салады  кішкене  шыны, целофан немесе қағазға бояу жағып, оны сурет салатын қағазға басады. Қағазға түскен дақтың көлемі мен бағытына қарай түрлі кескін бейнелерді балалар айтады.

  • өз ойларын еркін айту, шапшаң шығармашылық ойлау дағдысы қалыптасты.
  • Алғашқы зерттеуде анықталған жеті орташа деңгейдің төртеуі жақсы деңгейге, ал төртеуі төменгі деңгей көрсеткен бағалардың үшеуі орташа деңгей көрсетіп алғашқы зерттеу нэтежесінен өсу байқалды.
  • Балалар бойында алғашқы шығармашылық әрекеттер көрінді.

      

  Эксперимент алаңы ата-аналармен тығыз байланыста болды. Ата-аналармен жұмыс формалары түрлендіріліп, отбасында жарасымдылық пен сыйластықты қалыптастыру көзделді. Ата-аналардың балаларының ойлау, бейнелеу қабілеті мен шығармашылығын дамытуға деген ықыластары жақсы. Ата-аналардан алынған сауалнамаға тоқталсақ, басым құндылықтар балалармен қарым-қатынас - 61%, әріптестермен қарым-қатынас -24%, өз уайымдары-15% санайды. Отбасындағы психоэмоциялық жағдайы: сәтті-38%, тұрақты-41%, сәтсіз-21% анықталды. Тәрбиелеу үлгісі: демократиялық-48%, либералдық-12%, авторитарлық -40%  болды. Субъективті бақылау деңгейі:

Жоғары-42%, қалыптаспаған-40%, төмен-18% екен.

Ата-аналар арасында зерттеу мәселесіне оң көзқарас жұмыс жасау барысында қалыптасты. Экспериментіміздің соңында ата-аналарға сауалнама жүргіздік.

Зерттеудің соңғы кезеңдеріндегі алынған нәтижелерді талдау барысында  эксперименттен кейінгі көрсеткіштер мен экспериментке дейінгі көрсеткіштерді салыстыру нәтижесінде эксперимент  жұмысы балалардың  бейнелеу қабілеті мен шығармашылығын дамытуға тиімді ықпал етті деп тұжырымдауымызға мүмкіндік береді.

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту