Әртүрлі жас кезеңіндегі ойлаудың даму ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2015 в 22:27, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу көкейкестілігі. Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды

Содержание

КІРІСПЕ .................................................................................................................. 3
І-ТАРАУ. АДАМНЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ДАМУЫНДА ОЙЛАУДЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ ............................................................ 6
1.1. Жеке тұлға дамуының факторлары мен танымдық үрдістерінің қалыптасу ерекшеліктері ............................................................................................................ 6
1.2. Ойлау – күрделі танымдық психикалық үрдіс ретінде және оған даму формаларының әсері ............................................................................................. 16
1.3. Қазіргі даму психологиясындағы жасты кезеңдерге бөлудің негізгі жүйесі және оның ойлау қабілеттілігінің қалыптасуына ықпалы ................................. 31
ІІ-ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҮРЛІ ЖАС КЕЗЕҢІНДЕГІ ОЙ-ӘРЕКЕТІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ .................................................... 44
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттілігінің
ерекшеліктері ......................................................................................................... 44
2.2. Жеткіншектік және жасөспірімдік кезеңдегі оқушылардың ойлау қабілеттілігінің ерекшеліктері .............................................................................. 56
2.3 Мектеп оқушыларының ойлау әрекетінің даму ерекшеліктерін анықтайтын әдіс-тәсілдер ........................................................................................................... 63
ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................... 75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................................ 77

Вложенные файлы: 1 файл

Әртүрлі жас кезеңіндегі ойлаудың даму ерекшеліктері.doc

— 612.00 Кб (Скачать файл)

Көрсеткіштері:

ойлау қабілеті жоғары -21-3 ұпай;

ойлау қабілеті орташа -11-20 ұпай;

ойлау қабілеті төмен -0-10 ұпай;

Ұсынылатын сөздер тізбегі:

  1. Кітап, портфель, чемодан, дорба.
  2. Ошақ, керосинка, майшам, электроплитка.
  3. Сағат, көзілдірік, таразы, термометр.
  4. Қайық, арба, мотцикл, велосипед.
  5. Ұшқыш, шеге, бал арасы, желдеткіш.
  6. Көбелек, штанген, циркуль, қайшы, таразы.
  7. Терек, сыпырғыш, шынышқы, үстел.
  8. Ата, мұғалім, әке, ана.
  9. Жаңбыр, қар, су, шаң.
  10. Су, жел, көмір, шөп.
  11. Алма, кітап, сызғыш, дәптер.
  12. Сүт, қаймақ, ірімшік, нан.
  13. Ақ қайың, қараңай, жидек, емен.
  14. Минут, секунд, сағат, кеш.
  15. Асқар, Бекет, әділ, Ақанбеков.

 

Ойлау. Қисынды ойлау

Қарапайым ұқсастықтар әдістемесі

Мақсаты: Қисынды ойлауының даму деңгейңн анықтау. Тапсырманың орындалу жолы. Зерттеушіге мынадай мысал көрсетіледі.

Дәптер Сурет дәптері

Қалам  Өшіргіш, қарындаш, майлы бояу,

Суретші эскиз , кескіндеме

Мұнда, дәптерге қаламмен жазатын болсақ , омсыған ұқсас суретті дәптерге қарындашпен саламы. Яғни , берілген сөздер ішінен қарындаш сөзін таңдаймыз.

Осыны оқушылар толық түсініп болған соң , тапсырманы орындауды бастайды.

 

Нәтижесін өңдеу. Мұндаңы А-дұрыс жауаптар саны , В-берілген тапсырма саны.

70-100 %  -жоғары деңгей

50-60%  -орташа деңгей

0-40 %  -төменгі деңгей

2-4 сыныптарға -10 тапсырма

5-6 сыныптарға -20 тапсырма  беріледі.

 

Әдістемеге материал

  1. Жылқы , құлын  Сиыр, мүйіз, сүт, бұзау, өгіз, жайылым
  2. Жұмыртқа, қауыз  Картоп, тауық, бақша, сорпа, қабық
  3. Қасық, ботқа  Шанышқы, май, пышақ, тәрелке, ет, ыдыс
  4. Құлық, тыңдау  Тіс, көру,емдеу,ауыз, щетка,шайнау
  5. Ит, жүн, қабыршақ Шортан,қой,ептілік,балық, қармақ
  6. Тығын, жүзу  Бату, жүзу, гранит,тасымалдау, тас
  7. Ағаш, бұтақ   Құрылысшы, қол ,бал, қолғап,аяқ, саусақ
  8. Жаңбыр, қолшатыр Аяқ, таяқ,тон, салқын,қыс,мұз
  9. Мектеп , білім беру Аурухана,дәрігер, оқушы, мекеме, емдеу
  10. Ән, саңырау   Сурет,асқақ, соқыр,суретші, сурет, шебер
  11. Балық, ау   Шыбын, тор, маса, бөлме, ызың,шаң
  12. Пышақ, болат  Үстел, шанышқы, ағаш, орындық, тағам
  13. Құс, ұя   Адам, жұмыс,адамдар,балапан,үй,аң
  14. Нан, наубайшы  Үй, вагон, қала, баспана,еаік,құрылысшы
  15. Пальто,ілгек   Бәтеңке, етікші, дүкен, аяқ, бау, бас киім
  16. Шалғы, шөп   Ұстара, шөп, өткір, шаш, болат, құрал
  17. Коньки , қыс  Қайық, мұз, сырғанақ, жаз,еске, өзен
  18. Шай, шекер   Сорпа, су, тәрелке, тауық, тұз,и қасық
  19. Аяқ, етік   Қол,қолғап,жұдырық,шаруашылық, саусақ
  20. Су, шөлдеу   Тамақ, ішу, қарын ашу, нан, ауыз, ас.

 

Балалардың ойлауын дамытуда мектептегі оқу-тәрбие үрдісі шешуші роль атқарады. Бастауыш мектеп жағдайында бала ойлауы қалайша дамып отыратындығы өткен параграфтарда айтылды. Бала ойлауын дамыту үшін мұғалім тиісті жұмыстар жүргізіп отыруы тиіс. Осындай ойлау тәрбиесіне қатысты шаралардың кейбірі мына төмендегілер:

1. Балаларды белгілі ережелер (грамматикалық, арифметикалық) жөнінде  өз беттерінше қорытынды жасай  алуға үйрету үшін мұғалім  сабақта мүмкіндігінше эвристикалық әдісті жиі пайдаланып отыруы қажет. Оқу материалдарын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас өзгешеліктерін ескере отырып ұйымдастырса ғана оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндіктер туады.

2. Балалардың сөйлеу қабілетін  дамытып отыру олардың ойлауын  дамытуға үлкен әсерін тигізеді (бұл жөнінде  толығырақ  мағлұмат оқулықтың келесі  тарауында беріледі).

3. Ойлау қабылдаулар мен  елестердің негізінде жасалады. Сондықтан  оқушының сабақты мүмкіндігінше  жақсы қабылдай алуына, елестердің  тиянақты қалыптасуына  мұғалім  айрықша қамқорлық жасамаса  болмайды.

4. Мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс. Бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.

5. Оқушылардың өз беттерінше  жасаған ой операцияларының дұрыс-бұрыстығын  тексерткізу, оларды бір мәселенің өзін түрлі жолдармен шешуге үнемі бағыттап отыру (тапқыштық пен зеректік) ойлануды қажет ететін мысалдар құрастыру, есептер шығарту, шығармалар жаздыру – бала ойлауын тәрбиелеудің тиімді жолдары.

6. Ойлауды тәрбиелеу бала  психологиясын жан-жақты дамытумен тығыз ұштасып жатады. Бұл оның білуге құмарлығын, тану қызығуларын, көзқарасы мен сенімін тәрбиелеумен қоса жүргізілуі тиіс. Мәселен, қораш сөз, солғын сезім ойдың айқын болуына бөгет жасайды, ал ақылға қонымды жақсы сөз жанға жылы тиіп, адамды небір тамаша сезімдерге жетелейді, қысқасы,ой тәрбиесі адамның психологиясын жан-жақты етіп тәрбиелеумен ұштасып жатады деген пікірді жақсы дәлелдейді.

Баланың логикалық ойлауын қалыптастыруға бағыттау оның оқу әрекетімен байланыста жүзеге асады. Сонымен қатар, білім беру мазмұны кейбір пәндерде теориялық материалдарды ірілендіріп ұсыну арқылы да оқушыны логикалық ойлай білуге бағыттауды көздейді. Әдетте, ол бала психикасы (таным, ерік-жігер сезім күштері) дамуымен тығыз байланыста.

Баланың логикасын дамыту, ұғымдарын өсіру – науқандық жұмыс емес. Ол әрбір сабақ үстінде мектептегі барлық тәлім-тәрбие үрдісінің барысында ұдайы жүргізілетін жұмыс. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда мұғалім төмендегідей талаптарды басшылыққа алады:

- сабаққа оқушыларды түгелдей  қамту;

- балалардың жеке дара  қасиеттерін ескере білу;

- оқушыларды іс-әрекетке  қызықтыра білу;

- сабақтан тыс жұмыс  түрлерін жоспарлау және оның  жүзеге асуына бақылау жасау;

- сабақтан тыс дайындық  жұмыстарын жүргізудің  маңызы  да  ерекше. Онда оқушылардың жауапкершілігі мен ынтасы артады, оқушылардың логякалық ойлау  қабілетін дамытуға ықпалын тигізеді.

Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық бағытына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай-ақ мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркемөнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.

В.Лембергтің пікірінше, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру төмендегідей шарттарға байланысты:

- жұмыстың мақсатын айқын  түсінуі;

- жұмыстың жемісті аяқталуы;

- жұмысты өз еркімен, қалауымен  орындауы.

Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық дербестігі мен ізденімпаздығын қалыптастыруға мұғалімнің педагогикалық шеберлігі қажет.

Шығармашылық процедуралар төмендегілер:

1. Бұрын меңгерілген білімін  және білігін жаңа жағдайда  дербес көшіру;

2. Таныс жағдайдағы мәселені көре білу;

3. Нысанның жаңа қызметін  көре білу;

4. Шешімнің немесе оның  әдістерінің баламасын көре білу.

Шығармашылыққа үйрету тұлғаның интеллектуалдық аспектісі ғана емес, оның психологиялық мінез-құлық ерекшеліктерін де көздейді. Оған жігерлік, жаңа жағдайларға бейімделуге икемділік, қажырлық пен табандылық, тәуелсіздік пен адамгершілік сезімі, ынтымақтастық, қажырлы еңбекке қабілеті, беелгісіз жағдайдағы өзіне сенімділік, ақиқатты іздеудегі және қарым-қатынастағы адалдық жатады.

Оқушыларды жоспарлы жұмыс істеуге баулу өз жұысының нәтижесін өзі тексеруге, тапсырманы орындаудың тәртібі мен әдістерін анықтай білуге, сабақта бір күнді, апта ішіндегі. ай ішіндегі өз жұмысын жоспарлай білуге ұсынылған өлшемдер негізінде өз жұмысының нәтижесін талдау мен бағалауға, сондай-ақ мұндай өлшемдерді өздері жасауға үйретуді көздейді.

Шығармашылық бастаманы дамыту аудиторияда белгілі бір адамгершілік және эмоционалдық ахуалды қалыптастырмайынша жүзеге аспайды. Шешуші рөл мұғалімнің ұстанымы, оның шығармашылық ынтасы, мейірбандығы еркін ойлау мүмкіндігін жасауы және өзін-өзі көрсетуі болып табылады.

Бұл мақсатқа жетудің көп тәсілдері бар:

- бастапқыда түсінуге  оңай шығармашылық тапсырмалар  беру;

- белгілі нәрсені жаңаша  жеткізуді сұрау;

- оқушылардың іс-әрекетіне қызығу таныту;

- жауаптарының нұсқасын  мадақтау және көрсету;

- іс-әрекетке болжам жасау.

Шығармашылық мүмкіндікті қалыптастырудың міндеті – дарынды балалармен оларды табумен және мадақтауман, олардың өзін-өзі жоғары дәрежеде дамытуға жағдай жасаумен байланысты болып отыр.

Оқушылардың тапсырманы орындаудағы шығармашылық деңгейі тек айтылған  тапсырманың мазмұнына тәуелді екенін тәжірибе көрсетіп берді. Егер тапсырма нашар берілсе немесе негізгі ғылымның нақты мәселесі түсініксіз болса, онда сапалы нәтижеге жетуге мүмкіндік аз. Шығармашылық мәселе білімде қазіргі уақытта ерекше өзекті болып отыр. Шығармашылық – бұл табыс қана емес, танымдылықтың өте ұзақ үрдісі, оқушылармен қарым-қатынас орнатылуы. Оқушыға барлығы оңай тие қоймайды. Оқытушы әр оқушыға ерекше жол тауып, оның шығармашылық бастамасын дамытуы керек. «Өзіңді өзің жарат» деген пікір бар, бұл ой біздің сабақтарда басты болып табылуы керек.

Оқу қызметіне қызығушылығының ең басты шарттарының бірі:

- оқытылып отырған материалдың, жұмыс ізденістерінің әртүрлілігі.

- оқушылардың қызығушылығын  тіл дамыту, біліктілік, пайымдау  қызығушылықтарын қалыптастыруға  себеп болатын жеке тапсырмалар.

Ойлау қабілетін дамытуға келесі тапсырмалар себеп бола алады:

1. Метаграммалар.

П - көз жасыңды төккізеді (пияз)

Қ - қорқақ, қаша жөнелуге дайын (қоян)

Т - томпаңдап, асықпай жүргені (түйе)

2. Анограммалар құрастырады. Тапсырма. Әріптерді алмастыра отырып, жаңа сөздер құрастыр. Мысалы: дене - неде?, қас - сақ, тас - сат.

3. Балалардың қызыға орындайтын  тапсырмалары: ребус, кроссворд, криптограммалар.

Сабақта және сабақтан тыс уақытта берілетін бұл жұмыс түрлері оқушыларға «сабақ – қызықты емес мазмұнды жаттығулар мен ережелер қосымдысы» деген ой бермейді. Бүгінгі күгде сабаққа деген жоғары қызығушылықтың кезекті айналымы туралы айтуға болады. Сабақта жеке ыңғайда жұмыс істейді. Әр топ жеке тапсырмалар алады. Бұл қосымша, және анықтама әдебиетпен жұмыс жасауға әсер етеді, кейде бұл түр тұтас зерттеуге айналуы мүмкін.

Шығармашылық ойлауын дамыту жаттығулары.

Қазіргі психологияда бұл міндеттерді дивергенттік деп, ал белсенді ойлауды – дивергенттік ойлау деп атайды. Дивергенттік міндеттердің ерекшелігі: қойылған бір сұраққа бір емес, бірнеше немесе көптеген дұрыс жауап бола алуы. Әрине бұл ойлау түрі елес-қиялмен тығыз байланысты. Ойлаудың бұл дивергенттік түрі шығармашылық болып табылады.

Дивергенттік тапсырмаларды орындау барысында, балалардың келесі қасиеттері: өзіндіктігі, ойлау продуктивтілігі, қоғамдастықтың жеңілдігі, мәселелерге деген жоғары сезімталдығы және басқа да шығармашылық қызметінде қажетті қасиеттері мен қабілеттері дамиды.

Мысал негізінде балалармен жұмыс дағдысында пайдаланатын тапсырма түрлерін қарастыра өтейік:

I. Жарық пен қараңғылық түсініктерін беретін сын есімдер мен зат есімдерді іріктеу.

Мысалы: 1) Жарық – айқын, нәзік, жібек.

Таң-жарық, таза, аялы, мейірімді.

2) қараңғылық - жабық, суық, құпиялы, сырлы.

II.  Ұқсас емес заттарға жалпы белгілер тап:

Бұлт - есік Қуыршақ - қар

III.  Тапсырмалардың тағы бір нұсқасы: ойлан, не болуы мүмкін, егерде....

«... адамдар құстарша ұшуды үйренсе»

«... иттер адамша сөйлесе бастаса»

«...   ертегі  кейіпкерлерінің  барлығын

жандандырсақ»

«... су құбыры кранынан шырын аға бастаса»

IV. Оқиға себептерін іздестіру тапсырмалары. Берілген ахуалдардың пайда болған себептерін анықтау.

1. Анам бәрімізден кеш  жататын еді.

2.  Күннің көзі әлі  батқан жоқ, бірақ айналаны қараңғы  жамыла бастады.

3. Есік алдында отырған  ит мысықты көре сала ырылдай  бастады.

V. Тапсырманың тағы бір түрі: кейіпкерлердің осындай көңіл-күйіне не себеп болды екен.

Бұл ізденістердің нәтижелері бойынша, оқушылар рефераттар дайындап, шығармашылық тапсырмалар құрастырады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әрине, мектепке оқушылар әр түрлі қабілеттерімен келеді. Орта оқушыға теңелетін нашар балалармен ғана жұмыс істейтін уақыт өтті. Оларды біз әрине ұмытпаймыз, қызығушылықтарын дамытамыз. Бірақ, одан гөрі дарындыларға жағдай туғызуға, танымдылық қызметтерін қызығушылықпен қалыптастыруға, қолайлы нұсқаларды таңдап алуға біз міндеттіміз.

Оқытудың ең басты қағидаларының бірі – дарадан күрделіге қағидасы. Бұл шығармашылық қабілеттің біртіңдеп дамуы. Шығармашылық қабілеттерді дамытудағы оқытуды ұйымдастыру үдерісінде жалпы дидактикалық қағидаларға үлкен мән беріледі:

- ғылымдылығына;

- жүйелілігіне;

- ізбасарлығына;

- белсеңділігіне;

- нақтылығына;

- көрнекілігіне.

Шығармашылық қабілеттерін дамыту сабақтары ойын түрінде өткізіледі. Бұл үшін жаңа түрлі ойындар керек: шығармашылық, дамытушылық ойындар.

Информация о работе Әртүрлі жас кезеңіндегі ойлаудың даму ерекшеліктері