Еңбек ақы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 09:00, курсовая работа

Краткое описание

«Еңбек ақы» курсының мақсаты – еңбек ақының функцияларын, қағидаларын, мәнін және олардың тәжірибеде жүзеге асуын үйрету. Бұл оқу құралы студенттердің еңбек ақы жүйесіндегі білімін тереңдетуге мүмкіндік береді: жалақыны ұйымдастыру, кәсіпорында жалақы қорын қалыптастыруға талаптарды және оларды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы кәсіпорының еңбек ақы ерекшеліктері мен шаруашылықтандыру әдістері.

Содержание

1.Нарық шартындағы еңбек ақы
1.1. Нарықтық қатынастыр жүйесіндегі жалақының мәні
1.2. Жалақы функциялары және оны дифференцияциалау қағидалары
1.3. Кәсіпорында жалақыны ұйымдастыру. Құрамы мен құрылымы
2.Еңбек ақы жүйесінің және формасының экономикалық мәні, олардың жіктемесі
2.1.Еңбек ақының мерзімді жүйесі
2.2.Кәсіпорындағы еңбек ақының кесімді жүйесі
2.3.Еңбек ақының тарифсіз жүйесі
3.Қазақстан Республикасындағы тарифтік жүйеге сипаттама
4.Негізгі жалақыға қосымшалар және үстеме ақылар
5.Кәсіпорындағы еңбек ақының сыйақы жүйесі
5.1.Кәсіпорындағы еңбек ақының сыйақылы жүйесі
5.2.Сыйлық беру жүйесі
6. Жалақы қорын жоспарлау
7. Кәсіпорын бөлімшелері арасында жалақы қорларын реттеу
7.1. Ұжымдық жалақыны бөлу әдістрі
7.2. Инженерлі техникалық жұмыскерлер мен қызметкерлердің еңбек ақысын ұйымдастыру
8. Ұйым персоналдарының қызмет нәтижесін бағалау
8.1 Ұйым персоналдарының еңбек нәтижесін бағалау
8.2 Персоналды басқару бөлімшелерінің және ұйымның қызметін бағалау
9.Қазақстанда жалақыны мемлекеттік реттеу
9.1. Нарықтық экономикада жалақыны реттеу қағидалары
9.2. Еңбек ақысын ұйымдастырудың құқықтық аспектілері
9.3. Минималды жалақыны және есеп көрсеткішін бекіту. Кедейшілік
белгілерін анықтау.
9.4.Еңбек ақыны реттеудің аймақтық аспектілері
10. Қазақстанда әлеуметтік серіктестікьі дамыту
10.1. Әлеуметтік серіктестік жүйесінде Бас келісімнің рөлі
10.2. Салалық және аймақтық тарифтік келісімнің сипаттамасы
10.3. Кәсіпорындағы ұжымдық келісім
10.4. Еңбек келісімі. Келісім-шарт
11. Жалақыны ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі
11.1. Сыйақылы марапаттаудың шетелдік тәжірибесі
11.2. Жапониядағы өмірлік жалдау жүйесі
11.3.Франциядағы бонустар жүйесі
11.4. Шет елдерде икемді еңбек ақының дамуы
Тесттік тапсырмалар
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Еңбек ақы.docx

— 340.92 Кб (Скачать файл)

 

 

 

   Аттестацияның  бірнеше типтері бар:

  1. Обективті критерилер негізінде (жұмыстың ақырғы нәтижесін бағалау);

  1. Тікелей басшылырдың субъкетивті бағалау мерзімінде;

  1. 310 градус- әдістемесі,- қызметкерлердің өзінің басшысымен, әріптестерімен, бағыныштылармен және тапсырыскерлермен орталық субъективті бағалануы.

 

      Қолданылған  ақпарат баспасына байланысын  кадырларды аттестацяланудың бірнеше  типін атқаруға болады: минималды  қажетті ақпарат бойынша (биографиялық  мәліметтер, өндірістік мінездеме); қосымша ақпараттарды ішінара  қолдана отырып (эксперементті мәліметтердің  бағаларымен); максималды толық ақпаратты  қолдана отырып (эксперементті бағалау  мәліметтері, және жеке- тұлғалық  – психологиялық мінездеме, психологиялық  зерттеу материялдары бойынша  құрастырылған).

 

     Кадрларды аттестациялау  – біліктілікті, практикалық дағдыларды, жұмысшылардың іскери қасиеттерін  және атқаратын лауазымына олардың  сәйкестігін немесе сәйкес еместігін  анықтайтын процедура. Аттестация  кадрларды рационалды орналастыру  және оларды тиімді қолдану  мақсатында жүргізіледі. Аттестация  нәтижесі бойынша аттестацияланған  лауазымдық қызметтің сақталатын  немесе өзгеретін шешімдері қабылданады.

 

 

Өз бетінше дайындалу сұрақтар:

  1. Ұйым персоналының еңбек нәтижесін бағалау

start="2"

 Еңбек нәтижелілігін бағалауды жүргізу кезінде  ескерілетін факторлардың жіктемесі

  1. Әр түрлі қызметтегі жетекшілердің  еңбек нәтижесін бағалау көрсеткіштерінің тізімі

  1. Ұйымды және персоналды  басқару бөлімінің қызметінің нәтижесін бағалау

  1. Негізгі белгідегі көрсеткіштер жүйесі

 

 

 

 

 Қазақстанда жалақыны мемлекеттік реттеу

 

              

9.1 Нарықтық экономика  шартында жалақыны реттеудің  қағидалары

 

   Нарықтық экономика  шартында жалақыны реттеу қағидаларының  қажеттілігі тікелей өнерксіптік  кәсіпорындарда шешіледі. Мемлекет  маңызды әлеуметтік төлемдерді  бекітеді, кедейшілдік белгілері   сондай-ақ Қазақстанда еңбек ақы жүйесін реформалаудың  заңды базасын анықтайды. Нарықтық экономика шартында еңбек ақыны ұйымдастыру мемлекеттік реттеуді қажет етеді.Мұндай реттеудің себептері келесідей:

  • Қазақстанда экономикасы дамыған елдердегі деңгейлермен салыстырғанда жұмыс күшінің төмен бағасы;

  • Минималды жалақының төмен деңгейі – аймақ, жұмыскерлердің кәсіби-білікті топтары бойынша, экономиканың салалары бойынша жалақы мөлшерінің  негізделмеген дифференциацясы;

  • Жалақыны келісіммен реттеудің тиімді механизмінің болмауы.

 

   Қазақстанда  жалақыны реттеудің ажырамас  бөлігі халықаралық еңбек мөлшерлерінің  сақталуы болуы керек. Бұл бірінші  кезекте Еңбекті Халықаралық  Ұйымдастыру Конвенциясының  (ЕХҰ) талаптарына тән. Конвенция № 95 «Жалақыны қорғау жөнінде» № 95 конвенциясы ақшалай жалақы сол елде заңды айналымда жүретін валютамен төленетінін  анықтап көрсетеді.

 

     Қызметкерлеріне  өз жалақысымен еркін үкім  етуге жұмыс берушілерге тиым  салынады. Жұмыс берушінің  немесе делдалдың пайдасына жалақыдан әр түрлі бөлінулер  алуға тиым салынады.

 

   Қазақстандағы  мемлекеттік реттеудің бағыттары:

  • жалақы сұрақтарында халықты әлеуметтік және құқықтық қорғау;

  • ең болмағанда минималды өмір сүру деңгейіне сәйкес негізделген минималды жалақы деңгейін бекіту;

  • стипендия, жәрдемақы,  зейнетақыны есептеу үшін есептік көрсеткішті белгілеу;

  • кедейшілдік белгісін анықтау және жұмыссыз, кедейшілікпен күрестегі, осы кедейшілік деңгейіндегі халыққа мекен-жайлық  әлеуметтік көмек көрсету;

  • әр түрлі меншік формасындағы еңбек ақыны реформалаудың заңды және әдістемелік негізін құру;

  • шаруашылық субъектілері жұмыскерлерінің жалақысына салынатын салықтың тиімді жүйесін құру;

  • жұмыскерлер үшін теріс инфляциялық үдерістерді жұмсарту бойынша шаралар жасау;

  • жалақыны өз уақытында бермегені үшін жұмыс берушіге жауапкершілікті бекіту.

Мемлекеттік реттеу қағидалары:

  • заңды және нормативті актілер жасау негізінде, жалақының сатып алу қаблетінің  әрі қарай төмендеуін қысқартуға мемлекеттің араласуы;

  • жалақының ынталандырушы  функциясын орындауға мемлекеттің ықпалын нығайту;

  • макроэкономикалық үдерістерге ықпалы;

  • еңбек ақының минималды мөлшерлемесін бекіту.

Қазақстанда еңбек ақы реформасының негізін келесідей заңды актілер құрайды: «ҚР еңбек жөнінде» ҚР заңы  (1999), «Минималды өмір сүру»  (1999ж), «Халықтың жұмысбастылығы жөнінде»  (2001ж), «Зейнетақыны қамтамасыз  ету жөнінде» (1997ж), «ҚР кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күресу бойынша бағдарламасы», ҚР еңбек кодексі  (2007ж).

 

 

9.2 Еңбек ақыны  ұйымдастырудың құқықтық аспектілері

 

 

Мемлекет болып жатқан  экономикалық үдерістерге, оның ішінде заңды және нормативті актілермен жалақыны ұйымдастыруға  ықпал етеді. Жалақыны тиімді мемлекеттік реттеу үшін келесідей шарттарды орындау қажет:

- минималды жалақы деңгейі  минималды деңгейде әр түрлі  квалификация деңгейіндегі  жұмыскерлердің жұмыс күшін ұдайы өндіруді қамтамасыз етудің мемлекеттік әлеуметтік кепілдігі    болып табылады;

- минималды жалақы мөлшері  жұмыскерлердің квалификациялық топтары, салалық жатқызылуы, сондай-ақ табиғи климаттық шарттары бойынш.а бөлшекетенеді;

- минималды жалақының  разряд және аймақ бойынша бөлшектену реті ҚР Үкіметімен бекітіледі;

- еңбек ақы облысындағы  мемлекеттік тарифтер минималды  жалақының және күрделілігі бойынша орталықтандырылған, бөлшектенген, бекітілген  Бірыңғай тарифтік кестенің тарифтік коэффициенттерінің негізінде анықталады;

- кәсіпорындар мен ұйымдар  мемлекеттік тарифтердің  орталықтанған бекітілген,  минималды мөлшерлерін еңбек ақы облысында бар қорлар шегінде өз бетінше көтеруге құқылы;

- кәсіпорындар мен ұйымдар  ҚР заңды бекітілген минималды  жалақының деңгейінен және оның  негізінде есептелген мемлекеттік  тарифтермен қызметтік ақыдан  төмен  жұмыскерлер еңбек ақысын бекітуге құқысы жоқ.

 

   Қазіргі жағдайда  еңбектің күрделілігі қолданбалы  тарифтік кестеде немесе басқада  кәсіби-квалификациялық белгілер  бойынша бөлшектену формаларында  ескеріледі. Еңбек шарты мүмкін  қосымша ақылармен, үстеме ақылармен  немесе басқада жәрдем ақы  төлемдерімен толықтырылады.

 

 

9.3 Минималды  жалақы және есептік көрсеткіші бекіту. Кедейшілік белгіні анықтау

 

 

Қазақстанда 2001жылы 27 маусымда ҚР хылқын әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы қабылданды, онда әлеуметтік қорғау және қауіпсіздендіру жүйесінде  мемлекеттің жетекші рөлді алатындығы  көрсетілген.

Әлеуметтік қоғаудың негізгі элементтері мемлекеттік жәрдемақылар, міндетті әлеуметтік қауіпсіздендіру, зейнетақы жинақ қоры, әлеуметтік көмек.

ҚР «Өмір сүру минимумы жөніндегі» заңы Қазақстанда өмір сүру минимумын  пайдалану және анықтау үшін құқықтық негізді құрайды.

Өмір сүру минимумы – бір адамға қажетті минималды  ақша қоры және ол шамасы бойынша минималды тұтынушылық себет құнына  тең. Минималды тұтынушылық себет  азық түлік корзинасынан және азық түлік емес тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығындардың бекітілген үлесінен тұрады.

Минималды тұтынушылық себет  натуралды және құндық өрнектегі тауарлар мен қызметтердің минималды жиынынан тұрады. Ол:

  1. азық-түлік себетінен;

  1. азық-түлік емес себет шығынынан тұрады.

 

 Азық түлік себеті тамақ өнімдерін тұтынудың физиологиялық мөлшерлерімен есептеледі. Азық түлік емес  тауарлар  мен қызметтердің шығындар үлесі минималды тұтынушылық корзина  құнына қатынасымен бекітіледі.

Өмір сүру минимумы қажет:

  1. кедейшілік белгілерін  анықтау және деңгейін баағлау;

  1. халықты қолдау бойынша шаралар мен әлеуметтік саясат бағыттарын анықтау;

  1. жалақының, жәрдемақының, басқада әлеуметтік төлемдердің бекітліген минималды мөлшерлерін  негіздеу.

 

 

МРП  2000ж – 725тг.                                 2005ж - 971тг

 

           2001ж – 775тг                                  2006ж – 1030тг

 

           2002ж – 823 тг                                 2007ж - 1092тг

 

           2003ж – 872 тг.

 

           2004ж – 919тг  

Кедейшілік белгі – адамның минималды қажеттілігін қанағаттандыру үшін қажетті  кіріс шегарасы. Ол республикадағы экономикалық мүмкіндіктерден тәуелді бекітіліп, аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету үшін белгі болып табылады және өмір сүру минимумының 40 пайызын құрайды.

Халық өмірінің деңгейі  ақша шығындарынан, тұтынушылық шығындардан, орташа айлық номиналды жалақыдан, өмір сүру минимумының шамасынан тұрады.

Халықтың ақшалай шығыны – тұтынушылық шығындар, салықтр, жинақтар, тұтынумен байланыссыз басқада шығындар.

Тұтынушылық шығындар -  тұтынушылық тауарлар мен қызметтерді тұтынуға бағытталған халықтың ақшалай шығындарының бір бөлігі. Олар  тамақ өнімдерін, алкоголді ішімдіктер, темекі бұйымдары, азық түлік емес тауарлар, ақылы қызметтерді сатып алудан тұрады.

 

 

9.4 Еңбек ақыны  реттеудің территориялық аспектілері

 

 

 

 ҚР аймақтарында  жалақы деңгейіне анықтаушы  ықпалды территориялық реттеу жүйесі көрсетеді. Ол халықтың материалды игіліктер мен қызметтерге қажеттілігіндегі, сондай-ақ қандайда бір аймақтың табиғи-климаттық шарттарымен негізделген жұмыс күшін ұдайы өндіру үшін біртексіз мүмкіндіктеріндегі айырмашылықтарды реттеуге бағытталған.

Территориялық аспектіде  жұмыс күшін ұдайы өндіру шартында, объективті айырмашылықты негіздейтін негізгі факторлар:

  • материалды игіліктер мен қызметтерді тұтыну құрылымы  мен деңгейіне  ықпал ететін, біртекті емес экономикалық, табиғи-климаттық шарттармен байланысты қажеттіліктеріндегі айырмашылық;

  • жекелеген аймақтардағы экстремалды  табиғи-климаттық шарттар. Мұндай аудандарға жазық және сусыз территориялар, ауа температурасы салыстырмалы өте төмен және жоғары  аудандар, күшті желдер және басқада адам ағзасына қолайсыз ықпал ететін жағдайлар;

  • азық түлік және  азық түлік емес  тауарларға, аймақ бойынша қызметтер тарифі бағасындағы мәнді айырмашылықтар.

Өмір сүру минимумы  шамасы бойынша Қазақстандағы мәліметтерді талдайтын болсақ,  халықтың өмір сүру деңгейімен өмір сүру минимумында  территориялық айырмашылықтың бар екендігін көруге болады, ол бірінші кезектен  материалды игіліктер мен қызметтерге халықтың қажеттілігінің құрылымындағы және мөлшеріндегі айырмашылықтармен  негізделеді. Өз кезегінде мұндай дифференциация  жергілікті табиғи- климаттық және халықтың өмір сүруінің  әлеуметтік-экономикалық шарттарымен   байланысты.

Аудандық реттеу аудандық коэффициенттер, жазық, сусыз зонадағы, сондай-ақ жоғары таулы жерлердегі  үстеме ақылармен жүзеге асады. Аудандық реттеу көмегімен  мемлекет  аймақтарға кадрларды тарту және бекітуге материалды ынталандыру және республиканың барлық аймақтарында  жұмыс күшін ұдайы өндірудің біртекті шарттарын қамтамасыз ету мақсатында  жекелег аймақтардың жұмыскерлерінің жалақы деңгейіндегі белгілі бір  айырмашылықты бекітеді.

Информация о работе Еңбек ақы