Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2015 в 06:01, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Экономикамыздың өсуіне байланысты екінші деңгейлі банктердің аквтитерін стратегиялық басқаруқазіргі таңдағы маңызды мәселеің бірі болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстанның банктік секторы ТМД және Шығыс Еуропа елдеріндегі қаржы секторының ішінде тұрақты және біршама жете дамып отырған секторға жатады. Қазақстанның банктердің активтерінің табыстылығы жағынан көрсеткіштері мен деңгейі жағынан Шығыс Еуропаның елдерінің бірқатарының банк жүйесінің дамуымен тең түсуде.
КІРІСПЕ
3
1.
Екінші деңгейдегі банк активтерінің құрылымы мен оны стратегиялық басқарудың теориясы
5
1.1 Коммерциялық банктер активтерінің мәні мен құрылымы
5
1.2 Екінші деңгейдегі банк активтерін басқарудың теориялық негіздері
10
1.3 Банк активтерінің табыстылығын басқару
30
2
екінші деңгейдегі банктердің активтерін стратегиялық басқаруды талдау
35
2.1 Коммерциялық банктердің активтерін жіктеу және талдау
35
2.2 Екінші деңгейдегі банктердің активтерінің рентабелділігін бағалау
44
2.3 «Eyрaзиялық бaнк» АҚ-ның активтерін талдау және бағалау
54
3
коммерциялық банктердің активтерін стратегиялық басқарудың шетел тәжірибесі және оны жетілдіру жолдары
63
3.1Активтерді басқарудың шет елдік тәжірибелері
63
3.2 Активтердің өтімділігі мен табыстылығын басқаруды жетілдіру (GAP)
67
3.3 Активтік операциялардың құрылымын жетiлдiрудiң негiзгi бағыттары
79
ҚОРТЫНДЫ
84
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ |
3 | |
1. |
Екінші деңгейдегі банк активтерінің құрылымы мен оны стратегиялық басқарудың теориясы |
5 |
1.1 Коммерциялық банктер |
5 | |
1.2 Екінші деңгейдегі банк активтерін басқарудың теориялық негіздері |
10 | |
1.3 Банк активтерінің табыстылығын басқару |
30 | |
2 |
екінші деңгейдегі банктердің активтерін стратегиялық басқаруды талдау |
35 |
2.1 Коммерциялық банктердің |
35 | |
2.2 Екінші деңгейдегі банктердің активтерінің рентабелділігін бағалау |
44 | |
2.3 «Eyрaзиялық бaнк» АҚ-ның активтерін талдау және бағалау |
54 | |
3 |
коммерциялық банктердің активтерін стратегиялық басқарудың шетел тәжірибесі және оны жетілдіру жолдары |
63 |
3.1Активтерді басқарудың шет елдік тәжірибелері |
63 | |
3.2 Активтердің өтімділігі мен табыстылығын басқаруды жетілдіру (GAP) |
67 | |
3.3 Активтік операциялардың құрылымын жетiлдiрудiң негiзгi бағыттары |
79 | |
ҚОРТЫНДЫ |
84 | |
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ |
86 | |
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Экономикамыздың өсуіне байланысты екінші деңгейлі банктердің аквтитерін стратегиялық басқаруқазіргі таңдағы маңызды мәселеің бірі болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстанның банктік секторы ТМД және Шығыс Еуропа елдеріндегі қаржы секторының ішінде тұрақты және біршама жете дамып отырған секторға жатады. Қазақстанның банктердің активтерінің табыстылығы жағынан көрсеткіштері мен деңгейі жағынан Шығыс Еуропаның елдерінің бірқатарының банк жүйесінің дамуымен тең түсуде.
Қазақстан Ұлттық банкі банктердің өтімділігін қалпына келтіруде біраз шаралар атқарды. Қазіргі кезде сыртқы қарызы көп банктерге жекелеген келісімшарт негізінде корршоттарының 70 пайызы көлемінде қаржылық көмек беру шаралары ұйымдастырылуда.
Бүгінгі коммерциялық банктер аквтивтік операцияларын ұйымдастыру және басқару арқылы банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге байланысты проблемалардың болуымен сипатталады.
Қазіргі жағдайда банк активтерін басқару банктік менеджменттің құрамдас бөлігі болып табылады.
Жалпы қазірігі кезеңдегі қазақстандық банктік тәжірибеде орын алған өтімділік дағдарысы өз кезегінде банктердің активі мен пассивін басқарудың тиімсіздігін, соның ішінде өтімділікті қамтамасыз ететін активтер мен пассивтерді басқаруға қатысты теория мен тәжірибедегі әлсіз тұстарының болуын нақты дәлелдейді.
Көптеген банк қызметкерлері банктің активі мен пассивін кешенді басқару пайданы арттырып, тәуекелді азайтады деп пікір айтады. Біздің ойымызша, бұл жерде күтілетін табыстар мен өтімділікті дұрыс бағалау қауіпі бар. Бұл жерде банк активі мен пассивін басқару тәуекел мен табыстардың ара қатынасын дұрыс түсіне білу қажет, себебі, банк тәуекелін бір бағытта қысқарту банк қызметінің басқа бағыттары бойынша оның артуына жол береді. Банк қызметінде тәуекелдің жоғары деңгейде болуы, өз кезегінде тек қана табыссыздыққа ғана емес өтімсіздікке ұшырауға себеп болары сөзсіз. Ендеше, банктік сектордағы орын алған өтімділік дағдарысынан шығуға тиісті қолданылатын шаралардың кешігуі, ертеңгі банктік дағдарысқа жол беруі әбден мүмкін. Демек, міне осы сияқты оң шешімін таппаған мәселелердің банктік тәжірибеде болуы зерттеу жұмысы тақырыбының аса өзектілігін одан әрі нақтылай түседі.
Зерттеу жұмысының мақсаты - Зерттеудің мақсаты ҚР-ның екінші деңгейдегі банктерінің активтерін стратегиялық басқару қазіргі заманға сай банк активтерін басқаруға байланысты теориялық-тәжірибелік тұрғыдан зерттеу.
Дипломдық жұмысты орындаудың негізгі міндеттері – дипломдық жұмыстың мақсатына байланысты, оның келесі міндеттері анықталып шешіледі:
Зерттеу пәніне ҚР екінші деңгейдегі банктердің активтерінің рентабелділігін стратегиялық басқару мен бағалау процестері жатады.
Зерттеу обьектісіне «Банк Центркредит» АҚ.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы – коммерциялық банктің өтімділігі мен табыстылығын қамтамасыз ететін активтер мен пассивтерді кешенді басқарудың ғылыми тұрғыдан негізделген қаржы менеджментінің жаңа тұжырымдамасы негізінде ҚР ЕДБ – дің активтерінің рентабелділігін стратегиялық басқару тетіктерін жетілдіруге байланысты Қазақстанда алғашқылардың бірі ретінде ғылыми тәжірибелік ұсыныстардың жасалуымен сипатталады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік ғалым экономистердің коммерциялық банктердің активтерін басқаруда орын алатын мәселелері туралы және өтімділікті басқарудың банктің тұрақты дамуындағы рөлін сипаттайтын зерттеулері падаланылды.
1 Екінші деңгейдегі банк активтерінің құрылымы мен оны стратегиялық басқарудың теориясы
1.1 Коммерциялық банктер активтерінің мәні мен құрылымы
Банк активтері банк операцияларының елеуші және анықтаушы бөлігін құрайды.
Активтерді басқару жоғары табыстылыққа қол жеткізу мақсатында банктердің меншік және тартылған қаражаттарын тиімді орналастырудан көрінеді. Банктің, жалпы өтімділігі, пайдалылығы, қаржылық сенімділігі және тұрақтылығы осы активтерді сапалы басқаруға байланысты болады.
Активтерді басқарудың негізгі приинциптеріне жатады:
Активтер құрылымы дегеніміз банк балансы активтерінің сапасы бойынша сан алуан баптарының баланстық қорытындыға қатынасы.
Активтердің тиімді құрылымы мен спасы дегенде біз олардың өтімділігі дәрежесін түсінетін боламыз. Банктердің өтімді активтері қысқа мерзімде және шағын ысыраппен олардың міндеттемелерін өтеуге жұмсалуы мүмкін. Активтердің осы түрі бастапқы резервтерге жатады және банк активтерін басқару әдістерін талдау тұрғысынан аса қызығушылық тудырыды.
Ақша каражаттары абсалютті өтімді. Банк міндеттемелерін өтеу үшін пайдалану мүмкіндігі жағынан олар бастапқы резерв болып табылады. Касса табыстары қалдық әкелмейді және оларды жоғалту тәуекелі болмауымен сипатталады. Сондықтан банк міндеттемелерін кассадағы қолма қол ақшамен қамтамасыз ету өтімділігін көрсеткіштерін орындау кепілі ретінде жүреді.
Корреспонденттік шоттағы ақша қалдықтарының шамасы өтімді қаражаттардың босалқы қоры тұрғысынан көрнекті болып табылады. Жеке күні алынған қалдық банк өтімділігі және оның даму тенденциясы туралы ешқандай тұжырым жасауға мүмкіндік бермейді. Бұл жағдайда банктің корреспонденттік шоттарындағы қаражат көлемі шамасыньщ өзгеру динамикасын бағалау аса маңызды болады:
Жыл бойы банктерде корреспонденттік шоттардағы қаражаттар қалдығы шамасының елеулі ауытқуы байқалады. Бұл дұрыс құбылыс. Бірақ, бұл кезде корреспонденттік шоттардағы төлем қаражаттары резерві деңгейі банкке ағымдық шоттар бойынша міндеттерді орындауға мүмкіндік беруі аса маңызды. Бұл үшін корреспонденттік шот жагдайы мен оны басқаруды тұрақты бақылау қажет. Егер ондағы каражат мөлшері жеткіліксіз болса, банк банкаралық займдар және ақша нарығының жедел депозиттері түріндегі басқарылатын ресурстарды тартуға немесе дәстүрлі жолмен қажетті қаражаттарды несие активтерінен босату аркылы алуға тырыса алады. Банктің өтімді активтерінің құрамдас резервінің келесі элементі ретінде мемлекеттік құнды қағаздар және өкіметтің жергілікті органдарының құнды қағаздары жүреді.
Дамыған елдерде үкіметтің қарыз міндеттемелері коммерциялық банктер салымдарының жоғары өтімді бөлігі түрінде болады. Себебі оларға мемлекет кепіл болады да оларды жоғалту тәуекелі төмен болады.
Өтімді активтерге өтеу мерзімі жақын арадағы 30 күн ішінде болатын, оған қарыздың құжатты толтырылған пролонгациясы ескерілген банк берген кредиттер, сонымен қатар осы мерзімде банкке аударылуы қажет басқа да төлемдер жатады.
Активті операциялар – бұлпайда табу және өтімділікті сақтау мақсатындағы банктік ресурстарды (меншік және қарыз капиталы) орналастыру операциялары.
Активті операциялар өз кезегінде екінші деңгейдегі банктердің активтерін қалыптастырады. Банк активтерінің құрылымы келесі кестеде көрсетілген ( 1- сурет)
Сурет-1. Банк активтерінің құрылымы
Ескерту:[11] әдебиет негізінде автормен құрастырылған
Қолма-қол ақша мен оған теңестірілген эквиваленттер – кассадағы, айырбастау пунктеріндегі, банкоматтардағы, жол чектеріндегі ақша қаражаттар; Ұлттық Банк пен басқа да банктердегі корреспонденттік шоттардағы бос қалдықтар; аффинирленген бағалы металлдар.
Клиенттер мен басқа банктерге талаптар – жеке және заңды тұлғалардың банктегі қарыздары мен ақша қаражаттары мерзімділік, төлемділік, қайтарымдылық, факторинг, форфейтинг, лизинг және тағы басқа шарттармен орналастырылады [11, 126 б].
Инвестициялар – банктің ақшалай қорларды (банк портфеліндегi бағалы қағаздар, РЕПО операциясы және т.б.) қаржы құралдарына салуы.
Айналымнан тыс активтер – негiзгi құралдар мен материалдық емес активтер, ғимараттар, жиhаз және жабдық, көлiк құралы түріндегі, Гудвилл және т.б.
Дебиторлар (басқа да активтер) – жабдықтаушылардың, қызметкерлердің, (аванстық төлеу салықтар бойынша) бюджеттiң банктiң алдындағы дебиторлық қарыздары және басқа да активтер.
Корреспонденттік шоттар – төлемдер жүйесіндегі есептер мен ақша қаражаттардың аударымдары жүйесіндегі, клирингтік есептер мен бір бірінен тәуелсіз екі жақтың міндеттемелерін жабудағы іс-әрекеттерді жедел жүзеге асыру мақсатында банкаралық корреспонденттік шоттар негізінде бір банктің басқа банкте ашатын шоттары.
Активтердiң бұл классификациясына АҚШ долларына қарағанда теңгенiң курсымен есепке алынған Лондондық бағалы металлдар нарығының қауымдастығы бекіткен таңертеңгі фиксинг курсы бойынша саналатын аффинирленген бағалы металлдарды жатқызуға болады.
Клиенттер мен басқа банктерге қойылатын талаптар
Бұл активтер тобында банктің қаржылық активтер түріндегі қарыздары мен қаржылық лизингтері қарастырылады, олар қарызшыға ақша қаражатын тапсыру немесе несиелік қызмет көрсету, басқа банктерде орналастырылған салымдар, факторинг, форфейтинг, вексельдермен операциялар түрінде жүзеге асырылады.
Бұл банк өз міндеттемелеріне жақын арадағы 30 күн ішінде босайтын қаражаттар есебінен жауап береді деген сөз. Осыған байланысты, біріншіден, айтылған қаражаттар берілген карыздар мен болжанған төлемдер сапасымен анықталатын өтімділіктің түрлі дәрежесіне ие болады. Сондықтан, экономикалык нормативтерді есептеу кезінде осы қаражаттар мөлшерін өтімділік дәрежесі бойынша оны детальдандырмай пайдалану есептеліп отырған көрсеткіштерін мәнін бұрмалап, банк тарапынан активтерді басқаруды нашарлатады.
Екіншіден, кредиттік салымдардың жоғарғы тәуекелін анықтайтын дамымаған ақша нарығы мен тұрақсыз экономика жағдайында кайтарылым сенімділігі, сондықтан берілген қарыз өтімділігі төмендейді. Сол кезде банктің кредиттік қоржыны сапасын басқару проблемалары, уакыты өткен, жоғалған және күдікті несиелер үлесін төмендету жолдары маңызды бола түседі.
Үшіншіден, карызды пролонгаииялаудын қолданылып жүрген практикасы банк балансы өтімділігі деңгейін себепсіз арттырып, өтімділік коэффициенті шамасын бұрмалап, активтерді басқаруды қиындатады.
Осыған байланысты өтімді активтерге жататын несиелер сапасы төмендеу өтімді қаражаттар болып есептеледі. Өтімді активтер құрамындағы олардың үлесі өсуі банктің өтімділік көрсеткіші мен активтерді баскару сапасының нашарлауына әкеледі.