Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 16:35, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақстан Республикасындағы индустриалды-инновацияның қалыптасуын жан-жақты сараптай отырып, оның негізінде ұйымдастырылған жалпы өндірістің, оның өнімдерінің бәселестік қабілетін арттыру тетіктерін негіздеу және оны қолдану бойынша нақты ұсыныстар жасау болып табылады.
Белгіленген мақсатқа жету үшін курстық жұмыста келесі мәселелерді шешу көзделді:
индустриалды-инновацияның және инновациялық үрдістердің мәнін ашу тетіктерін зерттеу;
дамыған елдердің инновациялық істі басқару және қолдану бойынша тәжербиесін зерттеу;
Қазақстандағы индустрия-инновацияны қолданудың негізгі принциптері мен оның даму барысын зерделеу;
Қазақстанның индустриалды-инновацияны жетілдіру жолдарын анықтау;
КІРІСПЕ
ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЕТЕЛДІК ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ
Индустриалды-инновацияның теориялық негіздері..........................5
Шет елдердегі индустриалды-инновацияның даму
барысы.....................................................................................................10
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯНЫ
ҚОЛДАНУДЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ
БАРЫСЫ
2.1. Қазақстандағы индустриалды-инновацияның қазіргі жағдайы және
даму барысы..............................................................................................15
2.2. Индустриалды-инновация экономикалық дамудың факторы
ретінде........................................................................................................23
3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ – ИННОВАЦИЯНЫ
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Индустриалды – инновацияны жетілдірудің аймақтағы негізгі
басымдылықтары......................................................................................32
3.2. Индустриалды-инновацияны қолданудың экономикалық
тиімділігі....................................................................................................39
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................43
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................45
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Еуразия Ұлттық университеті
Экономика факультеті «Қаржы» мамандығы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Индустриалды-инновациялық қаржыландыру
Астана 2010
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЕТЕЛДІК ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ
барысы........................
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯНЫ
ҚОЛДАНУДЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ
БАРЫСЫ
2.1. Қазақстандағы индустриалды-
даму барысы...................
2.2. Индустриалды-инновация экономикалық дамудың факторы
ретінде.......................
3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ – ИННОВАЦИЯНЫ
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Индустриалды – инновацияны жетілдірудің аймақтағы негізгі
басымдылықтары................
3.2. Индустриалды-инновацияны қолданудың экономикалық
тиімділігі....................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан», «Қазақстан -2030» стратегиясының 10 жылдығына арналған, онда Қазақстан жаңа экономикалық жағдай мен басымдылықтарды ескере отырып, индустриалды-инновациялық даму стратегиясын іске асырудың тиімділігіне баға беретін мерзіміне аса назар аударды [1,2].
Инновация деген түсініктің өзі ең алғаш ғылыми зерттеулерде ХІХ ғасырдапайда болды. Шетелдік ғалымдардың зерттеуі бойынша инновация мәселесін екі жағдайда қарастыруға болады. Біріншіден, инновация техникалықтан гөрі, экономикалық құбылыс болып табылады, себебі, инновациялық шешімнің басты мақсаты салынған ресурстардың тиімділігін арттыру болып табылады. Екіншіден, инновация кәсіпкерлікпен тығыз байланысты болып келеді.
ХХ ғасырдың басында-ақ Й.Шумпетер, оның ізінен бірқатар экономисттер өз еңбектерінде инновация аясындағы зерттеулерге теориялық негіз қалап кетті. Олардың еңбектері технологиялық эволюцияның заңдылығын ашуға және ғылым мен технологияның ұзақ мерзімді даму циклінің әртүрлі кезеңдеріндегі инновацияның рөлін анықтауға, технологиялық ілгерілеу мен институционалды өзгеріс арасындағы өзара әрекет және өзара әсер ету туралы пікірді дәлелдеуге мүмкіндік берді [3].
Технологиялық потенциалды дамыту және ел экономикасының бәсекелестік қабілетін жоғарылату Қазақстан үшін өзекті мәселе болып табылады. Ғылыми-техникалық аяның дамуы көп жағдайда ғылымды көп қажет ететін инновациялық жобаларды зерттеу және жүзеге асыру үшін қаржы ресурстарын қатыстыру мәселесін шешіп алуға тікелей байланысты. Жалпы Қазақстанның нақты экономикалық салаларындағы инновациялық процестердің жағдайына қанағаттануға болмайды. Нарықтық экономикаға көшуге байланысты инновациялық дамудың көптеген әдістемелік мәселелері жеткіліксіз зерттелген, ал республиканың техникалық және инновациялық потенциалы толыққанды пайдаланып жатқан жоқ.
Отандық экономиканың барлық саласын қамтыған дағдарыс одан шығудың жолдарын іздестіруге, оның ішінде осындай мәселені шешу үшін халықаралық тәжірибеге сүйенуге итермелейді. Инновациялық инфрақұрылымды құрудың ең маңызды бағыты инновациялық орталықтар, ғылыми және технологиялық парктер, инкубаторлар құру болып табылады, осы арқылы өнеркәсіптік, ғылыми-техникалық және аймақтық саясаттардың мақсатын ортақ ететін, экономикалық өсуді ынталандыратын стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік туады.
Осы орайда инновацияның бәсекелік қабілетін арттыру бойынша сараптаулар мен талдауларды, тиімді және маңызды факторларды, аталған тетіктерді қолдануға қатысты ұсыныстар мен пайымдауларды ғылыми негіздеудің маңызы да жетіле түспек. Бұл ерекшеліктер зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындады және оның ғылыми-тәжірибелік құндылығын арттырады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақстан Республикасындағы индустриалды-инновацияның қалыптасуын жан-жақты сараптай отырып, оның негізінде ұйымдастырылған жалпы өндірістің, оның өнімдерінің бәселестік қабілетін арттыру тетіктерін негіздеу және оны қолдану бойынша нақты ұсыныстар жасау болып табылады.
Белгіленген мақсатқа жету үшін курстық жұмыста келесі мәселелерді шешу көзделді:
Зерттеудің объектісі- инновациялық үрдістері, олардың даму тенденциялары, сондай-ақ жүзеге асу деңгейі мен дәрежесін анықтауға Қазақстанның халық шаруашылығының кәсіпорындары алынды.
1.
ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯНЫҢ
1.1. Индустриалды-инновацияның теориялық негіздері
Отандық ғылымда жаңалық енгізу мәселесіне көптеген зерттеу жұмыстары арналған, бірақ айта кететін жай, жаңалық енгізу туралы ғылым жалпы ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП) концепциясы шеңберінде қалыптасқан. Шын мәнінде, техникалық-технологиялық жаңалықтар ҒТП-нің мәселелер топтамасына кіреді, кіре тұра, ол өз бетінше зерттеу объектісін құрайды. Жаңалық енгізу процестерін зерттеудің өзі–бұл ҒТП-ке ерекше көзқарас болып табылады. Алайда, айта кету керек, шет елдік және отандық зерттеушілер әртүрлі мәселелерге көп көңіл аударғанымен, ақырында инновациялық процестің бірыңғай теориясын құруға ұмтылыс жасалды.
Көптеген ресейлік, сонымен қатар, шет елдік зерттеушілер ғылыми-техникалық прогрестің жаңа кезеңінің қалыптасуы мен дамуын ең алдымен әртүрлі өндіріс салаларында және қоғамдық өмірде микроэлектрониканы қолдануға негізделген жаңа техникалар мен технологиялармен байланыстырады. Ал, 1987 жылы жарияланған бір топ кеңестік ғалымдардың ұжымдық жұмысында ғылыми-техникалық прогрестің жаңа кезеңі ең алдымен сол ғылыми-техникалық шығармашылықтың өзін, материалдық өндірісті және тауар айналым және өткізу аясындағы электронды автоматтандырумен сипатталады делінген [4].
Көптеген батыстық ғалымдар микроэлектронды технологияның таралуын үшінші өнеркәсіптік төңкерілістің басы (мұнда алғашқы өнеркәсіптік төңкеріліс ХVІІ-ХІХ ғ.ғ. және ҒТП алғашқы кезеңін ХХ ғасырдың ортасынан бастап есептеп, оны, екінші өнеркәсіптік төңкеріліс деп білген) деп есептейді.
Американдық зерттеуші Р.Айерс былай деп жазады: «Микроэлектроникадағы төңкеріліс, ЭЕМ-дегі, микропроцессордағы, интегралды сызбалардағы, математикалық қамтудағы, автоматтандырылған жобалаудағы прогресті қоса алғанда, үшінші өнеркәсіптік төңкерілістің қозғаушы күші болып табылады» [5].
Колумбиялық университеттен Е.Гинцберг, Т. Ноэль және Т. Стенбак жаңа ғылыми-техниканың дамуын микроэлектронды технологияға негізделген жаңа компъютерлендіру дәуірі деп сипатттайды: 70-ші жылдардың ортасынан бастап ақпараттарды беру құралдарын жетілдіретін және оның барлығын көптеп сақтайтын, ЭЕМ-нің шапшаң жұмыс істеуін жоғарылатуға мүмкіндік беретін, математикалық қамтуды қолданушылар үшін қолайлылықты тудыратын компьютерлендірудің жаңа кезеңі басталды дейді. Ал Австриялық экономист А. Кингтің тұжырымдамасы бойынша ҒТП жаңа кезеңін екінші өнеркәсіптік төңкеріліс ретінде қарастыруды ұсынады, ол машиналарды және өндірістік жүйелерді ақпараттармен және компьютерлік санамен қамтудан тұрады дейді. Ағылшын экономисті Т. Блекберн ғылыми-техникалық дамуды басқаша жіктейді. Ол механикаландыру, өнімді өңдеу, оны тасымалдау мен өндіріске бақылау жүргізудің үш кезеңін атап көрсетеді [6].
Мысалға, Й. Валлерштайн 50-60 жылдары Кондратьевтің циклдары – экономикалық және әлеуметтік дамуды ғылыми-техникалық жаңалық енгізуге интеграцияландыратын нақты бір дәлел деп пайымдады.
Й.Шумпетер Н.Кондратьевтің «ұзын толқындар» идеяларын ары қарай дамытып, оны эволюциялық бағытта қолданды.
«Ұзын толқындар» теориясы С.Борнердің «азық-түлік циклдары» концепциясымен және Й.Бергердің капиталдық қоғамның даму сатыларының теориясымен толықтырылды. Мұнда мынадай тезис қарастырылады, технологиялық жаңалықтар төрт өмір сүру сатысын бастан кешіреді: балалық кезеңі- жаңалықтардың төмен қарқынмен таралуы; есейген кезеңі- жылдам қарқынмен таралуы; пісіп жетілу кезеңі- қайтадан төмен қарқынға түсуі және қартайған кезеңі-нөлдік қарқынмен сипатталады.Пісіп жетілу кезеңінде нарық бұрынғы жаңалықтармен толтырылып, үстемдік етіп тұрған бәсеке «сапа бәсекелестігінен» «баға бәсекелестігіне» өтеді, қоғам техникалық және технологиялық жаңалықтардың жаңа толқынын қажетсінеді. Алайда, Кондратьевтің теориясы бойынша пісіп жетілу кезеңіне сәйкес келетін ұзын толқындардың құлдырау кезеңі, нарықтық конъюнктурада анықсыздық тудырады және келешекті технологияларға салған капиталдардың тәуекелдігі артады.
Жаңалықтарға деген пісіп жетілген қоғамдық қажеттілік пен нарықтағы тұрақсыздық арасындағы қарама-қайшылықты - экономист А.Клянкнехт капитализмнің ғылыми-техникалық дамуындағы негізгісі деп бөлді .
Бүгінгі күнде ҒТП-ның
жаңа кезеңдерін және жаңа ұзын толқындарды
талдап, дәлелдеу сол бұрынғы техникалық
және технологиялық тұжырымдамаға
(мұндағысы
Мамандардың жорамалы бойынша,
жақын арадағы 10 жылдықта ғылыми-техникалық
жаңалықтардың негізгі
Осыған байланысты біздің ойымызша ҒТП-тің жаңа кезеңдері ретінде болсын, жаңа ұзын толқын ретінде де жаңа технологиялық мүмкіндіктердің жүзеге асуы көптеген экономикалық және әлеуметтік факторларға тәуелді болатыны анық.Жалпы ҒТП-ның дамуы, бір жағынан- қоғамның өндірістік қуаттарындағы ары қарай өсетін сапалы өзгерістермен анықталса, екінші жағынан- жаңа қоғамдық қажеттіліктерге жауап болып табылады. ҒТП-тің жаңа кезеңдеріндегі өзара қызметтестік қоғамның өндірістік қуаттарындағы сапалы өзгерістермен шектеліп қалмайды, ол экономикалық байланыстар мен қоғамдық өндіріс жиынтығында, экономиканың қызмет етуінен көрініс табады.
Қандай да бір түсініктің мәнін және маңыздылығын сипаттайтын нақты аспектілер ортасын анықтау ары қарай зерттеу жүргізу мақсаттарын, құрылымы мен көлемін құру үшін негізгі бағыт болып табылады.
Әдебиеттерде инновация терминіне байланысты нұсқалар көптеп кездеседі. Мысалға мазмұнының белгісі немесе ішкі құрылымы бойынша техникалық, экономикалық, ұйымдастырушылық және тағы басқа (ары қарай тағы басқа) инновациялар болып бөлінеді.
Инновацияның
теориялық негізін қалауға
Инновация түсінігін алғаш рет Й.Шумпетер өзінің «Экономикалық даму теориясы» (1912 ж) және «Капитализм, социализм және демократия» (1942ж) жұмыстарында қолданды. И.Шумпетердің пікірінше инновацияның негізгі қайнар көзі ірі корпорациялардың ғылыми-зерттеушілік іс-әрекеті болып табылады. Бұл салалар мен нарықтардың «күйзеліск» түсуіне алып келеді. Екіншіден, бұл тиімді экономикалық шешімдерге жаңа ой-пікірлер қосуға қабілетті жаңалық ашушы-кәсіпкерлердің шығармашылығы. Шумпетер инновацияны тек жаңалық енгізу үшін ғана емес, жаңа өндіріс функциясы ретінде анықтады.