Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2015 в 19:43, курсовая работа
Осы көрсетіліп отырған мәселелерді қарастыру барысындағы, дипломдық жұмыстың өзектілігі банктік жүйе дамуының эволюциясын мазмұндай отыра, нарықтық экономикадағы банктік қызметті дамытудың экономикалық мәнін ашу, Қазақстандағы банктік жүйенің қазіргі жағдайы мен даму тенденцияларына талдау жасау және біздің мемлекетіміздің банктік жүйесін жетілдіру жолдары мен мәселелерін анықтап, одан шығу жолдарын іздестіру қажеттілігі болып табылады.
Ерекше қатынастармен банкпен байланысты тұлғаларды несиелеу банктік құлдыраудың потенциалды көзі болып қызмет етеді, сондықтанда біз банпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларға қатынасында ссудалық операцияларды орталықтандырылған тәртіпте реттеуді күшейту мақсаттылымды болып көрсетіледі.
Атап өту керек, әлемдік банктік тәжірибе банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларға займдар беруді реттеу бойынша жеткілікті тәжірибе жинақталған. Жекелеп алғанда, АҚШ-да банктің ірі акционерлері мен директорлары, басқармалық жұмысшылар жағынан зияндылықты ескертуге бағытталған заңдар қабылданған, жекелеп алғанда, Федералды резервтік жүйе туралы заң және Депозиттерді сақтандыру бойынша Федералды корпорацияны жетілдіру туралы заңы.
Әрине, бакпен ерекще қатынастарымен байланысты тұлғаларға ссудалар беруді реттеудің американдық тәжірибесінен механикалық қолданудың қажеті жоқ. Біздің жүргізген тәжірибеміз көрсеткендей, қазақстандық банктік жүйенінің қаржылық тұрақтығын күшейту үшін біздің елдің спецификасын есепке алумен жеткілікті сәтті американдық тәжірибенің бірқатар элементтері толығымен жарамды. Төменде біз, біздің елдің спецификасын есептеумен банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалардың іс-қимылын реттеудің нашарлығының салдары ретінде банктік құлдыраудың мүмкіндігін минимумға жеткізуге мүмкіндік беретін превентивті шараларын ұсынамыз. Осы уақытта екніші деңгейдегі банктердің қызметтеріне мемлекеттік бақылауды жетілдіру, біздің ойымызша, коммерциялық банктер мүдделерінің кәсіпкерлік құрылымдардың және толығымен қоғамның мүдделеріне сәйкес балансқа жеткізуді қарастырады.
Сондықты банкпен рекше қатынастармен байланысты тұлғаларға екніші деңгейдегі банктердің несие беруі бойынша қосымша ережелер енгізу ғана мақсатты болып табылмайды, сонымен қатар осы аудандағы коммерциялық банктер үшін жеке бар жағдайларды реттеу қажет.
Осылай, біздің көзқарасымыз бойынша, мемлекеттік реттеу тәжірибесіне банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларға несиені беруге күнібұрын құптау бойынша талаптарға белгілібір мүмкінді шектеулер белгілеу.
Мемлекеттік реттеудің әрекет етіп отырған тәжірибесі, бізбен жоғарыда аталғандай, банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларға несие беру банктің директорлар кеңесінің шешімі бойынша ғана жүзеге асырылады. Бұл талап банктің директорлар кеңесін банкпен ерекше қатынастарымен байланысты тұлғаларға несие беру туралы шешімді қабылдауды міндеттейді, егер осы тұлға, мысалы, баламалы 100 АҚШ доллары немесе 500 АҚШ доллары мөлшерінде несие алуға жүгінсе де. Бірақта осы талаптарға бірқатар нақтылықтар енгізу қажеттілігі туып отыр [34, 9б].
Жекелеп алғанда, банкпен ерекше қатынастарымен байланысты тұлғаға займ беруді күнібұрын құптауды алу бойынша талаптарды белгілеу ақталған болып көрсетіледі, банктің директорлар кеңесі, егер де берілетін несиенің валюталық эквиваленттік мөлшері қандай да бір белгіліленген сомаға жеткен жағдайда, мысалы, 1 мыңнан астам АҚШ долларын құрайтын.
Біздің ойымыз бойынша, банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларға поручительство, кепілдік беруге банк директорлары кеңесінің құптауын алу, банкпен ерекше қатынастарымен байланысты тұлғаларға несие беру кезінде талап ету қажет болып табылмайды, егер де:
Осы уақытта банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларға жеңілдетілген шарттар беруге тыйымды іске асыру үшін, біз мемлекет жағынан тиімді бақылауды қамтамасыз ету үшін банкпен ерекше қатынастармен байланысты барлық тұлғалардың тізімін банктерден талап ету мақсатты көрінеді.
Банктермен ерекше қатынастарымен байланысты тұлғаларға несие беру бойынша коммерциялық банктердің қызметіне тиімді мемлекеттік бақылау мақсатымен несиелерді беруді есепке алуды жетілдіру маңызды болып көрінеді.
Жекелеп алғанда, банкпен рекше қатынастарымен байланысты тұлғаларға несие беруді жеке есепке алуды енгізуді банктерден талап ету керек, әрбір несие бойынша жеке-жеке, берілген несие сомасы, шарттары мен өтеу күнін қоса – осы категориядағы клиенттер бойынша несиелік регистр жүргізу.
Атап көрсету қажет, қазіргі уақытта қарыз алушымен қол қойылған өтініште, несиенің пайдалану мақсаты және несиені қайтаруды залогтық қамтамасыз ету үшін берілетін мүліктерінің тізімін көрсету талап етіледі. Бірақта, біздің ойымызша, несие беру туралы өтініште қарыз алушыны оның банкпен ерекше қатынастарымен байланысы тұлға болып табылама соны белгілеуді міндетті тәртіпте талап ету қажет. Несиелік құжаттарда, біздің көзқарасымыз бойынша, қарыз алушының банкпен ерекше қатынастарымен байланысы бар ма туралы ақпарат міндетті болуы қажет.
Атап көрсетеміз, ерекше көңіл ашық сатуға түспеген – шектелген тәртіпте өткізілген банк акциялары болатын несиелерді қамтамасыз ету ретінде, банкпен ерекше қатынастарымен байланысты тұлғаларға берілген несиелерге бақылауға бөліну керек.
Біздің ойымызша, акциялары ашық сатуға түспеген банк директорлары, жұмысшылары мен басқарушылардың міндетіне несиенің өтелмеген сомасы бойынша директорлар кеңесіне жыл сайын есеп беруді енгізу мақсатты.
Банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларға берілген несиелердің мерзімінің өтіп кеткендігі туралы ақпаратты публикалық жаю бойынша талаптар белгілеу біздің көзқарасымызша принципиалды маңызды. Мұндай ақпарат беріледі, егер де мерзімінен өтіп кеткен несиенің сомасы банктің өзіндік капиталынан жоғары және соңғы есептік кварталдың соңында 3 пайызды құраса немесе валюталық эквивалент 20 мың доллар мөлшерінен асып кетсе, онда банкпен ерекше қатынастарымен байланысты тұлғалардың нақты аттары көрсетілген қоғамның жазбаша сұранысында көрсетіледі. Сонымен бірге жеке тұлғаларға берілген несиелер сомасы туралы жағдайды публикалық жарияланбауы керектігі келісілу керек.
Әрбір есепті уақытта банктің басқарушыларына берілген несиелер туралы ақпараттарды қаржылық жағдай туралы банктердің есебіне енгізу туралы
талаптарды бекіту пайдалы болар еді.
Осылай, коммерциялық банктер қызметін реттеуді жетілдіру бойынша жоғарыдағы бізбен ұсынылған шаралар банкпен ерекше қатынастарымен байланысты тұлғаларға несие беру кезінде екінші деңгейдегі банктерге жеке тәжірибеленген талаптарға ойластырылған және диференциаланған тәртіптер ұсынылады. Коммерциялық банктердің қызметін мемлекеттік реттеуді жетілдіру бойынша бұл шаралар тек несиелік тәуекелді төмендетіп қана қоймайды, сонымен қатар банктің дұрыс қызмет етуін қамтамасыз етеді, сонымен елдің қаржылық жағдайын көтереді.
Халықаралық банктік тәжірибеде тәуекелдерді басқару процесі қаржылық менеджменттің шешуші бағыты деп қарастырылады. Тәуекелдерді басқару (тәуекел-менеджмент) – бұл тәуекелдерді төмендету арқылы табыстардың көлемін арттыруға және шығындардың көлемін азайтуға бағытталған шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру бойынша шаралардың жиынтығы болып табылады.
Тәжірибеде тәуекелді басқару кешенді сипаттағы және тәуекелдердің салдарынан болатын қолайсыз нәтижелерді төмендетуге немесе болдырмауға бағытталған аналитикалық, ұйымдастырушылық және қаржылық шаралардың жиынтығы болып табылады. Тәуекелдерді сапалы деңгейде басқару коммерциялық банктің ұзақ мерзімді перспективадағы табыстарға қол жеткізу мүмкіндіктерін көтереді. Банк операцияларының басым бөлігі несиелік қызметпен байланысты.
2014 жылы экономиканы тұрақтандыру және дағдарыстың салдарларын еңсеру қызметіне қатысты қол жеткізетін табыс Үкіметтің, Ұлттық Банктің жолға қойылған іс-қимылдарына байланысты болады.
Қазіргі кезде аса көңіл бөлуді талап ететін негізгі бағыттар барынша айқын белгіленді. Біріншіден, бұл – Ұлттық Банктің негізгі міндеті болып табылатын теңгенің бағамдық тұрақтылығын және баға нарығы өтімділігінің қажетті деңгейін ұстап тұру болып табылады. Екіншіден, банктердің баланстарын сауықтыру үдерісін қарқынды ету және оларды сапасыз активтерден “тазарту” қажет. Үшіншіден, дамудың дағдарыстан кейінгі кезеңінде банктердің кредиттік белсенділігін ынталандыратын шаралар жиынтығын әзірлеу қажет. Төртіншіден, контрциклдік реттеуге көшуді және қаржы институттарында тәуекел-менеджмент жүйесін жетілдіруді жүзеге асыру қажет [35, 20б].
Дағдарыстың әсерін айтарлықтай дәрежеде тереңдеткен реттеудің негізгі қатесі қаржы секторын және өзге де секторларды реттеудің дискреттілігі болды. Әлемдік дағдарыс тәжірибесі қаржы жүйесін реттеу тиімділігінің едәуір дәрежеде қолданылатын тәсілдің жүйелігіне және кешенділігіне байланысты екендігін көрсетті. Осыған байланысты әлемнің жетекші елдері қазіргі уақытта қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды орталықтандырып отыр, бұл ретте қаржы тұрақтылығына жауапты негізгі ведомстволар орталық банктер болады.
Банктік қызмет саласында реттеу мен қадағалау жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында Ұлттық банк келесіні қарастыру қажет:
- сыртқы экспансияның кеңеюін, банктердің сырттан қарыз алуын және
жылжымайтын мүлікпен байланысты кредиттеу көлемінің ұлғаюын ескере отырып, екінші деңгейдегі банктердегі тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіруге;
- халықаралық тәжірибені ескере отырып банктерді пруденциалдық реттеуді жетілдіруге;
- банктің меншік
құрылымының айқындығын
- тұрғын үй құрылыс жинақ ақша жүйесін және ипотекалық кредиттеуді
жетілдіруге;
Қорыта келгенде, 2014 жылы Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктердегі тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырады. Банк қызметiн халықаралық аспектiде дамыту орнықты әрi тұрақты банк жүйесiнiң болуын, банк iсiнiң мәдениетiн және екінші деңгейдегi банктер қызметiн реттеудiң сапасын арттыруды талап етедi, сондықтан банк жүйесiнiң қаржылық жағынан орнықты болуы қамтамасыз етiлуге тиiс.
Ол үшiн банктер қызметiн пруденциалдық реттеудi одан әрi жетiлдiру, халықтың салымдарына кепiлдiк беру тетiктерiн нығайтуды жүргiзу, сондай-ақ тұтас алғанда қаржы жүйесiн институционалдық дамыту қамтамасыз етiлуi керек. Банк қызметi тәуекелдерiн басқару жөнiнде ұсынымдар енгiзiліп, шоғырландырылған негiзде қадағалау әдiстерi жетiлдiруі тиіс. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және тұтастай алғанда қаржы жүйесiне деген сенiмдi қолдау, қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың мүдделерiн қорғаудың тиiстi деңгейiн қамтамасыз ету, қаржы рыногында адал бәсекенi қолдауға бағытталған қаржылық ұйымдардың қызметi үшiн тең құқықтық жағдайлар жасау болып табылады. Сонымен қатар қадағалау органдары қызметкерлерінің есеп берулерді тексеру, қадағадау, инспекциялау ісінде біліктілігі мен кәсіптілігінің деңгейі жоғары болуы қажет.
Қорытынды
«Қазақстан -2050» даму стратегиясының қабылдануы экономикалық ғылымдардың алдында өткір мәселелерді тудырып отыр. Бірінші кезекте бұл Қазақстанның халық шаруашылығын экономиканы құрылымдық қайта құру мен көтерілуі үшін қаржылық ресурстардың жеткілікті көлемімен қамтамасыз ету мәселесі. Стратегиялық мақсаттарға жету мақсатында бұл мәселелерді шешу банктік жүйенің белсенді қатысуынсыз мүмкін болмайды, не нақты коммерциялық банктер нарықтық экономиканың қалыптасуына қарай нарықтық қатынастарды дамытудың күшті факторы болып табылады, олар мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру, акционерлендіру процестерін ынталандырады.
Қазіргі уақытта банктік жүйе түсінігі құрылымдық өзара байланысты элементтер мен жүйеліктерді кіргізетін қиын жүйе ретінде интерпретацияланады. Банктік жүйенің қызмет етуі оны қоршаған ортадан оқшауланбай-ақ жүзеге асырылады, яғни сыртқы орта қиын динамикалық жүйені көрсетеді, ондағы кез-келген нақты деңгейдегі жүйелік өзіне неғұрлым төмен деңгейдегі жүйеліктерді енгізеді және бір уақытта өзі неғұрлым жоғары деңгейдегі жүйенің бөлігі болып саналады. Осы кездегі әрбір иерархиялық деңгей өз арасында бір-бірімен байланысты қатынастар, нормалар, органдар жиынтығын құрады.
Соңғы жылдары банктік жүйеде жаңа тенденциялар пайда болып келеді: бәсекенің өсуі, ғаламдану және ақпараттану, капиталдардың концентрациясы, географиялық экспансия, банктік қызметтедің өзіндік құнының өсуі және т.с.с. көрсетілген және басқа да өзгертулер банктік істің дамуында жаңа кезеңнің басталғаны туралы куәландырады, ол іс-әрекеттері стратегиясының белгілі бір қажеттілігін жариялайды.
Осы позициядан қарағанда әлеуметті-экономикалық ретінде банктік жүйені зерттеу өзекті ғана емес, сонымен қатар қажетті де болып көрінеді. Қазақстанның шаруашылықтандырудың нарықтық жүйесіне көшуі қиын және қарама-қайшылықта жүріп отыр, ол оның қызмет етуін анықтай отыра, банктік жүйенің дамуына күшті әсерін тигізеді.
Соңғы жылдардың нәтижесі көрсетіп отярғандай, елдің қаржылық секторы, жекелеп алғанда банктік жүйе дамудың сапалы жаңа деңгейіне көтерілуде. Оны жеке эксперттермен қатар халықаралық қаржылық ұйымдарда атап көрсетіп отыр.
Мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы заңдары ҚР Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және ҚР өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеудiң және қадағалаудың мақсаттары:
- қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және тұтастай алғанда қаржы жүйесiне деген сенiмдi қолдау;