Мүлік жалдау шартының жекелеген түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2014 в 22:11, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1995 жылы маусым айында елімізде жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылдады. Қаулыда құқықтық оқуды мектептерде бастауыш сыныптардан бастап неғұрлым кең көлемде енгізу қажеттілігі атап көрсетілді. Құқықтық білімге терең назар аударудың бірқатар себептері бар. Қазақстан дербес тәуелсіз мемлекет болды. Өткен жылдардың ішінде жаңа мемлекеттік органдар - Президент әкімшілігі, Парламент, Үкімет, Конституциялық кеңес т.б. құрылды. Олар жаңа қоғамды ұйымдастыруға бағытталған қызметтер атқаруда. 1995 жылдың тамыз айында бүкілхалықтық дауыс беру нәтижесінде қабылданған жаңа Конституция жана мемлекеттік органдарды зандастырып қана қойған жоқ, сонымен бірге әрбір жеке адам мен азаматтың кең көлемді демократиялық құқықтары мен бостандықтарын баянды етті.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................2
Мүлік жалдау шартының ұғымы және элементтері...........................5
1.1. Мүлік жалдау шартының ұғымы........................................................5
1.2. Мүлік жалдау шартының нысанасы...................................................8
1.3. Мүлік жалдау шартының мазмұны...................................................15
1.4. Мүлік жалдау шарты бойынша тараптардың құқықтары мен
міндеттері...................................................................................................24
2. Мүлік жалдау шартының жекелеген түрлері.....................................37
2.1. Лизинг.................................................................................................37
2.2. Кәсіпорындарды, үйлерді және ғимараттарды жалдау шарты......46
2.3. Үйлер мен ғимараттарды жалдау.....................................................50
Қорытынды................................................................................................53
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................55

Вложенные файлы: 1 файл

камшат1.doc

— 366.00 Кб (Скачать файл)

Мысалы, алғашқы француз лизингтік компания "Локафранс” 1982 жылы құрылды. Ал төрт жылдан кейін лизингтік компаниялардың жалпы саны 30 тең болды. 1987 жылы елде жылжыйтын мүлікпен айналысатын 56 лизингтік компания жұмыс істеді, олардың жылдық келісім-шарттар саны 57 тең  болды.  Ал жылжымайтын мүлікпен айналысатын компаниялар саны 94-ке тең болды. Франция мемлекетінің ірі компаниялары "Локафранс”, "Слибай”, "Локабай”, "Софимобай”, "Слиминико”, т.б..

Италияда алғашқы лизингтік  компания 1963 жылы құрылды, бірақ та лизингтік бизнестің кең өріс кезеңі 70-80 ж.ж. болды. Олардың ішінен 50 ең ірі компаниялар "Ассима” ұлттық ассоциациясының мүшелері болып табылады. осы уақытта он ірі лизингтік компаниялардыңлизингтік операциялар санының жалпы үлесі 80%-ға тең болды.

60 жылдары лизингтік бизнес Азия континентінде дами бастады. Қазіргі уақытта лизингтік қызметтерің негізгі бөлігі "АҚШ – Батыс Еуропа - Жапония” мемлекеттерінде шоғырланды. Батыс Еуропада лизинг берушілер ретінде, көбінесе, арнайы лизингтік компаниялар бола алады. Осы лизингтік компанияларды 75-80%-ға жуық банктер немесе оларды еншілес қоғамдар бақылайды.  Жапония үшін сипатты белгі ретінде лизингтік операциялардың қаржыландырудан "қызметтер пакетіне” дейін ұлғайтты.

КСРО-да лизингтік бизнестің  дамуы 1989 жылы басталды. Лизингті қолданудың бастапқы ережелерінің белгілі құбылысы ретінде жалға беру туралы 23 қарашаның 1989 жылы № 810-1 КСРО заңнаманың және 16 ақпанның 1990 жылы қабылданған, лизингті бухгалтерлік есепте көрініс табу тәртібі көрсетілген № 270 "бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары” КСРО Мемлекеттік Банктің хаты негізі болды.

1991 жылдың маусым айында  халықаралық кеңес-неміс лизингтік  компания "Евролизинг”құрылып, ал  желтоқсан айынан бастап өз  қызметін жүзеге асырды. Оның  құрылтайшылары болып, кеңес жағынан  КСРО-ның Сыртқы экономикалық банк, КеңесМорфлот және КСРО-ның Госснаб болды, ал француз жағынан – Еуропаның бір ірі лизингтік компаниясы " Насиональ де Пари Банкісі”, ал неміс жағынан – Батыс Германияның ірі лизингтік компания - "Митфинанц ГмбХ” болды.       

Лизинг түсінігі мен лизингтік операциялардың негізгі элементтері

Әлемдік тәжірибеде "лизинг”  термині ұзақ мерзімді пайдаланылатын заттарды жалға беру негізінде, әртүрлі  мәмілелерді белгілеу үшін қолданылады.   

Аренда келісім-шарты  жасалу мерзіміне байланысты арендалық операциялардың үш түрі бар:

<!--[if !supportLists]-->-                    Қысқа мерзімді аренда (рентинг) – бір күннен бір жылға дейін;<!--[endif]-->

<!--[if !supportLists]-->-                    Орта мерзімді аренда (хайринг) – бір жылдан үш жылға дейін;<!--[endif]-->

<!--[if !supportLists]-->-                    Ұзақ мерзімді аренда (лизинг) – үш жылдан жиырма жылға дейін.   <!--[endif]-->

Әрбір күрделі экономикалық ұғымдар секілді лизингте де бірнеше  анықтамалар бар. Ең біріншіден, лизинг - бұл ағылшын сөзі to lease – уақытша жалға беру немесе жалға алу деген мағынаны білдіреді.

<!--[if !supportLists]-->1.                 Лизинг – бұл жалға берушінің уақытша бос немесе тартылған қаржы қаражаттарын инвестициялау. Бұл кезде жалға беруші белгілі бір сатушыдан өз меншігіне келісім-шартта көрсетілген мүлікті сатып алуға міндетті болады және осы мүлікті жалданушыға уақытша пайдалануға, ақылы негізде, беруге міндетті болады және оны кейін сатып алу құқығының бар болуын көрсетеді.   <!--[endif]-->

<!--[if !supportLists]-->2.                 Лизинг дегеніміз аренда келісім-шарты. Ол жалға беруші өз иелігіндегі жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, оргтехниканы, транспорттық құраларды, өндірістік, сауда және қойма мәні бар құрылғыларды жалданушыға белгілі бір мерзімге, өзіне проценттік ставканы қосатын, жалданушының ақша нарығындағы тартылған қаражаттардың құнын жабатын, банктің пайдасын есепке алатын және мүліктің амортизациясын ескеретін, анықталған арендалық төлем негізінде беруді білдіреді.<!--[endif]-->

Сонымен қатар, лизингті үшінші тұлға үшін мүлікті сатып алатын және оған ұзақ мерзім периодына беретін, мамандырылған (лизингтік) компанияның делдалдық қызметі арқылы негізгі қорларға салымдарды қаржыландырудың арнайы нысаны ретінде де қарастыруға болады. Яғни, лизингтік компания нақты түрде жалданушыны несиелендіреді. Сондықтан лизингті кейде "несие - аренда” деп атайды.

Сатып алу-сату келісім-шартында тауарға иелік ету құқығы сатушыдан  сатып алушыға өтеді, ал лизингте аренда келісім шартын жасасқан кезінде, мүлікке ие болу құқығы жалға берушіде қалады. Лизингтік келісім шартының мерзімі аяқтаған соң, жалданушы лизингтік жабдықты келісілген бағада сатып алу, келісім шарт мерзімін ұзарту немесе жалға берушіге жабдықты қайтару мүмкіндігі болады.

Лизингтік қаржыландырудың несиеден айырмашылығы:

Қазақстан Республикасында  лизингтік операцияларды реттеу 2000 жылдың шілде айында қабылданған "Қаржы заңынан” кейін ғана қолға  алынған болатын. Бүгінде бұндай қаржылық қызмет көрсету түрі өзге елдердегідей қарқынды даму үстінде. Еліміз дамушы мемлекет болғандықтан, көптеген өндіріс салалары, ауыл шаруашылығы техникалық жағынан жаңартуды, жаңа технологиялармен жабдықталуды қажет етеді. Алайда, барлық өндіріс көздерінің мұндай игі шараларға қорларындағы қаржылары жете бермейді және де барлығының да банктерге кепілдік қойып, несие алуға мүмкіндіктері жоқ. Осындай сәттерді ескере отырып, лизингтік компаниялар ашылып, жұмысы да сол бағыт бойынша жүргізіледі.

Қаржылық лизингте лизинг алушыдан ешқандай мүлікті кепілдікке қою талап етілмейді, тек қана алынған соманың жарты ақшасын құйса болды. Яғни, аздаған соманы кұю арқылы алушы өзінің қажеттіліктерін игере алады  және лизингтік қаржы операциялары кезінде екінші рет қосымша қаржы алу мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, лизинг алушыларға мемлекет тарапынан да бірқатар жеңілдіктер жасалған. Мәселен, лизинг алушылар кейбір салық төлемдерінен босатылған. Лизингтік операцияларда несиеге қарағанда пайыздық көрсеткіштері жоғары. Оны лизингтік компаниялардың керекті қаржыны банктерден қарызға алатындығымен түсіндіруге болады.

 ҚР АК мүлік жалдау (аренда) туралы жалпы ережелерінен кейін лизингке арналған нормалар көзделген (565-572-б.) Бұл кездейсоқтық емес шығар деп есептейміз. Бүның себебі қазіргі нарықтық инфрақұрылымда лизинг қатынастарының маңызы өте жоғары болып келетінінде сияқты. Х.А.Рахманқұловтың бағалауы бойынша лизинг КСРО-да болған материалдық игіліктерді үлестірудің (таратудың) жоспарлы жүйесіне балама болуы мүмкін. Ал негізінен онда белгілі артықшылықтар бар, тұтынушы жабдықтарды алдын ала көп қаражаттарды жұмсамай-ақ ала алады.

Лизингтің тағы да бір  артықшылығы бар, пайдалануға алынған  жабдықтар үшін мерзімді төлемдердің  кезегі (төлеу сәті) әдетте жабдықтар  нақты пайдалануға берілгеннен  кейін келеді.

5 шілде, 2000 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының "Қаржылық лизинг туралы" Заңында қаржы лизинг инвестициялық қызмет түрі ретінде анықталады. Экономиканы көтеру үшін инвестициялардың маңызы бірнеше рет Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаев айтып өткен инвестициялық қызметтің тиісті заңнамалық негізі қалыптасқан. Жоғарыда көрсетілген заң оны елеулі толықтырады.

Азаматтық-құқықтық әдебиетте, басқа мүлік жалдау шарттарының  арасында лизинг шартына, әдетте ерекше орын бөлінеді. Осымен келісуге, лизинг шартының ерекше мәні іс жүзінде бар болып келетінін айтуға болады. Осы пікірді лизинг шартының көлемінде басқа мүлік жалдау шарттарына қарағанда қатынастардың күрделілеу жүйесі болып келетіні растайды.

Лизингтің инвестициялық  қызмет ретінде бағалануы да оның ерекшелігіне өз үлесін қосады, тағы басқа да бұның себептері орын алып келеді.

Ең алғаш лизинг АҚШ-та өткен ғасырдың орта шенінде пайда  болды. Қазіргі уақытта ол негізінен  бүкіл елдерде қолданылады, арнайы заңдық реттеу жоқ, олардың кейбіреулерінде  лизинг сот тәжірибесінде танылды.

Лизинг шарты бойынша  лизинг беруші лизинг алушы көрсеткен  мүлікті сатушы меншігіне сатып  алуға және лизинг алушыға осы  мүлікті ақы төлеп уақытша  иеленуге және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға беруге міндеттенеді.

Сондықтан, лизинг мақсаттары үшін екі құқықтық қатынас жүзеге асады:

1) лизинг берушінің  сатушының (үшінші түлға) қатысуымен  сатып алу-сату;

2) лизинг берушінің  және лизинг алушының қатысуымен  мүлік жалдау.

Осымен, лизинг шартына  қатысушылардың құқықтық байланыстары шектелмейді, белгілі құқықтар мен міндеттер лизинг берушінің және лизинг алушының араларында пайда болады.

Лизингтің тағы бір ерекшелігі, лизинг беруші тарап қаржылық қызметті жүзеге асыруды көздейтінінде болып  келеді. Лизингті жаңа заңнамалық реттеу бұны ескереді. Мысалы лизинг беруші лизингке берілген мүліктің 80% немесе одан асатын мөлшерде  амортизациясын қамтамасыз ететін мерзімге дейін ақы алып тұруға қүқылы. Лизинг беруші лизинг алушының лизинг шарты талаптарын орындағанына бақылау жасауға құқылы (ҚР "Қаржылық лизинг туралы" Заңының 2-бөл. 11-6.) осыдан да лизинг беруші құқықтарының (құқықтық жағдайының) ерекшелігі көрінеді. Лизинг инвестиииялық қызмет болып бағаланғасын осыған қатысты лизинг берушіге қосымша кепілдіктер қарастырылады. Лизинг алушы банкроты болған жағдайда лизингтің нысанасы конкурстық массасына қосылмайды.

Қаржылық лизингтің  мәнісі және ерекшелігі оның түрлік сипаттамасы  арқылы көрінеді. Қаржы лизинг нысандарын ажыратады. Оларға мыналар жатады: а) ішкі лизинг, оны жүзеге асырған  кезде лизинг беруші, лизинг алушы және сатушы Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылады; б) халықаралық лизинг. Халықаралық лизингті жүзеге асырған кезде лизинг беруші немесе лизинг алушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайды. Егер сатушы резиденті болмаса, заң лизинг қандай нысанға жататынын айтпайды, біздің ойымызша, ол халықаралық лизингке жатуы мүмкін.

Қаржы лизинг түрлері  мыналар болады: 1) қайтарымды лизинг. Ол орын алса сатушы лизинг нысанасын  лизинг берушіге осы лизинг нысанасын  лизинг алушы ретінде лизингке кері қайтарып алу талабымен сатады; 2) банктік лизинг — лизинггің бір түрі, мұнда лизинг беруші банк болып келеді; 3) толық лизинг — лизингтің бір түрі, ол бойынша лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетуді жөне оның ағымдағы жөндеуін лизинг беруші жүзеге асырады. 4) таза лизинг лизингтің бүл түрі бойынша лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетуді және оның ағымдағы жөндеуін лизинг алушы жүзеге асырады.

Сонымен қатар, қаржы  лизинг шарттардың орта және ұзақ мерзімді сипаттамалары бойынша, жабдықтардың құнының толық немесе үлкен бөлігінің амортизациясымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, мерзімі өнімнің қызметі мерзімінен аз болып келетін басқа лизинг шарттарынан қысқалау мерзімге жасалатын ағымдағы (қысқа мерзімді) лизингте болуы мүмкін. Ондай лизингте жабдықтың толық емес амортизациясы орын алады. Содан кейін ол қайтадан лизингке беріледі немесе лизинг берушіге қайтарылады. Осы лизинг түрі көбіне жабдық өндірушілерден, сауда компанияларымен ұсынылады.

Айтылған лизинг қатынастардың  кең қатарын қамыта алатынын сипаттайды (көрсетеді). Лизинг шарты лизинг мерзімін таңдау бойынша, тараптардың белгілі құқықтар меи міндеттерін жиынтығын анықтау бойынша үлкен мүмкіншіліктерді береді.

Лизинг шартында үш субъект  қатысса да: сатушы, лизинг беруші, лизинг алушы, ол екі тарапты шарт болып табылады. Егер сатушы болмаған жағдайда, шарттық қатынас анық ерекшелігі жоқ қай мүлік талдау болып табылады. Лизинг шартын жасасқан кезде екі шарттық құқықтық қатынас пайда болады — сатып алу-сату шарты және мүлік жалдау шарты.

Бірінші шарт бойынша, құқықтық байланыс сатушы және лизинг алушы  арасында лизинг беруші арқылы пайда  болады, сатып алу-сату шарты оның пайдасына жартылай жасалады (меншік құқығын берген жағынан емес, ал тауардың сапасына байланысты талаптары бойынша). Бұл ақыл ойға сыйысады себебі нақты тұтынушы болып лизинг алушы келеді. Сонымен қатар мүлікті сату, лизинг арқылы болса да сатушының мүддесі болып табылады. Сондықтан, ол кімнің алдында жауапты болатынында аса мән болмайды, ол жауапкершілікті берушінің немесе лизинг  алушьшың  алдында  көтереді ме оның айырмашылығы жоқ. Сатушы тауарлардың кемшіліктері үшіи жауапкершілігін реттейтін (анықтайтын) заңнамаға бағынуға міндетті. Онда ешқандай жаңалық жоқ, лизинг  шартындағы өндіруші жағдайды бөлшектеп сатып алу-сату шарты арқылы тұтынушы алдындағы жауапкершілікті салыстыруға болады. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты негізіндегі қатынаста өндірушінің және тұтынушының тікелей шарттық қатынасы болмайды. Сол сияқты лизинг шартында да сатушының және лизинг алушының тікелей шарттық қатынастары жоқ. Олардың қатынасы жоғарыда айтылғандай үшінші тұлға пайдасына жасалған шартпен қамтамасыз етіледі. Осыда бірақ лизингтің бөлшектеп алу-сату шартынан ерекшелігі көрінеді. Соңғыда жанама шарттық қатынастар да жоқ. Өндірушінің тұтынушы алдындағы тікелей заңға сәйкес пайда болады.

Өз жағымыздан қосып  мынаны айтып кету керек. Көрсетілгендей жауапкершілік механизмі (тетігі) аса  қажетті. Лизинг шартының нысанасы болып  жиі-жиі күрделі жабдықтар келеді. Оның сапасы үшін жауапкершілікті толық көлемде (шын мәнде) тек өндіруші көтеруі мүмкін. Сондықтан міндеттермен қосыла тұрмыс етеді. Құқықтармен міндеттердің осындай үйлестірілуі оның барлық қатысушыларына тиімді болып табылады  және оның (лизинг  шартынын)   басқа мүлік жалдау   шарттарынан айырмашылығын (ерекшелігін) бейнелейді. Бірақ лизингте арендалық (мүлік жалдау) қатынастары сатып алу-сату шартынан туындайтын қатынастарға (құқықтармен міндеттерге) қарағанда басым болып келеді.

Кәсіпкерлік қызметтің  субъектілері арасында жасалатын мүлік жалдау шартына жатқызылуына байланысты лизинг шарты жазбаша нысанда жасалуы керек.

Информация о работе Мүлік жалдау шартының жекелеген түрлері