Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2014 в 22:11, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1995 жылы маусым айында елімізде жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылдады. Қаулыда құқықтық оқуды мектептерде бастауыш сыныптардан бастап неғұрлым кең көлемде енгізу қажеттілігі атап көрсетілді. Құқықтық білімге терең назар аударудың бірқатар себептері бар. Қазақстан дербес тәуелсіз мемлекет болды. Өткен жылдардың ішінде жаңа мемлекеттік органдар - Президент әкімшілігі, Парламент, Үкімет, Конституциялық кеңес т.б. құрылды. Олар жаңа қоғамды ұйымдастыруға бағытталған қызметтер атқаруда. 1995 жылдың тамыз айында бүкілхалықтық дауыс беру нәтижесінде қабылданған жаңа Конституция жана мемлекеттік органдарды зандастырып қана қойған жоқ, сонымен бірге әрбір жеке адам мен азаматтың кең көлемді демократиялық құқықтары мен бостандықтарын баянды етті.
Кіріспе..........................................................................................................2
Мүлік жалдау шартының ұғымы және элементтері...........................5
1.1. Мүлік жалдау шартының ұғымы........................................................5
1.2. Мүлік жалдау шартының нысанасы...................................................8
1.3. Мүлік жалдау шартының мазмұны...................................................15
1.4. Мүлік жалдау шарты бойынша тараптардың құқықтары мен
міндеттері...................................................................................................24
2. Мүлік жалдау шартының жекелеген түрлері.....................................37
2.1. Лизинг.................................................................................................37
2.2. Кәсіпорындарды, үйлерді және ғимараттарды жалдау шарты......46
2.3. Үйлер мен ғимараттарды жалдау.....................................................50
Қорытынды................................................................................................53
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................55
Лизинг шартының елеулі жағдайларына нысана (объекті) туралы жағдаймен қатар тағы да бірнеше жағдайлар жатады. Лизинг беруші лизинг алушы мен мүлік сатушының тұлғасы жөнінде бір пікірге келу керек. Шартта мүлікті лизинг алушыға беру мерзімі және жағдайлары, төленетін төлемдердің мерзімділігі және мөлшері, шарттың мерзімі көзделуге тиіс. Егер мүлік лизинг алушының меншігіне өтетіні болжанса, онда меншік құқығы өтуіне қатысты жағдайлар да көзделуі тиіс.
Лизинг шартының элементтері
Лизинг шартының тараптары ретінде лизинг беруші және лизинг алушы қатысады. Лизинг беруші - тартылған ақша және (немесе) өз ақшасы есебінен лизинг нысанасын өз меншігіне сатып алатын және оны лизинг шартының талаптары негізінде лизинг алушыға беретін лизинг мәмілесіне қатысушы. Лизинг беруші ретінде заңды тұлғалар және жеке кәсіпкер ретінде танылатын жеке тұлғалар болуы мүмкін. Лизинг шарттарында коммерциялық емес занды тұлғалардың лизинг беруші ретінде қатысуы шектеледі, ол олардың жарғылық мақсаттарына қайшы келеді, себебі, алдында көрсетілгендей лизинг шарты мамандандырылған мінезі бар қаржылық (кәсіпкерлік) қызметті қамтамасыз етеді.
Лизинг алушы-лизинг шартының талаптарына орай кәсіпкерлік мақсаттар үшін лизинг нысанасын қабылдайтын лизинг мәмілесіне қатысушы. Олар, кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар болуы мүмкін.
Мәміленің үшінші қатысушысы - сатушы, лизинг нысанасын сатып алу-сату шарты және (немесе) лизинг шарты негізінде оны бұдан кейін лизинг шартының талаптарымен лизинг алушыға беру мақсатында лизинг берушінің өткізетін лизинг мәмілесіне қатысушы.
Сатушы бір мезгілде лизинг нысанасының лизинг алушысы ретінде (қайтару лизингі) іс-қимыл жасай алады. (Қазақстан Республикасының "Қаржылық лизинг туралы" Заңының 2-б).
Лизинг шартының пәні ретінде кәсіпкерлік мақсатта пайдаланатын жарамды, тұтынылмайтын заттар болуы мүмкін. Оларға үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлік құралдары, жер учаскелері және т.б. жатады. Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы бола алмайды (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 566-б. 2-бөлігі, Қазақстан Республикасының "Қаржылық лизинг туралы" Заңының 4-6, 2-тармағы). Заң актілерінде заттар мен жер учаскелерінің жекелеген санаттарын лизинг нысанасы ретінде пайдалануға өзге де шектеулер белгіленуі мүмкін.
Лизинг шартының мазмұны
Лизинг беруші:
1) лизинг алушымен келісілген лизинг нысанасын шартының талаптарымен лизинг алушыға беру үшін оны сатушыдан өз меншігіне сатып алуға міндетті. Сонымен қатар, сатып алу-сату шартын жасаған кезде лизинг нысанасы белгілі бір сатып алушыға лизингке беруге арналғаны туралы сатушыға жазбаша хабарлауға міндетті. Сондықтан, сатушыға лизинг алушының жеке басы және лизинг шартының жағдайы мәнге ие. Олар жөніндегі көзқарас сатушыға өзінің мүмкіндік қауіп-қатерін есептеуге, мүлік тағайындаудың бағалауға мүмкіндік береді;
2) лизинг нысанасын лизинг алушыға беруін қамтамасыз етуге міндетті. Лизинг нысанасын оған нақты беру сатушымен жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, лизинг беруші лизинг алушы үшін мүлік сатып ала отырып, мүліктің белгілі бір тұлғаға лизинг ретінде беруге арналғандығы туралы сатушыны хабардар етуге тиіс. Егер лизинг шартында немесе сатып алу-сату шартында өзгеше көзделмеген болса, сатушы лизинг нысанасын тікелей лизинг алушыға оның жүрген жерінде береді.
Басқа да беру ерекшеліктері лизинг шартында көзделуі мүмкін. Лизинг нысанасы лизинг берушінің өзімен берілетіні де көзделуі мүмкін.
Лизинг беруші лизинг алушыдан лизинг нысанасын мынадай жағдайларды талап етуге құқылы:
а) егер лизинг алушы нысанасын пайдаланылуы лизинг шартының жағдайларына немесе лизинг нысанасын қызметіне сәйкес келмесе;
б) егер лизинг алушы берушіге лизинг нысанасын көруге шектеу жасаса;
в) егер лизинг алушы лизинг шартымен белгіленген мерзімі өткеннен кейін екі және оан да көп лизинг төлемдерін төлемесе.
Лизинг берушінің бірқатар құқықтары мен міндеттері қарапайым мүлік жалдау шарттарында сияқты болып келуі. Кейбір ерекшеліктерінен басқа, лизинг алушының және кәдімгі жалға алушының құқықтары мен міндеттері бір-біріне сәйкес келеді. Лизинг алушының құқықтарының ерекшелігі мынадай:
1) лизинг нысанасының сапасына және жиынтықтылығына, оны жеткізу мерзіміне қатысты және сатушы мен лизинг беруші арасында жасалған шарт тиісті дәрежеде орындалмаған басқа да жағдайларда сатушыға талап қоюға құқылы;
2) егер лизинг нысанасы тиісті кемшіліктермен жеткізілсе, лизинг нысанасын қызметі бойынша пайдалануына кедергі жасаса, лизинг нысанасын ауыстыруға талап етуге құқылы.
Лизинг алушы нысанасын көруі не кедергі жасамауға міндетті.
Лизинггің нысанасы болып табылатын мүліктің кездейсоқ жойылу немесе бүліну қаупі, мүлікті берген кезде лизинг алушыға ауысады. Осыдан лизинг шартының кәсіпкерлік сипаттамасы көрінеді. Шартпен осындай мүліктің кездейсоқ жойылу немесе бүліну қаупінің өзге де бөлінуі көзделуі мүмкін.
Лизинг берушінің, лизинг алушының және сатушының жауапкершілігі лизинг шартында белгіленеді. Лизинг нысанасын сатушы мен лизинг берушінің арасында жасалған сатып алу-сату шартын орындау жөнінде атап айтқанда, лизинг нысанасының сапасы мен жиынтықтылығына, оны беру мерзіміне қатысты және сатушы шартты тиісті дәрежеде орындамаған басқа да жағдайларда тікелей лизинг алушының алдында жауапты болады. Сатушымен қатынастарда лизинг алушы мен лизинг беруші бірлескен несие берушілер болып келеді.
Егер лизинг шартында өзгеше көзделмесе, сатушыны таңдау құқығы лизинг алушыда болған жағдайларды қоспағанда, лизинг беруші лизинг алушының алдында сатушының сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды орындалуы үшін жауап бермейді. Сатушыны лизинг беруші талдайтын жағдайда лизинг алушы сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды тікелей өз қалауы бойынша оның алдында жауапкершілік көтеретін мүлікті сатушыға да, лизинг алушыға да қоюға құқылы. Лизинг беруші сатып алу-сату нысанасы болып табылатын мүлікті лизингке тапсыру туралы сатушыға хабарлау жөніндегі міндетін бұзған жағдайда лизинг беруші сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды сатушының орындауы үшін лизинг алушының алдында толық жауапты болады.
Лизинг шартын өзгерту және бұзу
Лизинг шарты тараптардың бірінің талап етуі бойынша өзгертілуі немесе сот тәртібімен мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін. Мерзімінен бұрын бұзылуының негізі жалпы ережелерге сүйенеді. Олар болып, лизинг беруші немесе лизинг алушы шарттың елеулі жағдайларын бұзғандығы болып табылады.
Кәсіпорынды жалдау шарты және үйлерді, ғимараттарды жалдау шарты азаматтық заңымен мүлік жалдау шартының жеке түрі ретінде қарастырылады. Оларға арналған нормалар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 29-тарауындағы § 3 және § 4 сәйкес қарастырылған. Олар үшін жалпы болып табылатыны осы екі шартта жылжымайтын мүлікті жалдауга байланысты жасалатыны. Сонымен қатар, кәсіпорын - жылжымайтын мүліктің ерекше түрі — мүлік кешені болып табылады, кәсіпорынның қызметі жылжымайтын мүліктің басқа түрлерінің қызметінен ерекшеленуіне сәйкес, көрсетілген шарттардың мазмұнында ерекшеліктер бар.
Кәсіпорынды жалдау шарты бойынша жалға беруші жалға алушыға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы үшін кәсіпорынды ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсіпорынды толығымен біртұтас мүлік кешені ретінде пайдалануға, оның ішінде құқық иесінің фирмалық атауына және (немесе) коммерциялық белгісіне, қорғалатын коммерциялық ақпараттың құқығын, сондай-ақ жалға берушінің басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ құқықтар мен міндеттерін қоспағанда, шартта көзделген басқа да айрықша құқықтық объектілерді - тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін және т.б. (айрықша құқықтар кешенін) беруге міндеттеледі.
Кәсіпорынды жалдау шарты консенсуалды, өзара және қайтарымды шарт болып табылады. Жалға алушыға мүлікті иеленуге жөне пайдалануға немесе тек қана пайдалануға мүмкіндік беретін мүлік жалдау шартының жалпы ережелерінен ерекшелігі — кәсіпорынды жалдау шартын реттейтін нормалар кәсіпорынды тек біруақтылы иелену мен пайдалануға беруді қарастырады. Бұның себебі бар. Жалға алушыға кәсіпкер болғандықтан кәсіпорынды алғасын оған мүліктік кешен ретінде толық жауапты болады (кәсіпорынның тұтасымен сақталуына жауап береді).
Кәсіпорынды жалдау шартының нысаны
Бұл шарт заңға сәйкес
жазбаша нысанда жасалады. Жазбаша
нысанда жасалатын басқа
Заң кәсіпорынды жалдау шартының елеулі жағдайларына тікелей талаптарды атамайды. Сонымен қатар, мүлік жалдау дағдылы шарттарына қарағанда бұл жағдайда нысана туралы жағдай өте маңызды болып саналады және берілетін мүліктік кешеннің барлық құрамдарын туралап тізімдеу қажет. Осымен бірге, үйлер мен ғимараттарды жалдау туралы ережелер кәсіпорынды жалдауға да қолданылатынын мен ғимараттарды жалдау туралы ережелер кәсіпорынды жалдауға да қолданылатынын көрсететін ҚР АК 583-б. 2-тармағында ескеру қажет. Сондықтан кәсіпорынды жалдау шартының елеулі жағдайларына жалдау ақысының мөлшерін де жатқызуға болады.
Кәсіпорынды жалдау шартының элементтері
Кәсіпорынды, жалдау шартының
тараптары болып азаматтық-
Жалға алушылар болып коммерциялық заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер табылады. Коммерциялық емес занды тұлғалар рұқсат берілген кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін кәсіпорынды жалға алуларына болады. Жалға алушы болып кәсіпкерлік қызметті енді жүргізуін жоспарлаған жеке тұлға да бола алады. Барлық жағдайда, жалға алушының тарапы жағынан шарттың субъектілік құрамы жалға тапсырылатын мүліктік кешеннің кәсіпкерлік мақсатта тағайындалатынымен белгіленеді. Заң бірнеше тұлғаларға кәсіпорынды бөліп жалға беруді қарастырмайды, егер ол орын алса, онда мүлік жалдауға үйлер мен ғимараттарды жалдау туралы, бірақ кәсіпорынды жалдау туралы емес, жалпы ережелер қолданылады. Кәсіпорынды бөліп жалға беруден, жалға алушы тарапы жағынан тұлғалардың көпшілігін ажырату қажет.
Шарттың нысаны болып кәсіпорын келеді. Ол бұдан бұрын көрсетілгендей (кәсіпорынды сатып алу-сату шарты бойынша) өзінің жұмыс істеуіне қажетті мүліктің барлық турлерін өз құрамына кіргізеді: ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды, шаруашылық қосымша заттарды, шикізат, өнімдерді, жер учаскелеріне құқықтарды, талап құқықтарын, қарыздарды және фирмалық атауына, тауар белгісше және басқа да интеллектуалдық меншікке құқықтарды. Сонымен, кәсіпорын құрамына азаматтық құқықтар объектісінің екі топтары кіреді:
1) заттар;
2) мүліктік құқықтар.
Бұл мүлікті жалға бергенде заттардың құқықтық режимін және мүліктік құқықтардың құқықтық режимін, соның ішінде интеллектуалдық меншікке құқықтарды жүзеге асырудың тәртібін сақталуды талап етеді. Жалдау шарты бойынша, талап етуге құқықтың бершуінің ерекшелігі жалға берушінің атынан жалға алушы оларды алады және жалға берушінің борышкерлері қарыздарды қайтару арқылы пайда болған мүлікке меншік құқығы емес, жалдау құқығы бекітіледі. Мүліктік кешен-кәсіпорын құрамына кіретін тектік тұтынылатын заттар мүлік жалдаудың нысанасы болып объективті келе алмайды. Осыған сәйкес, бүл жағдайда мазмұны бойынша заем қатынастарына ұқсас болып келетін, бірақ кәсіпорынды жалдау шартының нормаларымен кешенді реттелетін қатынастар пайда болады. Жалға алушы тектік заттарға меншік құқығына ие болады және келісілген мерзімде осындай мүлікті немесе оның ақшалай эквивалентін (баламасын) қайтаруға міндетті болады. Басқа жақтан, заем шарты бойынша сыйақыны төлеуге қарасты заем берушімен заем алушының құқықтары мен міндеттері дәстүрлі нысанда мұнда жоқ болады.
Жалға берушінің тиісті қызметпен айналысуға берілген лицензия негізінде алған құқықтары, егер занда өзгеше белгіленбесе жалға алушыға берілмеуге тиіс.
Жалға алушыға борыштарын аударғаны туралы жалға беруші өзінің несие берушілеріне жалдау шарты жасалғанға дейін жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Олар осындай аударумен келіспеген жағдайда хабарлама алған күннен бастап үш айдың ішінде жалға берушіден тиісті міндеттемелерді тоқтатуын немесе мерзімінен бүрын орындауын және залалды өтеуін талап етуге құқылы. Егер көрсетілген мерзімде осы талаптардың ешқайсысына қойылмаса, несие беруші тиісті борышты жалға алушыға аударуға келісімін берді деп танылады.
Кәсіпорынды жалдау шартының мазмұны
Жалға беруші мүлік жалдаудың басқа да шарттары бойынша сияқты жалға алушыға мүлікті беруге міңдетті. Жалға берушіге кәсіпорынды жалға беруге дайындықпен байланысты ауыртпашылықтар жүктеледі. Оның берілуі өткізу актісі бойынша жасалады. Өткізу актісін жасау мен қол қоюға ұсынуды қоса алғанда жалға берушінің міндеті болып табылады және оның есебінен жүзеге асырылады. Егер кәсіпорында борыштар болса, кәсіпорын жалға алушыға берушіден міндеттемелерді тоқтатуды немесе мерзімінен бұрын орындауды талап еткен несие берушілермен есеп айырысу аяқталғаннан кейін ғана берілуі мүмкін. Жалға алушының басты міндеті жалданған кәсіпорынды шарт жағдайларына және оның құрамына кіретін мүліктің тағайындалуына сәйкес пайдалануды және арендалық төлемдерді (ақыны) төлеуде болып келеді.