Мұрагерлі мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін қорғаушылардың шара қолдануы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2013 в 10:37, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Мұра қалдырушының өлімі оның өзіне және мұрагерге, сонымен қатар, басқа да тұлғаларға құқық тарапынан ауыртпалық әкелуі мүмкін. Бұның өзі таңдаған тақырыптың өзектілігін көрсетеді. Неге? Себебі ол әртүрлі болуы мүмкін.
1-ден көптеген азаматтарды өлімнен кейін мұрагерлік құқыққа сай нормалармен бөлінетін мүлік ретін қолдайды. Бұл түсінікті жағдай, өйткені заң бойынша мұрагерлер ең жақын туыстары болып табылады.
2-ден ажал кезкелген уақытта болуы мүмкін. Сондықтан кей адамдар өсиетті жазып үлгермейді.

Вложенные файлы: 1 файл

дипломдық жұмыс.docx

— 143.38 Кб (Скачать файл)

 

Л.И. Петровадан және В.И. Петровадан,

Алматы қ., Брусиловский к. 64 тұратын.

 

АРЫЗ

           Сізді  біздің әпкемізді мирас қалдырушының  қызы – Ирина Ивановна Морозованы  мұрагерлікке құқығы жөніде куәліке  енгізуіңізді, И.И.Морозованың тууы  туралы актілік жазба АХАЖ  органдарында сақталмағандықтан  туыстық қатынастардың дәйектілігі  жөнінде соттың шешімін талап  етпеуіңізді сұраймыз.

          Облыстық  АХАЖ мұрағатының И.И. Морозованың  тууы жөнінде актілік жазбаның  жоқтығы туралы анықтамасы бар.

 

Күні, айы, жылы _________________

Қолдары: 1.______________________

2.______________________

 

Қолдар менің (нотариустың)  алдында  өз қолдарымен қойылды.

 

           Л.И.  Петрованың және В.И. Петрованың  жеке басы белгіленген, №000006923, 1998ж. 15 наурызда Қазақстан Республикасының  ІІБ берілген және № 000102039, 1996ж. 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының  ІІБ берілген жеке куәліктері  тексерілген.

           Мұрагерлердің  біреуімен басқа мұрагерлердің  бар екендігі жөнінде мәлімет  әдейі жасырылынса, берілген куәлік  заңды емес болып танылады. Бірақ  мұндай жағдайда жауапкершілік  нотариусқа емес, кінәлі болып  саналған мұрагерге артылады.

           Мұрагердің  мұндай тәріздес істері оның лайықсыз мұрагер деп танылуына негіз болып саналуы мүмкін[43].

 

 

  • 3.2 Мұрагерлі мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін  қорғаушылардың шара қолдануы
  •  

              Мұрагерлі  мүліктің сақталуын қамтамасыз  ету үшін және оған зиян  келтіру, жою және ұрлау мүмкіншілігін  болдырмау үшін оны қорғаушылардың  шара қолдануының қажеттілігі  пайда болады.

              Мұраны  ашу орны бойынша нотариуспен  бір немесе бірнеше мұрагерлердің  заң бойынша, сонымен қатар  егер мұрагерлер заң бойынша  жоқ болса немесе белгісіз  болса – жергілікті атқарушы  органның өтініші бойынша мүлікке  сенімді басқарушы тағайындалады[44].

              Мүлікпен  сенімді басқарушы мұрагерлі  мүлікті қорғау бойынша шараларды  Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексінің 1059 бабына сәйкес жүзеге  асырады.

              Өсиет қалдырушы өсиеттi орындауды мұрагер болып табылмайтын, өсиетте өзi көрсеткен адамға (өсиеттi орындаушыға, өсиет жүктелген өкiлге) тапсыра алады. Бұл адамның өсиеттi орындаушы болуға келiсiмi оның не өсиеттiѕ өзiне өз қолымен жазған жазбада не өсиетке қоса берiлген өтiнiште көрсетiлуге тиiс. Егер өсиетте оның орындаушысы көрсетiлмесе, мұрагерлер өзара келiсiм бойынша өсиеттi орындауды мұрагерлердiң бiрiне не басқа адамға тапсыруға құқылы. Мұндай келiсiмге қол жетпеген жағдайда бiр немесе бiрнеше мұрагердiң талап етуiмен өсиеттi орындаушыны сот тағайындауы мүмкiн.  
          Өсиеттi орындаушы өсиет бойынша мұрагерлердi бұл жөнiнде күнi бўрын хабардар етiп, өзiне өсиет қалдырушы жүктеген мiндеттердi атқарудан кез келген уақытта бас тартуға құқылы. Өсиеттi орындаушы өз мiндеттерiнен мұрагерлердiң арызымен соттың шешiмi бойынша да босатылуы мүмкiн. 

    1. Өсиеттi орындаушы:
      1. мұраны қорғауды және оны басқаруды жүзеге асыруға; 
      2. мұраның өз пайдасына ашылуы туралы барлық мұрагерлер мен бас

    тартылушыларды хабардар ету үшiн мүмкiн болған барлық шараларды қолдануға; 

      1. мұра қалдырушыға тиесiлi ақша сомасын алуєа;
      2. мұра қалдырушының еркi мен заң актiлерiне сәйкес мұрагерлерге өздерiне

    тиесiлi мүлiктi беруге;

      1. мұрагерлердiң оларға жүктелген өсиеттiк бас тартуды орындауын қамтамасыз

    етуге;

      1. өсиеттiк жүктеудi атқаруға не өсиет бойынша мұрагерлерден өсиеттiк жүктеудi

    атқаруды талап етуге; 

      1. мұраны борыштардан тазартуға тиiс.
    1. Өсиеттi орындаушы өз атынан сот iстерiне және мұраны басқару мен өсиеттi

    орындауға байланысты басқа iстерге араласуға құқылы, сондай-ақ мұндай iстерге қатысуға тартылуы мүмкiн.

    1. Өсиеттi орындаушы мұраны борыштардан тазарту, мұра қалдырушыға тиесiлi

    сомаларды өндiрiп алу және барлық мұрагерлердiң мұраны иеленуге кiрiсуi үшiн қажеттi қисынды мерзiм iшiнде өз қызметiн жүзеге асырады.

    1. Өсиеттi орындаушының мұраны басқару мен өсиеттi орындау жөнiндегi

    қажеттi шығындарды мұраның есебiнен өтеуге құқығы бар. Өсиетте өсиеттi орындаушыға мұраның есебiнен сыйақы төлеу көзделуi мүмкiн.

    1. Өсиет орындалғаннан кейiн өсиеттi орындаушы мұрагерлерге олардың талап

    етуi бойынша есеп беруге мiндеттi.

      Хабар  жазбаша, ауызша, телефон арқылы  ма, қандай түрде орындалса да, ол нотариуспен мұрагерлі мүлікті  қорғау үшін шара қолдану бойынша  арыздардың есеп кітабында тіркелу  керек.

     Қорғау  мерзімі – барлық мұрагерлердің  мұраны қабылдау мерзіміне дейін,  егер ол мұраның ашылу күнінен  алты айға дейін қабылданбаса[45].

     Мұрагерлік құқықтық қатынастарға байланысты істерді қараудың  сот практикасына жүргізілген қорыту республика соттарының мұрагерлік құқық нормаларын негізінен дұрыс қолданатынын көрсетті.

     Сонымен қатар, сот практикасын зерделеу барысында белгілі бір мәселені шешу кезінде материалдық құқық нормаларының әр түрлі қолданылатыны да анықталды.

     Азаматтық кодекстің (бұдан әрі - АК) 1043-бабына сәйкес, мұра қалдырушының соңғы тұрған жерi, ал егер ол белгiсiз болса, мүлiктiң немесе оның негiзгi бөлiгiнiң орналасқан жерi мұраның ашылу орны болып табылады. Мұра қалдырушының тұрған жерін анықтау кейіннен мұрагерлердің мұраға құқығы туралы куәлігін алу үшін қажет. Кей жағдайда  азамат өзінің тұрақты тұратын мекенінен жырақта, мысалы, емдеу орнында, ауруханада немесе басқа жерде қайтыс болуы мүмкін.

              Осы орайда төмендегі деректі келтіре кеткен жөн. Можарова Тараз қаласы, Сағындықов көшесі, №8 үй, №28 пәтер мекен-жайы бойынша өзімен бірге тұратын анасының   12.04.2002 жылы қайтыс болуына байланысты мұраның ашылу орнын анықтау туралы сотқа арыз берген. Алайда, анасының қайтыс болғаны туралы куәлiкте марқұмның қайтыс болған орны Шымкент қаласы деп көрсетілгендіктен (ол сол кезде туыстарының үйінде қонақта болған) оған мұраға құқығы туралы куәлік берілмеген. Арыз иесі уәждерін растау үшін анасының мұрагерлік мүлік тұрған тұрғылықты жері туралы "Турксиб-2” ПИК-тің анықтамасын, сондай-ақ, өзінің бірінші кезектегі мұрагерлердің қатарына жататыны туралы дәлелдемені де келтірген.

           Тараз қалалық сотының 2004 жылғы 27 қаңтардағы шешімімен арыз қанағаттандырылып, сот мұраның ашылу орны Жамбыл облысының Тараз қаласы екенін анықтады[46].

           Басқа іс бойынша осы қалалық сот азаматша Ахиллованың күйеуі қайтыс болғаннан кейін ашылған мұраның ашылу орнын анықтау туралы арызын қанағаттандырды. Қайтыс болған адам тұрған жері бойынша (Тараз қаласы, Разин көшесі, 5 үй)  тіркелмегендіктен нотариаттық әрекет жасалмаған. Сот шешімді негіздей отырып, қайтыс болған  Баймаханов пен арызданушы Ахиллованың арасындағы некенің тіркелгенін, олардың  қайтыс болған адамға меншік құқығымен тиесілі үйде бірге тұрғанын, қайтыс болу туралы куәлiкті Тараз қаласындағы АХАЖ-дың бергенін атап көрсетті.

     

     

    Үлгі:

    ҚАУЛЫ

    сенімді басқарушыны тағайындау туралы

     

    Алматы қ.                                                                                        2002ж. 12 шілде

     

                Мен, аты–жөні, № _______,_________ж. Қазақстан  Республикасының Әділет Минирстрлігімен берілген лицензияның негізінде әрекеттеніп, Арман Шәріпұлы Шәріповтв, 16   маусым 1964 жылы туған, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысыны, Дружба с. тумасын, Алматы қ., Орбита-2 мкр., 6 үй, 17 кв. тұратын, жеке куәлігі № 000987893,                                      Қазақстан Республикасының ІІБ 1995ж. 6 тамызында берілген, мұрагерлі мүліктің қорғауына шара қолдану үшін тағайындаймын. Мұрагерлік мүлік Анвар Вахидович Даировтың 2002ж. 9 мауысым күнгі өлімінен кейін қалған. Мүлік   № ___________, ______ж. басылған мүліктің тізіміне енгізілген Алматы қ. «Дубок» мкр,.                            6 үйде орналасқан үй құрылысынан тұрады.

              Сенімді  басқарушы оған тапсырылған мұрагер мүлігінің сақталуына жауапты екендігі жөнінде  алдын ала және мұрагерлерге шығын шығаратын болса, қылмысты және материалды жауапкершілік көтеретіні жөнінде ескертілді.

     

    2002ж. 12 маусым

    Нотариус _______

     

               Сенімді  басқарушының оны сенміді басқарушы  етіп тағайындау жөнінде Қаулыны  және мүліктің №_______, _________ж. басылған  мирас қалдырушының тізімінің  актісін алу жөнінде қолы.

     

    Күні, айы, қолы ____________

    Қолы _____________________

     

     

    3.3 Мұрадан бас тарту

     

            Ерте ме, кеш пе, әрбір азамат мұрагерлік құқықтарын ресімдеу қажеттілігімен кездеседі. Сот тәжірибесі көрсетіп отырғандай, кейбір жағдайларда туыстық қарым-қатынастардан мүліктік мүдде маңыздырақ болып, мұраға таласқан туысқандар бір-біріне жау болып кетуі де мүмкін. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1072-бабына сәйкес мұралық мүлікті иелену үшін мұрагер оны қабылдауы тиіс[48]. Бұрын, ҚазКСР-ның Азаматтық кодексі қолданыста болған кезде (1999 жылғы 1 шілдеге дейін) мұралық құқықтарды мұра қалдырушы адам қайтыс болғаннан кейін алты ай өткеннен кейін кез келген уақытта ресімдеу мүмкіндігі болатын. Қазір де тұрғындар осы тәртіп қолданылады деп ойлайды. Бірақ мына жағдайларды түсіндіріп өту қажет. Егер мұра қалдырушы адам 1999 жылғы 1 шілде мен 2007 жылғы 3 ақпан аралығында қайтыс болса, алты айдың ішінде нотариусқа мұраны қабылдау туралы арыз беру міндетті емес. Ол арызды мұра ашылғаннан соң алты ай өткеннен кейін де, бірнеше жыл өткеннен кейін де беруге болатын, тіпті қазір де беруге болады. Өйткені, осы кезеңде ешқандай мерзімдер белгіленген жоқ болатын. Егер мұра 2007 жылғы 3 ақпаннан кейін ашылса, жағдай басқаша. Қолданыстағы Азаматтық кодекстің талаптарына сәйкес мұра қалдырушы қайтыс болғаннан кейін алты ай ішінде мұрагерлер міндетті түрде нотариалдық кеңсеге мұраны қабылдау немесе мұраны қабылдаудан бас тарту туралы арыз берулері керек. 1999 жылғы 1 шілге дейін немесе 2007 жылғы 3 ақпаннан кейін ашылған мұраны азамат белгіленген алты айлық мерзімде қабылдап үлгермесе, ол мерзімді сот арқылы қалпына келтіруге тура келеді. Және сот бұл мерзімді кез келген жағдайда қалпына келтіре бермейді. Ол үшін мұрагер себепті жағдайлар салдарынан мұраны уақытында қабылдай алмағанын (мысалы, науқастанып қалу, ұзақ мерзімді іс сапар және т.б.) дәлелдеуі қажет. Сонымен бірге, мұрагер сотқа мұраны қабылдауға кедергі болған себепті жағдайлар жойылғаннан кейін алты

     айдың ішінде жүгінуі тиіс.

              Сот тәжірибесінен мысал. Е.Николаев мұраны қабылдау мерзімін ұзарту туралы арызбен сотқа жүгінген. Ол арызында бірінші кезектегі мұрагер болып табылатынын, бірақ алты айлық мерзім ішінде мұраны қабылдау туралы арыз бермегендіктен, өзінің мұралық мүлкі болып табылатын пәтердің мешік иесі бола алмай отырғанын көрсеткен. Сотта анықталғандай, арызданушының мұралық мүлікті уақытында қабылдауға расында да мүмкіндігі болмаған. Өйткені, ол сәби кезінен отбасынан тыс, балалар үйінде, мектеп-интернатта, жеткіншектер үйінде өмір сүріп, сол жерлерде тәрбиеленген. Туысқандарынан бөлек өскен Е.Николаев әкесі қайтыс болып, мұра ашылғаны туралы білмеген және өзінің кәмелетке толмаған жасына байланысты оны білуге мүмкіндігі болмаған. Сот барлық мән-жайларды ескеріп, мұраны қабылдау мерзімі себепті жағдайларға байланысты өткізілген деп танып, Е.Николаевтың арызын қанағаттандырған. Егер белгіленген алты айлық мерзім өтіп кетсе, азаматтар мұрадан бас тарту құқығынан да айырылады. Мұндай жағдайда ол да сот арқылы қалпына келтіріледі. Сот істерінен мысал келтірейік. Азаматша Самойлованың күйеуі қайтыс болады. Бірінші кезектегі мұрагерлер – Самойлованың өзі, олардың күйеуі екеуінің ортақ қызы және күйеуінің бірінші некедегі ұлы. Қызы пәтердегі мұралық үлесінен шешесінің пайдасына бас тартады. Күйеуінің Ресейде тұратын ұлы да пәтерге таласпай, өз үлесінен Самойлованың пайдасына бас тартуға келісіп отыр, бірақ ол Ресейден мұрадан бас тарту туралы арызды алты ай өткеннен кейін ғана жолдаған. Сондықтан, нотариус мұралық пәтерді толық Самойлованың атына ресімдеуден бас тартқан. Бірақ, сот нотариустың әрекеттерін заңды деп таныды. ҚР Азаматтық кодексінің 1074-бабының 1-тармағында мұрада бас тарту үшін берілген алты айлық мерзiм өткеннен кейiн және мұра іс жүзінде қабылданған жағдайда мұрагер мұрадан бас тарту құқығын жоғалтады. Бұл алты айлық мерзім мұрагер өзiнiң мұрагерлiкке шақырылғандығы туралы бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен бастап есептеледі.  Егер мұрагер мұрагерлiктi iс жүзiнде қабылдағанын куәландыратын iс-әрекеттер жасаған болса, атап айтқанда, мұрагер: мұраға алынған мүлiктi иеленуге немесе басқаруға кiрiссе; мұраға алынған мүлiктi сақтау, оны қол сұғудан немесе үшiншi тұлғалардың талаптарынан қорғау жөнiнде шаралар қабылдаса; мұраға алынған мүлiктi ұстау шығыстарын өз есебiнен жүргiзсе; өз есебiнен мұра қалдырушының қарыздарын төлеген немесе мұра қалдырушыға тиесiлi ақшаны үшiншi тұлғалардан алған болса, өзгеше дәлелденгенге дейiн мұрагер мұраны қабылдады деп есептеледі. Алайда, сонда да, егер алты ай ішінде мұрагер нотариусқа мұраны қабылдау туралы арыз бермесе, осы жағдайда сотқа жүгінуге мәжбүр болады. Бірақ бұндай жағдайда мерзімді қалпына келтіру емес, мұраны қабылдау фактісін анықтау

    туралы арыз беріледі[48].

             Ерлі-зайыптылар  неке кезінде пәтер сатып алды  дейік. Күйеуі қайтыс болды.  Осы жағдайда пәтердің 1/2 бөлігі  ғана мұралық мүлік болады (өйткені  қалған жартысы тірі жүрген  әйеліне тиесілі). Азаматтық кодекстің  талаптарына сәйкес мұралық мүлік  бірінші кезектегі мұрагерлердің,  яғни мұра қалдырушының балалары, жұбайы (зайыбы) және ата-анасы арасында  тең мөлшерде бөлінеді. Осылайша, қайтыс болған адам өсиет қалдырмаса, мұралық мүлік (пәтердің қалған 1/2 бөлігі) оның әйелі, балалары  және ата-анасы арасында тең  бөлінеді. Ал қайтыс болған кісі  өсиет жазып кетсе, мұралық  мүлік соның мазмұнына сәйкес  үлестіріледі. 
            Өсиетті жарамсыз деп тану туралы талап-арыздар сот тәжірибесінде жиі кездеседі. Бұл жағдайларда мұрагерлер өсиеттің заңдылығына дау айтады. «Соттардың мұрагерлік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2009 жылғы 29 маусымдағы № 5 Нормативтік қаулысының 20-тармағында соттар мұрагерлер арасындағы өсиеттің заңдылығы туралы дауды қарау кезінде өсиеттің нысаны мен мазмұнына ерекше маңыз беретін заңды (АК-нің 153-бабының 2-тармағы, 154-бабының 1-тармағы, 1050, 1051, 1052-баптары) басшылыққа алуы керек деп көрсетілген. Өсиеттің жарамдылығы жоғарыда аталған талаптардың сақталу-сақталмауына тікелей байланысты. 
             ҚР Азаматтық кодексінің 1051- бабының 1-3-тармақтарына сәйкес нотариалды түрде куәландырылған өсиеттi өсиет қалдырушы өзі немесе өсиет қалдырушының айтуымен куәнің қатысуы арқылы нотариус жазуы тиiс. Өсиет қалдырушының айтуы бойынша нотариус жазған өсиеттi өсиетке қол қойылғанға дейiн нотариус пен куәнің қатысуы арқылы өсиет қалдырушы толық оқып шығуы тиіс. Егер өсиет қалдырушы дене кемiстiктерiне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиеттi өзi оқи алмайтын болса, ол үшiн оның мәтiнiн нотариустың қатысуымен куә оқып бередi, ол туралы өсиет қалдырушының өсиеттi өзi оқи алмауының себептерi көрсетiлiп, өсиетте тиiстi жазба жасалады. Егер нотариалды түрде куәландырған өсиет куәнің қатысуымен жасалса, өсиетте куәнің тегi, аты және тұрақты тұратын жерi көрсетiлуге тиiс. Осындай мәлiметтер өсиетке өсиет қалдырушының орнына қол қойған адамға қатысты да енгiзілуi тиiс[48].  
            Мынандай мысал келтірейік. Азамат Зайцев пәтерін өзімен бірге тұрған әйелге өсиет арқылы қалдырған. Зайцевтің бірінші некеден туған балалары Зайцев қайтыс болғаннан кейін осы өсиетпен келіспей, сотқа жүгінген. ҚР Азаматтық кодексінің 1050-бабына сәйкес өсиет қалдырушының өзi өсиетке қол қоюы қажет. Егер өсиет қалдырушы дене кемiстiктерiне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетке өзi қол қоя алмаса, оның өтiнiшi бойынша оған нотариустың немесе өсиеттi куәландырушы басқа адамның қатысуымен өсиет қалдырушының өсиетке өзi қол қоя алмауының себебiн көрсете отырып, басқа азаматтың қол

    Информация о работе Мұрагерлі мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін қорғаушылардың шара қолдануы