Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2013 в 10:37, курсовая работа
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Мұра қалдырушының өлімі оның өзіне және мұрагерге, сонымен қатар, басқа да тұлғаларға құқық тарапынан ауыртпалық әкелуі мүмкін. Бұның өзі таңдаған тақырыптың өзектілігін көрсетеді. Неге? Себебі ол әртүрлі болуы мүмкін.
1-ден көптеген азаматтарды өлімнен кейін мұрагерлік құқыққа сай нормалармен бөлінетін мүлік ретін қолдайды. Бұл түсінікті жағдай, өйткені заң бойынша мұрагерлер ең жақын туыстары болып табылады.
2-ден ажал кезкелген уақытта болуы мүмкін. Сондықтан кей адамдар өсиетті жазып үлгермейді.
Заң бойынша мұраға ие болу өсиет болмағанда немесе мүліктің барлығы өсиетке қалдырылмаса немесе пайдасына мүлікті өсиетке қалдырған тұлға өсиет қалдырушы өмірінде қайтыс болса жүзеге асырылады.
Ағылшын - американдық мұрагерлік құқықтың өзіне тән ерекшелігі, оның мұра қалдырушы өлгеннен кейін мұрагерлерге емес, алдымен сот немесе өсиет қалдырушы тағайындаған басқарушыға өтеді. Ол мұрагерлерге мүлікті бермес бұрын басқарады, мұра қалдырушының қарыздарын төлеп, қалған мұраны мұрагерлеріне береді.
Сонымен, буржуазиялық мұрагелік құқықта келесі өзіне тән ерекшеліктері бар:
мұрагерліктің біртұтас тәртібі орнатылды.
қалдырудың ерекше тәртібі жойылып, мұрагерлік массаның біртұтастық қағидасы бекітілді.
теңестірілді.
Негізінен мұрагерліктің дүниеге келуі және дамуы қоғамның мүліктік және әлеуметтік жіктелуімен бірге келеді. Өндіріс құралдарына жеке меншікті бекіткен соң, билікті қолына шоғырланған тұлғаларды болжамды қол сұғушылықтан қорғайтын ерекше институттар орын алды. Мемлекетті құрайтын институттардың жүйесі жеке меншікке және оның қажетті мұралық атрибуты үшін қүзетші итттің рөлін ойнайды [7] .
Жеке меншіктің
өркендеуі, оны «сословиелік - корпоративтік
бағыттан» босатып, мұрагерліктің
заты ретінде біртіндеп пайда
алып келетін, адамдардың әр-түрлі
қажеттілігін қанағаттандыруды
қамтамасыз ететін құралдардың, заттардың
барлығын мұраға қалдыруға болады.
Мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра
қалдырушы) мүлкiнiң басқа адамға (адамдарға)
- мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы.
Мұрагерлік әмбебап тәртібінде құқықтың
ауысымен өтетін, яғни мұрагер мұраны
қабылдай отырып, мұраға қатысты барлық
құқықтыр мен міндеттерге ие болып отырған.
Мұрагерлік процесте екі кезеңді байқауға
болады: мұраның ашылуы (мұра қалдырушының
қайтыс болуы) және мұраны қабылдау. Мұрагердің
мүлікке деген меншік құқығы мұраны қабылдаған
соң жүзеге асқан[8].
Мұра - мұрагерлік құқық бойынша қайтыс болған азаматқа тиесілі, мұрагерлік құқық нормалары бойынша біртұтас ретінде құқықмирасқорына тікелей өтетін белгілі бір азаматтық құқықтар мен міндеттердің бір бөлігі. Мұра екі жолмен жүреді: өсиет бойынша немесе (және) заң бойынша (егер өсиет қалдырылмаса немесе өсиет бойынша мұрагер мұраны қабылдамаса).
Мұраның құрамына
мұра қалдырушыға тиесiлi мүлiк, сондай-ақ
оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы
тоқтамайтын құқықтары мен
Әр түрлі мемелекеттердегі мұрагерлік құқық
Мұрагерлік қатынастарда
әр түрлі коллезиялар
Өсиет бойынша мұрагер
болуда әр мемелекеттің
Кейбір мемелекеттерде
алографиялық нысанда
Өзге мемлекеттерде
мұраға ие болу үшін
Ағылшын коллезиялық
құқықыты жылжымайтын мен
Жылжитын мүлікке
қатысты өсиет қалдырылған
Германия заңы
бойынша барлық мүлік жөнінде
мұра қалдырушының қайтыс болу
кезіндегі жеке заңы
Егер: мұраның нысаны
жасалынған жердің заңына
Барлық мүліктік құқықтар мен мүліктік міндеттер мұраның құрамына кірмейді. Мұра қалдырушыға тиесілі болған жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа да материалдық емес игiлiктердi мұрагерлердiң жүзеге асыруы және қорғауы мүмкiн.
Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұраға ие болу үшін мұрагер оны қабылдау керек. Мұраны қабылдау – біржақты келісім және әрбір келісім сияқты қабылдау тек қана қабілетті азаматты тұлғамен орындалады[9].
Қабылдау екі тәсілмен іске асырылады:
Егер мұраны
қабылдаудан өсиет бойынша
Мұрагерлік құқықтың маңыздылығы жеке меншіктің тұтынушылық сипатымен анықталады. Мұра ретінде өтетін мүлік – бұл олардың материалдық және рухани сұраныстарын қанағаттандыратын азаматтардың жеке меншігі. Мұрагерлік құқық – азаматтық құқықтың өте ертедегі және бөлшекті жасалынған саласы. Мұра сөзі адамзатқа өте ертеден белгілі. Мұрагерліктің мәні және ролі қоғамдық қатынастың даму деңгейіне байланысты өзгереді, бірақ та кез келген жағдайда мұра қалдырушы өзі жинаған мүлкін, мұрагерлік құқығын өзі тағайындаған жақын туыстары немесе жеке және заңды тұлғаларға мұра қалдырып кетуге деген сенімі мол болады. Сонымен қатар, « .... Мұрагер болу құқығы - әрбір азаматтық құқықтың мәртебесінің бөлінбейтін элементі». Бірақ та мұрагерліктің конституциялық құқығы азаматта нақты мұра туғызбайды. Ондай құқықтар өсиет немесе заң негізінде туындайды.
1.2. Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша мұра
қалдырудың сипаттамасы және түсінігі
Қазіргі тарихи кезеңде меншік елеулі ығыстырылған континенттер мен елдерде жеке меншік қалыптасуымен сипатталады. Ал бұл мұрагерлік өсуімен бірге болады.
Мұрагерліктің мәні неде және неге белгілі - бір экономикалық және рухани жетілген адамзаттық қоғамға мұрагерліксіз болмайды?
Мұрагерлік құқық объективтік мағынада - мемлекет азамат қайтыс болған жағдайда, оған тиісті мұрагерлік тұтастықтың, объективтік азаматтық міндеттердің басқа тұлғаға немесе тұлғаларға көшетін азаматтық құқықтық нормалардың жиынтығы[9].
Қайтыс болған адамның құқықтары мен міндеттерінің басқа тұлғаға немесе тұлғаларға мұрагерлік құқық нормаларының негізінде өтуінің өзі мұрагерлік деп танылады.
Мұрагерлік немесе мұралық құқықмирасқорлық дегеніміз өлген тұлганың (мұра қадырушының) құқықтары мен міндеттерінің басқа тұлғаларға (мұрагерлерге) өтуін айтамыз. Мұрагерлікте құқықтар мен міндеттердің өту тәртібі, мұра қалдырушының құқықтық мирасқор болатын шектері мұрагерлік құқықтық деп аталынатын жиынтығы азаматтық құқықтың институтын құрайтын құқтық нормалармен анықталады. Әрбір азаматтың қайтыс болған кейінгі субъективтік азаматтық құқықтары мен міндеттері басқа тұлғаға немесе тұлғаларға өтуі әрқашанда мұрагерлік деп таныла бермейді.
Азаматтық құқықтар мен міндеттердің мұрагерлік тәртіпте өтуі келесі белгілермен сипатталады:
А) Өтудің негізі болып мұрагерлік құқық нормасымен көрсетілген ауыр фактіге негізделген құрам танылады.
Б) Өтетін құқықтар мен міндеттер мұра немесе мұралық масса делінетін белгілермен тұтастық құрайды.
В) Құқықтар мен міндеттер алған (мұрагер) тұлга қайтыс болған азаматтың жартылай (сингулярлық) құқық мирасқоры емес, жалпы тікелей (әмбебап) мирасқоры деп танылады.
Мұра қалдыру азаматтық құқық қабілеттіліктің бір көрінісі. Заң белгілі бір тұлғада, азаматта және ұйымда белгіленген фактілердің құрамы болуын нақты мұрагерлік құқық қабілеттілік тудырады деп санайды. Бұл тұлғаның нақты субьективтік құқықтарын тану жағдайларының бірі болып табылады.
Сондай-ақ тұлғаның құқық қабілетілігі алғы шарт ретінде, осы тұлғаның нақты субьективтік мұрагерлік құқығын алуы , мұра алу құқығы деп танылады.
Мұрагерлік субьективтік мағынада мұрагерлікке шақыратын тұлғаның және мұраны қабылдаған және қайтыс болған азаматтың құқық мирасқоры болған тұлғаның құқығын айтуға болады [9].
Жоғарыда көрсетілген құқықтардың иесі мұрагер деп танылады. Сонымен қатар мұрагерлікке шақырылатын мұрагердің құқыққабілеттігі және мұраны қабылдаған мұрагердің құқық қабілетігі.
Бұл құқық қабілеттіліктер сапалы түрде әр текте бір-бірінен ерекшеленеді. Мұрагерлікке шақырылған мұрагер тек мұраны алуға немесе одан бас тартуға ғана құқығы бар. Бұндай мұрагер қайтыс болған адамның мирасқоры емес, ол тек мүмкін мирасқоры деп танылады. Бұл мағынада мұрагер өзінің еркінен тыс жағдайда танылады.
Мұраны қабылдаған мұрагер - бұл мұра қалдырушыда болған құқықтар мен міндеттердің мирасқоры және мұрагерлік құқық нормаларына сәйкес мұрагерлік мирасқорлықтың субъектісі бола алады[9].
Мұрагерлікті қабылдау – бұл мұрагердің ерікті актісі болатын бір жақтық мәміле, ал мұраны қабылдаусыз қайтыс болған адамның мирасқорлығы мүмкін емес. Демек, мұрагердің құқығы мұрагердің еркі бойынша құқық мирасқорына айналуы мүмкін. Мұрагерлікке шақырылған тұлға, азамат өмірінде ие болған құқықтар мен міндеттердің иеленушісі бола алады.
Мұрагерлік құқықта мұраны қабылдауға құқықтың - заңи табиғаты әлдеқайда өзгеше. Бұл құқықтың мазмұны мұрагер ретінде танылған тұлғаға заңи альтернативті құқық иеленушілік беруді түсіндіреді - яғни, мұраны қабылдау немесе одан бас тарту: Соңғысын формальді акті ( бас тарту туралы арыз беру) жолымен жүзеге асыра алады. Сонымен, «мұраны қабылдауға құқық» негізінен мұраны қабылдау және бас тарту арасында таңдаумен шектеледі. Осы «құқықты» азаматтық субьективтік құқық ретінде қарастыруға болады ма? Бұл сұраққа біз субъективтік азаматтық құқық деп нені түсінеміз, соған байланысты.
Егерде азаматтық субъективтік құқық деп, басқа тараптың міндетіне әрқашанда сәйкес болатын құқық қатынастың элементін түсінсек, егерде азаматтық субьективтік құқықтың өмір сүруі, өзінің қарама-қарсы құқықтық міндетсіз мүмкін болмаса, онда «мұраны қабылдауға құқықты» азаматтық субъективтік құқық қатарына жатқызуға болмайды. Бұл тек азаматтық құқыққабілеттіліктің шарт жасасу, өсиет қалдыру және әр тектес басқада мәмілелер жасау сияқты жекелеген түрі болып табылады [11].
Енді мұрагердің басқа құқықығын қарастырайық - «мұра алумен пайда болған құқық». Бұл құқықта мұрагер мұраны алған уақыттан бастап, яғни оның мұраны алуға келісім берген кезден пайда болады. Мұраны қабылдаған мұрагер қайтыс болған тұлғаның мүлкіне бір актімен тез және бір уақытта ие болады.
Осыған сәйкес ол меншік құқығына, талап ету құқығына және мұра қалдырушының мүлкінің барлық бөліктеріне және өзі білмейтін мүлікке қатысты иеленеді. Сонымен қатар мұрагерге алғысы келмейтін заттарда өтеді.
«Мұраны қабылдаумен пайда болған құқық» әркімге және әр біреуге қарсы қорғалатын мұрагердің азаматтық субьективтік құқығы танылады. Бұл құқық объектісі болып, тұтас түріндегі мұра танылады. (мұрагерлік масса).
О. С. Иоффенің «Советтік азаматтық құқықтағы құқық қатынастар» деген жұмысында, « мұрагерлік құқықтың нақты мазмұны болып, құқық иеленуші осы құқыққа иелігінде емес, соңғысы жаңа құқық жекеменшік құқығының пайда болуына заңи негіз болады. Басқаша айтқанда, мұрагерлік құқық, оның иелену үшін құқық ретінде болмай, заңи факт ретінде көрініс табады». О.С. Иоффе мұрагерлік құқық немесе анық айтатын болсақ мұраға иелену құқығы екі түрлі мағына беретініне көңіл бөлмеген:
Құқықтың екі түрі де азаматтық субьективтік құқық болып табылады, бірақ әркімге және әрбіреуге қарсы қорғалатын мұраны қабылдаудан, осы тұлғаның құқығы мұрагердің мұраны «қабылдау» актісіне негізделген тиісті тұлғаның мұраны қабылдауға құқықтарын іске асыру нәтижесінде пайда болады. Осы құқықты іске асырудың басқа нысаны мұрадан бас тарту керісінше нәтижеге алып келеді.
Тиісті тұлғаға мұраны қабылдаудан құқық пайда болмайды. Бірақ «мұраны қабылдауға құқықты» іске асыруда азаматқа толық еркіндік бере отырып, біздің құқық мұрагерге тиісті құқықтарды басқа тұлғалардың мұра
Информация о работе Мұрагерлі мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін қорғаушылардың шара қолдануы