Мұрагерлі мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін қорғаушылардың шара қолдануы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2013 в 10:37, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Мұра қалдырушының өлімі оның өзіне және мұрагерге, сонымен қатар, басқа да тұлғаларға құқық тарапынан ауыртпалық әкелуі мүмкін. Бұның өзі таңдаған тақырыптың өзектілігін көрсетеді. Неге? Себебі ол әртүрлі болуы мүмкін.
1-ден көптеген азаматтарды өлімнен кейін мұрагерлік құқыққа сай нормалармен бөлінетін мүлік ретін қолдайды. Бұл түсінікті жағдай, өйткені заң бойынша мұрагерлер ең жақын туыстары болып табылады.
2-ден ажал кезкелген уақытта болуы мүмкін. Сондықтан кей адамдар өсиетті жазып үлгермейді.

Вложенные файлы: 1 файл

дипломдық жұмыс.docx

— 143.38 Кб (Скачать файл)

Мұрагерлік  қатынастардың  сипаттамасы  және  заң  бойынша мұрагерлікпен  салыстырғанда  аз  тараған  өсиет бойынша  мұрагерлік  институты өсиет  қалдырушының  отбасылық  жағдайының  ерекшелігі, оның отбасы  мүшелері, туыстарымен  және басқа да  жақын  адамдармен  қарым- қатынасын   қайтыс болған тұлғаның  құқықтар  мен  міндеттерін  мирасқорлық  тәртібімен  келісудегі  құқықтық  тәсіл  ретінде  зор  мәнге  ие болады.

Азаматқа  өз  мүлкімен  билік етуде  кең  құқықтар  бере отырып,  өсиет  қалдыруда  мемлекет  кәмелетке  толмаған және  жұмысқа  жарамсыз  отбасы  мүшелерін  қорғап,  оларға  міндетті  мұрагерлік  үлестің сақталуын  қамтамасыз етеді.

Статистикалық талдау көрсеткіштеріне  жүгінсек Ақмола облысы бойынша  2006 жылғы  Құқық бойынша мұра алу туралы куәлігн 7240 азамат, сонымен қатар өсиет бойынша куәландыруды 1526 жеке тұлғалар алды.                                                                                                                                                     

Өсиет  мұра  қалдырушыда  заң  бойынша  мұрагерлері болмаған жағдайда  және  сонымен  бірге  өзі  қамтамасыз  еткісі  келген  басқа  тұлғалар  үшін  мүлкін  қалдыра  алады. 

         Мұра  қалдырушы  өсиет  арқылы  заң  бойынша  мұрагерлерінің  материалдық  жағдайын  есептей  отырып  және де  кейбіреулері  одан  бұрын  мұра  қалдырушыдан  көмек  алғанын  есептей   отырып, өз  мүлкін  бөлу  құқығы  бар.  Өсиетте  мүліктік  сияқты  әр-түрлі  жағдайлар  және  де  мұрагерлердің  шеңберін  және  мұрагерлікке  олардың   қатысу  үлесін  анықтау   үшін  маңызы  зор  өзіндік  тәртіпті  есепке  алу  мүмкіншілігі  бар. Әрекет етуші заң  мұраға  анықтама бергенде,  екі  мағынада  қолданылады: мұра  қалдырушының 

тілегін  білдіретін  құжат-  өсиет  деп  аталады   және  тілегін  білдіретін  актінің  өзі  өсиет  деп  танылады.

Өсиет деп,  азаматтың  өлген  жағдайда  оған  тиісті  мүліктің  тағдырын  шешетін  тілегі  танылады.  (ҚР АК-ң  1046-б)

С.И. Ожегов  орыс  тіл  сөздігінде  өсиетке  келесідей  анықтама  берген: “Өсиет - өлім  жағдайында  өкімі бар ауызша  және  жазбаша наказ” [17].

В.И.  Серебровскидің  ойынша,  өсиет  өлім  жағдайында  заңдық  нысанда  анықталған  өз  мүлкіне  деген  азаматтың  бұйрығы  ретінде.

Осыған  ұксас  бірақ,  кеңірек  анықтаманы  Б.С. Антимонов  пен  К.А. Гравенің  ойынша,  өсиет -  бұл азамат  өлген жағдайда өтетін  бекітілген  мұрагерлерге  мүліктік  және  өзіндік мүліктік  емес  құқықтардың шеңберінде  және  заңмен  бекітілген  нысанда өтетін  тұлғаның  өзіндік өкімі.

Өсиет  жасау  үшін  екі  элемент  болуы  тиіс:  Субъективтік  және объективтік  элемент.

Субьективтік  элемент ( яғни  субъектіге  қатысты, психикалық) . Өсиет қалдыратын  тұлғаның  ниеттенген  тілегі  болса,  объективтік элемент ерік  білдіру деп аталатын  өсиет қалдырушы тұлғаның  тілегінен тыс болып,  көрінетін объективтілігік түрінде болады. 

Мәміле  секілді  өсиеттің де заңи  табиғаты бар.  Өсиеттің  заңи  мағынасының  белгілері  болып,  ерік,  ерік  білдіру  және  белгілі бір  заңи салдарға  жететін   еріктің бағыты танылады.  Еріктің өзі сырттай объектіленбесе, заңи  мәнге ие болады.  Тек сырттай  түрде  көрініс  тапқан ерік актілері құқықтық  реттеуге  жатады. 

Ерік  пен  ерік білдіру өсиеттің мәнін құрайды.  Бірақ,  бұл  заңның  түсінігінше өсиет болу  үшін аз.  Өсиет заңи  акт болып,  тек   мұрагерлерге мұра  қалдырушыдан  құқықтар  мен міндеттердің   өтуі түріндегі белгілі бір нақты  құқықтық  нәтижеге жетуге бағытталған  еркі болған жағдайда ғана танылады.  Сонымен қатар, құқықтық  салдардың  басталуы мұра қалдырушының қайтыс болуымен  байланыстылығының маңызы жоқ.  Ерік білдіру немесе құқықтық мақсаттың жоқтығы заңи мәнінен айырылады  және заңи   мәнсіз  болып танылады. Мысалы: Әкесі өлген жағдайда балаларын тәрбиелеу сипаты туралы өкім, балаларының бір-бірімен қарым-қатынасы туралы өкім  тек моральдік қана күші болады да, бірақ заңды акт өсиет ретінде танылмайды.  Заңды акті өсиет, заңды әрекеттен қалай ерекшеленеді, соңғысының құқықтық салдары тұлғаның әрекеттегі неге бағытталғанына қарамастан заңда көрсетілген нәтижеге жету кезінде орын алады. Өсиет – белсенді заңды әрекет болып табылады.  Белсенділікке кететін қосымша уақыт, энергия, материалдық жағдаймен байланысты  азаматтардың мақсаттылық, инициативалық, еріктілік қызмет түрінде көрінеді.

Ерік адамның  тумалы қабілеті.  Ол психикалық регуляцияның жоғарғы  нысаны болады.  Бұл регуляция  тек ынталандырғыш емес, сонымен  қатар өкімдік.  “Өсиет институты- адамның өз мүлкіне деген индивидуалды  өкімді биліктің  адекватты көрінісінің  бірі” – деп  Дождев  Д.В.   жазады [18]. Қажеттілік  пен заңи әрекет жасау құлқынушылықты туғызатын ішкі  серпіндіретін және де  осыны жасауда басшылыққа алатыны- ниет деп аталады. Ниет - бұл тұлғаның нақты кезеңдегі ішкі жағдайы.  Ниет негізінде жүріс-тұрыс мақсаты қалыптасады.  Мақсат – бұл болашақ нәтиженің моделі.  Ниет пен мақсат  бірігіп, оны жүзүге асыру кезіндегі әрекетпен байланысты  интеллектуалдық және еріктік қызмет қалыптасатын базаны  құрайды.  Сондықтан, өсиеттің  жарамдылығын мұра  қалдырушының өлген уақытында белгіленбейді, ол  жасаған сәтте (куәләндіру),  яғни мұра қалдырушының сырттай көрініс тапса.

Ниеттен  ерекшеленеді  заңи мәміленің  құрамының  міндетті элементі болып, оның  құқықтық  мақсаты  табылады. (causa- мәміленің  негізі). Көрсетілген  жағдай өсиетке де таралады.

Өсиетте  көрініс  тапқан мақсат  құықтық сипатта  болуы  керек, олай  болмаса ол  заңды  мәнінен  айырылады.  Құқықтық мақсат пен  құқықтық  нәтиже  сәйкес  келсе, өсиет  орындалды деп  танылады.  Өсиет заңи  табиғатына  қарай  қатал  өзіндік  (жеке) сипатқа  ие біржақтық  ақысыз мәміле  б.т.  Өсиет  тек бір  адамның  атынан ғана  толтырылады.  Өсиетте  екі  адамның    және оданда  көп  тұлғалардың  еркін білдіруіне  жол  берілмейді.  Өсиетті  мұра қалдырушы  өзі  жеке  толтыруы  тиіс.  Өсиетті өкіл  арқылы жасауға  жол берілмейді.

Өсиеттің  маңызды шартты  жарамдылығы  болып,  оның  саналы  және ерікті тілегі танылады.

Өсиет  мәміленің  ерекше түрі болып  табылады.  Бұл мәміленің  ерекшелігі мынадан көрінеді, яғни құқықтық  салдары жалпы ереже бойынша  мұра қалдырушының   қайтыс болуынан пайда болады, яғни өсиет  заңи мәнін  тілектің  иелері жоқ кезде ие болады.  Бұл заң тарапынан  басқа мәмілелерге қарағанда, өсиетке формальдік  талаптары жоғары [19].

Барлық  өсиеттер  мүліктің меншік иесінің  біреудің немесе  жекелеген  бірнеше  тұлғалардың  пайдасына  беруі  туралы  еркін  білдіреді.  Бұл  әр-бір  өсиет  екі  субъектінің  болуын  көрсетеді:  мұра  қалдырушы- өсиет қалдырушы және  өсиет  бойынша мұрагерлер  деп аталатын мұрагерлер.

ҚР АК-нің  1042 б. 2- т  сәйкес,  азамат мүлкінің барлығын  немесе оның  бөлігін заң бойынша  мұрагерлер  қатарына кіретін  және  кірмейтін  біреуге  немесе бірнеше  тұлғаға  және де заңды  тұлғалар  мен  мемлекетке  өсиет  ете алады[19].

Өсиетке  қалдырушы болып, кәмелетке  толған (18 жас)  өзінің  жасалып жатқан  өсиеттік  өкімдеріне  саналы түрде қарайтын  әр- бір әрекет қабілетті азамат танылады.  Сондықтан да,  әрекет  қабілеттілігі жоқ және әрекет қабілеттілігі шектелген тұлғалар  өсиет қалдыра алмайды.  Осыған байланысты  жасөспірімдер (14 жасқа толмаған)  үшін  және оның  атынан  жасалатын мәмілелерді,   олардың заңды өкілдері-  ата-аналары,  асырап  алушылары, қамқоршылары  жасайды,  жасөспірімдердің  өсиет қалдыруына  жол бермейді.

Өсиет  тек  әрекет  қабілеттілермен  жасалады;  тиісті  мекемелерде  тұлғаны  есі дұрыс емес  немесе  ақыл  есі  кем  деп таныса, мұра  қалдырушы ретінде бола алмайды. 

Өсиет  қалдыру сәтінде  мұра қалдырушы тұлға  әрекет қабілеттілікке ие  болуы керек.  Сондықтан, кейін  әрекетқабілеттілікке ие  болса  да, әрекет қабілеттімен өсиет қалдырылса,  жарамсыз  деп танылады.  Немесе  керісінше  өсиет қалдырғаннан  кейін  азамат әрекетқабілеттілігінен  айырылған  болса,  өсиеттің  заңды  күшінен  айырмайды.

Мұра  қалдырушы  болып, ҚР азаматы,  шетел  азаматы және  азаматтығы жоқ адамдар  секілді  жеке  тұлғалар  ғана бола алады.

Өсиетті  бірнеше  тұлғалар  қосылып  қалдыруға  жол  берілмейді.Өсиет  тек қана бір адаммен  толтырылады.  Сондықтан, мысалы: ата-анасы  некеде  жинаған ортақ мүліктерін  балаларына  өсиетпен  қалдыра  алмайды.

Егерде  мұра қалдырушы  жеке  тұлға бола алса, мұрагер ретінде  ҚР  заңды тұлғалары,  субъектілері,  шетел мемлекеттері  және халықаралық  ұйымдар да  бола алады.  Басқаша  айтқанда,  мұрагерлердің  шеңбері  мұра  қалдырушыға  қарағанда  кеңірек. 

Сонымен қатар әлеуметтік  қалыптасу (социальное образование)  мұрагер  ретінде  мұра ашылу  сәтінде  әрекет етсе  ғана танылады.

ҚР АК-нің  1044-б  сәйкес, өсиет  бойынша  мұрагерлер  болып, мұра  ашылу  сәтінде  тірі азаматтар,  сондай ақ  мұра  қалдырушының  тірі  кезінде  туылған және  мұра  ашылғаннан  кейін  тірі  туылғандар  танылады.  Өсиет  бойынша  мұра  ашылғанға  дейін  ұйымдастырылған  және  мұра  ашылуы  уақытында  қызмет  жасайтын  заңды  тұлғалар  мен  мемлекет  бола алады[19].

  Мұра  қалдырушы  келесі  мұрагерлерді  тағайындай  алады:

  1. Заң  бойынша  мұрагер бола  алатын  барлық  тұлғалар.  Бұл  топқа:  балалары,

немелелері,  шөберелері,  асырап алынған  балалары,  жұбайы,  ата-аналары,  мұра  қалдырушының  аға-апалары  және  мұра  қалдырушының  асырауындағы  еңбекке  қабілетсіз  тұлғалар.

  1. Мемлекеттік  органдар  мен  қоғамдық  ұйымдар.  Мемлекеттік органдар  деп

азамат  өзінің  мүлкін  өсиет  ете алатын әр-бір  мемлекеттік  мекемелер,  кәсіпорындар  және  ұйымдар  (министрліктер,  жергілікті  атқарушы  және  өкілді  органдар,  университеттер, ғылыми- зерттеу  институттары,  зауыттар  және  т.б). Осы  мемелекеттік  мекемелер  немесе  ұйымдар  заңды  тұлғаның  құқықтарына  ие  болуға міндетті  емес.

Азаматтық  құқық қатынастардың  субъектілері  ретінде  жеке тұлғалармен  қатар  заңды тұлғалар да танылады. (ҚР АК-ң 1-б)

Заңды  тұлға - бұл мүліктік  қатынастардың ұйымдастырылған,  құрылған  немесе  құқықтар  мен міндеттерге ие болатын субьект. Заңды тұлға статусын  алу үшін  келесі  белгілердің жиынтығы  болуы тиіс:

    • ұйымдық  бірлігі;
    • оқшауланған   мүлік;
    • дербес мүліктік жауапкершілік;
    • өз атынан  азаматтық  айналымға  шығуы:

Демек,  меншік,  шаруашылық  жүргізу  немесе  жедел – басқару  құқығындағы  оқшау  мүлкі бар  және  сол  мүлікпен  өз  міндеттемелері  бойынша  жауап беретін,  өз атынан мүліктік  және  мүліктік емес  жеке құқықтар  мен  міндеттерге  ие болып,  оларды жүзеге асыра  алатын,  сотта  талапкер  және  жауапкер  бола алатын  ұйым  заңды  тұлға  деп  танимыз.

Заңды  тұлғалардың  құқыққабілеттіллігі  мемлекеттік  тіркеуден  өткен  сәттен  пайда  болады.  Тіркеу  заңды тұлғаның түріне қарамастан,  міндетті  болады.  Тіркеудің тәртібі   “Заңды  тұлғаларды  мемлекеттік  тіркеу туралы  Ереже”  Жарлықпен  бекітілді.

ҚР АК-нің 34-б,  негізінде  заңды  тұлғалар  қызмет  ету  мақсаттары  бойынша  комерциялық  және  комерциялық  емес  ұйымдарға бөлінед[19]. 

Комерциялық  ұйымдарға  акционерлік  қоғамдар,  шаруашылық  серіктестіктер, тұтыну  кооперативтері,  мемлекеттік  кәсіпорындар.  Комерциялық  емес  ұйымдарға  мекемелер,  мемлекеттік  мекемелер,  қоғамдық  қорлар,  қоғамдық  бірлестіктер,  діни бірлестіктер,  тұтыну  кооперативтері,  ассоцация  (бірлестік) нысанында  заңды  тұлғалардың  бірлесуі.

ҚР  Президентінің  1995ж.  2-мамырдағы  “Шаруашылық  серіктестіктер  туралы”  заңды  күші бар  жарлықтың  1-бабының  1- б тармағына  сәйкес,  шарушылық  серіктестік  деп-  негізгі  мақсаты  пайда  табу  болатын,  жарғылық  капиталы  құрылтайшылардың  үлесіне  бөлінген  комерциялық  ұйым.  Шаруашылық  серіктестіктер  толық  серітестік,  сенім  серіктестік(командиттік) ,жауапкершілігі  шектелген   серіктестік,  қосымша  жауапкершілігі  бар  серіктестіктер  нысанында  құрыла алады.

ҚР-нің “Шектеулі  және  қосымша  жауапкершілігі бар  серіктестіктер   туралы”  Заңы  бойынша  бір немесе  бірнеше  адам  құрған,  жарғылық  капиталы  құрылтай  құжаттарымен  белгіленген  мөлшерде  үлеске  бөлінген  серіктестік  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестік  деп  танылады;  Жауапкершілігі  шектеулі  серіктестікке  қатысушылар оның  міндеттемелері  бойынша  жауап  бермейді  және  серіктестік  қызметіне  байланысты  залалдарға  өздерінің  қосқан  салымдарының  шегінде  тәуекел  етеді. (ҚР АК-ң  77-б; Заңның  2-бабы) [19].

Қатысушыларын  серіктестік  міндеттемелері  бойынша  өздерінің  жарғылық  капиталға  салымдарымен  жауап  беретін, ал бұл  соммалары жеткіліксіз  болған жағдайда  өздеріне  тиесілі  мүлікпен, бұған өздері  еселенген  мөлшерде енгізген  салымдар арқылы  жауап беретін серіктестік  қосымша  жауапкершілігі бар серіктестік  деп  танылады.

Қазақстан Республикасының  “Мемлекеттік  кәсіпорын туралы” заң күші бар Президенттің  жарлығына сәйкес (1995 ж.  5- маусым)  мемлекеттік кәсіпорындарға:

Информация о работе Мұрагерлі мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін қорғаушылардың шара қолдануы