Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2013 в 10:37, курсовая работа
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Мұра қалдырушының өлімі оның өзіне және мұрагерге, сонымен қатар, басқа да тұлғаларға құқық тарапынан ауыртпалық әкелуі мүмкін. Бұның өзі таңдаған тақырыптың өзектілігін көрсетеді. Неге? Себебі ол әртүрлі болуы мүмкін.
1-ден көптеген азаматтарды өлімнен кейін мұрагерлік құқыққа сай нормалармен бөлінетін мүлік ретін қолдайды. Бұл түсінікті жағдай, өйткені заң бойынша мұрагерлер ең жақын туыстары болып табылады.
2-ден ажал кезкелген уақытта болуы мүмкін. Сондықтан кей адамдар өсиетті жазып үлгермейді.
ретінде алуына жол берілмейді ( мұрагерлердің біреуіне немесе бөтен адамға ). Мұрагер мұрагерлікке танылған мұраны қабылдауға құқығын «сатуға» немесе «сыйлауға» құқығы жоқ.
Мұрагерлік құқық мұраны қабылдауға құқық мағынасынан ажыратылмайтын сипатта болады. Мұрагерлік құқық мирасқорлығы туралы тек анықталған жағдай болғанда ғана сөз қозғауға болады. Мұрагерлік құқық мирасқорлық - азаматтың қайтыс болған кейінгі құқық мирасқорлығы және құқық мирасқорлықты жалпы алғанға қарағанда, мағынасы тар болып келеді.
Мұрагерлік құқық мирасқорлықтың құқықтық негізі болып, мұрагерлік құқық нормаларымен көрсетілген күрделі фактілік құрам болып табылады. Осы фактілік құрамға әртүрлі элементердің қатары кіреді. Мұрагерлік деп танылмайды, егерде мұра қалдырушы тұлға қайтыс болмаса немесе соттық тәртіпте және нотариалдық тәртіпте қайтыс болған деп жарияланбаса, құқық мирасқоры туралы сөз қозғай алмаймыз.
Мұрагерлік тәртіпте мирасқор- бұл анықталған фактілер негізінде занда мұрагер деп танылған тұлға [13]. Азаматтық құқықта мұрагерлік құқық мирасқорлықтың кешенділігін келесі белгілермен сипаттауға болады:
бөлігіне ие болса, барлық мұраға ие бола алады, яғни заңмен мұрагерлік субъектісі ретінде жол берілген.
отырып, мұрагерлік құқық нормалардың негізінде өтуі мүмкін, мұрагер барлық құқықтар мен міндеттердің иеленушісі болады. Ешқандай үшінші тұлғаның тиісті мұрагерлік құқықтар мен міндеттерді мұрагерге беретін толықтырушы актіні қажет етпейді.
болады. Мұраны қабылдау бір акт болып, мұрагерлік объектісінің барлығына таратылады. Мұраны қабылдау кезінде белгілі болмаған құқықтар мен міндеттерді бірге қабылдайды.
Мұраны қабылдаудан мұрагердің бас тартуы заңи салдарды туындатады, яғни мұраны қабылдау актісіне керісінше әрекет етеді. Мұрадан бас тарту мұраны қабылдаудан туындайтын барлық құқықтар мен міндеттерден тез және бір мезгілде айырылады[13].
Кешенді мирасқор ретінде, мұрагер құқықтың тек бір бөлігін алып, қалған бөлігін қабылдамай қоймайды. Демек, кешенді мирасқор құқықтар мен міндеттерді тез және бір мезгілде қабылдауы, басқа құқықтар мен міндетерді қабылдаудың басқа тәртібін орната алмайды, кейінге қалдыра алмайды, мысалы: мұра қалдырушының қарыздарын алу немесе қарыздарды алуды қандай да бір жағдайдың тууына байланысты болады.
Қоғамдағы мұрагерліктің негізгі объектісі - бұл азаматтардың жеке меншігі. Көбінесе мұра қалдырушының өмірінде пайдаланылған мүлікті айтуға болады. Мұрагерлік материалдық және моральдік қажеттіліқ, отбасын материалдық қамтамасыз ету үшін азаматтардың жеке меншігін бекіту үшін қызмет етеді.
Қайтыс болған азаматтың мүлкінің туыстарына, қол астында болған немесе өсиетте көрсетілген тұлғаларға өтуі, оның қоғамдық өндірісте енбектерінің нәтижесіне, енбек өндірісінің жоғарлауына, яғни меншікті бекітуіне және дамуына үлкен мүдделі болады[14].
Мұрагерліктің немесе мұраның, мұрагерлік массаның объектісі болып қайтыс болған тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің құрамынан мұрагерге мұрагерлік құқық нормалары бойынша өтетін мүлікті айтамыз. Мұрагерлік құқық мирасқорының объектісі болып, негізінен қайтыс болған тұлғаның мүліктік құқықтары, алдымен оның билігіндегі меншік құқығын айтамыз. Ерекше жағдайларда заңмен белгіленген тәртіпте мұра қалдырушының өзіндік құқықтары да өтуі мүмкін.
Мұра - мұрагерлік құқықтың мирасқорлықтың объектісі.
Мұра негізінен - мұра қалдырушының мүліктік құқықтары мен міндеттері қайтыс болуымен аяқталмай, мұрагерлік құқық нормаларының негізінде мұрагерге өтетін мүлік.
Бірақ, мұра құрамы мен көлемі бойынша қайтыс болған мерзімдегі мұра қалдырушының мүлкімен және де мұра қалдырушының құқықтары мен міндеттерінің барлығының жиынтығымен байланысты емес болады.
Мұра қалдырушының өзіндік мүліктік емес құқықтары негізінен мұраның құрамына кірмейді.
Бірақ, мұра қалдырушының мүліктік құқықтары мен міндеттерінің кейбір түрлері мұрагерлік тәртіпте өтпейді. Кейбіреулері мұрагерлік құрамда және мұрагерлік туралы тәртіптен тыс құқық мирасқорына өткенімен, кейбіреулері мұра қалдырушының қайтыс болуымен аяқталады.
Мұрагерлік құқық-азаматтық құқықтың саласы сияқты, әмбебап тәртібінде құқықтың ауысуы кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы. Мұрагерлік мүлік мұрагерге және меншік негізінде қаралуы керек[14].
Мұрагерлік құқық объективті және субъективті мағынада қарастырылады. Объективті мағынада мұрагерлік құқық азаматтық құқықтың саласын түзетін мұрагерлікті реттейтін құқықтық нормалар жиынтығымен сипатталады. Мұрагерлік құқықтың объективті мағынадағы мәні - әрбір адам қайтыс болғаннан кейін оның мүліктері жақын туыстарына өтеді деген мүмкіншілігімен кепілдік беріледі.
Мұрагерлік құқықтың субъективті мәні қайтыс болған адамның мүлкін мұрагерлік ету азаматтық құқық қатынастың нақты субъектілер мүмкіншілігімен сипатталады. Мұрагерлік құқық-мұрагерлікке дейін (өсиет жазу, нотариальды куәлікті алу, өзгеру т.б.) және олардан кейінгі (мұраны қабылдау, мұраны бөлу) қатынастарды реттейді.Осыдан мұрагерлік құқық – азаматтық құқықтың саласы екені айқындалады.
Мұрагерлік құқықтың пәні азаматтыққа қарағанда, неғұрлым тар, және де ол тек мұраның ашылуы, мұраның орындалуы, мұрагерлік құқықтың хатталу тәртібі, оларды қорғау негізінде туындайтын азаматтық- құқықтық қатынастарға хабарланады.
Мұрагерлік қатынасты реттейтін нормалар кез келген потенциалды мұрагер сияқты азаматтың жұмысын қиындатады. Сол себепті мемлекет мұрагерлік құқық аясында зиянды болдырмау тиіс. Ол азаматты өзінің мүлкін, соның ішінде қайтыс болған жағдайында ерікті түрде қолдануға кепілдік беру қажет. Мұра құқығының әдісі-мұрагерлік қатынасты реттейтін құралдар мен тәсілдер жүйесі. Мұрагерліктің әдісін келесі белгілері бар: азаматтық құқық қатынастарға қатысушылардың теңдігі, қатысушылардың автономиясы, олардың мүлік еріктігі т.б.
Адамның қайтыс
болуынан қалған мүлкін билік ету
қабілеттігі – мемлектте
Егерде азамат өлген жағдайға ешқандай өзінің мүлкіне қатысы өкім жасамаған болса, онда заң мұрагерлікке балаларын, жұбайын, ата-аналарын, жақын туыстарын шақырады. Сонымен, мұрагерлік құқық өлгеннің мүлкін отбасында оның мүдделерін қамтамасыз етіп, сақтайды және пайдалану мүмкіншілігін тудырады.
Бұл азаматтардың жеке меншік құқығын толықтырады және бекітеді, оның қорғауына қызмет етеді. Сонымен қатар, сұрақтың осылай шешілуі отбасылық байланысты ықпалын тигізеді және бекітеді. Біздің заң бойынша азаматқа өлмей тұрып, өз мүлкіне билік етуге, яғни өсиет қалдыру жолымен өкім тастай алады.
Азамат өсиетте өзі өлгеннен кейін берілетін мүліктің белгілі отбасы мүшелеріне ұйымдарға және басқа да тұлғаларды көрсетуге болады. Сонымен, ол өзінің өмірі кезінде өзінің мүлкін қалдыратын тұлғаларды анықтап қоюы тиіс[15].
Азаматқа өз мүлкімен билік етуде кең құқықтар бере отырып, өсиет қалдыруда мемлекет кәмелетке толмаған және жұмысқа жарамсыз отбасы мүшелерін қорғап, оларға міндетті мұрагерлік үлестің сақталуын қамтамасыз етеді.
Сонымен, мұра - мұрагерлік құқық бойынша қайтыс болған азаматқа тиесілі, мұрагерлік құқық нормалары бойынша біртұтас ретінде құқықмирасқорына тікелей өтетін белгілі бір азаматтық құқықтар мен міндеттердің бір бөлігі.
Өзіндік мүліктік емес құқықтар мұраның құрамына кірмейді.
Мұра қалдырушының отбасылық - неке саласындағы құқықтық қатынастарынан туындайтын өзіндік мүліктік емес құқықтар мұрагерлік бойынша өтпейді. Олардың барлығы азаматтың қайтыс болуымен аяқталады. Бұл субьективтік құқықтардың категориясы, оларды иесінің тұлғасымен тығыз байланысты.
Азаматтың өмірінде осы құқықтардың ешқайсысы да басқа тұлғаға ауысуы мүмкін емес. Оларға: балаларды асырауды анықтау құқығы, баланы басқа тұлғаларға асырауға беру құқығы; өз баласын асырап алуға келісім беру құқығы; үшінші тұлғалардан баласын сұрату құқығы және басқалар.
Сондай-ақ, азаматтық құқықпен реттелінетін қатынастар саласында пайда болатын озіндік мүліктік емес құқықтардың көбі мұраның құрамына кірмейді. Есіміне құқық, әдеби, ғылыми шығарманың авторы деп өзін тану құқығы немесе өнертабысқа авторлық құқығы сияқты құқықтар мұра қалдырушының өмірінде берілмесе, басқа тұлғаларға мұра бойынша өтпейді.
Барлық мүліктік құқықтар мен мүліктік міндеттер мұраның құрамына кірмейді.
Кейбір қайтыс болған азаматтардың мүліктік құқықтары мен міндеттері мұрагердің құқықтық сферасына кірмейді және өздерінің тіршілігін иеленушінің қайтыс болуымен аяқталады.
Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесiлi мүлiк, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен мiндеттерi кiредi. Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен мiндеттер:
болып табылатын ұйымдардағы мүшелік құқығы;
зейнетақы төлемі, жәрдемақы және басқада төлемдерге құқығы;
құрамына кiрмейдi.
Мұра қалдырушыға тиесілі болєан жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа да материалдық емес игiлiктердi мұрагерлердiң жүзеге асыруы және қорғауы мүмкiн.
Қазақстан Республикасында зейнеткерлік саясаттың өзгеруі мұрагерлік құқықтың нормаларына өзгерістерді енгізуді қажет етті. 1997ж. 20- маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңының 4- бабына сәйкес, зейнеткерлік жарналардың міндетті және ерікті түрлері көрініс тапқан. Көрсеттілген заңның 28 бабының 1-тармағына сәйкес жинақтаушы зейнетақы корларынан зейнетакы төлемдерін алатын тұлға, салымшының барлық құқықтарына ие болады. Осыған байланысты 25-баптың 3- тармағына және 28-баптың 1-бөлімінің 3-тармағына сәйкес зейнетақылық жинақты алушысы қайтыс болған жағдайда, бекітілген тәртіпте мұра калдырушының өсиет қалдыруы мүмкін[1].
ҚР Азаматтық кодексінің 1040-бабының 2-тармағында көрсетілген мұраның кұрамына кірмейтін мүлікке тек еңбекті төлеу қорынан зейнетақыны төлеу бойынша мелекеттік орталықтан жүзеге асырылатын төлемдерден басқа, өз кірісінен төленетін төлемдер ғана мұраның құрамына кіреді. Қалған ақшалай каржы мұра құрамына кіреді [1].
Тапсырыс шарты бойынша (ҚР АК-ң 854, 852 б; 1-т) сенім білдіруші мен сенімді өкілдің құқықтары мен міндеттері мұраға өтпейді, Еңбек шартынан туындайтын құқықтар мен міндеттері жұмысшының қайтыс болуымен аяқталады және мүлік құрамына кірмейді; кооперативтік ұйымдарда қайтыс болған азаматтың мүшелік құқығы мұраға берілмейді; тұрғын-үй құрылыс кооперативіндегі мүшелік құқық мұра ретінде берілмейді. ( “Тұрғын-үй қатынастары туралы” Заңның - 59-б); Өзіндік сақтандыру шарты бойынша пайда алушының құқығы мұраның құрамына кірмейді. (ҚР АК-ң 809-б,1-б; 815-б. 8-б;) [15].
АК 1039-б сәйкес мұрагерлік өсиет және заң бойынша жүзеге асырылады. Заң бойынша мұрагерлік өсиет болмаған немесе мұраның тағдырын толық анықталмаған және де заңмен көрсетілген заңи басқада жағдайларда орын алады.
Өсиет бойынша ғана емес, сонымен қатар заң бойынша мұрагерлік болу үшін, заңда көрсетілген заңи фактілердің құрамы болуы қажет. Заң бойынша мұрагерлік үшін кем дегенде фактілердің екеуі қажет: Біріншіден, мұрагерлікке танылған тұлға, заң бойынша мұрагерлердің қатарында болуы қажет Екіншіден, мұраның ашылуы қажет.
Информация о работе Мұрагерлі мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін қорғаушылардың шара қолдануы