Мұрагерлі мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін қорғаушылардың шара қолдануы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2013 в 10:37, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Мұра қалдырушының өлімі оның өзіне және мұрагерге, сонымен қатар, басқа да тұлғаларға құқық тарапынан ауыртпалық әкелуі мүмкін. Бұның өзі таңдаған тақырыптың өзектілігін көрсетеді. Неге? Себебі ол әртүрлі болуы мүмкін.
1-ден көптеген азаматтарды өлімнен кейін мұрагерлік құқыққа сай нормалармен бөлінетін мүлік ретін қолдайды. Бұл түсінікті жағдай, өйткені заң бойынша мұрагерлер ең жақын туыстары болып табылады.
2-ден ажал кезкелген уақытта болуы мүмкін. Сондықтан кей адамдар өсиетті жазып үлгермейді.

Вложенные файлы: 1 файл

дипломдық жұмыс.docx

— 143.38 Кб (Скачать файл)

 Өсиет   бойынша  мұрагерлік  кезінде   мұрагерлік  кезінде  мұрагерлікке  шақырылған  тұлғаны  мұра  қалдырушы  өз  өсиетінде   анықтауы  тиіс.   Кейбір  кездерде  мұра  қалдырушы  өсиетінде   барлық  заң  бойынша  мұрагерлерді  мұра  алу  құқығынан  айыра   алады,  сонымен  қатар  ешкімге   ештеңе  мұраға  қалдырмауға   құқығы  бар.  Бұндай  жағдайда,  мұра  қалдырушы  тікелей   болмаса да,  жанама  түрде   мемлекетке  немесе  бақа  әлеуметтік  мақсатқа  кететінін  білуі  қажет.

Мұра  азамат   қайтыс болған сәттен бастап  ашылады.  Бұл  сәт  азаматтық  жағдайлар  актісінің   жазбасында  орын  алады.   Мұраны  ашылу  мерзімі  мұра  қалдырушының қайтыс болған   күні,  ал  оны  өлді  деп   жариялау -  егерде  сот  шешімінде  басқа  күн  көрсетілмесе,  азаматты  өлді  деп  жариялау  туралы  сот  шешімі  күшіне  енген  күн  танылады.   (ҚР АК- 1042-б. 2-т) [15]

Тұлғаның   қайтыс болған күнін  анықтау  өте  маңызды  тәжірбиелік  мағынаға  ие, өйткені,  мұраның  ашылу  уақытына сәйкес  мұрагерлік  мүліктің  болуын,  мұраны  қабылдау және  бас  тарту  мерзімдерінің   есептелуі  анықталады [16].

Заң  бойынша  мұраның  ашылу  мерзімі  мұра  қалдырушының қайтыс болған   күні  танылады.  Осыған  байланысты тәуліктің  әртүрлі  уақытта,  бірақ  бір  күнде  ө қайтыс болған тұлғалар, бір  уақытта өлді  деп  танылады, сондықтан да  оларды  бір- бірінің  өлімінен  кейін  мұрагерлікке  шақырылмайды.

Мұрагерлік  құқықта  мұраның  ашылу  мерзімі  өте  маңызды рөль  атқарады  Өйткені,  мұрагер  болып,  тек  мұра  ашылу  сәтінде  тірі  тұлғалар  танылады.

ҚР  АК-ң  1042-б  3-т  сәйкес,  егерде  бірінен  кейін  бірі  мұра  қабылдайтын  тұлғалар  бір  күнде  қайтыс  болса,  онда  бір  уақытта  өлді  деп  танылады  және  әр-біреуіне   кейін  ашылып,  әр-біреуінің  мұрагерлері  мұрагерлікке  шақырылады[16].  

Мұраны  қабылдау  құқығын  мұралыққа  алу туралы  сұрағында да  мұраның  ашылу  уақыты шешуші  рөль  атқарады, яғни  техникалық  тілде “мұрагерлік  трансмиссия”  деп  аталатын  сұрақтар болып табылады.

Мұрагерлік  – қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүліктің басқа адамға (адамдарға) –  мұрагерлерге ауысуы.

Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға  әмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен, егер Азаматтық Кодекстің 6-бөлімінің  ережелерінен өзгеше туындамаса, бірыңғай тұтас нәрсе ретінде және бір-ақ мезгілде ауысады.

Мұрагерлік  ҚР Азаматтық Кодексімен, ал тікелей  өзі белгілеген жағдайда өзге заң  актілерімен реттеледі.

Мұра ашылған  кезде тірі жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар  өсиет және заң бойынша мұрагер  бола алады.

Мұра ашылғанға  дейін құрылған және мұраның ашылу  уақытында болған заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет өсиет бойынша  мұрагерлер болуы мүмкін.

Мұра қалдырушыны  немесе мүмкін болатын мұрагерлердің  біреуін қасақана өлтірген немесе олардың  өміріне қастандық жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша  да мұра алуға құқығы жоқ. Бұған өсиет  қалдырушы оның өміріне қастандық  жасалғаннан кейін өздеріне қатысты  өсиет қалдырған адамдар кірмейді.

Мұра қалдырушының соңғы еркін жүзеге асыруға қасақана кедергі жасаған және сол арқылы олардың өздерін немесе оларға жақын  адамдарды мұрагерлікке шақыруға не мұраның оларға тиесілі үлесін көбейтуге  ықпал жасаған адамдардың өсиет  бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ.

Балаларына  ата-аналық құқықтарынан айырылған  және мұра ашылған кезде бұл құқықтарын қалпына келтірмеген ата-аналардың  балаларынан қалған мұраны, сондай-ақ мұра қалдырушыны күту жөнінде өздеріне заң күшімен жүктелген міндеттерді  орындаудан жалтарған ата-аналардың (асырап алушылардың) және кәмелетке  толған (асырап алынған) балалардың заң  бойынща мұраны алуға құқығы жоқ.

Лайықсыз  мұрагерлерді мұрагерліктен шеттетуге  негіз болатын мән-жайларды сот  белгілейді.

Осындағы  ережелер өсиет қалдырудан бас тартуға  да қолданылады. (Азаматтық Кодекстің 1057-бабы) [16].

Осы ережелер барлық мұрагерлерге, соның ішінде міндетті үлеске құқығы бар мұрагерлерге де қолданылады.

Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары  мен міндеттері кіреді.

Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен міндеттер:

- егер заң актілерінде немесе  шартта өзгеше белгіленбесе, заңды  тұлғалар болып табылатын ұйымдарға  мүше болу құқығы;

- өміріне немесе денсаулығына  келтірілген зиянды өтеу құқығы;

- алименттік міндеттемелерден  туындайтын құқықтар мен міндеттер;

- зейнетақы төлеу, жәрдемақы  және еңбек пен әлеуметтік  қамсыздандыру туралы заң актілерінің  негізінде басқа да төлемдер  төлеу құқығы;

- мүліктік құқықтармен байланысы  жоқ жеке мүліктік емес құқықтар  мұраның құрамына кірмейді.

Мұра қалдырушыға  тиесілі болған жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа да материалдық  емес игіліктерді мұрагерлердің  жүзеге асыруы және қорғауы мүмкін.

Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиеселі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқталмайтын құқықтары  мен міндеттері кіреді.

Мұрагерлік  өсиет және (немесе) заң бойынша  жүзеге асады.

Өсиет қалдырылмаған  не бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған  кезде, сондай-ақ Азаматтық Кодексте белгіленген өзге де жағдайларда  мұрагерлік заң бойынша орын алады.

Мұра азаматтың  қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды  деп жариялау салдарынан ашылады. Мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны  қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн  көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды  деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады.

Мұра қалдырушының соңғы тұрған жері, ал егер ол белгісіз болса – мүліктің немесе оның негізгі  бөлігінің орналасқан жері мұраның  ашылу орны болып табылады.

Егер де  мұрагер  мұра  ашылғаннан  кейін,  мұраны  қабылдауға  немесе  мұрадан  бас  тартуға  үлгермей  қайтыс болған болса ,  онда  осындай  мұрагердің  мұрагері  өлгеннің  көрсетілген  жүзеге  асырылмаған  құқық қолданушылықты  жүзеге  асыруға  құқылы.  Бұл  жағдайда  мұра  бойынша,  мұраны  қабылдау  немесе  мұрадан  бас  тарту  сияқты  субъективтік  құқықтары  өтеді.

“Трансмиссия”  тәртібінде мұра  қалдыру  заң  бойынша  және  өсиет  бойынша  мұрагерлікте  жүргізілуі  мүмкін. 

Мұраны ашылу  орны  болып, мұра  қалдырушының  соңғы  мекен- жайы  танылады,  егерде  ол  белгісіз  болса,  онда  мүлік  орналасқан  жер  немесе  оның көп  бөлігі  орналасқан  жер  танылады. (ҚР  АК-ң  1043-б) [16].

Мұраның  ашылу  орнын  анықтау  маңызды  тәжірбиелік  мәнге  ие болып табылады.  Бұны  білу  мұрагерлік  істі  қандай  нотариалдық  кеңсе  рәсімдей  алады,  және де  мұрагерлердің,  қарсылық білдірушілердің,  несие  берушілердің  немесе  мемлекеттің  мүддесіне  қатысты   мұрагерлік  мүлікті  қорғауға  қандай  нотариалдык  кеңсе шаралар  қолданады  деген  сұрақтарды  шешуде  көмектеседі.

Мұра қайтыс болған азаматтың  соңғы  тұрақты  тұрғылықты жерінде  ашылады.  Мұраның  ашылу  орны мен  азамат қайтыс болған орнымен  сәйкес  келмейді.   Бұндай  сәйкессіздік,  егер  мұра  қалдырушы  сотпен  немесе  нотариалдық  тәртіпте қайтыс болған деп  жарияланса,  орын  алады,  егерде  параходта,  темір  жолда,  аурухана  ғимаратында  қайтыс болса,  егерде  мұра  қалдырушы  жұмыс  бабындағы  іс сапарда  немесе  демалыс  уақытында  демалыс  үйінде  және  тағы  басқа  осындай  жағдайлардың  барлығында да  мұра  қалдырушының    қайтыс болған жері мен мұра  ашылатын  орынның  сәйкессіздігі  көрініс  алған  болуы мүмкін.   Азаматтық  құқықпен  рұқсат  етілетін  мұра  қалдырушының  мұраның  ашылу  мен  мұра  қалдырушының   қайтыс болған орнымен  сәйкессіздік  азаматтың  тұрақты  тұрған  және жұмыс  істеген  жерінде  мұрагерлік  құқық  қатынастарының  реттелуінің  ыңғайлылығын  көрсетеді.

Мұраның  ашылу  орны  азаматтың  мекен - жайының  анықталуымен  байланысты  белгіленеді,  Негізінен  мұра  азаматтың  тұрғылықты  жерінде  ашылады.  

Сонымен  мұраның  ашылу   орнын  анықтап  алу  мұраға  шақырылатын  тұлғалар  тобын  анықтау  үшін,  мұраны  қабылдау немесе  мұрадан  бас  тартудың  жүргізілуі  үшін  немесе  өзгеде  мұрагерлік  құқықтарды  рәсімдеуге  бағытталған  әрекеттер  жасау  үшін  өте  маңызды.

Демек,  өсиет  бар ма, жоқ па,  және де  егерде  өсиет  болса,  оның  мазмұнына  қарамастан,  мұрагерлік  барлық  жағдайда тек  заңды юридикалық  фактілер болғанда  ғана  жүзеге асырылады[16].

Азаматтық құқық  ғылыми сол құқық саласын зерттейтін жүйеге сәйкес келетін жүйені қамтиды, бірақ олар өзара тепетеңдікте бола қоймайды. Азаматтық ғылым жүйесі азаматтық заңдарда, сонымен қатар  азаматтық кодексте жоқ бөлімдерді де қамтиды. Мысалы, азаматтық құқық  пәні, азаматтық-құқықтық әдістеме ұғымдары, азаматтық құқық қатынастары  туралы ілім тарихы, оның субъектілері мен объектілері туралы, меншік құқығы туралы жалпы ілім, міндеттемелер  туралы, интеллектуалдық меншік туралы, мұрагерлік құқық қатынастары туралы жалпы ілім жөнінде айтсақ та жеткілікті.

Ғылым азаматтық  құқықтың не екендігін зерттейді. Бұл  орайда қоғамдық қатынастарды тиісінше реттейтін құралдар мен әдістерге  ерекше мән беріледі. Әдіс туралы ілім ғылымда әдістеме деп аталады.

Заңгер үшін азаматтық-құқықтық жағдайлардан жол тауып шыға білуі үшін дағды  керек. Мұндай дағдыларға ғылыми талдау жасау және азаматтық-құқықтық жағдайларды  шешудің ғылыми әдістері жатады.

Егеменді  Қазақстанның азаматтық құқық ғылыми одан әрі творчестволық дами түсуі  мақсатында және алда тұрған міндеттерді  орындау үшін бүгінде зор мүмкіндіктерге ие.

Азаматтық құқығында мұрагерлік құқық  қатынастары үлкен маңызы бар.

       Мұрагерлік тікелей өзі белгіленген жағдайларда өзге де заң актілерімен реттеледі.

Мұрагерлік өсиет және заң бойынша  жүзеге асырылады. Өсиет қалдырылмаған  не бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған  кезде, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген  өзге де жағдайларда мұрагерлік заң  бойынша орын алады. Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары  мен міндеттері кіреді.

Өсиет қалдырушы  өсиет бойынша мұрагерге мұра есебінен өсиеттік бас тартуды орындауды  талап ету құқығын алатын бір  немесе бірнеше адамның пайдасына  қандай да болсын міндеттемені орындауды  жүктеуге құқылы.

Өсиеттік  бас тартудың нысанасы мұраның, иеленудің  құрамына кіретін заттарды бас тартылушының меншігіне, пайдалануына немесеөзге заттық құқықта беру және оған мұра құрамына кірмейтін мүлікті беру, ол үшін белгілі құқықта беру және оған мұра құрамына кірмейтін мүлікті беру, ол үшін белгілі бір жұмысты орындау, оған белгілі қызмет көрсету және т.б. болуы мүмкін.

         Өсиет  бойынша  мұрагерлікті  біз  осы  жұмыстың  екінші  бөлімінде  толығымен  қарастырамыз. 

 

                                      

 

 

 

 

 

 

                                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2  ӨСИЕТ БОЙЫНША МҰРАНЫ ҚАБЫЛДАУ  ТӘРТІБІН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

 

2.1 Өсиеттің  түсінігі  мен  элементтері

 

Әрбір  азаматқа  өзінің  мүлкіне билік етуге кең  құқық берілген.  Ол заң  бойынша  мұра қалдыру  нормаларынан туындайтын  тәртіппен  келіспей,  мүлікті  бөлуді өзгерту,  жаңа мұрагерлерді  тағайындай алады.  Бұл үшін  ол  өкім жазуы  тиіс, яғни  ол  өсиет деп  аталады.

ҚР АК-ң  1046-б. 2- т,  бекітілгендей,  әрбір  азамат өзінің  мүлкінің  барлығын  немесе  бір  бөлігін  бір адамға  немесе  заң  бойынша  мұрагерлер  қатарына  жатпайтын  бірнеше адамдарға, сондай-ақ  заңды  тұлғаларға  және мемлекетке  қалдыруға  құқығы  бар[16].

Осы  нормадан  өзінің  мүлкін  өсиет  негізінде  билік  ету  құқығы  азаматтың  белгілі мүліктік  құқыққабілетін  көрүге  болады.  Ол осылай  өзінің  мүлкін   қайтыс болғаннан кейінгі  тағдырын  шешуін  анықтайды.

Заң  бойынша  мұра  қалдыру тәртібін анықтауда  біздің  заңдар  отбасы  мүшелерінің  арасындағы  қарым-қатынастарды  негізге  алады  және  осыған  байланысты мұрагерлердің  шеңберін   анықтайды.  Өсиет  болса,  бұл  жағдайлардан  басқа  ерекше  жағдайларды  ескеруге  мүмкіндік  береді.

Өсиет  заң  бойынша  мұра  қалдыру  тәртібімен  қарастырылмаған,  өсиет  қалдырушының  заңмен  бекітілген  шектелген  құқықтық  мүмкіндік  беретін,  ол   қайтыс болған жағдайда  өзінің  мүлкінің  тағдырын  шешетін  біржақты  мәміле  деп танылады.

Өсиет  бойынша  мұра  қабылдау  болып,  қайтыс болған адамның  өмірі  кезінде  өз  мүлкінің  тағдырын  шешу  туралы  өкімінде  көрсетілген  құқықтар  мен  міндеттерін  өтуін  айтамыз.  Ол  өсиетнама  деп  аталады.

“Өсиет  бойынша мұрагерлік”  түсінігі  мұра  қалдырушының  мирасқорлары  болатын  тұлғалар  шеңбері, тәртібі  мен  шарттары  заңмен  анықталмай,  мұра қалдырушының  тілегімен  анықталады.  Бірақ, соңғы  нысаны  бойынша  заңға  сәйкес  болуы  керек  және   мазмұны  бойынша  заңға  қайшы болмауы  тиіс.  Егер де  бұл  талаптар  орындалмаса  заң  мұра қалдырушының  тілегі  өзгертіліп,  заң  бойынша  және  өсиет  бойынша  жүзеге  асырылады.  Сонымен,  өсиет  бойынша  мұрагерлік  қатал  мағынада  айтқанда,  заңға  сәйкес  мұрагерлік болып  табылады.  Анық  айтатын  болсақ,  бұл  туралы  өсиет  бар  мұрагерлік  туралы  айтуға  болады [17].

Информация о работе Мұрагерлі мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін қорғаушылардың шара қолдануы