Мұрагерлі мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін қорғаушылардың шара қолдануы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2013 в 10:37, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Мұра қалдырушының өлімі оның өзіне және мұрагерге, сонымен қатар, басқа да тұлғаларға құқық тарапынан ауыртпалық әкелуі мүмкін. Бұның өзі таңдаған тақырыптың өзектілігін көрсетеді. Неге? Себебі ол әртүрлі болуы мүмкін.
1-ден көптеген азаматтарды өлімнен кейін мұрагерлік құқыққа сай нормалармен бөлінетін мүлік ретін қолдайды. Бұл түсінікті жағдай, өйткені заң бойынша мұрагерлер ең жақын туыстары болып табылады.
2-ден ажал кезкелген уақытта болуы мүмкін. Сондықтан кей адамдар өсиетті жазып үлгермейді.

Вложенные файлы: 1 файл

дипломдық жұмыс.docx

— 143.38 Кб (Скачать файл)

Өсиетті екі  тілде толтырған  жағдайларда  аудармашы  қатысады.  Өсиеттің  бастапқы  мәтіні  ереже  бойынша  өсиет  қалдырушының  тілінде  толтырылады. Екінші мәтін  алдыңғы  толтырылған  өсиеттің  аудармасы  ретінде  танылып, осыған байланысты бұл  аударманы  куәландыру  керек,  аудармашы  туралы  мәліметтер  көрсетуі  тиіс  және де  оған өсиет  құпиясын  сақтау жауапкершілігін  жүктейді.

Нысанның  қаталдығы қайтыс болғандардың  жалған  өсиетін  жасауда кедергі  тудырады.  Куәләндіруді жүргізудің  мерзімінің  нақтылығы  өсиет  қалдырушының  өсиетті  толтыру  сәтінде әрекет қабілетті  болғандығы  және  егерде  ол  өмірінің  соңғы кездерінде психикалық  аурулармен ауырса  немесе  әрекет қабілетсіз  деп  танылса,  саналы  түрде  әрекет етті ме екендігін  анықтауда  қамтамасыз  етеді [12].

Өсиет екі  данада  толтырылады,  өсиет қалдырушының  өзімен немесе оның сұрауы  бойынша  нотариуспен.  Осы  норма “  Нотариат  туралы” Заңның  59-б, анықталған, онда  нотариалдық тәртіпте  куәландырылған  мәміленің  мазмұнын  көрсетілген   құжаттардың саны нотариалды әрекеттерді жасау үшін келісім білдірген  тұлғалармен  анықталады. Бірақ  екі  данадан  кем болмауы тиіс,  олардың  біреуі нотариустың  нотариалдық  кеңсесінде  қалады.  Өсиеттің  толтырылған   үлгісін  өзінің  қарауы  бойынша  кез - келген  нотариалдық  кеңсеге нотариалды  куәландыру үшін  берілуі тиіс [24].

Өсиет қалдырушы науқастығына  байланысты  нотариалдық  кеңсеге келе алмайтын жағдайларда,  нотариалдық  әрекеттердің  нормаларында нотариустың  өсиет қалдырушы жатқан  аураханаға немесе үйіне бару мүмкіндігі  көрсетілген. 

Өсиет қалдырушының  туыстары немесе  емдеу  екемесінің  қызметкері нотариусқа  науқас  тұлғаның жатқан  жеріне  өсиетті  куәландыру үшін  шақыруы  мүмкін. Әрине,  шақырту  тек  өсиет қалдырушы  өзі  кеңсеге келе алмайтын  жағдайда  ғана  орын  алады. 

Осы  мақсатта  азамат   нотариалдық  кеңсеге  нотариустың  өсиетті  куәландыру үшін  үйге,  ауруханаға,  қонақ үйге келу  туралы  арыз беруге тиіс. Нотариустың  келуімен байланысты  шығындар  өсиет қалдырушымен  төленеді.

Өсиеттің  жобасын  өсиет қалдырушының  қолының шындығын (подлинник) анықтау үшін  нотариустың қатысуымен   мұра қалдырушымен қол қойылады.  Егерде  қол нотариустың жоқ кезінде қойылса.  Онда қол қойған   тұлға нотариусқа  өзі қойғандығы  туралы  растау  тиіс.

Нотариус  өсиет қалдырушы  өзінің  тілегін  қандай - да бір  сыртқы  ықпалдың әсерінен  сақтау  үшін  шаралар  қолдануы  тиіс.  Ол үшін  өсиет  қалдырушымен  жеке  қалып,  қошағандардың  арасында өсиеттің  мазмұнына мүдделі тұлғалар  бар ма  және өзінің  қатысуымен  науқасқа  ықпал етуі мүмкін ба  деген  сұрақтарды  анықтауы  тиіс[24].

 Нотариус  сонымен  қатар, өсиет  қалдырушыға   нотариалдық  әрекеттердің  құпиялылығы   туралы ережені түсіндіруі тиіс.

Алдымен, өсиеттің мәтінінін рәсімдемей тұрып,  өсиет  қалдырушының  өкімдерінің құқық дұрыстығын тексеруге,  яғни заң  бойынша  көрсетілетін өкімдердің  сәйкестігін анықтауға  тиіс.  Ол бірақ,  жасалынған  өкімдердің  фактілік  жақтарын тексермейді және  тексеруге  құқығы  жоқ.

ҚР АК-ң 1051-б. 4- т,  біздің  заңдарымызда  жаңа  құпия  өсиет түсінігі  енгізілген.

Өсиет  қалдырушының тілегі  бойынша  өсиет  нотариуспен,  оның  мазмұнымен  таныспай куәландырады (құпия  өсиет).

Құпия өсиет, оның  жарамсыз  болып қалу  қауіпімен,  өсиет қалдырушының  өз қолымен  жазылуға  және  қолы қойылуға, екі куәнің  және  нотариустың  қатысуымен  куәнің  және  нотариустың  қатысуымен  куәлар  қол  қоятын  конвертке  салынып,  желімденуге тиіс.

 Куәлар  қол қойған  конверт куәлардың  және нотариустың  қатысуымен,  нотариус  куәләндырып  қол қоятын  басқа  конвертке  салынып желімденеді[25].

Тиісті  рәсімделген  болып: 

  1. Нотариалды  куәландырылған  өсиет;
  2. Нотариалды  куәландырылғандарға  теңестірілген  өсиет.

Нотариалды  куәландырған  өсиеттерге  теңестіріледі:

  1. Ауруханаларда,  санаторийлерде, өзге де емдеу -  алдын- алу мекемелерінде

емделіп жатқан,  сондай-ақ  қарттар  мен мүгедектерге  арналған  үйлерде  тұратын  азаматтардың  осы  ауруханалардың, санаторийлердің, өзге де емдеу-алдын  алу мекемелерінің  бас  дәрігерлері  және кезекші дәрігерлері, сондай-ақ қарттар  мен мүгедектерге  арналған  үйлердің  директорлары,  бас дәрігерлері  куәландырған  өсиеттері;

  1. Госпитальдарда, санаторийлерде  және басқа да әскери емдеу  мекемелерінде

емделіп  жатқан  әскери қызметшілері мен басқа адамдардың осы  госпитальдардың, санаторийлердің  және басқа да  әскери емдеу  мекемелерінің  бастықтары, олардың  медицина  бөлімі  жөніндегі  орынбасарлары, аға және кезекші  дәрігерлері куәландырған  өсиеттері;

  1. Жүзу  кезінде Қазақстан  Республикасының  жалауымен теңіз кемелерінде

капитандар куәлендірген  өсиеттері;

  1. Барлау  және басқа да экспедицияада  жүрген азаматтардың  осы

экспедициялардың бастықтары куәландырған  өсиеттері;

  1. Нотариустары  және  нотариат  әрекеттерерін  жасауға уәкілдік  берілген

лауазымды адамдары  жоқ әскери  бөлімдердің,  құрамалардың, мекемелердің, әскери – оқу орындарының  орналасқан мекендеріндегі  әскери  қызметшілердің  өсиеттері, сондай-ақ  осы  бөлімдерде жұмыс  істейтін жай  адамдардың,  олардың  отбасы мүшелерінің  және  әскери қызметшілерінің  отбасы  мүшелерінің де әскери бөлімдердің,  құрамалардың, мекемелер мен оқу  оындарының  командирлері (бастықтары) куәландырған  өсиеттері[26]; 

  1. Бас бостандығынан айыру орындарындағы  адамдардың  бас бостандығынан

айыру  орындарының  бастықтары  куәландырған өсиеттері  теңестіріледі.( ҚР АК-ң 1052-б 1-т:  “нотариат  туралы”  Заңның  37-б)

Нотариатта  куәландырылғандарға  теңестірілетін  өсиеттердің  куәландыру  тәртібі   “Нотариаттық  әрекеттер  жасауға  құқығы жоқ  тұлғалармен органдар  (болмаған  жағдайда)  жоқ  мекен-жайлардағы  әскери бөлімшелерде,  бірлестіктер,  мекемелер  және  әскери  оқу  орындарындағы  командирлер (басшылар) және  госпитальдердің,  санаторийлердің және бақа да әскери  емдеу орындарындағы  бастықтарымен,  емдеу  бөлімі бойынша орынбасарлар,  жоғарғы  және кезекші дәрәгерлермен  өсиеттерді және  сенімхаттарды  куәландыру тәртібі  туралы” (инструкцияменде  реттеледі)  және  №7.

 “Ауруханалардың,  санаторийлердің  және өзгеде  емдеу профилактикалық  мекемелердің  бас  және  кезекші  дәрігерлерімен өсиеттерімен куәландыру  тәртібі  туралы”  және  №18  “Кылмыстық-атқару  жүйесінің  түзеу  мекмелерінің  басшыларымен  өсиеттерді  және сенімхаттарды  куәландыру  тәртібі  туралы”  Инструкцияларымен  реттеледі.

Өсиеттің  күшін  жою  және  оны өзгерту.  ҚР АК-ң  1053-бабында  өсиеттің  күшін  жою  және  өзгерту  туралы  ережелер көрініс  тапқан. Өсиет қалдырушы  өзі  жасаған өсиеттің  кез-келген  уақытта  үшін  жоюға  немесе оны  өзгертуге  құқылы.  Өсиеттің  күші:

  1. Нотариат кеңсесінде  бұрын өзі  жасаған  өсиеттің  толық күшін  жою  туралы

өтініш  беру;

  1. Жаңа  өсиет  жасау  жолымен  жойылуы  мумкін.

ҚР АК-ң  1053-бабымен  толтырылған  өсиеттің ( заңды нысанында) күшін  жою  туралы айтып,  оның  осы  мақсатқа  жету  үшін екі  жолын  көрсеткен, яғни  олар  жаңа өсиет  жасау жолымен  немесе  нотариалдық  органға  тиісті өтінім  беру  жолымен күшін  жоя  алады.  Өсиет қалдырушы  тек қана өсиеттің  толығымен  күшін  жойып  қоймай,  сонымен қатар  алдыңғы  өсиеттің  толық  түрде емес  тек белгілі  бір  өзгерту үшін  жекелеген  өсиеттің  өкімдердің  күшін  жоя  алады.

Жоғарыда  көрсетілгендей,  өсиеттің  күшін  жою  екі жолмен  жүзеге асады.

Бірінші жолда  өсиет  қалдырушының  алдыңғы  толтырылған  өсиеттің  күшін  жою – бұл  өсиет  қалдырушымен  нотариалдық  кеңсеге  бұрын  өзі  жасаған  өсиеттің  толық  күшін  жою  туралы  өтініш  беруі[28]. 

Бұндай  жағдайда  осы тұлға  қайтыс болғаннан кейін заң  бойынша  мұрагерлік  ашылады. Бұндай  өсиеттің  күшін  жою  туралы  өтініш өсиет  қалдырумен  күші  жойылатын  өсиетті  куәландырған  нотариалдық  кеңсеге  беріледі.

Нотариалдық  кеңсеге өсиет  қалдырушының  осындай  өтініш  беруі  тек  өсиеттің  толық  түрде  күшін  жояды  және де  оны  өзгертуге  немесе толықтыруға  болмайды.  Ол үшін  алдыңғы  жасалған  өсиетті  өзгерту  немесе толықтыру  үшін тек  бір  жол бар,  ол жаңа  тиісті  өсиет  қалдыру.

Егерде  өсиет  қалдырушыда  бірнеше  өсиет болса, онда өсиетті  куәландырған  нотариалдық  кеңсеге  өсиеттің  күшін  жою туралы  өтініш  берілуі  керек  және  алдыңғы  жасалған  өсиеттердің  әр-біреуіне  тиісті нотариалдық  кеңсесіне  жеке-жеке  берілуі  тиіс.  Өсиеттің  күшін  жою туралы  өтініш  екінші  бір жақтық  мәміленің  күшін  жоятын  мәміле  болғандықтан,  өтініште  өтініш  берушінің  қолы өситтегідей  нотариалды  куәландырылуға  тиіс.

Екінші  жолы - бұл  жаңа өсиет жасау.  Бұл  жағдайда  алғашқы  өсиеттің  күшін  жою  болады, егер  онда  жаңа  өсиетпен  көрсетілген бірде өкім қалмаса,  бұл  туралы  айтуға  болады.  Егерде  алдыңғы  өсиетте  тіпті  көрініс  таппаған  жекелеген  өсиеттік  өкімдер  болса, онда  алдыңғы  өсиеттің  күшін  жоймай,  өзгертуге  болады. Сондықтан  екі  бір-бірінен  кейін  жасалған  өсиеттерді,  құрамындағы  әр-бір  жекелеген  өсиеттік  өкімдерді  салыстыру  тиіс[29]. 

Өйткені,  өсиет қалдырушының  нағыз  тілегі кейінгі  өсиетте  орын  алады.  Бұл  сұрақ,  екі  өсиеттің емес, үш  немесе  оданда  көп  кейінгі  өсиеттерді  салыстырған  кезде  қиындай  түседі. Әр кезде  жасалған  өсиеттерді  салыстыру  туралы  бас  сұрақ,мұраның ашылу  сәтінде, яғни  өсиет  қадырушының  соңғы  және ақиқатты  тілегін  анықтау  қажеттілігінен  туады.

Кейде, бір  тұлғамен  әр уақытта  жасалған  бірнеше  өсиеттердің  болуы,  олардың  салыстыруын  қажет етпейді.  Бұл  өзінің  соңғы  өсиетінде тікелей  алдындағы  өсиеттардің  күшін  жоямын  деп  көрсеткен  жағдайда  орын  алады.  Осындай өсиетің күшін жою амалы  АК-ң  1053-б, мәтінінен  логикалық  тұрғыдан  түсінуге  болады. 

Бұл  өсиет  күші  жойылатын  жаңа  өсиеттік  өкімдер  көрініс  тапқан, сол  өсиет  қалдырушының  алдыңғы  өкімдерін  жояды; 

Негізінен,  өзінің  барлық  мұрагерлерін  мұрасыз  қалдыру                (қажетті  мұрагерлердің  болмаған  кезде  мүмкін)  сияқты  өсиеттік  өкімдерден  тұрады  және  сонымен  бірге  өсиет  бойынша  мұрагерлері  ретінде  мемлекеттік  органды,  қоғадық  ұйымды  немесе  басқа  тұлғаны  мұрагер  ретінде  тағайындамайтын  өсиеттік  өкімдерден  тұрады.

 

 

    1.  Өсиеттің  орындалуы. Мұрадағы  міндетті үлес

 

Өсиетте  көрсетілгендей,  өсиет  қалдырушының  қалауы,  ол қайтыс болғаннан  кейін  дәлірек  айтсақ,  қайтыс болғаннан  уақыттан  бастап  өсиет  орындау  күшіне  ие  болады.

ҚР АК-ң 1059 б, бойынша,  өсиет қалдырушы  өсиеттің  орындалуы  өсиетте  көрсетілгендей,  оған  мұрагер  емес  тұлғаға   тапсыра  алады. Тұлғаның  өсиетті  орындаушы  болуына  келісімі  өсиетте  өз  қолымен  жазылуы  керек немесе  өсиетке  бекітілген  өтініш  ретінде  болуы керек.  Егер  өсиетте  орындаушы  көрсетілмесе,  онда мұрагерлер  өз  араларында  келісу арқылы  өсиетті  орындаушы   ретінде  мұрагерлердің  біреуіне  немесе  басқа  тұлғаға  тапсыру  құқығына ие болады.  Ал  мұндай  келісімге  келмеген  жағдайда  өсиетті  орындаушы  бір немесе  бірнеше  мұрагерлердің  талап  етуімен  сотпен  белгіленуі мүмкін.  Өсиетті (атқарушы)  орындаушы  өсиеттегі  мұрагерлерге  алдын-ала  хабарлап,  кез-келген  уақытта,  өсиет  қалдырушының оған жүктеген  міндеттерін  орындаудан  бас  тарту  құқығына  ие. 

Мұрагерлердің  өтініші  бойынша  соттың  шешімімен  өсиетті  орындаушы  өз  міндетінен  босатыла  алады[30]. 

Өсиеттің  орындалуы  түсінігіне  өсиетте  қамтылған  бұйрықтардың  жүзеге асуын  көздейтін,  мұрагерлердің  міндетіне  бірқатар  әртүрлі  іс-әрекеттері  кіреді.

Өсиетті  орындаушының  міндетті:

  1. Мұраны (сақтау)  қорғау  және  оны  басқаруды  жүзеге  асыру;
  2. Барлық  мұрагерлеррді  және  бас тартушыларды  мұрагерлікті  өз  пайдасына

ашу үшін, бар  шараны қабылдап  хабардар ету;

  1. Мұра  қалдырушыға тиесілі  ақша  көлемін  алу;
  2. Заң шығарушы  актілер  мен  мұра қалдырушының  қалауына  сәйкес

мұрагерлерге  тиесілі  мүлікті  беру;

  1. Мұрагерлерге  жуктелген  өсиеттен  бас тартудың  орындалуын  қамтамасыз

ету;

  1. Мұрагерлерден  өсиет  бойынша  өсиеттік  жүктеменің  орындалуын  талап ету

Информация о работе Мұрагерлі мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін қорғаушылардың шара қолдануы