Мұрагерлі мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін қорғаушылардың шара қолдануы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2013 в 10:37, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Мұра қалдырушының өлімі оның өзіне және мұрагерге, сонымен қатар, басқа да тұлғаларға құқық тарапынан ауыртпалық әкелуі мүмкін. Бұның өзі таңдаған тақырыптың өзектілігін көрсетеді. Неге? Себебі ол әртүрлі болуы мүмкін.
1-ден көптеген азаматтарды өлімнен кейін мұрагерлік құқыққа сай нормалармен бөлінетін мүлік ретін қолдайды. Бұл түсінікті жағдай, өйткені заң бойынша мұрагерлер ең жақын туыстары болып табылады.
2-ден ажал кезкелген уақытта болуы мүмкін. Сондықтан кей адамдар өсиетті жазып үлгермейді.

Вложенные файлы: 1 файл

дипломдық жұмыс.docx

— 143.38 Кб (Скачать файл)
  1. Шаруашылық  жүргізу  құқығына;
  2. Жедел  басқар  құқығына  негізделген (қазыналық  кәсіпорындар)

Қ.Р-ң  1995 ж.  5-қазан  заңды  күші  бар   Жарлығының  1-бабының  1т.  сәйкес, азаматтардың  бірлескен  кәсіпкерлік  қызмет  үшін мүшелік  негізде,  олардың  өз  еңбегімен  қатысушы  және өндірістік  кооператив  мүшелерінің  мүліктік  жарналарын  біріктіруіне негізделген  ерікті  бірлестігі  өндірістік  кооператив  деп  танылады.  Өндірістік  кооперативтердің  мүшелігі  кооператив  мүшесі  өлген  жағдайда,  өлді  деп  жарияласа,  хабар-ошарсыз  кетті  деп  танылған жағдайда  тоқтатылады.

    1. Мұрагерлері  жоқ  болса,  басқа  азаматтар  “кез-келген” тұлғаларға заң

бойынша  мұрагерлер  қатарына  кірмейтін  әр-кім  бола  алады; Ол  мұра  қалдырушының  жамағайыны  немесе  туысы емес  тұлға болуы  мүмкін.  Өсиет  өзінің  табиғаты  бойынша,  заң бойынша  мұрагерлері  өсиет  толтыру сәтінде  бар  болғанымен  басқа  тұлғаның  пайдасына  қалдырылған  болса, ол  бір жақтық  мәміле  деп танылады.  Оның  құқықтық  салдары  бір уақытта  мерзімін  толғанда – мұра  қалдырушының   қайтыс болған сәтімен  және  қаншалықты  кейінге  қалдырылған шарттың  орындалуымен -  мұраның  ашылу  сәтінде  заң  бойынша  мұрагерлерінің  жоқтығы.

Өсиет  қалдыру  құқығы  азаматтың  жалпы  азаматтардың  құқығындағы  субьективтік  құқығының  құқықтық  статустың  элементі  болып  танылады. 

Өсиет  қалдыру  құқық қабілеттілігі  әркімнің құқығында.  Бірақ,  азаматтың басқа құқыққабілеттіліктен басқа элементтерінен  айырмашылығы  өкіл арқылы  жасайтын  мәміле  сияқты  өсиеттің  қатал жеке  сипатпен  тарылған.  Осыған байланысты  өсиет  қалдыру  құқығы  азаматта  өсиет  ету  туралы  шешім қабылдау  құқығы  немесе  өсиет қалдыру  әрекетқабілеттілігі  пайда   болғаннан кейін  көрініс  табады[20].

Өсиет қалдырушының  құқыққабілеттілік  пен  әрекетқабілеттіліктің  пайда болуының  бір мезгілділігі,  бір-бірінсіз  әрекет ете  алмайтындығы  өзіндік біртұтас  құқықтық категорияны  құрайтынын куәлендіреді.  Осы  терминмен қатар,  оны  әлі заңда  және әдебиетте  қолданылмағандықтан  өсиеттің  құыққабілеттілік  және  өсиеттік  әрекетқабілеттілік түсініктерінде  қолдануымыз  қажет.

Азаматтың  өсиет  ету  құқықсубьектілігін  қайтыс болған жағдайда  мұрагерлік  құқық бойынша  өтуі мүмкін  өзінің құқықтары  мен  міндеттерінің  тағдырын шешуге  бағытталған  әрекеттердің  құқық  және  қабілетін айтуға болады.

Толық  көлемде әрекет қабілеті бар  және  әрекетқабілеттілігінен  айырылған  тұлғалармен қатар  азаматтық  құқықта  шектелген  әрекет қабілеттігі бар тұлғалар  категориясы бар. 

Бұл категорияға  кәмелетке  толмағандар  деп әдетте  аталатын 14 жаспен 18 жасқа  дейінгі  тұлғалар кіреді.  Бұл  тұлғалардың  құқықтық жағдайы  ҚР АК-ң  22-б  анықталып,   онда  кәмелетке толмағандар  мәмілелерді  ата - анасының,  асырап  алушыларының  немесе  қорғаншыларының  келісімімен  жасайды, бірақ  өздерінің  табысына, стипендиясына, өзге де  кірістеріне  және жасаған  интеллектуалдық  меншік құқығы объектілеріне  өз бетінше билік етуге және  өздері  жасаған  мәмілелер  бойынша  дербес  жауапты  болады  және  өздерінің  келтірген  зияндары  үшін  осы  кодекстің  ережелері бойынша  жауап  береді.  Осыған  байланысты  кәмелетке  толмағандар өздеріне  қажетті  мәміле  жасай алады,  бірақ  мәмілелер  тек  заңды  өкілдерінің  келісімі болған  жағдайда  құқықтық  мәнге  ие  болады.

Саңыраулық, мылқаулық, керең-мылқаулық  және  соқырлық  тұлғаның  әрекет қабілеттігіне  әсер ететін жағдайлар  болып  табылады.  Сондықтан,  сауатсыз  тұлғаның  соқырлығы, мылқаулығы  немесе  саңыраулығы  өсиет ету  кезінде  бір қатар  техникалық қиындықтар туғызады,  өйткені  бұндай  тұлғалардың  қалдыру  кезінде  шын  еркін  анықтау  белгілі  ауыртпалықтармен  байланысты болады. 

Сондықтан  саңырау, мылқау немесе керең-мылқау  және сауатсыз  тұлғалар  өсиет  еткенде,  басқа  тұлға  тартылуы  тиіс.  Бұл тартылатын  тұлға  тек  сауатсыз  болып  қоймай,  саңыраулармен,  мылқаулармен  немесе керең-мылқау  тұлғалармен  тиісті  жүйеде  түсінісе  білуі  қажет.   1998ж.  28- шілде №539 -  ҚР Әділет  Министрлігінің  бұйрығымен  бекітілген “ҚР  нотариустарымен  нотариалдық  әрекеттерді  жүргізу  тәртібі туралы” Инструкцияның 24-25 пунктеріне сәйкес,  егерде  әрекетқабілетті  жеке  тұлға  нотариалдық  әрекеттер жасауда,  дене кемшіліктеріне,  сырқатына  немесе  басқа да  себептеріне  байланысты  өзінің қатысуымен және нотариустың қатысуымен мұра  қалдырушының сұрауымен басқа әрекет қабілетті  тұлғамен  нотариалдық  куәлендіруге  назар  аударған  тұлға  құжатқа  өз  қолымен  қол  қоя алмайтын  себептерді  көрсете отырып,  қоя  алады.  Егерде нотариалдық қызмет көрсетуге бас бұрған  тұлға  саңырау,  мылқау  немесе  керең-мылқау  болса,  онда  сол  тұлғалармен  түсінісе  алатын  кез-келген  сауатты  тұлға  міндетті  турде  қатысуы  керек  және  өз  қолымен  мұра  қалдырушы  тұлғаның  еркіне  өсиет керек  және  өз  қолымен  мұра  қалдырушы  тұлғаның  еркіне  өсиеттің  мазмұны  сай  келеді  деп  куәлендіреді[21]. 

Егерде  азамат  нотариалды  куәлендірген  құжаттың  мазмұнымен  сауатсыздықтан  немесе  дене  кемістігінен  таныса алмаса (көру  қабілеті  аз  немесе  толық  жоқ  болса),  нотариус  құжат мәтінін  оған  оқып, бұл туралы  белгі жасалады. (Инструкцияның  4-бабы)   Сонымен  қатар,  егерде  соқыр  сауатсыз  болса,  ол  өзі  өсиетке  қол  қояды,  ал  егерде  ол  сауатсыз  болса,  оның  тапсырмасы  бойынша  өсиетке бақа  тұлға  қол  қояды (нотариустың  қатысуымен).

Уақытша  өзінің  әрекеттерінің  мәнін  түсінбейтін  жағдайда  әрекет қабілетті  тұлғамен  өсиет  ету заң  бойынша  жарамсыз  деп танылады.  Сондай-ақ   осындай  жағдай  сияқты,  еркіндік  тілегі  өсиет  қалдырушыда  болмаған  жағдайлар,  оның  ішінде  алдау,  қорқыту,  зорлық  және ша тасу  болғанда,  басқа  мәмілелермен  салыстырғанда, бірнеше  өзгешіліктерге  ие.

Бұл  ерекшеліктер  өлім  жағдайына  біржақтық  мәмілені,  ал басқа  мәмліелер  тірі  адамдар  арасында  жасалатынынан  көрініс  табады  және   келесілерінде де көрініс  табады.  Біріншіден,  алдау,  қорқыту,  зорлық  немесе шатасу  белгілерімен  мәміле  жасалса,  онда  оны  сот  тәртібінде  жарамсыз  деп  тану  үшін  дауласу  қажет  болса,  өсиетті  жарамсыз  деп  тану  үшін  осы жағдай  белгілері  болса,  онда  оның  сот  тәртібімен  дауласу  қажет емес,  өйткені  өсиет  қалдырушы  бұндай  өсиетті  біржақтық  әрекетпен  күшін  жоюға  құқықтық  мүмкіншілігі  бар. 

Ол  алдыңғының  күшін жоятын  жаңа  өсиет қалдыру  және нотариалдық  органға  жою  туралы  арыз  беру  жолымен  болдырмау  мүмкіндігі  бар. ( ҚР АК-ң  1053б.  2-т)   Екіншіден,  өсиетте  көрсетілген  құқықтық  салдар  туған соң, яғни  өсиет  қалдырушының  өлімінен кейін  өсиетті  өсиет қалдырушы  өз  әрекетінің  мәнін түсінбеген  жағдайда  немесе  маңызы  бар алдау,  қорқыту,  зорлық  немесе  шатастыру  әсерінде  жасалса (бұл  жағдайда, әрине  тек  сот тәртібінде)  кез - келген  мүдделі  тұлғаның  талабы  бойынша  жарамсыз  деп  танылуы  мумкін. 

Сонымен  қатар,  осындай  жағдайлар  әсерінде  жасалынған  басқа  мәмілелерді  дауласу,  тек  алдау,  қорқыту,  зорлық  немесе шатастыру  әсерімен  осы  мәмілені  жасаған  тұлғаның  өзі  талап  бере алады.

Әрекет қабілеттілігі  жоқ  тұлғаның  өсиетін  жарамсыз  деп тануда,  оның  мазмұнына  байланысты  өсиеттің  жарамсыздығына  байланысы  жоқ.  Өсиет ету үшін  заңмен  бекітілген  өсиет  нысанына  байланысты  жарамдылығы  мен  жарамсыздығы  туралы  сұрақ  осылай шешіледі.  Мазмұнына  байланысты  өсиеттің  жарамдылығы  мен  жарамсыздығы  туралы  сұрақ  өсиет ету  сәтінде  емес,  өсиет  қалдырушының  қайтыс болған  сәтінде  шешіледі.  Сондықтан,  өсиет  ету  кезінде  әрекет қабілеттігі  жоқ  болса,  кейін  әрекет қабілетті  деп  танылса да  жарамсыз  болады.  Басқа  тараптан қарасақ,  әрекет қабілетті тұлға  өсиет еткен,  бірақ  заң бойынша  берілген  өсиеттік  еркіндігінен  тыс  шығатын  ұйғарым  етсе,  онда  өсиет  қалдырушының   қайтыс болған сәтінде, яғни  мұраның  ашылу сәтінде  де  жарамды  болуы мүмкін[22].

Сондай - ақ, айтып  кететін  жайт,  өсиет қалдырушының  әрекет  қабілетсіздігінің    жарамсыздығы  әрқашанда өсиетті  толық  түрде  жарамсыз  деп  таниды. 

Сонымен  қатар,  заңмен  бекітілген  нысанды  сақтамағандығына  байланысты  өсиетті  жарамсыз  деп  тануда да  осылай  жургізіледі.  Өсиеттің  мазмұнына  байланысты  өсиеттің  жарамсыздығы  толықтай  жүзеге  аспайды.  Кейде,  өсиет  қалдырушының  жекелеген  ұйғарымдары  жарамсыз  деп  танылып,  қалған  ұйғарымдары  жарамды  болып  қалады.

Өсиеттік  құқық мирасқорлықты  құқықтық құбылыс  ретінде  түрлі  ерекшеліктерін   және  өсиеттің  негізінде  пайда  болатын 

Бас  тартушылар (легаттар)  заң  бойынша  мұрагерлер  қатарына  кіретін  және  кірмейтін  тұлғалар  болуы  мүмкін (ҚР АК-ң 1057-б.  1-т).

Өсиеттік  бас тартуда  өсиет  қалдырушы  мұрагерге  өсиет  бойынша  қандайда- бір  міндеттемелерді,  оларды  орындауды  талап ету  құқығын  алатын  бір немесе бірнеше  тұлғалардың  пайдасына  орындауды  жүктейді.

Бас  тартуды  қабылдаушылар  болып,  заң  бойынша  мұрагерлер  қатарына  кіретін  және  кірмейтін  тұлғалар  табылады.  Сондықтан,  легатқа сәйкес  мұрагер  мен  бас тартуды  қабылдаушының  арасында  міндеттеме  пайда  болса,  онда легат (легатарий)  несие беруші ретінде  танылса,  мұрагер  борышкер  ретінде  танылады.

Орындау міндетін  жүктеу аяқталады,  егер  жүктелгенді  орындау  міндеттілігі  бар  мұрагерге  тиісті  мұраның  үлесі  бір  жағдайлар  бойынша, басқа  мұрагерлерге  өтсе.

 

 

2.2. Өсиеттің  нысаны. Өсиетті жарамсыз  деп танудың негізі  мен

тәртібі  және  құқықтык  салдары

 

Өсиетте  көзделген  өсиет қалдырушының  тілегі заңның  талабына сәйкес  нысанда  болуы  тиіс.  Талап  етілген  нысанды  сақтамау  өсиеттің  жарамсыздығына  алып  келеді.  Бұл  түсінікті,  өйткені  тек  қана  өсиет қалдырушының  мүддесін  ғана  қозғамай,  сонымен қатар  осы  өсиетке  қатысты  тұлғаларды  да қозғайды.  Өсиетті  орындау  кезінде  оның  тілегін  өзгертпеу  үшін мұраның  тағдыры  өсиет қалдырушының  қайтыс болуынан  кейін өзі  қалай  шешкісі  келеді  солай  шешу  үшін  өсиет қалдырушы мүдделі  болады. 

Өз қатарынан  мұрагерлері де  материалдық  және  моральді –  этикалық көзқарастары  бойынша  мұраны  адамгершілікпен,  өсиет  қалдырушының  соңғы тілегін  орындауды  қажет етеді.  Ал, ол үшін  өсиет қалдырушының  тілегі өсиетте  нақты,  анық және  мағыналы  болуы  тиіс  және де  өсиет  толтырылғанан  кейін  ешкім  өзгертпегеніне толық  түрде күмәнданбау  үшін  және  өсиетте  ешқандай  подчистка  болмауы  керек[23].

ҚР АК-ң  1050-бабында  көрсетілген жалпы  тәртіпке  сәйкес,  өсиет  оның  жасалған  жері  мен  уақыты  көрсетіле  отырып, жазбаша  нысанда  жасалып,  нотариатта  куәлендірілуге  тиіс.  Өсиет  бір жақтық  мәміле  болғандықтан  мәміле  нысаны  туралы  ереже  қолданылады,   151- баптың 1-тармағына  сәйкес,  мәміле  ауызша  немесе жазбаша  нысанда  жасалады. (нотариалды  және  жай).

Нотариалды  куәлендіру  міндеттілігі  өсиетке қатысты  мәміленің  ерекше  түрі  ретінде  айрықша мағыналы  және мәнді болып табылады.  Бұндай  өсиеттің  мәмліе  ретіндегі  ерекшелігі,  осы мәмілеге  бағытталған  құқықтық салдар,  тек осы мәмілені  жасаған  тұлғаның  қайтыс болуынан  кейін  пайда  болады. 

Сондықтан,  осы  мәміленің  жарамдылығы  туралы сұрақ туғанда,  ондағы  өсиет қалдырушының  тілегі  шындыққа  сәйкестігі  және  осы  тілектің  мазмұнын  дұрыс түсіну  туралы  сұрақ туғанда куәлер  тартылмайды немесе  басқа да  құжаттарды  қолданбайды (осының  барлығы  өсиетті  толтырған және  өсиет қалдырушының  тілегін куәлендіру кезінде лауазымды  тұлға,  яғни  мемлекеттік  нотариустың  қатысуын  қажет  етеді).

Мемлекеттік  нотариустың  қатысуы  өсиетке  даусыз  заңи  акті сипатын  береді.  Алдымен,  лауазымды  тұлға  өсиетті  куәлендірмес  бұрын  өсиет  қалдырушының  өсиет  қалдыру  әрекет қабілеттігі бар ма,  өсиет  қалдырушының  тілегі  өз  мүлкімен  билік  етуге бағытталған ба,  қарама-қайшы  өкімдер  немесе  қоғамдағы  адамгершілік нормаларына  қайшы  келетін  шарттар болмайтын  өсиеттің  мазмұнын  дұрыс,  анық  екендігіне көз жеткізуіміз  қажет. 

Өсиет  қалдырушыға  жекелеген  тілектері  мен  мүмкін болатын  құқықтық салдар болуын түсіндіреді.

Біздің  заң  бойынша  өсиеттің  тек  жазбаша  нысаны танылады.  ҚР “Қазақстан Республикасындағы  тілдер  туралы” 1997ж.  11 шілде шығарылған заңның  15- бабында көрсетілгендей,  жазбаша нысанда жасайтын  жеке  және заңды тұлғалардың барлық  мәмілелері  мемлекеттік және қажетті жағдайларда басқа тілдерде,  қосымша орыс  тілдерінде  көрініс табады.  Шетел жеке және  заңды тұлғаларымен  жасалатын жазбаша мәміле,  тараптарға  түсінікті тілде және мемлекеттік тілде жасалады. 

Өсиет біржақты мәміле ретінде  танылғандықтан,  “Тілдер  туралы”  Заңында көрсетілген талаптарға сәйкес,  өсиетті толтырғанда да  қолданылуы тиіс.  Екі тілде толтырылған өсиеттің мәтіні  бір- біріне қайшы болуы мүмкін.  Көрсетілгенге байланысты  орталарында мұра  қалдырушының  тілегін анықтау үшін  приоритетті анықтау проблемасы  туады.  Сонымен,  өсиет өсиет қалдырушының  тілінде толтырылған және  осы тілде тілегін білдірсе, онда  өсиетте өзгеше  көзделмесе,  дау туған жағдайда басымшылық  осы мәтінге беріледі.  

Біздің  ойымызша  өсиетті  түсіндіруде дау  тумаса,  өсиет қалдырушы  тілегін  білдірген  тілде  толтырылған  өсиет  бойынша  анықталады. ҚР нотариалдық органдарында  шетел субьектілері  өсиетті  куәлендіретін болса,  онда  мұра қалдырушының  тілегі жалпы  ереже бойынша  мемлекеттік  тілде  толтырылған  мәтін бойынша анықталады. Бірақ, дау туған жағдайда  басымшылық  өсиет қалдырушының  тілегі білдірілген тілде  толтырылған  өсиетке беріледі[24].

Информация о работе Мұрагерлі мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін қорғаушылардың шара қолдануы