Мұрагерлі мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін қорғаушылардың шара қолдануы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2013 в 10:37, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Мұра қалдырушының өлімі оның өзіне және мұрагерге, сонымен қатар, басқа да тұлғаларға құқық тарапынан ауыртпалық әкелуі мүмкін. Бұның өзі таңдаған тақырыптың өзектілігін көрсетеді. Неге? Себебі ол әртүрлі болуы мүмкін.
1-ден көптеген азаматтарды өлімнен кейін мұрагерлік құқыққа сай нормалармен бөлінетін мүлік ретін қолдайды. Бұл түсінікті жағдай, өйткені заң бойынша мұрагерлер ең жақын туыстары болып табылады.
2-ден ажал кезкелген уақытта болуы мүмкін. Сондықтан кей адамдар өсиетті жазып үлгермейді.

Вложенные файлы: 1 файл

дипломдық жұмыс.docx

— 143.38 Кб (Скачать файл)

 қоюы мүмкiн. 

         Бірақ өсиет қалдырушының орнына өз пайдасына өсиет жазылып отырған адам, оның зайыбы, оның балалары, ата-аналары, немерелерi мен шөберелерi, сондай-ақ өсиет қалдырушының заң бойынша мұрагерлерi қол қоя алмайды. Сот отырысында өсиет жазу кезінде заңның осы талаптары бұзылып, өсиетке Зайцевпен бірге тұрған және өзінің пайдасына өсиет жазылған әйелдің қызы Николаева қол қойғаны анықталған. Тағы бір оқиға әлі есімде бар. Өсиет қалдырушы өсиетке нотариалдық кеңседе қол қойып, одан кейін куә оған далада тұрған машинаның ішінде қол қойған. Сот осы жағдайда да өсиетті жарамсыз деп таныды, өйткені өсиетке қалдырушы өсиетке куәнің көзінше қол қоюға тиіс болған.

        Мұрагер мұрадан өзінің  мұраға ие болғаны туралы білген және білуге тиіс күннен алты айға дейінгі мерзімде  бас тартуға құқылы.  Дәлелді себептер бар болған сәтте мерзім соттың шешімі бойынша екі айдан астам  уақытқа созылуы мүмкін. Мұрадан бас тарту жөнінде арыз мұрагермен  мұраның ашылу  орнында нотариусқа беріледі.

        Мұрадан бас тартушылық кеңінен бұзылмайды немесе қайта қайтарылмайды.  Нотариус мұрадан бас тарту туралы  өтініш аларда  мурагерге бұл әрекеттің қайтарылмайтындығы  жөнінде түсіндіреді. Бірақ, ескере кететін жағдай, 1992ж. 18 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасының жоғарғы сот Пленумының  №7 жарғысында  былай келтірілген: «Бас тарту бір жақты келісім болып табылады, сондықтан  оны мурагер өзгерте алмайды, бірақ келісім ретінде   Қазақстан Республикасының  Азаматтық Қодексының  4 бабында негізінде заңсыз деп тануы мүмкін». Бұндай жағдайда нотариус мұрадан бас тартқан мұрагерлерге талап етуші өтінішпен  сотқа жүгінуге құқықтары бар екені жөнінде түсіндіреді.

        ҚР АК 1074 бабының  4 пунктінде мұрагер оған берілген мерзімінде таусылса мұрадан бас тарту құқығынан айрылатыны туралы көрсетілген.  Егер ол іс жүзінде мүлікті иеленуге немесе, оның  мүлікті иеленуде растайтын құжаттарда алу үшін әрекеттену мерзімі аяқталса  мұрадан бас тарту өтінішін  беру құқығынан айрылады[48].

         Іспеттес  жағдай Қазақстан Республикасы №7 Жоғарғы сот Пленуымының қаулысында қаралған.  Онда мұрагерілікке құқығы туралы куәлік алу міндет емес, құқық болып табылады. Мұндай куәліктің болмауы, егер мұрагерлік белгіленген тәртіппен қабылданса,  оны мұрагерлік құқықтан айыра алмайды.

         Мұрадан  бас тартқан кезде мұрагер  өзінің құқығының  басқа мұрагерлер  үшін бас тартатыны  жайында  ескертуге құқылы. Сонымен қатар,  мұрадан бас тарту   кімнің  игілігі үшін  мұрадан  бас  тартатынын көрсетуге болады. Өсиет  етушінің қалауымен мұрагерліктен  айрылған  мұрагер игілігі үшін  жасалған  бас  тарту  өтініші  қабылданбайды. 

         1992ж. 18 желтоқсандағы   Қазақстан Республикасының жоғарғы  сот Пленумының  №7 қаулысының  21 пунктінде  мұраны  бөлген  кезде иеленген мұрадан  бас  тарта алмайды. Ол тек даудан  бас тарта алады.  Мұндай жағдайда  оның үлесі басқа  мұрагерлер  арасында  бөлініп беріледі немесе  ол өз  үлесін басқа мұрагерге  беруге құқылы.

          Берілген ереже маңызды болып табылады. Сондықтан нотариус  мұрагерлерге  олардың құқықтары,  мұрадан бас тарту  тәртібі  мен оның зардаптары  туралы түсіндіріп өту қажет.

 Сот  тәжірибесінің бір мысалын келтірейік:  1996 ж. Сотқа азамат Белялов Михаил мен оның  әпкесі Байшева Зинаида өздерінің  туған ағасы Белялов Петрдің мұрагерлікке құқық  туралы куәліктін заңсыз деп танылуын талап еткен өтініштермен жүгенеді.  Бұл талаптарын олар 1991 ж. әкелерінін қайтыс болуына байланысты   петр 1992 ж.  5 бөлмелі үйден тұратын мұрагерлік иелікке құқығы туралы куәлік алып, олардың мұрагерлік құқықтарын бұзғанымен түсіндіреді.

Соттың анықтау  кезенінде талап етуші  Белялов  Михаил өзінің  талаптарын, бүкіл  мұрагерлердің келісімімен мұра  Белялов Петрдің атына  жазылғандығы  туралы түсіндіре отырып , қолдады. 

Іс жүзінде  қабылданды, себебі Белялов Михаил аталған үйде тұрып жатқан, бірақ  жазба түрінде келісім берілмеген.  Жауап беруші Белялов Петрдің нотариусқа басқа да мұрагерлердің бар екені жөнінде айтылғандығы, мұрагерлікті беру жанұялық кеңесте шешілгендігі жөнінде айтты.  Талап етуші  Баишева Зинаида өзінің  үлесінен Белялов Петр игілігі үшін  бас тартатыны жөнінде өтінішмен сотқа жүгінеді.

Екі жаққа  да  бірінші инстанцияны соттың анықтауымен  белгіленген  бейбіт келісімжасалып  Белялов петрдің  үлесі Баишева Зинаиданың  өз үлесінен  бас тарту есесінен артты.

16 айлық мерзім  аяқталғаннан  кейін соттың қадағалау  тәртібімен бейбіт келісімді  өзгертті. 2002 жылға екі жақтың  арасында мұрагерлік иелікті  болу дауы әлі аяқталған жоқ. 

Егер, мұрагерлікті бекіту кезенде нотариус мұрагерліктен  бас тарту құжаттарын белгілеу тәртібін дұрыс анықтаған жағдайды мұрагерлер  арасында соттың даужағдайының қайталанбауы мүмкін еді.

Мұраның бір  бөлігінен  немесе  мұрадан бас  тарту кез келген жағдайда мүмкін емес. Мүмкіндік беретін жағдайлар  Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексының 1074 бабында көрсетілген.

Жоғарыда  көрсетілген негізінде өсиетті  бір жақты келісім деп санауға  болады. Ол мұра қалдырушының өлімінен кейін оның құқығы мен міндетін құрайтын формальды тұлға.

 Өсиеттің  мазмұны заңға қайшы келмеуі  тиіс. Өсиеттің еркіндігі кәмелетке  толмағандар, мүмкіндігі шектеулі  балалар және міндетті түрде  мұраға ие болатын адамдардың  игілігіне байланысты шектеледі.  Сонымен қатар, мұра қалдырушы  өзінің мұрагерімен қатар басқа  мұрагерді де көрсетуі құқылы. Бұл жағдай, өзінің мұрагері мұраны  алмаса несмесе мұра ашуға  дейін өмңрден өтіп кетсе, екінші  көрсетілген мұрагерге барлығы  көшеді.

Мұра қалдырушы  мұра алушыға белгілі бір шарттар  қоюға құқылы. Бұл шарттар Қазақстан  Республикасының Конституциясында көрсетілген адам бостандығы мен  құқығына қарсы келмеуі тиіс.

Зерттеуді қорыта келіп, мынадай қорытындалар шығаруға болады. Қазақстан заңнамасында өсиет  міндетті түрдегі нотариальдық формада жүргізілетінің атап өту керек. Азамат мұрасын растау үшін өзінің тұрғын жеріне қарамастан мемлекеттк нотариалдық контораға немесе жеке меншік нотариусқа өтініш жазуына болады. «Нотариат туралы» заңының 2,6 бабы бойынша мемлекеттік нотариалдық конторалар мен жеке меншік нотариустардың құқықтары бірдей екенін атап өтуіміз керек.

Осының барлығы  мұра қалдыруға байланысты істердің нотариустарда және соттарда көбеюіне әкеледі. Сот тәжірибесінің сараптамасына  қарағанда заңға қайшы мұраны алу, заңнаманың осы бабына байланысты болып отыр. Бұның барлығы, яғни заңнама  қоғамға байланысты даму керектігін дәлелдейді.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

       «Мұрагерлік құқық азаматтық құқыктың бір бөлігі болып табылады. Мұрагерлік құқық - қайтыс болған адамның мүлкінің мұрагеріне көшу тәртібін белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұра екі түрде қалдырылады: заң және өсиет бойынша. Мұра қалдырушы қайтыс болар алдында мүлкі жайлы ешкімге өсиет етпесе немесе өсиет еткеннен кейін де мүлік иесіз қалса, мұрагерлер заң бойынша мұраға ие болуға шақырылады».

Мұра  қалдыру  құқық  қатынастары  басқа  қатынастар  сияқты  дамыған.  Олар  қоғамның экономикалық  даму  өнімі  болып  табылады.  Материалдық  құндылықтар  өндірісіндегі  процессте  адамның  қарым  қатынасы  қоғамның  экономикалық  базисі  болып  табылады.  Өндірістік  қүштердің  дамуымен  бірге  экономикалық  құрылыста  өзгереді.

Экономикалық  құрылыстың  өзгеруімен  қоғамның көз  қарасы  да өзгереді.  Өндірістік  күштердің  дамуы  құқықтың  өзгеруіне  алып  қеледі,  жекелеп  айтқанда  мұра  қалдыру  қатынастарына. 

Жұмыстың нәтижелері бойынша  қысқаша қорытынды:

Мұра  қалдыру  және  өзгеде  қатынастардың  өзгеруі,  тек  қоғам  нысанының  ауысуы  нәтижесімен  ғана  емес,  сонымен  қатар  бір  мезгілде экономикалық  құрылыстың  өзі  өндірістік  қүштердің  дамуымен  белгілі  бір  өзгерістерге  ұшырайды.

Құқық  нормаларының  өзгеруіне  және  қалыптасуына,  соның  ішінде  мұра  қалдыру  тәртібін  реттейтін  нормаларына  тек  экономикалық  базис  әсер  етіп  қоймай,  сонымен  қатар  қоғамдық  құрылымдарының  әртүрлі  бөліктері әсер  етеді:     мемлекет,  дін,  философия,  мораль  және тағы  басқалар.

      Мұрагерлік  құқықтың   экономикалық,  саяси  және  өзге де қоғам  өмірінің  басқада  жағдайларынан  тәуелділігін  анық  көру  үшін,  оның  қалыптасу   мен  өзгерістерін   тарихи  аспектіде  қарастыру  керек.  Ол  үшін  мұра  қалдыру  тәртібін  әр-түрлі  әлеуметтік – экономикалық  нысандарын  қарастыру  керек. 

      Мұраның  ашылу   орнын  анықтау  маңызды   тәжірбиелік  мәнге  ие болып  табылады.  Бұны  білу  мұрагерлік  істі  қандай  нотариалдық   кеңсе  рәсімдей  алады,  және  де  мұрагерлердің,  қарсылық білдірушілердің,  несие  берушілердің  немесе  мемлекеттің  мүддесіне  қатысты   мұрагерлік  мүлікті  қорғауға  қандай  нотариалдык кеңсе шаралар   қолданады  деген  сұрақтарды  шешуде  көмектеседі.

Мұра қайтыс болған азаматтың  соңғы  тұрақты  тұрғылықты жерінде  ашылады.  Мұраның  ашылу  орны мен  азамат қайтыс болған орнымен  сәйкес  келмейді.   Бұндай  сәйкессіздік,  егер  мұра  қалдырушы  сотпен  немесе  нотариалдық  тәртіпте қайтыс болған деп  жарияланса,  орын  алады,  егерде  параходта,  темір  жолда,  аурухана  ғимаратында  қайтыс болса,  егерде  мұра  қалдырушы  жұмыс  бабындағы  іс сапарда  немесе  демалыс  уақытында  демалыс  үйінде  және  тағы  басқа  осындай  жағдайлардың  барлығында да  мұра  қалдырушының    қайтыс болған жері мен мұра  ашылатын  орынның  сәйкессіздігі  көрініс  алған  болуы мүмкін.   Азаматтық  құқықпен  рұқсат  етілетін  мұра  қалдырушының  мұраның  ашылу  мен  мұра  қалдырушының   қайтыс болған орнымен  сәйкессіздік  азаматтың  тұрақты  тұрған  және жұмыс  істеген  жерінде  мұрагерлік  құқық  қатынастарының  реттелуінің  ыңғайлылығын  көрсетеді.

Мұраның  ашылу  орны  азаматтың  мекен - жайының  анықталуымен  байланысты  белгіленеді,  Негізінен  мұра  азаматтың  тұрғылықты  жерінде  ашылады.  

Сонымен  мұраның  ашылу   орнын  анықтап  алу  мұраға  шақырылатын  тұлғалар  тобын  анықтау  үшін,  мұраны  қабылдау немесе  мұрадан  бас  тартудың  жүргізілуі  үшін  немесе  өзгеде  мұрагерлік  құқықтарды  рәсімдеуге  бағытталған  әрекеттер  жасау  үшін  өте  маңызды.

Демек,  өсиет  бар ма, жоқ па,  және де  егерде  өсиет  болса,  оның  мазмұнына  қарамастан,  мұрагерлік  барлық  жағдайда тек  заңды юридикалық  фактілер болғанда  ғана  жүзеге асырылады.

        Мұрага ие болудың кезектері:

1. Бірінші кезекте, мұраға тең  үлеспен мұра қалдырушының балалары, соның ішінде қайтыс болғаннан  кейін тірі туған балалары, сондай-ақ  мұра қалдырушының жұбайы мен  ата-анасы ие болады.

2. Заң бойынша мүрагер болу  құқығын, екінші кезекте тең  үлеспен мұра қалдырушының ата-анасы  бір, ата-анасы бөлек аға-інілері  мен апа-сіңлілері (қарындастары), сондай-ақ оның әкесі жағынан  да, анасы жағынан да атасы  мен әжесі алады.

3. Үшінші кезекте, тең үлеспен  мұра қалдырушының туған немере  ағалары мен апалары алады.  Туыстық дәрежесінің жақындығы  ортақ ата-бабасының туу саны  негізінде анықталады. Әрбір дүниеге  келу бір ата (бір туыстық)  дәрежесі деп аталады. Жалпы  АК 1064-1068 баптары бойынша мұраға  ие болу кезегі жетіге дейін  болуы мүмкін. Мұрагерлік кезінде,  бір жағынан, асырап алынған  және оның ұрпақтары және екінші  жағынан, асырап алушы мен оның  туыстары қандас туыстарға теңеледі  және т. с. с. Жақын туыстар  деп ата-аналар, балалар, асырап  алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы  бір және ата-анасы бөлек емес  ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер, аға-қарындастар, ата, әже немерелерді  айтуға болады.

Әр азамат тірісінде өз дүние-мүлкін кімге болса да мұра етіп қалдыра  алады.  Өсиет бойынша мұрагерлік дегеніміз - заңда көрсетілген ретпен жасалған азаматтың өз дүние мүлкін кімге қалдыру жөніндегі тірі кезінде жасалған ерікті тапсырмасы. Өсиет жазбаша түрде жасалады. Оны нотариалдық кеңсе немесе жергілікті әкімшілік растайды. Өсиет қағазына мұра қалдырушы қол қояды. Егер халінің нашар болуына немесе басқа себептермен өсиетке қол қоя алмайтын болса, ол үшін басқа адам қол қояды, бірақ бұл кезде оның жанында нотариус немесе басқа лауазымды адам болуға тиіс. Әрекет қабілеттілігі жоқ адам, болмаса өз әрекетінің мәнін түсінбейтін адам өсиет қағазына қол қоя алмайды. Мұра қалдырушы өз өсиетін өзгертуге де, жоюға да ерікті және кейінгі жасаған өсиет қағазы алдыңғыларын жоққа шығаралады.

         Өсиет бойынша  мұрагерлер мыналар болуы мүмкін: 1) заңға сай мұрагерлер; 2) заң  бойынша мұрагерлікке кірмейтін  бөтен адамдар; 3) мемлекет пен  жеке үйымдар.

        Мұра ашылғаннан  кейін заңда көрсетілген мерзім  ішінде (6 ай, Азаматтық Кодекс 1063-бап)  мұрагер ол мұраны қабылдай  алады». Ғылыми  әдебиеттерде  өсиеттік  өкімдердің  жүзеге  асыруымен  байланысты  құқық қатынастар  туралы  біркелкілік  мағына  жоқ.   Өсиет  негізінде  пайда болатын  құқық қатынастардың жиынтығы  біреулері -  мұрагерлік  құқыққатынастар  деп  таныса,  кейбір  авторлар  әмбебаптық  белгісіне   және  мұрагерлік  белгілеріне  жауап  беретін  құқыққатынастары бар  ауыр  заңи  құрам ретінде  қарастырады.  

Информация о работе Мұрагерлі мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін қорғаушылардың шара қолдануы