Мұрагерлі мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін қорғаушылардың шара қолдануы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2013 в 10:37, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Мұра қалдырушының өлімі оның өзіне және мұрагерге, сонымен қатар, басқа да тұлғаларға құқық тарапынан ауыртпалық әкелуі мүмкін. Бұның өзі таңдаған тақырыптың өзектілігін көрсетеді. Неге? Себебі ол әртүрлі болуы мүмкін.
1-ден көптеген азаматтарды өлімнен кейін мұрагерлік құқыққа сай нормалармен бөлінетін мүлік ретін қолдайды. Бұл түсінікті жағдай, өйткені заң бойынша мұрагерлер ең жақын туыстары болып табылады.
2-ден ажал кезкелген уақытта болуы мүмкін. Сондықтан кей адамдар өсиетті жазып үлгермейді.

Вложенные файлы: 1 файл

дипломдық жұмыс.docx

— 143.38 Кб (Скачать файл)

Көне  Египеттік  құқықтың  сақталған  мұраларынан  құлдық  мемлекетте  заң  мен өсиет бойынша  мұраға  қалдыру  мәлім  болғанын  көруге  болады.  Мұра  қалдырудың  жариялық  нысаны  ғана рұқсат етілген.

Мұра  қалдырушы  жеткілікті  негіздер  болған  жағдайда,   заңды мұрагерлерді  мұрадағы  үлестерінен  айыруға  мүмкіндік  берді. Мұра  қалдырушы  өзінің мүлкін тек  заңды  мұрагерлерге ғана  емес,  сондай ақ  басқа  тұлғаларға  қалдыра  алды.  Өсиет  болмаған  жағдайда,  мұрагер  ретінде  өлген  адамның  мүлкі  заңды  мұрагерлеріне  беріледі. Мұрагерлердің  бірінші  кезегінде мұра  қалдырушының  балалары  тұрды. 

Мұрагерлік  мүлік  балаларының  арасында  тең  үлесте  бөлінеді.  Балалары  болмаған  жағдайда,  мұрагер  ретінде  өлген  адамның  ағалары  мен  апалары  саналады.

Құл иеленушілік  құрылыстағы  мұрагерлік  қатынастардың  толық  түрде  реттелуі  Рим  құқығында  берілген. Рим  құқығының  көне  мұрасы  болып, 12  таблица  заңы  болып  табылады. Онда  патриархаттың  соңғы  кезеңіндегі  мұра  қалдырудың  тәртібі  бекітілген  болатын және  мұра  қалдыру  екендігі  танылды.

Рим  құқығы  өсиет  бойынша  немесе  заң  бойынша  мұра  қалдыруды  рұқсат  етті.  Мұра  қалдырудың  екі  түрі де  бір  уақытта  әрекет  ете  алмады[5].  Өсиет бойынша мұра  қалдыру заң бойынша мұра  қалдыруды рұқсат  етпеді.

Басқа да  құл иеленуші  мемлекеттердегі  сияқты  рим  құқығы да  мұра  қалдырудың  жария  нысанын  қарастырды.  Мұра  қалдырудың  бұндай  нысаны  мұра  қалдырушының  отбасы  мүшелерін   мұрагерлік қателіктерінен  сақтаған.  Өйткені,  халық  жиналысы  мұра  қалдыруды  әділетсіз  деп  таныса,  рұқсат  етілмеді.

Өсиеттің  мазмұнына  да  қажетті  талаптар  қойылды.  Соның  ішінде  міндетті  түрде  мұрагер  көрсетілуі  тиіс.  Егер де  мұраны  қалдырушы  туыстарының  ішінде  мұрадан  айыратын  тұлға болса,  онда  ол  мұрасыз  қалған  тұлғаларды  жазуы  тиіс.  Егерде  ондай  тәртіп  қолданылмаса,  өсиет  жарамсыз  деп  танылады.

Империя  кезеңіндегі  рим  құқығында  легаттан  басқа  (өсиеттік  бас  тарту)  бас  тартудың  басқа  түрін  -  фидейкомисс  танылды.  Фидейкомисстің  легаттан  айырмашылығы  тек  қана  өсиет  бойынша  мұрагерге  ғана  емес,  сонымен  қатар  заң  бойынша  мұрагерге  де  қойылады.

Рим  құқығында  шартты  түрде  мұрагер  болу  мүмкіншілігі бар.  Тұлға  егер  өсиет  қалдырушы  шартын  орындағаннан кейін  ғана  мұрагер  болып  танылады.   Егерде  бұл  шарт  орындалмаса  өсиет  жазылмаған  деп  танылды.  Яғни,  өсиеттің  тиістілігіне  әсер  етеді[5].

Өсиет  келісім  шарт болып  танылғандықтан,  өсиет  қалдырушы  құқық  қабілетті  және  әрекет  қабілетті болуы  керек  болды. Рим  құқығы  мұра  қалдыруды  жан-жақты  (әмбебап)  мирасқор  ретінде  қарастырды.  Бұндай  жағдайда  мұрагер  мұраны  алған  соң,  бір  актімен өлген  адамның  құқықтары  мен  міндеттерінің  барлық  жиынтығын алды.  Мұрагерге  мұра  көшу  үшін,  ол  мұраны  қабылдап,  алуы  тиіс.  Мұрагер  мұраны  алды деп,  мұрагерлік  мүлікті  басқаруға  көшсе  немесе  қуәлердің  қатысуында  мұраны  қабылдау  туралы  мәлімдесе  ғана  танылады [6].

Сонымен  жеке  меншіктің  дамуы  мен  отбасы  мүшелерінің  еңбегін  құлдардың  еңбегіне  ауыстыру  құл иеленуші  қоғамдағы отбасын  өндірістік  коллектив  ретінде  экономикалық  ұя  ретінде  қарауды  қойды.  Мұрагерлікке  мұралық  мүлікті  жинауына  және  алуына  қатысуына  қарамай,  өлген  адамның  жақын  қандық  туыстары  шақырыла  бастайды.  Өсиет  мұра  қалдырудың  басым  нысаны  болады.

Феодалдық  құрылыстың  мұрагерлік  құқығы.   Өндіріс құралдарының,  одан  әрі дамуы енбеқтің  өнімділігінің өсуімен қоса болады.

Құл иеленушілік  өндірістік  қатынастарда  өнімділік  қүштердің  өсуінің  сәйкессіздігі  құл иеленушілік  құрылыстың  біртіндеп  феодалдыққа  ауысуына  алып  қелді[6].

Феодалдық  құрылыстың  сипаттамасы  ретінде  жер  меншігінің  иерархиялық  құрылымы  танылды.  Көптеген  феодалдық  меншіктер  саяси  бытыраңқылық  пен  өзара  соғыстардың  арқасында  жүйеленген  заңдар  болған  жоқ.  Мұрагерлік  құқықтың  сұрақтары  басқа  құқық  институттары да  нашар  қарастырылған.  Құл иеленушілік  құрылыс  сияқты , феодалдықта да  көптеген  мұрагерліктің  кезектілігі  сақталды.

 Соңғы кезектегі  мұрагерлер  алғашқы  кезектегі  мұрагерлер  болса  ғана шақырылмаған.  Мұрагерлік  кезектердің  жүйелілігі  туыстық  дәрежесіне  негізделген.  Туыстық  дәрежесі  жақын   туыстар  алыс  дәрежедегі  туысқандарды  шегеріп  тастаған.

«Саксондық  айна»  (герман  құқығының 13- ғасырдағы  ескерткіші)  мұрагерлер  мұра  қалдырушының  арыздарын  жылжымалы  мүліктің  бағасымен  жауапкершіліктің  мөлшерін  азайтқан [6].

Феодалдық  құқыққа  мұра  қалдырудың  тек  заң  бойынша ғана  емес,  сонымен  қатар  өсиет  бойыншасы  да  мәлім  болған,  бірақ  мұра  қалдырушының  құқықтары  біршама  шектелді.  Мысалы:  Егерде  мұра  қалдырушыда  ұлдар  болса,  онда  мүлікті өсиет  бойынша мұраға қалдыруға болмады.  Бұл  жағдайда мұра  қалдырушының  еркінен  тыс  барлық  мұралық  мүлік  ұлдарының  арасында  бөлініп  берілді.  Егерде  ұлдары  болмаса,  мұра қалдырушы  өз  мүлкін  кімге  болса  да  қалдыра  алды.

«Полицтік  статут» (15- жүзжылдықтағы оңтүстік  славяндардың  феодалдық құқығының ескерткіші)  Бұл заңдар  жинағында,  мұра  қалдырушының  ұлдарын мұрадан айырудың  жекелеген және  заңда көрсетілген  жағдайларын  көрсеткен [6].

Феодалдық  қоғамда  мұрагерлік  құқық  қатынастарды  реттеуде  үлкен  әсерлерді  көрсетті.  Дін, идеология, әлеуметтану  феодал  таптарындағы  қоғамда  басшылықтың  еркін  білдірді.

Құқықтың  дамуына араб  елдеріндегі дің  ерекше  үлкен  әсер  етті.  Бұл  жерде  діңнің  алғы  шарттары   мұсылмандық  құқықтың  негізі  болды. Мұсылмандардың  мұрагерлік  құқығы  Құранның  оқуында  көрініс  тапқан.  Еуропалық  феодалдық  мемлекеттердің  мұрагерлік  құқығын  мұсылмандық  мұрагерлік  құқығымен  салыстырғанда  бірқатар  ерекшеліктері  бар:

1)  Мұрагерлік   мүлік  анасы   жағынан  туыстарына  көшпейді.

  1. Ер  адамның  мұрагерлік  үлесі  әйел  адамның  үлесіне  қарағанда,   

     екі  есе  көп   болады. 

  1. Мұрагерлікке  ұсыныс тәртібімен  жүргізуге  жол  берілмейді;
  2. Өсіп  келе  жатқан  мұрагерлерді  толығымен  шығарып  тастамады;
  3. Мұрагер  мұрадан  бас  тарта  алмайды;
  4. Құлдыққа  түскен  тұлға мен  діңнен  безер   заң бойынша мұрагер бола

алмайды;

  1. Мұра  қалдырушының  қарыздары  бойынша  жауапкершілік  мұра  көлемінің

активімен  шектелді;

  1. Мұра  қалдырушы  тұлға  тек  мұраның  үштен бір бөлігімен ғана  басқара

алды;

  1. Өсиет  бойынша  мұрагерлер  болып,  заң  бойынша  мұрагерлерден басқа

әрбір  тұлға  танылады [6].

 Сонымен,  феодалдық  құқықтың  келесідей  өзіне  тән  ерекшеліктері  бар:

    1. Феодалдық  құрылыстың  экономикалық  негізі  болып,  феодалдардың  жерге

деген  меншігі  мен  крепостық  шаруаға  шектелген  меншік  болғандықтан,  заң  бойынша  осы  меншік  түрлерін  феодалдарға және  оның  ұрпақтарына  қалдыруына  өте  маңызды  рөль.  Егерде  құл иеленуші  қоғамда  мұраны  біртұтас  ретінде  барлық  мұралық  мүлікті мұраға  қалдырудың  біріңғай  тәртібін  орнатса,  феодалдық  құрылыста  жер және  басқа  жылжымайтын  мүлік  жалпы  мұрагерлік  массадан  бөлініп,  мұрагерліктің  жеке  обьектісі  ретінде  қарастырылды.  Жылжымайтын  мүлік  мұрагерліктің  басты  обьектісі  болады.

    1. Жылжымайтын  мүлікті  мұраға  қалдыру құл иеленуші  құрылыстың  соңғы
    2. кезеңдеріндегі  сияқты  қандық  туыстық  негізінде  емес,  екі  белгінің  бірігуі

негізінде  жүзеге  асырылды.  Олар;  туыстық  және  мұрагердің  әскери  қызметін  өтеу  жарамдылығы.

    1. Феодалдық  мұрагерлік  құқық  сословиелік  құқық  болып  табылатын.  Ерекше

пұрсатты  сословиелік  мұрагерлік  тәртібі  төменгі  сословиелік  мұра  қалдыру  тәртібінен  ерекшеленеді.

    1. Патриархаттың  қағидаларын  қолдана  отырып  және  діннің  әсерінде

феодалдық  құқықта  ер  адамдар  мен  әйелдердің  арасында  теңдік  болмады. Соңғыларының  мұрагерлік  құқығы  шектеулі  болды [6].

Буржуазиялық  құрылыстың  мұрагерлік  құқығы.  Буржуазиялық  құрылыстың  жеңісімен қондырма  өзгеріске ұшырады.  Сословиелік- буржуаздық  заңдар  буржуазиялыққа  өзгертіледі. Буржуазиялық  елдердің  Конститутциясы  дворяндардың  артықшылықтарын алып  тастап,  заң алдындағы формальді теңдікті  жариялайды.

 Азаматтық  кодекстер   жеке  меншікті  қорғау,  шарттық   қатынастардың  еркіндігін,  жұмыскер  мен  кәсіпкердің  арасындағы  енбектік  қатынастарға  мемлекеттің   араласпау  қағидаларына  негізделеді.  Буржуазиялық  мұрагерлік   құқықтың  негізіне  мұрагерлік  массалық  тұтастық және  ер  адамдар  мен  әйелдердің  арасындағы  мұрагелік  құқықтардың  теңдік  қағидалары  қойылады.

Буржуазиялық  елдердің  экономикалық  мәні  бір  болғанымен,  буржуазиялық  мұрагерлік  құқық  әр  елде  жекелеген  мұрагерлік қатынастарды  әр-түрлі  реттейді.  Елдердің  бір  тобына  мұрагерлік  құқық  1804  жылғы  француз  азаматтық  кодексінің  үлгісінде  жасалған. Басқа  тобында  Германдық  азаматтық  жинақ  үлгісі  бойынша;  үшінші  бір  тобында  ағылшын-американдық  құқық  үлгісі  бойынша.

Францияның  мұрагерлік  құқығы   мұра  қалдыруды  әмбебап  мирасқорлық  ретінде  қарастырады.  Ол  мұраны  заң  бойынша  және  өсиет  бойынша  қалдыруын  қарастырады.  Заң  бойынша  мұраны  қалдыру  келесі  жағдайларда  орын  алады: қайтыс болған адам  өсиет  тастамаса  немесе  мұрагерлік  туралы  шарт  жасамаса  және өсиетті  жарамсыз  деп  таныған  жағдайда. 

Заң  бойынша  мұра  қалдыру  өсиетпен  көрсетілмеген  мүлікке  қатысты  жағдайларда  көрініс  табуы  мүмкін.

Француздың  заң  шығарушысы  кішігірім  буржуазияның  талаптарын  орындай  отырып,  мұрагерлік  мүлікті  бөлшектеуге  және  мұрагердің  құқықтарын  теңеуге  бағытталған  бағыт  жасайды.  Сонымен  қатар  заң  шығарушы  буржуазияның  өзінің  мүлкімен   қайтыс болғаннан кейін  де  басқару  сияқты  индивидуалистік  ынталарымен  санасты.  Осыған  байланысты  өсиет  бойынша  мұра  қалдыруға  үлкен  шектеу  қойылса  да,  рұқсат  берілді. 

Жекеменшік  иесіне  өзіне  тиісті  мүліктің  бір  бөлігіне  ғана өсиет  етіп  қалдыру  еркіндігін  анағұрлым  шектеудің мақсаты  болып,  бір  адамның  қолында  байлықтың  үлкен  концентрациясына (шоғырлануына)  жол  бермеу болды[6].

Заң  мүлік  иесінің  өсиет  бойынша  мұрагерлерді  таңдауда  шектеу  қоймады.  Мұраны  заң  бойынша  мұрагерлерге  және де  өзге  адамдарға  қалдыруға  мүмкін болды.  Бірақ,  сонымен  қатар  мұра  қалдырушыға  өзінің  туыстарын  заңды  үлестерінен  айыруға  рұқсат  берілмеді.

Мұрагерлерге   мұраны алу  немесе  одан  бас  тарту  құқығы  берілген.  Мұрагер  мұраны  алды  деп,  егер  ол  мұрагерлік  мүлікті  басқаруға  кіріскен  сәттен  танылады.  Тұлға  мұрадан  бас  тартты  деп,  егерде  ол  сотта  ерекше  реестрде  бас  тарту  туралы  тіркелген  соң есептелді.  Мұрадан  бас  тартқанның  үлесі  басқа  мұрагерлікке  қатысатын  мұрагерлерге  беріледі[7].

Герман  заңдары  француз  заңдарына  қарағанда  мұрагерлікті  анықталған  санды  кезекпен  шектемейді.  Демек,  мұрагерлік  жүйесі  мұрагерлік  мүліктің  алыс  туыстарына  өтуіне  мүмкіншілік  тудырады.

1896 жылғы  Герман  азаматтық   жинағы бойынша  өсиеттік  өкім  жасау  кейінге  қалдыру   және  жою  шартымен  құрастырылуы  мүмкін.  Мұра  қалдырушыға   мұрагерді  тағайындап  қоюға   рұқсат  берілді. 

Герман  азаматтық  жинағы бойынша  мұрагерлерге  мұраны  алу  немесе  одан  бас  тарту  құқығы  берілген.  Бас  тарту  сотқа  арыз  берумен  жүзеге  асырылады.  Мұрадан  бас  тарту  мерзімі  өткен  соң  мұраны  алды  деп  саналады.  Тұлғаның  мұраға  құқығын  растайтын  құжат  болып,  мұрагердің  өтініші  бойынша  сотпен  берілген  құжат  болып  табылды.

Ағылшын –  американдық  мұрагерлік  құқығы  француздық,  германдық  және  басқа  буржуазиялық  елдердің  құқықтарынан  ерекшеленеді. 

Мұра  қалдырушының құқықтары  шектелмеген.  Мұра  қалдырушы әрбір  тұлғаға  мұрагерлік  мүліктің  барлығын  немесе  бір  бөлігін  беруге бұйыра  алады.  Ол  әрбір  заң  бойынша  мұрагерді  мұрасыз   қалдыра  алады.

Мұра  қалдырушының  құқықтары  шектелмеген.  Мұра қалдырушы әрбір  тұлғаға  мұрагерлік  мүліктің  барлығын  немесе  бір  бөлігін беруге бұйыра  алады.  Ол  әрбір  заң  бойынша  мұрагерді  мұрасыз  қалдыра  алады[7].

Мұрагерліктің  шектелмеген  еркіндігі  және  міндетті  үлес  институтының  жоқтығы – ағылшын - американдық мұрагерлік құқықтың  өзіне тән белгісі болып табылды.

Ағылшын- американдық  мұрагерлік құқық  өсиеттің  жеңілдетілген  нысанын  қарастырады.  Әдеттегі  өсиет  үшін  өсиет  қалдырушының  еркі  жазбаша  нысанда,  өсиетті  өсиет  қалдырушымен  екі  куәнің  қатысуында  қол қоюы  тиіс.  Мұра  қалдырушы  өсиетті  кейінге  қалдыру  немесе  белгілі  бір  жағдай  туғанға  дейінгі  шартты  түрде  көрсетілуі  мүмкін.

Информация о работе Мұрагерлі мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін қорғаушылардың шара қолдануы