Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 22:34, дипломная работа
Дипломдық жұмыс: 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде мемлекеттік кадрлық саясат және қызметкерлерді басқарудың теориялық негіздері: ҚР жергілікті басқару жүйесінің мәні мен мазмұны, қызметкерлерді басқару жүйесі, қызметкерлерді басқарудың шетелдік тәжірибесі қарастырылған, екінші бөлімде Қазақстан Республикасы және Оңтүстік Қазақстан облысындағы кадрлық саясат және қызметкерлерді басқаруға: Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметi жүйесi және кадрлық саясаттың ағымдағы ахуалына, Оңтүстік Қазақстан облысында қызметкерлерді басқару жүйесін ұйымдастыруына, ҚР мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттіктің қызметіне талдау жасалған, үшінші бөлімде мемлекеттік кадрлық саясат және мемлекеттік қызметкерлерді басқару жүйесін жетілдіру жолдары: мемлекеттік қызмет персоналын басқару жүйесін жетілдіру, мемлекеттің кадр саясатын мемлекеттік реттеу қарастылған және кадрлық саясат және қызметкерлерді басқару жүйесін жетілдірудің бизнес-жоспары берілген.
Аннотация
Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Қысқартулар мен белгілер
Кіріспе 9
1 Мемлекеттік кадрлық саясат және қызметкерлерді басқарудың теориялық негіздері
11
1.1 ҚР жергілікті басқару жүйесінің мәні мен мазмұны 11
1.2 Қызметкерлерді басқару жүйесі 14
1.3 Қызметкерлерді басқарудың шетелдік тәжірибесі 20
2 Қазақстан Республикасы және Оңтүстік Қазақстан облысындағы кадрлық саясат және қызметкерлерді басқаруды талдау
24
2.1 Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметi жүйесi және кадрлық саясаттың ағымдағы ахуалы
24
2.2 Оңтүстік Қазақстан облысында қызметкерлерді басқару жүйесін ұйымдастыру және оны талдау
33
2.3 ҚР мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттіктің қызметін талдау 46
3 Мемлекеттік кадрлық саясат және мемлекеттік қызметкерлерді басқару жүйесін жетілдіру жолдары
51
3.1 Мемлекеттік қызмет персоналын басқару жүйесін жетілдіру 51
3.2 Мемлекеттің кадр саясатын мемлекеттік реттеу 55
3.3 Кадрлық саясат және қызметкерлерді басқару жүйесін жетілдірудің бизнес-жоспары
65
Қорытынды 72
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 75
Ойдағыдай мемлекеттік қызмет көрсетулер сапасы төмен болуда. «Мемлекеттік қызмет көрсетулер стандартын әзірлеуге жәрдем ету» Еуропалық комиссиясымен бірлескен жобасы шегінде, Агенттікпен шетелдік сарапшылардың қатысуымен, 2011 жыл бойы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын әзірлеу және енгізу мәселелері бойынша аймақтық семинарлар серияларынан тұратын түсіндіру компаниясы өткізілген. Мемлекеттік басқарудың орталық және жергілікті органдарында жұмыс істейтін 700-ден астам мемлекеттік қызметші оқыды.
Нәтижесінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 Қаулысымен, құрамында 132 мемлекеттік қызмет көрсетуі бар, Заңды және жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету тізілімі бекітілген. Оның ішіндегі 37 жергілікті атқарушы органдарына жүктеліп бекітілген. Осылардың негізінде барлық орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызмет көрсету регламенттері мен стандарттары әзірленіп, бекітілді.
Сол мезетте өткізілген
бірінші тексерулер мемлекеттік
қызмет көрсету саласындағы
- мемлекеттік қызмет көрсетулер стандарттары мен регламенттердің уақытылы бекітілмеуі не тіркелмеуі,
- бекітілген стандарттар мен регламенттердің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы №558 және 559 Қаулыларымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетудің Типтік стандарттары мен регламенттеріне сәйкес келмеуі,
- мемлекеттік қызмет
көрсетулер стандарттарын
-қабылданған стандарттардың бұзылуы.
Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мемлекеттік органдарының жұмысы сапысы мен олардың жұмысына халық қанағаттану деңгейін анықтайтынын ескере отырып, Агенттік мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар жоспарлады.
Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасы және Ар-намыс Кодексі сақталуының жеткіліксіз деңгейі.
Мемлекеттік қызмет саласында заңнаманың сақталуын бақылау Тәртіптік кеңестерге жүктелген. Тәртіптік кеңестер кешенді тексерулер өткізеді, оның ішінде, мемлекеттік органдардың халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын зерттеу мақсатында, халықтан әлеуметтік пікіртерім жинайды. Тексерулер өткізуге азаматтық қоғам институттары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар тартылады; Тәртіптік қеңестің лауазымды тұлғалары күн сайынғы азаматтарды қабылдаулар ұйымдастырады; сенім телефондары және халықтың хаттары үшін жәшіктер орнатылып, әрекет етеді; жергілікті және республикалық баспасөзде тексерістер барысы туралы мәлімет жарияланады. Бұл қоғамның өкіметке деген сенімділігінің ұлғаюына жол береді және құқық бұзушылықтардың санын төмендетеді.
2011 жылы Тәртіптік кеңестер 2522 тексеріс өткізді, олардың нәтижесінде тәртіптік жауапкершілікке 1923 мемлекеттік қызметші тартылды. Тұтастай алғанда, 2011 жылы Агенттік және оның аумақтық құрылымдары 22905 мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың, Ар-намыс Кодексі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзу фактілері айқындалды. Осылардың барлығы оны жетілдіруге ұсыныстарды үнемі енгізуге мүмкіндік береді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мақсатында, мемлекеттік органдар үшін сыбайлас жемқорлық рейтингін есептеу нұсқаулықтары бекітілді.Агенттік сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингін есептейтін жұмысшы орган болып табылады және Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссиясына рейтингін тапсырады. Рейтингті есептеу 2008 жылдан бастап, жыл сайын өткізіліп тұрады.
Бұл «Трансперенси Интернешнл» тәуелсіз ұйымы жыл сайын анықтайтын, сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша Қазақстанның жағдайын тұтастай жақсартуға мүмкіндік береді.
2011 жылғы жағдайына орай, осы индекс деректері бойынша, Қазақстан 150 орында.
Өткізіліп жатқан әкімшілік реформалар есебімен, аталған аспектілер бойынша Агенттікпен әрі қарай жұмыс атқару жоспарланған.
Агенттік міндеттерінің бірі және де «Электронды Үкімет» жүйесі бойынша жұмыс жасау болып табылады.
Бүгінгі күнде мемлекеттік қызметшілердің республика бойынша штаттық саны 103847 бірлікті құрайды.
Нақты саны 94061 адамды құрайды.
Тұтастай алғанда, ақпаратты іріктеу және оны басқару рәсімін автоматтандыру жеткіліксіз деңгейде. Мемлекеттік басқаруды ақпараттандыру шеңберінде - Жалпы ұлттық тестілеу, Кадрларды басқару және Кадр резерві ақпараттық жүйелерінің бірқатары құрылған. Оларға кадр және кадр резерві жөнінде алғашқы ақпарат жинау, республика бойынша тестілеуді ақпараттандыру мүмкіндіктері енгізілген.
Онымен қоса, олар қазіргі заманғы мынадай талаптарды: өзара интеграция мен синхронизация, мемлекеттік қызметшілер жұмысының сапасына баға беру, арақашықтықта оқыту, есеп берудің бірізді түрін ескермейді.
Сонымен, осы мезетте Бірізді орталықтандырылған ақпараттық жүйесін құру өзекті міндет болып тұр. Осыған байланысты «е-кадрлар» (БОАЖ ЭҮ) электронды Үкімет ресурсін басқару автоматтандырылған жүйешігін құру арқылы тестілеу рәсімдерін автоматтандыру, кадр резерві мен кадр басқару, мемлекеттік қызметшінің бағалау мен оқытуды қалыптастыру қажет. «е-кадрлар» (БОАЖ ЭҮ) электронды Үкімет ресурсін басқару автоматтандырылған жүйешігін құрудың бас басымдығы - оқу ресурстарына қашықтан кіруін қамтамасыз ету және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында білім беру деңгейін жоғарылату болып табылады.
2.2 Оңтүстік Қазақстан облысында қызметкерлерді басқару жүйесін ұйымдастыру және оны талдау
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық басқармасы - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы Тәртіптік кеңесімен (одан әрі - Аумақтық басқарма - Тәртіптік кеңес) 2008 жылы мемлекеттік қызмет кадрларын басқару жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша келесі жұмыстар атқарылды. Аумақтық басқарма - Тәртіптік кеңесімен 2011 жылдың 9 айында мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдылықтар мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі бойынша жалпы 18 семинарлар, кеңестер, «дөңгелек үстелдер» өткізді. Атап айтқанда, аумақтық басқарма - Тәртіптік кеңес хатшылығының мамандары Арыс, Шымкент қалалары мен Төлеби, Созақ, Сарыағаш, Мақтарал, Шардара және Сайрам аудандарында тексерулер жүргізу барысында мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдылықтарды түсіндіру жайлы кеңестер беріп отырды.
Облыстық мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру, қайта даярлау және оқыту бойынша ҚР Президентінің 30.12.2008 жылғы «Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» №289 өкіміне сәйкес бюджеттік қаражатты үнемдеу режимін күшейту және әлемдік қаржылық дағдарыстың әсерін жұмсарту мақсатында, шет елдерде біліктілігін арттыру бағдарламасына көзделген 4 млн. 362 мың теңге облыстық бюджетке кері қайтарылған.
Жалпы 2011 жылы біліктілігін арттырған мемлекеттік қызметшілердің саны 283 мемлекеттік қызметшілерді құрады. Осы жылдың басынан жергілікті атқару органдарындағы топтарда 96 сағаттық оқу бағдарламасына сәйкес 267 сабақ өткізілді. Оған 275 мемлекеттік қызметші қатысты. Олар қазақ тілін үйренумен қатар, іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу мәселелерімен де танысады.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында жұмысшылар мен қызметкерлердің 2006-2011 жылдар аралығындағы негізгі жалақы қоры деңгейі әр жылдан-жылға өсіп жатыр. Оны келесі 1-ші кестеден көруге болады.
1 кесте
Экономикалық қызмет
түрлері бойынша жұмысшылар мен
қызметкерлердің жалақы қоры (кәсіпкерлікпен
айналысатын шағын
Жылдар |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
2011 |
Облыс бойынша барлығы |
53108,3 |
65932,6 |
82284,2 |
113764,3 |
132211,6 |
156396,6 |
Ауыл шаруашылығы, аң аулау және орман шаруашылығы |
820,7 |
802,3 |
840,6 |
853,3 |
1 025,8 |
955,3 |
Балық шаруашылығы |
5,1 |
6,7 |
7,4 |
9,5 |
9,5 |
- |
Өнеркәсіп |
10816,0 |
13289,3 |
15862,8 |
20 973,4 |
25 474,0 |
27 657,5 |
Құрылыс |
1 792,2 |
2 580,8 |
2 938,8 |
3 663,5 |
4 571,5 |
7 051,2 |
Сауда мен үйде колданылатын бұйымдарды жөндеу |
671,2 |
936,8 |
1 489,4 |
2 648,9 |
4 218,8 |
4 229,4 |
Мейманханалар мен мейрамханалар |
4,5 |
15,4 |
8,1 |
122,1 |
127,0 |
95,4 |
Көлік пен байланыс |
5 234,9 |
6 111,7 |
7 635,0 |
9 249,0 |
10 895,1 |
11 684,1 |
Қаржы қызметі |
787,1 |
1 172,2 |
1 853,4 |
3 368,9 |
3 864,0 |
3 131,7 |
Қозғалмайтын мүлікпен операция, мердігерлік, кәсіпорынға қызмет |
2 793,1 |
3 551,5 |
5 974,3 |
7 687,6 |
10 355,3 |
10 871,0 |
Мемлекеттік басқару |
6 372,7 |
7 995,5 |
9 595,2 |
12 789,5 |
13 296,0 |
17 719,2 |
Білім беру |
17223,4 |
21443,3 |
26342,8 |
36 887,0 |
40 930,0 |
50 636,1 |
Денсаулық сақтау және әлеуметтік |
5 375,3 |
6 501,7 |
7 840,5 |
12 608,4 |
14 141,5 |
18 313,5 |
Басқалай коммуналдық, әлеуметтік қызмет көрсету |
1 212,5 |
1 525,2 |
1 895,9 |
2 903,1 |
3 303,0 |
4 052,3 |
Президент Жолдауында атап
өткендей, Қазақстан жаңа онжылдықта
қуатты индустриялық державаға айналады.
Оңтүстiкте кен-металлургия
Жалпы мемлекеттік қызметкерлердің 7049 жоғары білімді, оның ішінде 692 - 2 жоғары білімі барлар, 40 ғылыми дәрежелі атағы барлар. Орта кәсіптік білімді - 1095, орта білімді - 32 мемлекеттік қызметкерлер. Нақты жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілер санының талдауы облыста мемлекеттік қызметте 2906 әйелдер қызмет ететінін көрсетті, ол жалпы мемлекеттік қызметшілердің ішінде 35,6 пайызын құрайды.
Өңірімізде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі барған сайын артып келеді. Дұрыс кадр саясатын қалыптастыру мақсатында Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің басқармасымен бірлесіп, Оңтүстік Қазақстан облысының басқару кадрларының резерві туралы ережесі әзірленді. Оңтүстік Қазақстан облысының кадр әлеуетін пайдаланудың тиімділігін арттыру, кадрларды іріктеу кезінде демократия қағидаттарын бекіту, Оңтүстік Қазақстан облысының әкіміне басқару кадрларын іріктеу, мемлекеттік қызметшілердің тәртібін арттыру, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мен облыстың толыққанды дамуы мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу мен енгізу мақсатында құрылуда. Оңтүстік Қазақстан облысындағы басқару кадрларының резерві туралы ереже саяси және мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервін жасақтау және мемлекеттік басшы лауазымдарға резервке тіркелген кәсіби даярланған, білікті азаматтарды ұсыну мәселелерін реттейтін болады.
Мемлекеттік қызмет кадр құрамының мониторингі бойынша мемлекеттік органдардың мәліметі бойынша 2011 жылдың 1 қазанына облысымызда мемлекеттік қызметкерлердің жалпы штаттық саны 8443 адамды құрады, оның ішінде саяси мемлекеттік қызметкерлердің саны –216, «С» тобы санаты - 4443 («С - О» - 1835, «C - R» - 2608), «D» - 759 («D» - 107, «D - О» - 652), «Е» - 3025 («Е» - 466, «E - R» - 1409, «E - G» - 1150). Облыс бойынша нақты жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің саны 8146 адам. Оның ішінде 205 саяси қызметкерлер, «С» санаты тобы бойынша - 4310, «D» - 720, «Е» - 2911.
Қолдағы деректерге жүгiнсек, оңтүстiкте бiлiктi де бiлiмдi кадр тапшылығы бар. Қайта айтайық - бiлiктi де бiлiмдi кадрға. Дегенмен, өткен жылы облыс әкiмiнiң бастамасымен құрылған кадрлар резервiне 349 маман тiркелiп, 270 резервшi мемлекеттiк органдардағы бос лауазым орнына жұмысқа қабылданған. Әлгi резервке алынғандардың iшiнде басқаларға қарағанда, экономистер мен заңгерлер басым. Осы жерде бiр парадокс. Аталған кәсiп иелерi көбейгенiмен мемлекеттiк қызметте «есептен жаңылған» экономистер мен заңды бұзған заңгерлердiң саны азаяр емес. Өткен жылдың басынан берi облыста 277 бос лауазым орнына конкурс жарияланды. Оған барлығы 2370 үмiткер тестiлеуге қатысқан. Яғни, әрбiр жарияланған бос лауазым орнына 8,6 үмiткер түскен. Мұнай компаниясындағыдай емес, дегенмен, бұл кадр тапшылығы жоқ деуге негiз боларлықтай көрсеткiш. Алайда, бiз жоғарыда бiлiктi де бiлiмдi кадр тапшылығы бар дедiк. Өйткенi, заң бұзушылықтарға жол беретiн мемлекеттiк қызметшi аз емес. Мысалы, 2011 жылы Ар-намыс кодексi талаптарын бұзған - 48, сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарға жол берген 30 мемлекеттiк қызметшiнiң мәселесi тәртiптiк кеңесте қаралған. Кеңесте қаралған 78 тәртiптiк iстiң 74-не тәртiптiк жаза қолдану ұсынылып, оның 73-не тәртiптiк жаза қолданылған.
Экономикалық салалар
немесе қызметтер бойынша облыстың
қалалық әкімшіліктері мен
2 кесте
Облыстың қалалық
мен қызметкерлердің жалақы қоры, млрд. теңге
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
2011 | |
Облыс бойынша барлығы |
53 108,3 |
65 932,6 |
82 284,2 |
113764,3 |
132211,6 |
156396,6 |
Шымкент қ. |
25 698,3 |
32 770,4 |
39 354,8 |
53 096,3 |
61 347,0 |
70 936,4 |
Арыс қ.ә. |
2 148,7 |
2 591,1 |
3 199,2 |
4 239,9 |
4 749,4 |
5 311,6 |
Кентау қ.ә. |
1 346,0 |
1 622,0 |
2 178,6 |
3 056,4 |
3 241,6 |
3 184,8 |
Түркістан қ.ә. |
3 167,7 |
3 985,4 |
5 015,0 |
6 733,0 |
7 764,8 |
8 822,9 |
Бәйдібек ауданы |
757,5 |
891,7 |
1 099,0 |
1 524,3 |
1 624,0 |
2 080,1 |
Қазығұрт |
1 050,0 |
1 244,6 |
1 608,2 |
2 222,3 |
2 622,4 |
3 401,7 |
Мақтаарал |
3 474,1 |
3 809,7 |
4 445,3 |
6 297,5 |
6 868,5 |
8 559,2 |
Ордабасы |
944,5 |
1 166,4 |
1 387,0 |
2 154,1 |
2 438,6 |
3 175,4 |
Отырар |
837,9 |
982,0 |
1 612,6 |
2 470,6 |
2 869,0 |
3 621,6 |
Сайрам |
2 978,8 |
3 565,3 |
4 345,6 |
6 216,4 |
6 752,8 |
8 754,1 |
Сарыағаш |
2 779,1 |
3 503,1 |
4 271,2 |
5 926,4 |
6 609,9 |
8 295,1 |
Созақ |
3 077,7 |
4 254,1 |
6 948,4 |
10 784,8 |
15 100,5 |
17 823,6 |
Төлеби |
2 151,0 |
2 354,3 |
2 931,5 |
3 679,9 |
4 304,7 |
5 406,5 |
Түлкібас |
1 448,9 |
1 715,9 |
2 136,2 |
2 904,8 |
3 224,6 |
3 873,4 |
Шардара |
1 248,0 |
1 476,5 |
1 751,6 |
2 457,8 |
2 693,7 |
3 150,2 |