Мемлекеттік кадрлық саясат және қызметкерлерді басқару жүйесін жетілдіруді жүзеге асыру механизмі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 22:34, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыс: 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде мемлекеттік кадрлық саясат және қызметкерлерді басқарудың теориялық негіздері: ҚР жергілікті басқару жүйесінің мәні мен мазмұны, қызметкерлерді басқару жүйесі, қызметкерлерді басқарудың шетелдік тәжірибесі қарастырылған, екінші бөлімде Қазақстан Республикасы және Оңтүстік Қазақстан облысындағы кадрлық саясат және қызметкерлерді басқаруға: Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметi жүйесi және кадрлық саясаттың ағымдағы ахуалына, Оңтүстік Қазақстан облысында қызметкерлерді басқару жүйесін ұйымдастыруына, ҚР мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттіктің қызметіне талдау жасалған, үшінші бөлімде мемлекеттік кадрлық саясат және мемлекеттік қызметкерлерді басқару жүйесін жетілдіру жолдары: мемлекеттік қызмет персоналын басқару жүйесін жетілдіру, мемлекеттің кадр саясатын мемлекеттік реттеу қарастылған және кадрлық саясат және қызметкерлерді басқару жүйесін жетілдірудің бизнес-жоспары берілген.

Содержание

Аннотация
Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Қысқартулар мен белгілер
Кіріспе 9
1 Мемлекеттік кадрлық саясат және қызметкерлерді басқарудың теориялық негіздері
11
1.1 ҚР жергілікті басқару жүйесінің мәні мен мазмұны 11
1.2 Қызметкерлерді басқару жүйесі 14
1.3 Қызметкерлерді басқарудың шетелдік тәжірибесі 20
2 Қазақстан Республикасы және Оңтүстік Қазақстан облысындағы кадрлық саясат және қызметкерлерді басқаруды талдау
24
2.1 Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметi жүйесi және кадрлық саясаттың ағымдағы ахуалы
24
2.2 Оңтүстік Қазақстан облысында қызметкерлерді басқару жүйесін ұйымдастыру және оны талдау
33
2.3 ҚР мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттіктің қызметін талдау 46
3 Мемлекеттік кадрлық саясат және мемлекеттік қызметкерлерді басқару жүйесін жетілдіру жолдары
51
3.1 Мемлекеттік қызмет персоналын басқару жүйесін жетілдіру 51
3.2 Мемлекеттің кадр саясатын мемлекеттік реттеу 55
3.3 Кадрлық саясат және қызметкерлерді басқару жүйесін жетілдірудің бизнес-жоспары
65
Қорытынды 72
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 75

Вложенные файлы: 1 файл

Кад. саясат8.doc

— 615.50 Кб (Скачать файл)

Мемлекет - халықтың ортақ  мәселелерін шешуге арналған құралы. Халық оны өзінің өскелең талаптарына, сұраныстарына сай бейімдеуге құқылы. Конституцияда Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екендігі жазылған. Ендеше, мұндай мемлекеттің бір ерекшелігі - әлеуметтің талабы мен сұранысына сәйкес жұмыс жасау. Былтыр елімізде 210 млн мемлекеттік қызмет көрсетілген екен. Енді агенттікке халыққа қызмет көрсету сапасын бағалап қана қоймай, оны қадағалау да жүктелмек. Бұл істе де бір жүйелілік қажет екені анық.

Елбасы мені тағайындар алдында кемшіліктерді жасырмай, мәселені ашық айтып, оларды жөндеу жолдарын іздестіруді міндет етіп қойды. Сондықтан біз мәселелердің барлығын жүйелеп, стратегиялық жоспарымызда екі көрсеткішті алға қойдық: біріншісі - халықтың байқаулық жүйеге деген, екіншісі - мемлекеттік қызметкердің білімі мен білігіне сай жоғарылайтындығына деген сенімін арттыру. Басқа өлшемдер осы екі көрсеткіштің төңірегінде қалыптасады.

Биылғы Жолдауында Елбасы кадр сапасын арттыру мақсатында басқару элитасын қалыптастыру туралы тапсырма берді. Президенттің тапсырмасымен  «А корпусы» деп алатын мемлекеттік қызметкерлер элитасы қалыптаспақ. Бұл - әлемдік озық тәжірибеге сай. Мысалы, комитет төрағасы, департамент директоры, облыстық басқарма басшысы, аудан әкімі орынбасарлары сияқты лауазымдарды «ұлттық» және «аймақтық» «А корпусы» деп бөліп, оларға бөлек талаптар қойылып, тағайындауда арнайы жүйе енгізіледі. Бұл үшін кадр саясаты жөнінде ұлттық комиссия құрылып, арнайы резерв жасақталады. Министр немесе әкім де тек резервте тұрғандар арасынан ғана біреуді таңдап, басшылық лауазымға бекітуге ұсына алады. Сонда резервтегілер бірте-бірте кәсіби мемлекеттік басқару мамандарына айналады. Саяси лауазым иелері, мысалы, министр, әкімдер келіп-кетсе де, бұл қызметкерлер орындарында қалып, аппараттың тұрақтылығын әрі сапалы жұмыс жасауын қамтамасыз ете береді. Оған қоса, оларға қойылатын талап та бөлек. Мысалы, бұл қызметкерлердің заңнаманы білуін ғана емес, тұлғалық қасиеттерін анықтайтын тестілер жасалуда. Онда осы іріктелген лауазым иелерінің оқытуға, адамдармен тіл табысуға, шешім қабылдауға бейімділігі анықталмақ.

Мемлекеттік қызмет туралы агенттік сайтында Президент әкімшілігінен  бастап, түрлі министрліктердегі  лауазымдарға байқаулар жарияланады. Осы хабарламаларға қарап, өз бетінше  келген қызметкер жұмысқа алынады. Әрине, тамыр-таныстықпен келетіндері де бар, бірақ өз күшімен түсетіндері де жеткілікті. Егер 2001 жылы бір мемлекеттік орынға байқау екі адамның арасында өтсе, қазір бір орынға бестен артық адам талап білдіреді. Мәселен, желтоқсан айында Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік үш орынға байқау жариялады. Осы орындарға қазір 30-дан астам азамат өтініш тапсырды. Бұрынғы жүйеде егер сол органда танысы болмаса, ондағы бос орынның бар екендігін білу мүмкін емес еді. Конституциялық құқықты жүзеге асырудың жалғыз жолы - байқау. Ендеше, сол байқаудың шынайылығын, әділдігін қамтамасыз ету мақсаты қойылып отыр.

Тестілеу жүйесін жетілдіріп, байқаулық комиссиялар жұмысы жариялығын қамтамасыз еткіміз келеді. Барлық үміткерге тең жағдай туғызу қажет. Соның бір жолы - сынаққа қатысқан азаматтарға бұрынғы институттың емтихан билеттері сияқты сұрақтар тарату. Өйткені комиссия мүшесі өзі өткізгісі келмеген адамға қиын сұрақтар қою жағдайы кездеседі. Сонымен қатар байқаулардың нәтижесі бойынша шағымдарды да қарастырудамыз. Басшылардың байқаулық комиссияларға ықпалын азайтудың бір жолы - комиссия құрамына сол органда жұмыс жасамайтын басқа мамандарды, мәселен, мұғалімдер, психологтар, экономистерді енгізуге болатын шығар. Бәлкім, комиссия құрамын соңғы күнге дейін жарияламау қажет болар. Байқаулық комиссия мүшелерінің жеке жауапкершілігін көтеру жағы да ойластырылуда.

Сонымен қатар кадр қызметтерінің  де рөлін көтеру керек. Яғни мемлекеттік  қызметкерлерді іріктеу, олардың мемлекеттік  қызметті өтуі, олардың қызметін бағалау  бірінші кезекте кадр қызметтерінің  жұмысы болуы тиіс. Заңнамада осы бастамалар енгізіледі.

- Жаңа басшылық келгенде  мемлекеттік мекемелерде өз еріктерімен  қызметтен кетуге өтініш жазу  нормаға айналып кеткен жоқ  па?

- Президент жарлығымен  бекітілген мемлекеттік органдар  қызметін бағалау жүйесіне басшы  ауысқаннан кейін алты айдың ішіндегі кадр алмасуларын қадағалау енгізілген. Мысалы, былтыр Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, Білім және ғылым министрлігінде кадр алмасуы едәуір жоғарылаған. Біз мұндай өзгерістерді мұқият талдап, тиісті басшыларға түсіндіруіміз қажет. Өйткені соған дейін жұмыс жасап келген адам басқа басшының қарамағында істегені үшін шеттетілуі тиіс емес. Себебі оның осы дәрежеге жетуі үшін қоғам ақша жұмсап, қанша уақыт кетті емес пе?! Мемлекеттік қызметкерлер сол басшының емес, мемлекеттің қызметкері екенін ұмытуға болмайды.

Агенттіктің жұмысындағы басымдылықтың бірі ретінде Президенттің сөзін бірнеше рет қайталадым. Мемлекет басшысы «командалық» жүйеден арылу керектігін айтқан. Әрбір басшы ауысқанда аймақтық өкілдеріміз оған ерекше мән беруі тиіс. Сол себептен де аймақтық даму комитеті Экономикалық даму және сауда министрлігіне, паспорт жүйесі Ішкі істер министрлігіне ауысқанда бірден сол министрлерге хат жазып, мемлекеттік қызметкерлердің құқығы бар. Аудан, облыс әкімдері алмасқанда да оны мұқият қадағаланады. Азаматтардың өздерінің жауапкершілікті сезінуіне де көп нәрсе байланысты. Жаңа басшы келгенде қызметтен кету туралы арыз жазуға итермелесе, оған көнбеу керек. Бұл - әркімнің азаматтығына да қатысты іс. Мемлекеттік қызметкерлер арыз жазуға асықпай, оларды қорғайтын агенттік бар екенін есте ұстағандары жөн. Тағы бір мәселе - мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының рөлін көтеру.

Біріншіден, заңнама бұзылса, оны бұзған адам тиісті деңгейде жауап  беріп, тәртіптік жауапкершілікке  тартылуы мүмкін. Біз осы тұрғыда қаталдату шараларын қарастырудамыз. Егер шенеунік талаптарды жүйелі түрде бұза берсе, Тәртіптік кеңестерде басшыларды қарай аламыз. Агенттіктің өз тәртіптік комиссиясы бар, бірақ ол соңғы жылдары бірде-бір рет жиналмапты. Өйткені басқа басшыларды қарау - өте «сезімтал» сұрақ. Біз заңнаманың бұзылғанын анықтасақ, оны қалпына келтіру туралы ұсыныс береміз. Егер одан нәтиже шықпаса, заңда көрсетілген басқа шараларды қарастыра аламыз. Дегенмен бұл бағытты әлі де күшейту қажет. Менің ойымша, мемлекеттік органдардың басшыларына заңсыз кадр саясатын жүргізгені үшін әкімшілік жаза қолдану қажет болар.

Өсу жолында қызметкердің еңбегі бағалануы шарт. Оған бірінші  қадамды жасадық, әрі қарай оны  заңнамамен жетілдіреміз. Ауысу мен  тағайындаудың мүмкіндігін шектеуіміз керек. Мемлекеттік қызметке алуда байқаулық жүйеге дұрыс балама жоқ екенін әлемнің өзі көрсетіп отыр. Бірақ енді оның әділдігін қамтамасыз етуіміз қажет. Әрине, «әттеген-айлар» да жетерлік. Қазақстандағы 90 мың мемлекеттік қызметкер - қоғамның өнімі, соның төлі. Ендеше, қоғамда бар кейбір дерттер мемлекеттік қызметте де көрініс табады. Сондықтан мемлекеттік қызметтің ерекше мүмкіндігін ескере отырып, оған неғұрлым таза, адал әрі білікті адамдарды іріктеу маңызды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Мемлекеттік кадрлық саясат және мемлекеттік қызметкерлерді басқару жүйесін жетілдіру жолдары

 

3.1 Мемлекеттік қызмет  персоналын басқару жүйесін жетілдіру

 

Жаңа кадр саясатын iске асыру және мемлекеттiк қызмет персоналын басқарудың тиiмдi жүйесiн қалыптастыру үшiн мемлекеттiк органдардың кадр қызметтерiнiң жұмысы мемлекеттiк органдағы кадр қызметiнiң құрылымы, саны, функциялары мен мiндеттерi айқындалатын үлгiлiк ереженiң және тиiстi әдiстемелiк ұсынымдардың негiзiнде жүзеге асырылуы тиіс болады.

Мемлекеттiк органдардың кадр қызметтерiнiң басшыларын не өздерiне кадр қызметтерiнiң функциялары жүктелген лауазымды адамдарды тағайындау мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiлетiн болады.

Мемлекеттiк органдардың кадр қызметтерi жұмысының бiр бағыты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгiленген еңбек режимiнiң сақталуын қамтамасыз ету болады.

Мемлекеттiк органдардың кадр қызметтерi жұмысында «электрондық үкiметтiң» мүмкiндiктерiн кеңiнен пайдалану кадрлық шешiмдердi қабылдау тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталатын болады, өз кезегiнде электрондық құжат айналымы жүйесiн және мемлекеттiк органдардың интернет-порталын пайдалану мемлекеттiк органдар қызметiнiң iшкi және сыртқы рәсiмдерiн барынша оңайлату мен оңтайландыруға мүмкiндiк бередi.

Озық әлемдiк практикаға сәйкес (Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Сингапур, Малайзия және т.б.), мемлекеттiк қызмет саласындағы кадр саясатын тиiмдi iске асыру, оның iшiнде жоғары мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер корпусына қатысты iске асыру мемлекеттiк қызмет персоналын басқарудың бiртұтас жүйесiне және оны автоматтандыруға негiзделген.

«Е-қызмет» жүйесiнiң жұмыс iстеуi мемлекеттiк органдардың кадр қызметтерiне персоналды басқаруды озық әлемдiк практикаға сәйкес жүзеге асыруға, мемлекеттiк органдардың кадр қызметтерi жұмысының өнiмдiлiгiн жоғарылатуға және ақпаратты алу мен өзектi етуге кететiн уақыт және еңбек шығындарын қысқартуға мүмкiндiк бередi.

«Е-қызмет» жүйесi онлайн режимiнде орталық және өңiрлiк деңгейдегi мемлекеттiк қызметшiлерге қатысты толық кадрлық ақпаратты: дербес деректердi, ұйымдастырушылық мәлiметтердi (кадрлық есеп), кәсiби және жеке құзыреттерi, бiлiмi, бiлiктiлiгi, жұмыс өтiлi, кәсiби тәжiрибесi, бағалау және аттестаттау нәтижелерi туралы мәлiметтердi; ротациялаудың жедел мониторингiн жүргiзудi, оқытудан өтудiң жедел есебiн, курстардың мерзiмдерi мен тақырыптарын, ынталандыру туралы және әкiмшiлiк және тәртiптiк жазалау туралы мәлiметтердi, мемлекеттiк қызметшiлердiң сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы құқық қорғау және сот органдарының деректерiн алуға мүмкiндiк бередi.

Жаңа модельде мемлекеттiк қызмет персоналын басқарудың тұтастай жүйесi қалыптастырылатын болады, оның iшiнде мемлекеттiк органдардың кадр қызметтерi мен мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның өзара әдiстемелiк iс-қимылы қамтамасыз етiлетiн болады.

2 сурет. Мемлекеттік қызмет персоналын басқару жүйесін жетілдіру элементтері

 

Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган мемлекеттiк басқару жүйесiнiң қазiргi заманғы үрдiстерi ескерiлетiн, мемлекеттiк қызметтiң жаңа моделiн нормативтiк және әдiстемелiк ресiмдеудi жүйелi негiзде қамтамасыз ететiн болады.

Қызметкерлерде этикалық нормаларды жетiлдiру

Халықаралық практикада әкiмшiлiк этика сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың маңызды тәсiлдерiнiң бiрi болып есептеледi. Бiрқатар елдерде арнайы заңдар мемлекеттiк қызмет этикасы мәселелерiн реттейдi және мемлекеттiк басқару жүйесiнiң моральдық климатын жақсартуға бағытталған.

<span


Информация о работе Мемлекеттік кадрлық саясат және қызметкерлерді басқару жүйесін жетілдіруді жүзеге асыру механизмі