Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 22:34, дипломная работа
Дипломдық жұмыс: 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде мемлекеттік кадрлық саясат және қызметкерлерді басқарудың теориялық негіздері: ҚР жергілікті басқару жүйесінің мәні мен мазмұны, қызметкерлерді басқару жүйесі, қызметкерлерді басқарудың шетелдік тәжірибесі қарастырылған, екінші бөлімде Қазақстан Республикасы және Оңтүстік Қазақстан облысындағы кадрлық саясат және қызметкерлерді басқаруға: Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметi жүйесi және кадрлық саясаттың ағымдағы ахуалына, Оңтүстік Қазақстан облысында қызметкерлерді басқару жүйесін ұйымдастыруына, ҚР мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттіктің қызметіне талдау жасалған, үшінші бөлімде мемлекеттік кадрлық саясат және мемлекеттік қызметкерлерді басқару жүйесін жетілдіру жолдары: мемлекеттік қызмет персоналын басқару жүйесін жетілдіру, мемлекеттің кадр саясатын мемлекеттік реттеу қарастылған және кадрлық саясат және қызметкерлерді басқару жүйесін жетілдірудің бизнес-жоспары берілген.
Аннотация
Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Қысқартулар мен белгілер
Кіріспе 9
1 Мемлекеттік кадрлық саясат және қызметкерлерді басқарудың теориялық негіздері
11
1.1 ҚР жергілікті басқару жүйесінің мәні мен мазмұны 11
1.2 Қызметкерлерді басқару жүйесі 14
1.3 Қызметкерлерді басқарудың шетелдік тәжірибесі 20
2 Қазақстан Республикасы және Оңтүстік Қазақстан облысындағы кадрлық саясат және қызметкерлерді басқаруды талдау
24
2.1 Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметi жүйесi және кадрлық саясаттың ағымдағы ахуалы
24
2.2 Оңтүстік Қазақстан облысында қызметкерлерді басқару жүйесін ұйымдастыру және оны талдау
33
2.3 ҚР мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттіктің қызметін талдау 46
3 Мемлекеттік кадрлық саясат және мемлекеттік қызметкерлерді басқару жүйесін жетілдіру жолдары
51
3.1 Мемлекеттік қызмет персоналын басқару жүйесін жетілдіру 51
3.2 Мемлекеттің кадр саясатын мемлекеттік реттеу 55
3.3 Кадрлық саясат және қызметкерлерді басқару жүйесін жетілдірудің бизнес-жоспары
65
Қорытынды 72
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 75
Aо мен А1–ді анықтау үшін келесі теңдіктер жүйесін шешеміз:
Ao∑x + A1∑x=∑xy
24Ао+17.4А1 = 193.56
17,4Ао + 13,967 А1 = 147,451 (1)
Бұл жүйені шешу арқылы келесі мәндерді аламыз:
A0 = 4,224
А1 = 5,299
Корреляция коэффициентінің байланысының тығыздық деңгейін анықтаймыз:
r = (XY – X*Y)/σx * σy
мұнда: X =∑х / n = 17,4 / 24 = 0,725;
У =∑у / n = 193,56 / 24 = 8,065;
ХУ =∑ху / n = 147,45 1 / 24 = 6, 144; (2)
σх =√х – (х) ;
σy =√y–(y) ;
мұнда: х =∑ х / n = 13,967 / 24 = 0,582; х = 0,525;
у =∑ у / n = 1644,17 / 24 = 68,507; у = 65,044;
г = (6,144 – 0,725*8,065) / 0,238*1,86 = 0,67
Детерминация мен икемділік коэффициенттерін есептейміз:
ρ = r* 100%;
ρ = 0,67* 100% = 45.
Э = А1*х/у;
Э = 5,299*0,725 / 8,065 = 0,48. (4)
Компанияның жұмысшылар
мен қызметкерлердің
1 сурет – Корреляциялық талдау нәтижелері
Сонымен, графиктен корреляция коеффициенті 1- ге ұмтылғанын көреміз, бұл жұмысшылылар мен мамандардың біліктіілігін жоғарылатуға, басшылардың басқару сапасын жақсартуға жұмсалған шығындар мен қосымша түсімдер арасындағы байланыс деңгейі жоғары екенін көрсетеді, ал Yх өсуде, бұл тікелей байланыс болып табылады: басқару шығындары неғұрлым жоғары болса, кәсіпорын түсімі соғұрлым жоғары.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы 2011 жылдың маусымындағы еңбек нарығы жағдайында орын алған негізгі жұмыс күшіне деген сұраныс әр ауданда әрқалай өсіп жатыр. Сонымен қатар, жұмысқа орналасу және ол бойынша кеңес алу басты көрсеткіш ретінде қарастырылады. Бұл көрсеткіш келесі 8-ші кестеде көрсетілген (6 кесте).
6 кесте
2011 жылдың маусымындағы еңбек нарығы (адам)
Еңбек делдалдығын сұрағандар |
Жұмысқа орналасу үшін кеңес алғандар |
2011ж. маусымның соңына тіркелген жұмыссыздар |
Жұмысқа орналасқаны |
2011ж. маусымның соңына жұмыс күшіне қажеттілік | |
Облыс бойынша |
2 717 |
1 386 |
15 154 |
7 814 |
727 |
Шымкент қ. |
1 280 |
63 |
5 576 |
2 151 |
366 |
Арыс қ.ә. |
3 |
– |
319 |
143 |
50 |
Кентау қ.ә. |
757 |
– |
1 053 |
1 213 |
– |
Түркістан қ.ә. |
73 |
– |
909 |
313 |
64 |
Бәйдібек ауданы |
51 |
– |
467 |
170 |
21 |
Қазығұрт |
– |
– |
681 |
482 |
4 |
Мақтаарал |
– |
– |
956 |
267 |
18 |
Ордабасы |
– |
86 |
742 |
430 |
6 |
Отырар |
– |
– |
448 |
69 |
15 |
Сайрам |
– |
– |
682 |
1 309 |
10 |
Сарыағаш |
112 |
1 000 |
1 613 |
406 |
78 |
Созақ |
97 |
97 |
327 |
136 |
12 |
Төлеби |
113 |
110 |
592 |
385 |
70 |
Түлкібас |
96 |
20 |
396 |
135 |
8 |
Шардара |
135 |
10 |
393 |
205 |
5 |
Шымкент қаласының еңбек ресурсы немесе экономикалық белсенді азаматтар саны 2011 жылдың 1 желтоқсанына 259,4 мың адамды құрады, яғни 2010 жылмен салыстырғанда 12,5 мың адамға артқан. Экономика саласында 235,6 мың адам қамтылған (2010 жылмен салыстырғанда 13,9 мың адамға көп), бұл барлық қала тұрғындарының 42 пайызы немесе экономикалық белсенді азаматтардың 91% ең төменгі еңбек ақы көлемімен қамтылған. Жалдамалы жұмысшылардың орташа айлық еңбек ақысы 2011 жылдың 1 желтоқсанына 64170 тенгені құрады, немесе 2010 жылмен салыстырғанда 12,7 пайызға артқан. Статистика мекемесінің деректері бойынша жұмысқа қабілетті жұмыссыз тұрғындар саны 23,7 мың адам, яғни барлық жұмыссыздық деңгейі 9,2 пайызды құрады, немесе өткен жылмен салыстырғанда 1 пайызға төмендеді. Қазақстанның ірі қалаларына мониторинг жүргізу арқылы Шымкент қаласында жалпы жұмыссыздық деңгейінің Қарағанды, Тараз, Петропавл қалаларымен салыстырғанда төмендігі анықталды.
2011 жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 8507 адам жұмыс іздеу мәселесі бойынша келді, немесе өткен жылмен салыстырғанда 2264 адамға немесе 36,2 пайызға артқан. Құрылыс кластерінің қысқару әсерінен жұмыс мамандарының жұмыстан босауына әкеліп соқты. Банктермен орта және кіші бизнесті дамытуға несие беруінің қысқаруы, кіші және орта бизнестердің товар айналымының және жұмысшылардың қысқаруына әкеліп соқты.
Оңтүстік Қазақстан облыстық еңбекпен қамту департаменті мамандарының айтуынша, жұмыспен қамтитын арнайы үйлестіру кеңесі жұмыс беруші кәсіпорындар мен жұмыскерлерді дайындайтын оқу орындары арасында тығыз қарым-қатынас орнату үшін құрылған. Қазірдің өзінде оқушылар, студенттер және жалпы жастарды еңбек орындары жөнінде ақпараттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарға бюджеттен 5 жарым миллион теңге бөлінген екен. Ресми мәлімет бойынша, қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан облысындағы 77 мың жұмыссыз адамның 35 пайызы жастар. Оның сыртында, еңбекпен қамту департаментінде тіркелмеген жастар бар дейді мамандар. Жастар арасындағы жұмыссыздықтың басты себебі - мамандықты дұрыс таңдамауда. Мысалы, осы облыстағы білі ордасын тәмамдаған 18 мың түлектің 4 мыңы мұғалімдер екен. Ал, облыс мектептерінде олар үшін не бәрі 200-ге жуық жұмыс орны ескерілген. Оқу орындары бірнеше жыл бойы Қазақстандағы еңбек базарын зерттемей, мамандық беріп келеді. Соның кесірінен қазір облыста экономист, заңгер және мұғалім мамандығын алған жастар көбейген. Бірақ, оларға жұмыс орындарын табу қиынға соғып тұр.
Қала өнеркәсібін дамытудың негізгі бір бағыты инвестиция тарту болып табылады. Негізгі қорға бағытталған инвестиция көлемі 12 айда 7835,8 млн теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджет есбінен - 4258,1 мың теңге, жергілікті бюджет есебінен 2600,7 млн теңге, мекемелер және тұрғындар есебінен 825,8, шетел инвестициясы 151,1 млн теңге кәсіпорындар мен мекемелер есебінен 2010 жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейіне 148% құрады немесе 2527,0 млн теңгеге артқан. (2011 жыл 12 айында 5308,6 млн теңге).
Аудандардағы мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiби деңгейi талапқа сай емес деушiлермен толықтай қосыла алмаймын. Неге десеңiз, әлгiнде айтқанымдай, мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiмдерi бекiтiлген ережелерге сәйкес тексерiлiп, олар жоғарыда аталған оқу орталықтарында өздерiнiң бiлiктiлiктерiн арттырып отырады. Мәселен, 2011 жылы жергiлiктi атқарушы органдардағы 1093 мемлекеттiк қызметшi өздерiнiң бiлiктiлiктерiн арттырса, жаңадан жұмысқа қабылданған 372 мемлекеттiк қызметшi қайта даярлаудан өттi.
Жыл бойына мекемелер мен бөлімдерден қаржы сұралған 166 хаттар келіп түскен. Тиісті енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша қажетті құжаттар мен материалдар жобасы дайындалып, бюджеттік комиссияның қарауына ұсынылып, бюджеттік комиссияда қаралып, мақұлданған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген бюджет жобасы қалалық мәслихатқа ұсынылып, бекітіліп, әділет органдарында тіркелді. 2011 жылдың есепті қорытындысы бойынша 9 ашық конкурс өткізілді. Жалпы қала бойынша 309315,5 мың теңгеге ашық конкурстар өткізілді.
Жергілікті жердегі
мемлекеттік қызметшілерді
Облыста кадрлар жетiспейдi деп айта алмаймыз, ал бiлiктi де бiлiмдi кадрлардың тапшылығы бар екендiгi рас. Өйткенi, өз кәсiбiн жетiк меңгерген бiлiктi маман қашанда сұранысқа ие. Бекiтiлген талаптарға сәйкес әрбiр әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшi үзiлiссiз еңбек өтiлi 3 жыл толғаннан кейiн ҚР Президентi жанындағы Мемлекеттiк қызмет академиясы мен облыс әкiмi аппараты мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау орталығында бiлiктiлiктерiн арттырып, аттестациядан өтсе, мемлекеттiк қызметке жаңадан тағайындалғандары қайта даярлау курстарында оқиды. Алайда, жүргiзiлген осындай жұмыстарға қарамай, бүгiнгi күнi барлық мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiмдерi талап деңгейiнде деп айту қиын. Себебi, кейбiреулерiнiң тараптарынан заң бұзушылықтарға жол берiлiп, олардың iс-әрекеттерi облыстық әкiмдiктiң отырыстарында, облыстық тәртiптiк кеңесiнiң мәжiлiстерiнде қаралып жататындығы белгiлi. Облыста биылғы жылдың қаңтар айынан бастап мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiктерiн көтере түсу мақсатында оқыту семинарлары басталды. Бұл семинарлар мемлекеттiк қызметтiң барлық саласында қызмет атқаратындарды қамтиды, атап айтқанда, 3 мыңнан астам мемлекеттiк қызметшi оқитын болады. Қорыта айтқанда, облыста кадр тапшылығын жою мәселесiнде барлық мүмкiндiктерiмiздi пайдаланудамыз.
Елбасының Жолдауының аясында жүргізілетін Қазақстандағы әкімшілік реформалар ел өміріндегі барлық салаларды, оның ішінде мемлекеттік қызметті де қамтиды. Бүгінгі таңда жоғарыда аталған қайта ұйымдастырулар қоғам алдында мемлекеттік қызметтің беделін арттырады деп үміттенеміз. Мемлекеттік менеджерлердің іскерлігін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ең маңызды капитал деп көрсетті. Дағдарыстан соңғы дамуға беттеген тұста еліміздің дамуында мемлекеттік қызметшілердің білігі мен білімінің орны зор. Білікті, білімді маман болса, қазіргі жүргізіліп жатқан іргелі істердің оңға басқаны. Ал білімсіз, біліксіз бишік ұстаса, берекенің қашқаны. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясында еліміздің даму басымдықтарының бірі ретінде кәсіби үкімет пен мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметтің тиімді жүйесін құруды атап көрсеткендіктен, уақыттың талабына жауап бере алатын, басқару саласындағы бәсекеге қабілетті кәсіби кадрларды даярлау мәселесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жұмысының да негізгі бағыттарының бірі болып отыр.
2.3 ҚР мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттіктің қызметін талдау
Тәуелсіздік жылдары жасалған реформалар, негізінен, өзінің міндеттерін орындады деуге болады. Содан бері 500 мыңнан астам адам мемлекеттік қызмет байқауына қатысып, соның 130 мыңы жұмысқа қабылданды. Әрине, көпшілігі таза әрі әділ байқау арқылы өткенімен, тамыр-таныстықты пайдаланғандар да жоқ емес. Бірақ мысалы, жоғары оқу орнына түскенде сыбайласқан жемқорлықтан қауіптеніп, талапкерлерді байқаусыз қабылдап, емтихан қорытындысынан бас тартпаймыз ғой?! Байқаулық жүйені де сол секілді әрі қарай жетілдіру - қазіргі міндет. 1990 жылдардың ортасында министр, әкім ауысқанда орталық аппараттардың 60 пайызына жуығы жаңартылса, қазір әрі кеткенде 20-25 пайызы өзгереді екен.
Қатардағы мемлекеттік қызметкерлер өздерінің заңмен қорғалатынын пайдалана бастады. Бұл - кезінде атқарылған жұмыстардың негізгі бағыттарының бірі еді. Халықаралық сарапшылар Қазақстанның мемлекеттік қызмет үлгісін едәуір жоғары бағалап отыр. Мысалы, Дүниежүзілік банк кезінде Қазақстанды «аймақтағы көшбасшы» деп таныса, БҰҰ Даму бағдарламасының өкілі осында Орталық Еуразия аймағындағы мемлекеттік қызмет үлгісін таратудың орталығын құруды, 2013 жылы мемлекеттік қызмет туралы жаһандық конференция өткізуді ұсынды. Астанада соңғы айларда тәжірибеден өткен ресейлік өкілдер: «Қазақстан Президенті кезінде батыл қадамға барып, агенттік құрды. Біз осындай мекеменің жоқтығының зардабын тартудамыз» деді. Кейбір губернаторлар бізге қарап, агенттікке ұқсас құрылымдар жасапты. Ресей үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясы, Мемлекеттік қызмет академиясы оқулықтарында мемлекеттік қызмет бойынша 6 мемлекеттің (Франция, Ұлыбритания, АҚШ, Қытай, Канада және Қазақстан) тәжірибесіне ғана кеңірек тоқталып, арнайы тарау арнаған.
Оған қоса, Тәжікстан мен Қырғызстанның мамандары Қазақстанның мемлекеттік басқару академиясында дәріс алып жүр. Келешекте Орталық Азиядан осында мемлекеттік қызмет бойынша оқитындар саны артуы мүмкін. Осының бәрі мемлекеттік қызметті жетілдіру саласында Қазақстанның үлгісі дұрыс екендігін айғақтайды. Дегенмен қордаланған, шешімін табуы тиіс мәселелер де бар.
Байқаулық жүйеге халықтың сенімі төмендеген. Бұл байқаулық комиссиялардың әлі де ашық әрі әділ жұмыс жасамауымен байланысты. Бізде мынандай парадокс байқалады: мемлекеттің бір миллион ақшасын жымқырған шенеунік сотталып кетеді де, сапасыз жұмыс жасайтын тамыр-танысын жұмысқа алып, мемлекеттің миллиондаған қаржысын айлық арқылы ысырап ететін адам жазаланбайды. Мемлекеттік органның қолындағы ең басты екі ресурс: кадр мен қаржы. Осыны түсінбеген кейбір лауазым иелері жаңа орынға келгенде бұрын сонда қызмет еткендерден арылуға тырысады. Біз оған қарсы тұруымыз керек.
Мемлекеттік қызмет туралы 1999 жылғы заңда: «Барлық лауазымға қызметкер байқау арқылы алынады» деп жазылған. Алайда 2003 жылы заңға өзгеріс енгізіліп, басшыларға ауысым арқылы, яғни байқаусыз тағайындау мүмкіндігі берілді. Бұл - шынын айтқанда, министрлер мен әкімдердің қысымына агенттіктің шыдамағанының белгісі.
2011 жылы мемлекеттік қызметкерлерді тағайындаудың 14 мыңы (75 пайызы) ауысым жолымен жүзеге асыпты. Жаңа қызметке ауыстырылғанда олардың бұрын қалай жұмыс істегені көбінесе есепке алынбайтын. Қазір оған өзгеріс енгіздік: 22 қыркүйектен бастап ауысыммен тағайындалғанда бұрынғы басшысы қызметкерге 6 көрсеткіш бойынша баға беріп, мінездеме әзірлеуі тиіс. Дегенмен бұрынғы басшы мен қызметкердің арасында түрлі жағдайдың болу мүмкіндігін ескеріп, қағаздың соңында мемлекеттік қызметкер келіспеген жағдайда жазатын жол қалдырдық. Енді қызметкердің мінездемесінде оның аттестация нәтижесіне, білім жетілдіргеніне, сөгіс, ескертпелеріне, тіпті мемлекеттік тілді білу деңгейіне дейін көңіл бөлінеді. Яғни бұл қызметкерді алатын, жіберетін басшыға да жауапкершілікті күшейтеді.
Мысалы, мінездемеде қызметкердің
мемлекеттік тіл бойынша
Мемлекет рөлінің өзгеруі де - әлемдік үдеріс. Бұрын мемлекеттің негізгі қызметтеріне басқару, қадағалау, жоспарлау сияқты функциялар жатқызылса, соңғы 20-30 жылда ең дамыған елдер мемлекеттік органдарын ең алдымен халыққа қызмет жасауға, солардың сұранысына орай жауап беруге бұруда.