Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Января 2014 в 20:24, курсовая работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі басты міндеттердің бірі – жеке тұлғаны қазіргі өмірге тез бейімделіп кетуіне көмектесетін біліммен, икемділікпен қамтамасыз ету, өз ана тілінде дұрыс, таза сөйлеуге машықтандыру. Соның бірі – қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға қабілетті, өзіндік пікірін тиянақты, анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Яғни білім мазмұнын байыту, жан-жақты дамыған, рухани бай, өз ойын ашық айта білетін, сөйлеу мәдениеті жетілген тұлға тәрбиелеу өз шешімін қажет ететін, кезек күттірмей, іс жүзіне асыратын мәселе болып отыр.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1. Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың теориялық негіздері
1.1. Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытуды педагогикалық тұрғыдан негіздеу.......................8
1.2. Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың мүмкіндіктері....................................................20
2 Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың жолдары
2.1 Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың әдістемесі….................................…..................38
2.2 Эксперименттік жұмыстың нәтижесі............................................................61
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................80
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................82
Бірқатар зерттеуші ғалымдар (С.Сейфуллин, Ш.Ахметов, Б.Уахатов, К.Матыжанов) қазақ балалар фольклорын арнайы зерттеу объектісіне айналдырып, жан-жақты қарастырған.
19 ғасырдың екінші жартысында
көрінген ағартушы-
Ы.Алтынсарин орыс сөйлеуінде жарық көрген «Орынбор ведомоствосы қазақтарының өлген адамдарды жерлеу және оған ас беру дәстүрінің очеркі», «Орынбоор ведомоствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрінің очеркі» деген бағалы этнографиялық бағалы зерттеулері де елеулі. Ағартушының бұл еңбектері Н.Ильминский, В.В.Григорьев, Ф.Д.Соколов, В.В.Катаринский, А.А.Мозохин сияқты орыстың шығыстанушы ғалымдарының қазақ мәдениетіне қатысты зерттеулерінің ізімен жазылған еді.
Ы.Алтынсарин балаларға өзбек халқының асыл мұрасын таныта отырып, оның сөйлеуін, салт-дәстүрін қастерлей білуді, тәлім-тәрбие өнегесін бойларына сіңіруді мақсат тұтса керек. Бұл мәселе 20 ғасырдың бас кезінде өмір сүрген қазақ зиялыларының (Ж.Аймауытов, М.Әуезов, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхаметов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Н.Құлжанова) педагогикалық еңбектерінде заңды жалғасын тапты.
Ғылымда халық поэзиясын «фольклор» деп атайды. Неміс ғалымы И.Ф.Кнафльдің анықтауы бойынша бұл атау халық даналығы деген ұғымды білдіреді. Осы пікірді ағылшын ғалымы У.Дж. Томс та дамыта түсіп, фольклорды ел арасында туған өлең-жыр, ертегі, аңыз, түрлі наным-сенімдерді жинайтын термин ретінде ұсынған. Н.Г.Чернышевский қоғам дамып, ілгері басқан сайын халық поэзиясы жойылады, өйткені ол жазба әдебиетке жол беріп, жаңа дәуір адамдарын қанағаттандыра алмайды десе, В.Г.Белинский оған қарама-қарсы «фольклорда даңқты есімдер болмайды, ондағы көркем сөз авторы - әркез халық» деген тұжырым жасайды. Е.В.Аничков фольклорды діни нанымдармен байланыстырса, Ф.В.Миллер этнографиямен жақындығын сөз еткен.
Халық ауыз әдебиетінің педагогикалық мәні осы мәселемен айналысып жүрген зерттеушілердің Қ.Жарықбаевтың, С.Ұзақбаеваның, Р.Төлеубекова, Ә.Табылдиевтың, Қ.Сейсенбаевтың, И.Оршыбековтың еңбектерінде де жоғары бағаланған.
Зерттеліп отырған мәселенің әдіснамалық негізін дәлелдеуде көптеген ғалымдардың (М.Әуезовтың, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Ә.Табылдиев) еңбектері елеулі септігін тигізді.
Көркем әдебиеті – руханият
еліміздің көркем шежіресі. Балалар
әдебиеті – келешек әдебиеті.
Белгілі академик-жазушы М.
Бала оқылған шығармаларын немесе
мәтінді тыңдап қана қоймайды,
соларды ұғуға талпынады.
Педагогика мен психология
Ы.Алтынсарин қазақ халқының
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев әдеби мұралары арқылы жас ұрпаққа көптеген ағартушылық насихат қалдырған. Ұлы Абай баланың дүниеге келген күннен бастап тәрбиеленетінін және оның тәрбиесіне бірден-бір жауапты – ата-ана екендігін көрсетті. Сондықтан да, бала ес біле бастаған күннен бастап, отбасында тәрбиеленуі керек десе, балаға білім берудің, ғылым игерудің мәні жайында жан-жақты тоқталды. Қазақ халқының классигі А.Құнанбаев әдебиеттің халықтығын ту ғып көтерді, поэзия алдымен халық өмірінің айнасы болып, онда халықтық мәні бар келелі, шындықтар суреттелуін талап етті. А.Құнанбаев адамның өсіп жетілуіндегі тәрбиенің роліне ерекше тоқтала келе, өзінің 19-қара сөзінде: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: көріп, естіп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады», - деп ақыл-естің, тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді. Абайдың балаларға үлгі боларлық, өнеге тұтарлық 7-қара сөзінде жас баланы тәрбиелеуден бастап, бүкіл ұлттық өмір-тіршілікте көбінесе жан азығына (білімге, өнерге, әсемдікке) ерекше көңіл бөліп, елді надандықтан арылтуды өсиеттейді. Ол жас баланың психологиясын еске алып, талдаған. Бала тәрбиелеу ісінде Абай оларды тіпті жас шағынан тәрбиелеу қажеттігін ескерткен. Баланың психологиясын еске алып, дұрыс тәрбие беріп отыру, олардың болашағын қамтамасыз етуде ата-аналардың да жауапкершілігін естен шығарған емес. Осындай ойды жинақтай келе, Абай: «тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады», - деген қорытынды жасады.
Қазақ топырағында
тұңғыш педагогика, психология ғылымдарына
өзіндік үлесін қосып, сүбелі ғылыми
еңбектер жазған Ж.Аймауытов болды.
Автордың педагогика ғылымы саласына
байланысты «Тәрбиеге жетекші» атты
еңбегінің маңызы зор. Аталған еңбекте
автор: Баланы оқытудың белгілі ереже
заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс
жүйесін тауып, білімге тез жету
шарттарын көрсететін педагогиканың
негізгі бөлімі – дидактикаға
төмендегідей анықтама берген: «Дидактика
мұғалімге жалпы жол-жоба көрсетіп,
жетекшілік етеді... сыннан өткен тиімді
деген жолдарды ғана нұсқайды», - деп
көрсете отырып, оқытудың принциптері,
әдіс-тәсілдердің тиімдісін
Белгілі қоғам қайраткері, тілші
ғалым А.Байтұрсынов «Өз ана
сөйлеуіндегі сөз ақыл-ой
Бұдан
шығатын қорытынды: ғалым ауыз
әдебиетінің бай мұраларын
Осыған орай, тіл дамыту сабақтарында мұғалім халық ауыз әдебеиетінің үлгілерін жүйелі оқытса төмендегідей жетістіктерге жетуге болады:
оқушылардың ақыл-ойы дамиды;
балалар фольклорын атап бере алады;
нақтылы байланыстыра, бүкпесіз сөйлейді;
ертегіні оқығанда оны өз сөзімен айтып бере алады;
тез ойлау, шапшаң сөйлеу дағдылары қалыптасады;
адамгершілік тәрбие алады;
бір-бірімен достық қарым-қатынасы мәселелері дұрыс жолға қойылады.
Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мэселелерінің бірі болып табылады. Себебі, «Бізге баға жетпес білім капиталын дамытып және білім беруді бұрынғыдан да арттырып, оған заман талабына сай форма беру қажет», - делінген. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» бағдарламасында «Еліміз өркениет жолына бет бұрып, республикамызда этникалық-мәдени білім беру ісі қолға алынып жатқан тұста білім беру ұяларын ұлттық негізде қайта түрлендіруге» байланысты толғандырар мэселелер баршылық. Солардың бірі бастауыш мектеп баланың ұлттық рухпен сусындатуға ерекше мән беру. Бұл орайда, халық ауыз әдебиетінің атқарар міндеті орасан зор.
Көне мәдениетіміздің қай саласының болмасын қайнар көзі деп әрқашанда фольклорды танимыз. Дәстүрлі тәрбиенің алтын тамыры осы фольклор тұтастай алғанда жас ұрпақ үшін ғана емес, адам өмірінің барлық кезеңі үшін мәнді. Тікелей бала тәрбиесінің бағытталған, сәбидің жан дүниесінің қалыптасуына, негізгі ұйтқы болатын шығармалар өзінше арна түзеді. Мүны фольклор ішінде «балалар фольклоры» деп атау қалыптасқан.
Балалар фолькоры - балалар псхологиясының шығармашылық мүмкіндіктерін танытатын халықтың ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасы. Ғалымдар арасында балалар фольклоры жайында бірқатар талас пікір бар. Бірі (В.С.Виноградов) мұны балалардың өздері ойлап тауып өздері орындайтын шығармалар десе, екіншісі (О.И.Капица) ересек адамдардың балаларды тәрбиелеу мақсатында шығарған ой толғаулары деп айтады. Ал К.Матыканов балалар фольклоры өзінің бала қабілетіне лайықтылығымен, логикалық жүйелілігімен, сөйлеуінің нәрлілігімен, музыкалық сазымен, өнегелі мазмұнымен, ойындық жеңіл формасымен рухани азығына айналған бағалы тәрбие құралы, - деп фольклордың құндылығымен саралап берді.
Жоғарыдағы пікірлерге сүйене келіп, балалар фольклорына балалардың жас шамасына сәйкестендірілген білімдік, тәрбиелік және дамытушылық мазмұнындағы шығармалар енеді. Өйткені, бұл шығармалар үлкендер мен балалардың жас ерекшелігіне, мүмкіндіктеріне, қызығушылығына, талап-талғамына байланысты табиғи түрде бір-бірімен ұштасып жатады.
Тұңғыш рет ана сөйлеуінен оқулық
жасаған ағартушы-педагог
Мәселен, А.Байтұрсынов халық ауыз әдебиетінің әрбір жанрларының мәнін түсіндіре келіп: «ертегілер өтірік болғанымен, мағынасыз болмайды. Көбінесе, астарлы мағынасымен өнегелі келеді. Жақсылық, жамандық, достық, қастық, арамдық, адалдық, батырлық, қорқақтық, ептілік, шорқақтық, қулық, аңқаулық тағысын тағы сондай жақтан өнеге болу, тәлім-тәрбие беру мақсатымен шығарған әңгімелер екендігі сезіледі»,- деп, олардың тәрбиелік жақтарын баса көрсеткен. Ғалымның бұл пікірі халықтың рухани мұрасының өміршеңдігін дәлелдей түседі. Ол балаларға арналған оқулықтарын халық ауыз әдебиетіне сүйене отырып жазды. Бұл оқулықтар, әсіресе, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды пайдаланумен ерекшеленеді. Әдіскер-ағартушы бұларды ел өмірінен ала отырып, балдырғандардың жас мөлшеріне сәйкес сөйлеуін дамытуда, ойын ширатудан, оларды тәрбиелеуде таптырмас құрал, әрі қажетті тәсіл деп таныған.
Педагог-ғалым С.Ұзақбаева
«Ұрпақтан ұрпаққа мирас болған
халық ауыз әдебиетінің таңдамалы үлгілері
өскелең ұрпақты тәрбиелеудің таптырмас құралына, әдіс-тәсіліне
белгілі ережелеріне айналды», - дей келіп, ол балаларды
құнды адамгершілік қасиеттердің, психологиялық-эмоционалдық-
Мұның өзі халық ауыз әдебиетінің ұсақ жанрларындағы жинақты айтылған аз сөзінде терең ой, көп мағына, мәнді тұжырым беріліп, жинақталған ойды шашыратпай, бейнелі көркем сөзбен тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні көрсетілгендіктен болса керек. Ұсақ жанрлар тікелей бала тәрбиесіне бағышталып, оның жан дүниесінің қалыптасуына негіз болды. Баланы сөз мәнін түсініп, ұшқыр ой-түйіні топшылауға, ойын анық таза жеткізуге үйретеді.