Әлемдік қонақ үй шаруашылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 21:06, курсовая работа

Краткое описание

Ол қазіргі уақыттағы қонақжайлылық қағидасына негізделіп құрылған сауықтан оның ішкі туризмнің дамуына әсері мол. Қазіргі таңда әлемде туризмге түсетін табыс таңғажайып отельдердің есебінен ұлғайып келеді. Таңғажайып отельдерге орналасу орны (ағаштағы, судағы, үңгірдегі, жер астындағы, ғарыштағы отельдер), дизайны (геометриялық, бейне отельдер), құрылыс материалы (алтыннан, тұздан, мұздан салынған отельдер), атқаратын қызметі (мұражай-отель, отель-түрме, бутик-отель, медициналық отель) өзге отельдерден ерекшеленіп отыратын отельдер жатады.

Содержание

КІРІСПЕ

1 ҚОНАҚ ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ........................................................................... 5
1.1 Әлемдік қонақ үй шаруашылығы....................................................................... 5
1.2 Қазақстанның қонақ үй шаруашылығын талдау..............................................12
2 ТАҢҒАЖАЙЫП ОТЕЛЬДЕР............................................................................... 17
2.1 Әлемдегі таңғажайып отельдердің жіктелуі.....................................................17
2.2 Әлемдегі таңғажайып отельдерге сипаттама....................................................19
3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БОЛАШАҚ ТУРИСТІК
КЕШЕНДЕРІНІҢ ЕРЕКШІЛІКТЕРІ....................................................................... 37
3.1“Жаңа Іле” туристік кешені мен “Ақтау Сити” туристік кешендеріне сипаттама....................................................................................................................37

3.2 Қазақстан аумағында ерекше отельдерді салу мүмкіндігі .............................41
3.3Қазақстанда экологиялық отельді салудың экономикалық тиімділігі.. .........50
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................61

Вложенные файлы: 1 файл

ТУКИ КЕРЕК.doc

— 646.00 Кб (Скачать файл)

Қонақ үйдің экологиялық  тиімділігін көтерудің артықшылықтары:

    • арнайы құрылғыны орнату арқылы электр қуаты және сумен қамтамасыздандыру кететін шығындарды азайту, ол құрылғы электр қуаты мен суды үнемдеуге көмектеседі;
    • отельдің экологиялық тазалығына қызығушылық таныту арқылы қонақтардың ағымын көбейту;
    • қызмет көрсетушілердің ынтасы мен тұрақтылығын қоршаған ортаны қорғау мен адамның денсаулығын қадағалау бағдарламасы жөнінде толық ақпарат беріп, оған тарту арқылы көтеру.

Отельді экологиялық  жағынан тиімді және қауіпсіз ету  оңай емес, алайда, егер жүйелі орнын  тапса шешілетін мәселе. Қоршаған ортаны басқару жүйесін қолдану басшылығы әр түрлі типтегі ұйымдарда келесі халықаралық стандартты қолданады: ГОСТ ISO14001-98. Бұл жүйенің қағидасы осында аталып кеткен міндеттемелерді мекемедегі, оның бөлімшелеріндегі әр түрлі деңгейдегі қызметкерлер мен компания басшылығы қабылдап, өз мойнына алуы керек.

Табиғат ресурстарын  үнемдеу мен құрылғыларды, қоқыстарды қайта өңдеуге үлкен назар  аударылады, себебі ол тұрмыстық төлемдерге және өоқысты шығыруға шығындарды айтарлықтай  көлемде төмендетеді. Мысал ретінде, Hyatt Regency Denver (1100 номер) атты жаңа қонақ үйдегі жүзеге асырылған электр қуатын үнемдеу жөніндегі қиын емес іс-шараларды келтірсе болады. Олар арнайы құрылғының арқасында жылына 1 171 207,62 сағат-киловатт үнемдеді, ол қонақ үйдегі жылдық қолданыстағы электр қуатының 6,5% құрады. Тура сол қонақ үйде тұрмыстық қоқысты қайта өңдеу шығарылатын қоқыстың мөлшерін 25% төмендетті

Мұндай жүйе қонақ  үйге өзіндік экологиялық саясат пен мақсатты экологиялық көрсеткіштерді құру үшін, осы саясатқа сәйкестілік табу және осы сәйкестіліктерді қонақтарға көрсету, ал бәсекелестерге үлгі көрсету үшін іс-шараларды анықтау керекжәне оның тиімділігін анықтау керек. Бұл стандартта экологиялық тиімділіктің мақсатты көрсеткіші жазылмаған, онда төменде көрсетілген модельді қолдану арқылы іс-шараларды басқару жүйесін жетілдіру мен олардың тиімділігін бағалау ұсынылады (7 сурет).

  

                      7 сурет. Экологиялық тиімділіктің моделі [30]

 

Қазақстанда экологиялық  отельді салудың экономикалық тиімділігін қарастыру барысында оның бизнес-жоспары, маркетингтік зерттеу, бағаны зерттеудің тиімді қатынасы, нарық анализі, маркетингтік сараптама, экологиялық тиімділігін көтерудің артықшылықтары мен моделі қарастырылды. Осы зерттеулер негізінде елімізде экологиялық отельді салу бізге экономикалық жағынан да, экологиялық жағынан да тиімді деген тұжырымға келуге болады.

 

Қорытынды

 

Әлемдегі ерекше отельдер тақырыбына жазылған жұмысымды қорытындылау барысында көптеген маңызды мәселелердің басы ашылғанын айта кеткен жөн. Қазақстанға жыл сайын әлемдік танымал қонақ үй брэндтері қызығушылық танытып келеді. 2005 жылы Астанаға Rixos, Ақтауға Marriott, 2006-2007 жылдары Алматы мен Астанаға Intercontinental, 2006 жылы қазанда Алматы мен Астанаға Kempinski келді. Жақында «Экспо-Центр Астана» компаниясымен келісімшарт жасалған болатын. Ол бойынша Hilton Astana қонақ үйі салынбақ. Ол республикамыздың астанасында 2010 жылдың бірінші кварталында ашылмақ.

Барлық батыс стандарттарына жауап беретін қонақ үй ғимараты үлкен қаражатты талап етеді, мәселен, Қазақстанның қонақ үй мен мейрамхана ассоциациясының мәлімдеуі бойынша Ақтаудағы Marriott қонақ үй ғимаратын салуға 20 млн $ кетті, ол өз-өзін 7-10 жылда ақтайды деп жоспарланған. Соңғы үш жылда қонақ үй бизнесіне деген қызығушылық әсіресе, Алматы, Астана, Атырау, Ақтау қалаларына бағыттталған. Бұл қалаларда қонақ үйлердің номерлік фондында жетіспеушілік байқалған. Қазақстан қонақ үйлерінде бір уақытта орналастыру 44,6 мың орын, Алматы қаласында 7,4 мың орын, Астана қаласында 3,2 мың орын. Статистикалық мәліметтердің нәтижесінің анализі бойынша Алматы мен Атырауда қонақ үйде бір орынға орташа мөлшермен алғанда 3 адам, Астана мен Ақтауда 2 адамнан келеді.

Резидент емес туристердің 55%-ы 3* қонақ үйлерде, 25,1%-ы   5* қонақ үйлерде, резидент туристердің 71,3% - 3* қонақ үйлерде,   15,5%-ы 3* қонақ үйлерде тұрақтайды.

Осындай қонақтар үшін арнайы төлем түсіру саясаты, бәсекелестік пайда болған жағдайда ғана біз бұл  саланың қызығын көре аламыз. Сонымен  қатар, Қазақстанның туризм нарығына қонақ үй бизнесінде “жаңа толқындағы” ерекше туристік өнімді ұсыну бізге ауадай қажет. Яғни, бұл жерде әңгіме таңғажайып отельдер жайлы болып отыр. Осыған байланысты мен таңғажайып отельдердің қарапайым жіктемесін мысалға келтірдім. Мұндай отельдерді салу экономикалық жағынан сөз жоқ елімізге тиімді бола түседі:

Таңғажайып отельдерді салу арқылы біз біріншіден, өз еліміздің  туристері мен шет ел туристерінің қызығушылығын тудырамыз. Ең бастысы, туризм экспортын едәуір ұлғайту  мүмкіндігіне ие боламыз. Бұл жерде туризм экспорты деп отырғанымыз – шет елден Қазақстанға туристер ағымын көбейту.

Екіншіден, ағылып келетін  туристер елімізге біршама валюта қорын  ұлғайтуға үлес қосатыны айдан анық. Шетелдік қонақ үй бизнесінде тек  бір ғана осындай таңғажайып отельдер туристерден қыруар ақша түсіріп келеді.

Үшіншіден, Қазақстанда жаңа бағыттағы ерекше экологиялық, яғни, «жасыл отель» түрін жетілдіре аламыз. Мұндай отельдер жоғарыда сипаттап кеткендей туристерге де, оны салушы тарап үшін де аса үнемді әрі денсаулыққа пайдалы болып келеді.

Төртіншіден, туризм саласындағы жұмыссыздық мәселесін шешуге оң әсерін тигізеді. Өздеріңіз білетіндей, қазіргі кезде мамандарды, әсіресе, соның ішінде жас мамандарды ауыл маңындағы жерлерге тарту оңай мәселе емес. Ал, біздің еліміздің нағыз көрікті жерлері қала маңындағы елді-мекендерге жапсарлас орналасқан. Осындай жерлерде салынатын көрікті отельдер сол маңдағы тұрғындарды да жұмысқа артуға себепкер болады.

Осылайша, Қазақстанның әлемдік туристік нарықта аттрактивтілігінің имиджін қалыптастырып, бір саты жоғары көтерілуіне белсенді ат салысуға болады. Әрине, таңғажайып отельдерді елімізде салу оңай нәрсе емес және ол біз үшін жат нәрсе болып табылады. Әрі оған уақыт та керек.

Үздіксіз дамып келе жатқан мына заманда туристердің қонақ үйге деген талғамдарын өзгеруде. Бұл өз кезегінде техниканың озық жетістіктерінің туризм нарығына өз ықпалын тигізуімен байланысты болып келеді. Қазіргі туристер демалыстарын көрікті жерлерде өткізумен қатар, тұрақтайтын орындарының да ерекше болғанын қалайды. Көбіне олар қала өркениеті мен қала шуынан шаршаған кезде жағажайлы жерлер мен сафарилерге, адам қолы тимеген табиғат аясындағы көрікті жерлерге баруға талпынады.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Александрова А.Ю. Международные туризм: Учебник. – М.: Аспеки-Пресс, 2002. – 470 б.
  2. Алтынбаев Б.А. Смыкова М.Р. Экономика и организация туризма: Учеб. Пособие. – Алматы: КазГАУ, 1999. – 94 б.
  3. Балабанов И.Т., Балабанов А.И. Экономика туризма: Учеб. Пособие . – М.: Финансы и стаститика, 2001. – 176 б.
  4. Биржаков М.Б. Введения в туризм: - СПб.: Герда, 1999.- 192 б.
  5. Биржаков М.Б. Введения в туризм: Учебник.-Изд.7-е, перераб. И доп. – СПб.: Герда, 2005. – 448 б.
  6. Браймер Р.А. Основы управления в индустрии гостеприимства / Пер. С англ. – М.: Аспект-Пресс, 1995. – 382 б.
  7. Бургонова Г.Н., Каморджанова Н.А. Гостиничный и туристский бизнес: Особенности бухгалтерского учета и налогообложения. – М.: Финансы и статистика, 1999. – 352 б.
  8. Бургонова Г.Н., Каморджанова Н.А. Бухгалтерский учет и отчетность в туризме: Учеб. Пособие. – М.: Нолидж, 1998. – 272 б.
  9. Волков Ю.Ф. Технология гост. Обслуж. – Ростов-на-Дану. Феникс, 2003. – 48 б.
  10. Вуколов В.Н. Теория и практика подготовки специалистов туристской деятельности: Учеб. Пособие.  – М.: Финансы и статистика, 1998. – 120 б.
  11. Гвозденко А.А. Логистика в туризме: Учеб. Пособие.  – М.: Финансы и статистика, 2004. – 68 б.
  12. Гостиничный и туристский бизнес: Учебник/Под ред. А.Д.Чудновского. – М.: ЭКМОС, 2000 – 78 б.
  13. Гуляев В.Г. Организация туристской деятельности: Учеб. Пособие/ Московкая Академия экономики и права. – М.: Нолидж, 2002. – 98 б.
  14. Джанджугазова Е.А. Маркетинг в индустр. Гостеприимства. Уч. Пос.  – М.: Академия, 2005 – 101 б.
  15. Рахимбекова Ж.С. Международный в гостиничный бизнес: Учебное пособие. – Алматы,  Қазақ Университеті, 2004. – 69 б.
  16. Влоков Ю.Ф. Введение  гостиничный и туристический бизнес. Ростов-на-Дону. «Феникс» , 2004. – 96 б.
  17. Гуляев. В.Г. Организация туристской деятельности. М.: Нолидж. 1996. – 89 б.
  18. Семенов. В.С., Коминский И.С., Попова Н.А. Гостиничное хозяйство. «Стоиздат», М.: 1985. – 111 б.
  19. Уокер Дж.Р. Введение в гостеприимство: Оқулық/ Ағыл. Ауд. М.: Юнити, 1999. – 131 б.

 

Интернет-сілтемелер:

 

  1. www. Travel.ru
  2. www. Tournet.ru
  3. www. Turgid.ru
  4. www. Ratia.ru
  5. www. Rambler.ru
  6. www. Googl.ru
  7. www. Infrance.ru
  8. www. Unwto.org
  9. www. Referats.net
  10. www. itravel.ru
  11. www. countries.ru
  12. www. tournews.ru

 

 

 

 




Информация о работе Әлемдік қонақ үй шаруашылығы