Қоғамды ғылыми түрде
зерттеудің әлеуметтік жолдарын
көрсетіңіз ? Көп аспектілікті ашыңыз.
Қоғамдық пікірді қалыптастырудағы
бұќаралыќ аќпарат ќұралдарының
рөліне көзќарасыңызды білдіріңіз.
Қазіргі нарықтық жағдайда
әлеуметтануды оқып-білудің қажеттігін
дәлелдеңіз.
Қоғамды танудың тарихи
даму кезеңінің ерекшеліктерін:
(теологиялық, метафизикалық және
позитивті) анықтаңыз.
Қоғамдағы әлеуметтік
жүйенің бүтіндігін және оның негізгі
құрылымдық элементтерін көрсетіңіз.
Қазіргі қоғамның әлеуметтік
құрлымы дамуының мәселелері.
Қазіргі кездегі әлемдік
деңгейдегі этностық қатынастардың
сапалық ерекшеліктері.
Қылмыстың пайда болуына
әлеуметтік себептері
Қазіргі кездегі демократиялық
саясаттың Қазақстандағы көрінісінің
ерекшеліктері мен оның әлеуметтік
жақтары.
Ќазіргі жастардың патриоттыќ
санасына баға беріңіз.
Құқық социологиясының
мәні
Қала мен ауыл мәселелеріндегі
экономикалық-әлеуметтік жақтары.
Ќазаќ халќының әлеуметтік
ќатынасының көне формаларын аныќтаңыз
және олардың әлеуметтік мазмұнына
сипаттама беріңіз.
Ќыздар арасында шылым
шегу жағдайына әлеуметтік тұрғыдан
сипаттама беріңіз.
Ќазіргі жастардың (поп, рэп,
рок, rnb т.б.) музыкаларының әлеуметтік
бағдары мен ќуатына сипаттама
беріңіз.
М.Вебердің әлеуметтік ілімдері.
Макс Вебер (1864 – 1920 ж.ж.) – батыстың
ірі әлеуметтанушысы. Қазіргі әлеуметтану
ғылымы М. Вебердің ой – тұжырымдарымен
көп санасады. М. Вебердің әлеуметтану
теориясы позитивистік теорияға қарсы
шығу кезеңінде пайда болды. Позитивизмге
қарсы шығу дәуірінде ол әлеуметтанудың
өзгешелігін жақтай отырып, адам іс
- әрекетін, қимылын «түсіну, ұғыну»
теориясын қалыптастырады. М. Вебердің
пікірінше, әлеуметтану қоғамның әлеуметтік
– тарихи құбылыстарының субъективтік
(яғни, адамның санасына, ойлануына
байланысты) жақтарын, нақтылы айтсақ,
адамның іс - әрекетінде, қызметінде
оның мұң – мұқтажын, талап –
тілегін, қажеттілігін, мақсатын, т.б. әр
уақытта ескеріп отыру керек.
Осыған қосымша, әлеуметтану оны
объективтілік пен эмпирикалық
жағынан бақылап, тексеру жақтарын
жоққа шығармауы керек. Оның басты
міндеті – адамдардың іс - әрекетінің,
қимылының мәнін, мағынасын, мазмұнын
терең түсіну, ұғыну болып табылады.
Осыларды еске ала отырып, қоғамның
даму заңдарының себебін ашуға болады.
М. Вебер өзінің әлеуметтану зерттеулерінде
түсіну, ұғыну әдістеріне көп көңіл
аударуына байланысты, оның әлеуметтану
теориясы «түсіну, ұғыну теориясы»
деп аталады. Осыған орай ол нақтылы
өмірге сәйкес методолгиялық, логикалық
жалпы ұғымдарды қалыптастырады.
Бұл оның «идеалды типтері» әдісінде
жақсы көрінеді. М. Вебердің пікірінше,
идеалды тип (яғни, адалдықтың үлгісі
шығармашылық қиял, елес жемісі). Ол зерттелетің
маңызды құбылыстарды адамның ой
– пікірі мен идеализациясы (яғни,
асыра дәріптеушілік, шындыққа теориялық
бейнелеу – А. И.) негізінде жасалады.Идеалды
тип дегеніміз, ол объективтік эмпирикалық
(яғни, тәжірибелік) шындықты бейнелеу
емес, бұл зерттеуші ғалымның ойлануының,
ой – пікірінің жемісінің теориялық
құрылымы (яғни, идеясы). Идеалды тип
зерттеушілірінің нақты материалды
жүйелеп реттеудің бейне –
кестесі. Идеалды типтік құрылымдар
– бұл қажетті құбылыстар мен
процестердің жалпы түйінді ұғымдары.
Мысалы, «капитализм», «экономикалық
адам», «дін», «христиандық», т.б.М. Вебер
әлеуметтік стратификация (жіктелу) теориясының
негізін салды. Веберлік әлеуметтік
стратификацияның өлшемі бойынша жалғыз
ғана экономикалық факторлар, яғни меншік
формасына ғана емес, сонымен бірге
оған саяси (өкімет) және статус, престиж
(қадір, бедел, мәртебе), өлшемдері қолданылады.
Осыған сәйкес әлеуметтік стратификация
(жіктелу) теориясы көп өлшемді болуы
мүмкін деп тұжырымдайды.
Мәдениет социологиясы
ұғымы, құрылымы және функциялары
«Мәдениет» ұғымының алғашқы мағынасы
(лат. cultura) — жерді өңдеу болған.
Көбінесе мәдениетті адам қолымен жасалғанның
барлығын дегенді білдіреді.Мәдениет
– ол көпқірлі бірлік, адамдармен қоғам
мүшелері ретінде қабылданған білімдер,
наным-сенімдер, моральдық көзқарастар,
заңдар дәстүрлер және т.б. дағдылар
мен әдет-ғұрыптар. Көбінесе басым
және азшылық топтың мәдениет түрлері
бөліп көрсетіледі. Субмәдениет
– жалпы мәдени құндылықтар мен
нормаларға қайшы келмейтін жалпы
мәдениеттің бір бөлігі. Контрмәдениет
– жалпы мәдени құндылықтар мен
нормаларға қайшы келетін жалпы
мәдениеттің бір бөлігі.Әр қауымдастықтың
өзінің мүшелерінің мінез-құлықтарын
басқаратын жәнебақылайтын модельдер,
нормалар және құндылықтар бар. Сонымен
мәдениетті рухани және материалды, элитарлы
және бұқаралық, - деп бөледі. Құндылық
– тәжірибеден қабылданған жалпы
және тұрақты түсініктер; ол – таңдау
тенденциясы және мақсат пен іс-әрекеттің
нәтижесін критерийін орнату. Құндылықтардың
маңызы бірдей емес, олар маңыздылық деңгейіне
байланысты бірреттілікте орнастырылады
ол- құндылықтар жүйесі ретінде анықталады.
Құндылықтар жүйесі әртүрлі модельдер
және мінез-құлық арасында таңдауды бағыттайды
және реттейді. Өлшем (норма) — әлеуметтік
топпен қабылданған және осы топ санкциялар
арқылы бақылайтын мінез-құлық ережесі.
Ауытқушылық — нормалардан бас тарттылған
тәртіп. Аномия (лат.)– нормалардың
болмауы. «Мәдени шиеленіс» индивидттердің
негізгі құндылықтары сәйкес келмейтін
және өз құндылықтарын қорғау үшін басқа
құндылықтармен шиеленіске түсетін жағдайларды
біріктіретін ұғымМәдениет (латын. Cultura
- өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат
объектісіндегі адамның әрекеті арқылы
жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам
еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен
байланыстылығы, адамның және оның қызметінің
бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет»
деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның
бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда
мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі
көрсетілді. Мәдениет – адам жасаған «екінші
табиғат». Мәдениет – жеке адамның өмір
сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның
өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол
- өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын
ерекше құбылыс. Адамдар өздерін қоршаған
ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына
әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына
пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа
мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі
жағдайда үнемі дамуда болады. Мәдениет
әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың,
таптардың, жіктердің, ұлттардың, жеке
адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына
сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы:
аң аулау, еңбек құралдарын жасау, от жағу,
тамақ пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру,
екінші біреуге ұнау, ортамен қатынаста
болу, т.б.Бұл талап-тілектер қоғамдық
прогреске, өрлеуге тікелей байланыста.
әр қоғамдық кезеңде жаңа талап, тілектер
пайда болады, өндіріс құралдары дамиды.
Мәселен, бір кездерде жазба әдебиеті
болмады соның нәтижесінде фольклор қалыптасты,
кейінірек те білімнің қалыптасып, жазудың
шығуы жаңа талап қойды. Бүкіл құндылықты,
мифті жазып қалдыру талабы пайда болды.
Информатика дамыды, оларды микрофон,
магнитофон, компьютерге түсіру арқылы
мәңгі ету қажеттігі туды. Сөйтіп, мәдениет
әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның
тілегіне, талабына сәкес қалыптасты.
Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды.
Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның
қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды
ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті
мен қоғам талабы тікелей байланысты.
2. МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ РУХАНИ МӘДЕНИЕТ Адам,
оның қызметімен өзара қатынасы бар жерде
мәдениет бар. Бірақ материалдық және
рухани мәдениетті бір-бірінен ажырата
білу қажет.Мәдениет материалдық және
рухани: бірі-материалдық өндірістің,
екіншісі-рухани өндірістің өнімі деп
қаралады. Себебі материалдық және рухани
мәдениеттің өнімдері – еңбек құралдары
және көркем шиғырмалар әр түрлі мақсатта
пайдаланылады. Олай болса материалдық
және рухани мәдениеттің қызметтік ерекшеліктері
бар екен. Сонымен қатар бұл екеуі – материалдық
және рухани мәдениет тұтастыққа ие. Материалдық
мәдениетті мәдениетке айналдырған адамның
идеясы мен білімі, ал рухани мәдениеттің
өнімі материалдық нысанда болады,
соның нәтижемінде ол объектіге айналуы
мүмкін және қоғамдық өмірдің факторы
болып қалады. Сондықтан мәдениетті материалдық
және рухани демей-ақ, тұтас бірлікте алып
қарауға да болады. Мәселе бұларды ажыратуда
емес, бүкіл қоғамның дамуына сәйкес, органикалық
бірлігін мойындауда.Өміршең мәдениет
қоғамдық адамнан ажыратылмайды, адам
– мәдениет субъектісі. Оның адамдық сапасы
тілді игерудің нәтижесі, қоғамдық өмір
сүретін құндылықтарға, әдет-ғұрыпқа ену,
осы мәдениетке тән іс-әрекеттің дағдысын
бойына сіңіруі. Мәдениет – адамдықтың
өлшемі, ол адамның қоғамдық мән есебінде
дамуын сипаттайды. Сондықтан мәдениет
адаммен тікелей қатынаста өмір сүреді.
Ол қатынастың мәні мынада, адам бұрыннан
жасалып келген мәдениетті бойына сіңіреді,
қабылдайды, өзінің болашақ қызметінің
алғышартына айналдырады. Сөйтіп өз білімін,
икемін, қабілетін дамыта отырып, өзінің
мәдениетті, адамдық мәнін жасайды. Материалдық
мәдениетсіз рухани мәдениет қалыптаспайды.
Мысалы, радио, теледидар, компьютер, түрлі
ғимараттар, мұражайлар сияқты түрлі материалдық
игіліктер арқылы рухани мәдениет таралды.
Би, ән айту, жыр жырлау құралсыз іске асырылмайды.
Ел мәдениеті неге байланысты? Олар театрларға,
басқа да мәдени ошақтарға, сән-салтанатты,
барлық жағдайы бар демалыс орындарына,
т.б. байланысты. Оларды игілікке пайдалана
білу де мәдениеттің бір саласы. Сөйтіп,
материалдық және рухани мәдениет тікелей
байланысты екен. Одан шығатын қорытынды,
мәдениет – қоғамның материалдық және
рухани байлығының жиынтығы. Қоғамның
материалдық дәрежесі жоғары болған сайын
рухани өмір де жоғары болмақ. Біздің қазіргі
қоғамдағы қиын жағдай осы өтпелі кезеңде
туып отыр. Біріншіден, қаражаттың жетіспеуінен
көптеген мәдени ошақтар асып-тосып, істен
шығуда. Ауылдық жерлерде клубтар, кітапханалар
жабылып жатыр. Қалалы жерлерде кинозалдардың,
театрлардың материалдық негізі құлдырап,
төмендеді. Екінші жағынан, жалақының
аздығынан көптеген талант иелері сауда-саттыққа
ауысып кетті.
Макро және микро әлеуметтануы.
Үшінші кезең – 70-жылдардан бастап
қазіргі уақытқа дейін жалғастары.
Үшінші кезеңде теориялық әлеуметтанудың
зерттеулерін микро және макро әлеуметтанумен
біріктіруге әрекет жасалады. Екінші
жағынан, әлеуметтануды жеке ғылым
ретінде жаңа деңгейге шығарып әлеуметтік
процестерді зерттеу, оларды жаңа сапада
түсіну, ұғыну мақсаттары қойылды. Жаңа
қағидалы интегративті бағыттар пайда
болды.Әлеуметтанудың ХХ ғасырдағы негізгі
тенденциялары – эмпирикалық әлеуметтанудың
дамуынан басталады.Эмпирикалық әлеуметтану
деп, нақты зерттеулер жүргізуді, осылардың
негізінде арнаулы әдістер қолдану (сұрау,
бақылау, тәжірибе) арқылы жаңа фактілерді
жинап, талдауды , қорытындылауды айтады.
Мұндай нақты зерттеулер 20-30-жылдары АҚШ-та,
сонан кейін басқа дамыған елдерде өте
қызу жүргізіле бастады. Адольф-Кетле
(франко-белгиялық статист), Чарльз Бут
(Англия), Ульям Томас, Флорина Знанецкий
(поляктар) осы салада еңбек етті.Дегенмен,
эмпирикалық нақты зерттеулер теориялық
әлеуметтанудың дамуына белгілі бір шамада
кедергі жасады, теорияның маңызы мен
рөлін төмендетті. Сондықтан теориялық
әлеуметтануды қайтадан көтеріп, жаңғырту
қажет болды, өйткені әлеуметтік теориялық
сұрақтарға уақытында жауап берілмеді.Бұл
мәселелерді дұрыс шешуде американ әлеуметтанушылары
Талкотт Парсонс, Роберт Мертон, Питирим
Сорокин, т.б. зор еңбек сіңірді.Талкотт
Парсоностың (1902-1979ж.ж.) көп еңбектерінің
ішінде біз оның екі негізгі еңбегін, яғни
әлеуметтік іс-әрекет, қимыл («социальное
действие») және құрылымды-функциональды
талдау («структурно-функциональный анализ»)
қарастырғанымыз орынды болады. Бұлардың
қысқаша мазмұны мен мәні мынадай. Қандай
да бір әлеуметтік іс-әрекет, қимылдың
болуында қажетті шарттар бар. Әрекет
қимыл, біріншіден, оны жүргізетін адамды,
екіншіден, нақты жағдайды, үшінші мақсатпен
белгілі бір заң нормаларына (ережелеріне)
сүйенген шартты жағдайларды қажет етеді.Т.
Парсонстың пікірінше, әрбір әрекет, қимылдың
өзін-өзі ұйымдастыратын белгілі жүйесі,
оның шартты белгілері (символдары) бар.
Олар: мысалы, тіл, құндылықтар, іс-әрекеттің,
белгілі бір нормативтік ережеге сәйкес,
яғни іс-әрекеттің, қоғамда қабылдаған
нормаларға, құндылыққа тәуелді болуы.«Әлеуметтік
іс-әрекет» теориясының ең негізгі ұғымы
– «әрекеттер жүйесі». Т. Парсонс әрекеттер
жүйесіне әлеуметтік болмыстың, шындықтың
(социальная реальность) алуан түрлі деңгейлерін,
олардың бір-бірімен өзара белгілі бір
байланысын жатқызады. Әрбір жүйе дұрыс
іс-әрекет, қимыл, қызмет атқару үшін жүйенің
құнды тұрпатын сақтау; интегация құрылымы,
мақсатқа жету (целедостижение), бейімделу
(адаптация) сияқты 4 шартты ескеру қажет.
Басқаша айтқанда, бұл өзгермейтін (инвариантный)
функционалды мәселелер жиынтығы. Ол әрбір
жүйеде және оның бөліктерінде шешіліп
отыруы керек. Т. Парсонстың қандай да
бір теориялық құрылымын алмайық, оның
әрқайсысында қайталанып отыратын ой
өзегі, басты пікірі (леймотив) болады.
Ол - әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын
көрсететін құрылым және оның зерттеу
механизмі. Осы міндетті ойдағадай шешуге
Т. Парсонстың екінші теориясы, яғни «құрылымдық
– функционалды талдау» бағытталған.
Бұл теорияға сәйкес қоғам және оның жеке
жүйелерінің белгілі бір функцияларды
орындауы қарастырылады.
Мәдениет әлеуметтануы
ұғымы, құрлымы және қызметтері.
Мәдениет адамның еркіндік, бостандық
саласы, өйткені мәдениет адамды өзін
қоршаған басқа адамдарға конформистік
еліктеу шаблоны мен стереотиптерінен
босатады, өз бетінше әрекет етуге
кепіл болады, оның тұлғасын егеменді
етеді. Мәдениет адамның өз ісінің шебері
болуына, кәсіби кызметтің ең биік деңгейіне
дейін көтерілуіне мүмкіндік
береді. Ол адамның саяси қызметінің
бостандығын қамтамасыз етеді —
саяси партиялар мен қозғалыстардың
көп түрлі бағдарламалары мен
платформаларын талдап түсіну қабілетін
қалыптастырады. Мәдениет социологиясы—
қоғам мәдениетінің дамуы мен
қызмет ету заңдылықтарын зерттейтін
социология ғылымының саласы. Социологияда
мәдениет, ең алдымен, әлеуметтік тұрғыдан,
яғни әлеуметтік өзара іс-қимылдардың
нәтижелері мен процестеріне көзқарас
тұрғысынан қарастырылады. Ол мәдениет
саласындағы шығармашылық мақсаттарда
процеске әсер ететін материалдық, әлеуметтік
және саяси факторларды талдайды.
Мәдениет социологиясы мәдениетті жасаушы
әрі оны тұтынушы ретіндегі халықтың
әлеуметтік-демографиялық, тағыда басқа
сипаттамаларын, оның қызығушылықтары
мен талғамдарын, бейімделу мотивтерін,
сондай-ақ мәдени ұйымдарды, мәдени іс-шаралар
мен мәдени өмірдегі оқиғаларды зерттейді.
Мәдениет социологиясы ғылылми-танымдық,
білім беру және тәжірибелік, тағыда басқа
қызметтер атқарады. ұыл.-танымдық қызмет
арқылы Мәдениет социологиясы мәдени
процестердің өзгерісіне, нәтижесіне
әсер ететін әлеум. факторлар мен механизмдер,
мәдени динамика заңдылықтарының өзіндік
ерекшелігі туралы шынайы білімді қалыптастырады.
Мәдениет социологиясының білім беру
қызметі қоғам мүшелері арасында тиісті
білім таратуға бағытталған. Тәжірибелік
қызметтің мақсаты мәдени өзгерістер
мен мәдени саясат бағыттарының ғылыми
негізін әзірлеу болып табылады. Мәдениет
социологиясы жұртшылықтың мәдени өмірдегі
оқиғаларға қатынасын білдіретін қоғамдық
пікір, көркем сын мәселелеріне де назар
аударады. Мәдениет социологиясы шеңберінде
жүргізілетін зерттеулер мәдени дамудың
өзіне тән белгілері мен тенденцияларын,
оған әсер ететін әр түрлі әлеуметтіл-экономиқалық
факторларды айқындауға мүмкіндік береді.
Мәдениет социологиясы зерттеу барысында
сұрау, сұхбат, контент-талдау секілді
социологиялық әдістерді қолданады. Оның
теориясы мен әдістемесінің жетілдірілуі
қоғамдық өмірдің барлық салаларында
адам факторы рөлін көтеру, мәдени қызметті
күшейтіп, байыту үшін маңызды.
Нашаќорлыќќа әлеуметтік
ќұбылыс ретінде баға беріңіз
Некенің мотивтері мен
ажырасудың себептері
Некені бұзу, ажырасу. АХАТ органдарында
некені бұзу. Ерлі – зайыптылардың көзі
тірі кезінде неке, олар ажырасса ғана
тоқтатылады.Ажырасу арқылы некенің тоқтатылуы,
АХАТ органдары немесе сотта заңда белгіленген
тәртіп бойынша іске асырылуы мүмкін.Некені
бұзу АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың
біріккен және жекелеген ерекше жағдайларда
– жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша
жүргізіледі. Ал сотта некені бұзу ерлі
– зайыптылардың екеуінің бірлескен,
сондай – ақ жұбайлардың біреуінің өтініші
бойынша жүргізіле береді.Некені бұзу
үшін мынадай үш шарттың болуы қажет:• АХАТ
органдарында ерлі – зайыптылардың некені
бұзу жөніндегі өзара келісімі; • кәмелетке
толмаған балаларының болмауы; • бір –
біріне мүліктік және өзге де талаптарының
болмауы.Некені бұзу АХАТ органдарында
мемлекеттік тіркеуден өтуді қажет етеді.
Тіркеу некені бұзу жөніндегі өтініш берілген
күннен бастап бір ай өткенде жүзеге асырылады.
Бір ай мерзім ерлі – зайыптыларға қабылдаған
шешім туралы тағы да әбден ойланып –
тоғану үшін беріледі. Некені тіркеу үшін
берілетін мерзімнен айырмашылығы, некені
бұзған кезде оның мерзімі ұзартылып не
қысқартымайды.Ерлі – зайыптылардың өзара
келісімі бойынша некені АХАТ органдарында
бұзумен қатар, заң жұбайлардың біреуінің
өтініші бойынша некенің бұзудың қарабайыр
оңайлатылған тәртібін де белгілейді.АХАТ
органдарының некенің бұзылуын тіркеу
кезінде ажырасудың себептерін анықтауға,
ерлі – зайыптыларға татуласу үшін мерзім
беруге қақысы жоқ. Некені сот тәртібімен
бұзу. Ол мынадай жағдайларда іске асырылады:
• ерлі – зайыптылардың кәмелетке толмаған
ортақ балаларының болуы; • ерлі – зайыптылардың
біреуінің некені бұзуға келісімінің
болмауы; • егер ерлі – зайыптылардың
біреуі өтініш беруден бас тартып некені
бұзудан жалтарса, некені бұзу үшін мемлекеттік
тіркеуге келуден бас тартса, т.б.; • ерлі
– зайыптылардың бір – біріне мүіктік
талаптарының болуы.Қорытынды:Сонымен,
отбасы дегеніміз – бұл некеден, туыстықтан,
бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге
алудың өзге де нысандарынан туындайтын
және отбасылық қатынастарды нығайту
мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік
және мүікке қатысты емес жекебастың құқықтарымен
байланысқан адамдар тобы. Отбасының заңдық
белгілеріне мыналар жатады:• адамдардың
неке немесе туыстық негізде бірігуі;
• өзара имандылық және материалдық қолдау;
• бала туу және оларды тәрбиелеу; • өзара
жекебасындық және мүліктік құқықтар.Бір
негізден немесе ортақ атадан тарайтын
адамдардың қандастық – кіндіктестік
байланысы, туыстық деп түсініледі. Туыстықтың
екі тармағы бар: тікелей және жанама.Ерлі
– зайыптылардың арасындағы мүліктік
және мүліктік емес жеке қатынастарды
туындататын, отбасын құру мақсатымен
заңда белгіленген тәртіп бойынша тараптардың
ерікті және толық келісімі жағдайында
жасаған ері мен әйелдің арасындағы тең
құқықтық одақты неке деп түсінуіміз керек.
Қазақстанда тек мемлекеттік АХАТ органдарында
жасалған адамдардың одағы ғана неке деп
танылады. Болашақ ерлі – зайыптылардың
өзара келісімі және олардың неке жасы
18 – ге толуы неке қиюдың басты шарты болып
табылады.Ерлі – зайыптылар арасындағы
қатынастар құқықтары мен мінднттерінің
теңдік қағидаларына негізделеді.Азаматтық
некеден туған балалар, тіркелген некеден
туған балалар сияқты заңмен қорғалады.
Алайда мұндай қатынастар әдетте тараптар
үшін заңдық салдар туындатпайды.Мемлекет
аналар мен балалары қолдайды, отбасын
қорғауға алады.
Нарық әлеуметтануы
Нарық — тауар өндірісі мен айналымы
заңдары бойынша ұйымдастырылатын
айырбасты сипаттайтын тауар
қатынастарының жиынтығын білдіреді.
Басқаша айтқанда, нарық — нақты
тауар сатушылар мен оны сатып
алушылардың басын қосатын кез
келген институт немесе механизм.Ол тауар-ақша
айырбасының саласы болып табылады
және өндірушілер (сатушылар) мен тұтынушылар
(сатып алушылар) лар) арасындағы экон.
қатынастар жүйесін білдіреді. Бұл
қатынастардың негізгі элементтері
– құн, баға,[ [бәсеке]], сұраныс пен
ұсыныс. Нарықтың жұмыс істеуі тауар
өндірушілердің арасындағы байланыстарды
реттейтін, сондай-ақ адамдардың арасындағы
экон. қарым-қатынас олардың еңбегінің
өнімін сатып алу мен сату арқылы
көрініс табатын тауар өндірісі
жағдайында қоғамдық еңбекті бөлу мен
ынталандыруды реттейтін заңға
бағындырылған. Сұраныс пен ұсыныс
заңы осыны жүзеге асыру нысаны ретінде
әрекет етеді, оның іс-әрекеті айырбастың
баламалылығын, ақша және тауар ағынының,
төлем қабілеті ағынының, төлем қабілеті
бар сұраныс пен ұсынылатын тауарлардың
(қызметтердің) ара салмағын айқындайды.
Нарық қатысушылардың бәрін, бір
жағынан, бәсекеден, банкроттықтан, т.б.
туындайтын экономикалық мәжбүрлеу
арқылы, екінші жағынан, материалдық
ынталандыру (пайданы молайту, т.б.)
жолымен тауарлар мен қызметтердің
жоғары сапада болуына, өндіріс шығынын
азайтуға, тұтынушыларды ойдағыдай
қанағаттандыруға бағдарлайды. Нарыққа
тауар өндірушілердің тәуелсіздігі,
олардың толық дербестігі, тауарлардың
бағасын еркін белгілеуі, тұтынушылар
мен жеткізуші-лерді еркін таңдауы,
тауар өндірушілердің, сатушылардың
өткізу бәсекелестігі тән. Мемлекет
нарықтық қатынастарды ретке келтіру,
шаруашылықты жүргізудің нарықтық нысандарының
теріс зардаптарын барынша азайту,
халықтың жекелеген топтарын әлеум.
жағынан қорғау шараларының кешенді
жүйесін әзірлеп, жүзеге асырады. Мұндай
реттеу нысандары құрылымдардың (биржалардың,
жәрмеңкелердің, жарнамалық және басқа
агенттіктердің) жұмыс істеуі ережелерін
белгілейтін заңдық және басқа нормативтік
актілер жатады. Бағаны мемлекеттің
реттеп отыруы, тауарлар мен қызметтердің
кейбір түрлеріне тұрақты баға белгілеу
немесе жәрдемқаражат белгілеу нарықтың
жұмыс істеуіне айтарлықтай ықпал
жасайды. Тауарлар нарығы тікелей тауар
айналысы, ақшаны тауарға және тауарды
ақшаға айырбастау саласы нарықтық жүйенің
өзегі болып табылады.НарықДемократиялық
қоғам тарихи жағынан нарықтық қатынастардьң
енуімен жалпылама сипатқа ие бола бастады.
Мәдениеттің, демократияның, нарықтың
арақатынастарын қарастырайық. Мәдениет
пен нарықтың арақатынасы туралы әртүрлі,
кейде бір-біріне қарама-қарсы көзқарастар
бар. Алайда бір нәрсені анық айта аламыз:
адамзат әлі күнге дейін адамдық әрекетті
ынталандыру мен қоғамдық байлықты бөлудің
нарықтан жетілген тәсілін ойлап тапқан
жоқ. Нарықтық шаруашылыққа негізделген
үлгілердің бір артықшылдығын қоғамдағы
экономикалық әрекеттерді, бір жағынан,
тұтынушылардың сұраныстарына сәйкес
бағыттап, екінші жағынан, тауар дефицитін
барған сайын өрістететін бәсекелестік
пен еңбек өнімділігін арттыру арқылы
жүзеге тиімді және рационалды шаруашылық
процестері нәтижесінде қысқарту деп
пайымдауға болады. «Әлеуметтік нарық
экономикасы» атты кітабында X. Ламперт
нарықтың төмендегідей приоритеггерін
атап өтеді:— еркін баға жүйесі ең төмен
шығындарға негізделген және осы арқылы
өндіріс құралдарын тиімді түрде қолданатын
осыған дейін белгілі өндірістік қатынастардың
арасындағы нағыз ұтымдысы болып табылады;