Әлемдік қонақ үй шаруашылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 21:06, курсовая работа

Краткое описание

Ол қазіргі уақыттағы қонақжайлылық қағидасына негізделіп құрылған сауықтан оның ішкі туризмнің дамуына әсері мол. Қазіргі таңда әлемде туризмге түсетін табыс таңғажайып отельдердің есебінен ұлғайып келеді. Таңғажайып отельдерге орналасу орны (ағаштағы, судағы, үңгірдегі, жер астындағы, ғарыштағы отельдер), дизайны (геометриялық, бейне отельдер), құрылыс материалы (алтыннан, тұздан, мұздан салынған отельдер), атқаратын қызметі (мұражай-отель, отель-түрме, бутик-отель, медициналық отель) өзге отельдерден ерекшеленіп отыратын отельдер жатады.

Содержание

КІРІСПЕ

1 ҚОНАҚ ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ........................................................................... 5
1.1 Әлемдік қонақ үй шаруашылығы....................................................................... 5
1.2 Қазақстанның қонақ үй шаруашылығын талдау..............................................12
2 ТАҢҒАЖАЙЫП ОТЕЛЬДЕР............................................................................... 17
2.1 Әлемдегі таңғажайып отельдердің жіктелуі.....................................................17
2.2 Әлемдегі таңғажайып отельдерге сипаттама....................................................19
3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БОЛАШАҚ ТУРИСТІК
КЕШЕНДЕРІНІҢ ЕРЕКШІЛІКТЕРІ....................................................................... 37
3.1“Жаңа Іле” туристік кешені мен “Ақтау Сити” туристік кешендеріне сипаттама....................................................................................................................37

3.2 Қазақстан аумағында ерекше отельдерді салу мүмкіндігі .............................41
3.3Қазақстанда экологиялық отельді салудың экономикалық тиімділігі.. .........50
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................61

Вложенные файлы: 1 файл

ТУКИ КЕРЕК.doc

— 646.00 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

1 ҚОНАҚ ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ........................................................................... 5

1.1 Әлемдік қонақ үй  шаруашылығы....................................................................... 5

1.2 Қазақстанның қонақ үй шаруашылығын талдау..............................................12

2 ТАҢҒАЖАЙЫП ОТЕЛЬДЕР............................................................................... 17

2.1 Әлемдегі таңғажайып  отельдердің жіктелуі.....................................................17

2.2 Әлемдегі таңғажайып отельдерге  сипаттама....................................................19

3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БОЛАШАҚ  ТУРИСТІК 

КЕШЕНДЕРІНІҢ ЕРЕКШІЛІКТЕРІ....................................................................... 37

3.1“Жаңа Іле” туристік кешені мен “Ақтау Сити” туристік кешендеріне сипаттама....................................................................................................................37

 

3.2 Қазақстан аумағында ерекше отельдерді салу мүмкіндігі .............................41

3.3Қазақстанда экологиялық отельді салудың экономикалық тиімділігі.. .........50

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................61

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстанға туристерді келтіру үшін бірқатар жұмыстар атқарып, оның ішінде қонақ үй инфрақұрылымын қолға алу керек. Еліміз дамудың  нарықтық жолына түскендіктен Қазақстан  көптеген шетелдік әріптестерімен жұмыс жасап, әр қаладағы біріккен өнеркәсіптермен және шетел өкілеттіліктерімен қарым-қатынасын нығайтуы қажет. Бүгінгі күні елімізде қонақ үй өмірі біршама тірілді. Жаңа қонақ үйлер пайда болып, ескілері жаңартылып жатыр.

Қонақтарды орналастыру туризмнің негізгі элементтерінің бірі. Қонақ үй индустриясы – қонақжайлылықтың негізі болып табылады. Ол ертеден келе жатқан адамзат тарихындағы қонақты күту, қабылдау мен қызмет көрсету салтанаты сияқты қалыптасқан тұрмыс-салт мәселелерінен бастау алады. Қазіргі таңда қонақ күту индустриясы – қуатты аймақтық шаруашылық жүйесі немесе туризм экономикасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын туристік орталық ретінде қызмет жасайды.

Орналастыру – саяхаттау  кезінде туристерге қызметтің кешенді  түрін ұсынатын негізгі қызметтің басты бөлігі. Орналастыру құралдары туристік салада істейтін қызметкерлердің 65%, туристерден түскен үлестің 68% құрайды.

Жалпы қонақ үй шаруашылығын туристік нарықтан бөлек қарастыруға  болмайды. Себебі біздің мемлекеттің  туристік нарық жүйесі аздап ақсауда. Соңғы мәліметтер бойынша біздің мемлекеттен шетелге шығушы туристер саны 45,8 % пайыз, ал келетін туристер саны 37,9 % пайыз. Қазіргі кезде дамыған және дамушы мемлекеттердің өзі бұл салаға қызығушылық танытуда, себебі бұл индустрия саласы шетел валютасынның қайнар көзі болып табылады. Осы индустрияның көзін табушы байлық, бақыт, бедел иесі бола алады.

Туристік қонақ үй типіндегі қонақ үйлерді таңдап алу бірнеше факторларға байланысты. Олар функционалды және экономикалық, архитектуралық шарттарға тікелей байланысты. Архитектуралық-болжамдалған туристік қонақ үй туристерді мынадай шарттармен қамтамасыз етуі керек:

    • жоғары дәрежелі қызмет;
    • туристердің барлық контингентіне шарттарға байланысты жағдай жасау;
    • қызмет түрінің жүйелілігі;
    • қызмет көрсетуге, тамақтандыруға, спорттық қызмет көрсетуге кеткен минималды шығындар;
    • құрылысқа және сол құрылысты жүргізуге жіберілген шығындар.

Ішкі және сыртқы туризм саласында қонақ үй қызметі туризмдегі қызмет көрсететін әлемдік бизнесі  жүйесімен бәсекелес, Қазақстандағы туризм дамуының болашағын айқындайтын шешуші факторлардың бірі. Ол қазіргі уақыттағы қонақжайлылық қағидасына негізделіп құрылған сауықтан оның ішкі туризмнің дамуына әсері мол. Қазіргі таңда әлемде туризмге түсетін табыс таңғажайып отельдердің есебінен ұлғайып келеді. Таңғажайып отельдерге орналасу орны (ағаштағы, судағы, үңгірдегі, жер астындағы, ғарыштағы отельдер), дизайны (геометриялық, бейне отельдер), құрылыс материалы (алтыннан, тұздан, мұздан салынған отельдер), атқаратын қызметі (мұражай-отель, отель-түрме, бутик-отель, медициналық отель) өзге отельдерден ерекшеленіп отыратын отельдер жатады. Олардың пайда болу тарихы әр түрлі, ал себебі бір - ең ұшқыр ойлы энтузиасттар мен демалыстарын өткізу барысында шытырманды оқиғаларға толы сезімдер мен бойларын қызуқандық билейтін туристердің талпынысы әлемге осындай таңғажайып отельдерді әакелді. Олардың саны күн санап артып келеді.

Жұмыстың мақсаты: дүниежүзіндегі таңғажайып отельдерге талдау жасау.

Жұмыстың міндеті келесі өзекті мәселелерді қарастыру:

    • әлемдік қонақ үй шаруашылығы;
    • еліміздің қонақ үй шаруашылығы;
    • әлемдік таңғажайып отельдердің жіктелуі;
    • әлемдегі таңғажайып отельдерге сипаттама;
    • Қазақстандағы болашақ туристік кешендердің жобасы;
    • Қазақстан аумағындағы ерекше отельдерді салу мүмкіндігі;
    • Қазақстанда экологиялық отельдерді салудың экономикалық тиімділігі.

Бұл еңбектің басты мақсаты  әлемдегі таңғажайып отельдердің Қазақстанда  пайда болу ықтималдылығын көрсету, олардың тұжырымдамасын ұсыну болып  табылады. Атаулы мақсаттан келесі міндеттер анықталады:

    • әлемдегі таңғажайып отельдердің сипаттарын қарастыру;
    • еліміздегі салуға мүмкіншілік беретін жерлерді қарастыру;
    • салуға болатын таңғажайып отель түрлерін анықтау;
    • оның географиялық тұрғыдан тиімділігін көрсету: жер бедері, климаты, экологиялық жағдайы
    • оның экономикалық жағынан тиімділігін көрсету.

Бұл жұмыста басты  назар ішкі туристер ағымын арттырумен қатар, шетел туристерінің елге деген  қызығушылығын арттыру, Қазақстанның тартымдылығының беделін қалыптастыруға аударылған. Бұл жаңа туристік өнімді әлемдік туристік нарықта таныту үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынасын орнату, жарнаманың рөлін арттыру.

Бүгінгі таңда туристердің  таңғажайып отельдерге деген сұранысы жыл санап артып келеді. Ал, таңғажайып отельдердің сол туристерді орналастырудан түскен табысы күн санап артып келеді.

Жұмыстың негізгі дерек  көздері ретінде бүгінгі таңға  дейін туризм саласындағы шетелдік, отандық зерттеушілердің еңбектері, статистикалық мәліметтер, қонақ  үй әкімшілігінің құжаттары, оқулықтар, газет-журналдар, интернет сайттары және басқа да мәліметтік ақпараттар алынды.

 

 

1 ҚОНАҚ ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

 

1.1 Әлемдік  қонақ үй шаруашылығы

 

 

Алғашқы қонақ үйлер (керуен-сарай) ежелгі шығыс өркениетінде біздің заманымызға  дейін екі мың жыл бұрын  пайда болған. Ежелгі Греция мен Римде саудагерлер, әртістер, қажылар және саяхаттаушыларға арнап таверналар мен хоспитеумдар кең тарала бастады. Негізінде олар ат аялдайтын орындар мен екі қабатты ғимараттан тұрған, оның бірінші қабатында таверна, екінші қабатында жатын бөлмелер орналасты. Уақыт өте келе бұл негізгі қызметтер кешеніне саяхаттаушылар үшін театр қойылымдары өтетін ашық және жабық галереялар қосылды. Ерте ортағасырларда саяхаттар қауіпті бола бастайды. Бұл кезеңде саяхаттар діни ағым сипатына бағытталды: әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар әулиелі жерлерге қажылық сапарға аттанып отырды. Орналастыру және тамақтандыру (әдетте тегін) қызметтері ғибадатханаларда көрсетілді /1/.

Екі жүз жылға созылған крест  жорықтары кезеңінде Иерусалимға  саяхаттаушылардың саны күн санап арта түсті. Бұл жағдай алдымен Италияда, көп ұзамай басқа елдерде де кәсіби қонақ үй бизнесінің пайда болуына әкелді. Қонақ үй шаруашылығындағы келесі байқалатын кезең поштамен және көліктік торлармен тікелей байланысты. Пошта трассалары бойында қазіргі мотельдерге ұқсас орналастыру орындары бой тізді. Қазіргі мотельдерден олардың айырмашылығы – олар жергілікті халық үшін ойын-сауықтыру орталығы қызметін атқарды, әсіресе, азарт ойындарының рөлі зор болды (дартс, домино, бильярд, тауықтар күресі).

Отель сөзі ежелгі римдік хоспитеумнің латын түбірінен XVIII ғасырда  пайда болды. Қонақ үйді техникалық қамтамасыздандыру отаны АҚШ  болып табылады. Әлемнің түкпір-түкпірінен келетін сансыз көп иммигранттар ағымы елде қонақ үй бизнесінің қарқынды дамуына әкелді. АҚШ-тағы отель бизнесінің қарқынды дамуына әсер еткен екінші себеп – басқа еуропалық елдерге қарағанда онда әр түрлі балдар, би кештері, тағы басқа қоғамдық іс-шараларды өткізуге болатын аристократтық сарайлар болған жоқ. Ал, қонақ үйлер дәл осындай сипаттағы іс-шараларды өткізетін орын болып саналды. Ол үшін арнайы залдар салынды. Қонақ үй залдарында билеу дәстүрі АҚШ қалаларында XX ғасырдың 50 жылдарына дейін жалғасып келді. Қонақ үй бизнесі АҚШ-та ұзақ уақыт бойы әйгілі болып келді. Оның айқын көрінісі ретінде АҚШ президенттері Джордж Вашингтон мен Авраам Линкольнның таверна иелері болғанын атап өтсе де жеткілікті.

Қазіргі таңдағы есікте құлпы бар  бір және екі орынды номерлер, номердегі  ванна мен алғашқы лифттер  АҚШ-та 1829 жылы пайда болған. XIX ғасырдың ортасында алғашқы орталық жылуы бар отель қызмет атқара бастады. Бұл салада Статлер аянбай еңбек еткен болатын. Сондай-ақ, ол қонақ үй қызметкерлеріне униформа енгізді. Ал, Еуропадағы қонақ үй бизнесінің дамуына зор үлес қосқан тұлғалардың қатарына швейцарлық Цезарь Ритцті жатқызамыз. Қазіргі уақытта оның есімімен ең танымал әрі ең қымбат еуропалық қонақ үй торларының бірі аталып келеді. Алайда, Ритц өмір бойында ешқандай отельді иеленбеген болатын, тек жай ғана жалданбалы басқарушы болып келді (Лондондағы “Savoy” отелінде). Ритц мейрамханада оркестрдің пайда болуына бірқатар септігін тигізді. Оның кезінде оркестр Штраустың әуендерін орындайтын. XIX ғасырдың аяғы-XX ғасырдың басында Еуропа мен Америкада қалталы адамдарға арналған бес жұлдызды қонақ үйлер пайда болды.

Қазіргі таңда әлем бойынша мотельдерді  қосқанда 300 мыңнан астам қонақ үйлер  бар. Осы орайда олардың бір-бірінен  қатты ерекшеленетінін де атап өткен  жөн: бір қабатты отельдер мен 88 қабатты  отельдер, жүзбе отельдер мен су асты отельдері, шағын (бірнеше номерлерге арналған) және ауқымды (бірнеше мың номерлер) отельдер, арзан (күніне 20-30 доллар) және қымбат (күніне бірнеше мыңдаған доллар), шулы отель-казинолар мен тынығу үшін арналған тыныш отельдер.

Соғыстан кейінгі жылдары  халықаралық қонақ үй торлары кең тарала бастады. Әлемдегі тұңғыш қонақ үй торы – Hilton болып табылады. Бұл мәртебеге жетуге оған американдық “Пан Американ” әуекөлік компаниясы өз септігін тигізді. Латын Америкасының елдеріне сапар шегу барысында онда американдық бизнесмендер үйреніп қалған жоғары деңгейдегі қонақ үйлердің жоқтығын байқайды. Осыдан кейін оларда жаңа бір ой туындайды: аталмыш елдерде қызмет көрсету деңгейі тура АҚШ-тағыдай отельдер салу. Мәселен, Аргентинадағы “Hilton” отелінің сервис жағынан Нью-Йорктағы “Hilton” отелінен ешқандай айырмашылығы болмауы тиіс болды. Қазіргі таңда әлемде көптеген халықаралық қонақ үй торлары қызмет атқарады: Holiday Inn, Choice, Best Western, Marriott, Hilton, Sheraton, Hyatt, Carlson (Radison SAS), Accor, Club Mediterrean, Intercontinental Hotels, Horte, Robinzon Club.

 Орналасқан орнына қарай отельдер орталық (қала орталығында орналасқан), курорттық (курорттық жерлерде), казино (ойын бизнесінің орталықтарының бірінде), аэровокзалдық (әуежай ауданында), автострадалық (автострадаларда) деп аталады. Жіктеменің басқа да критерийлері бар, мысалы, пайдалану жағдайына қарай: таймшер, кондоминиум, ұзақ мерзімді тұруға арналған, конференцияларды өткізуге және т.б.

Орталық қонақ үйлер  қала орталығында орналасқандықтан іс-сапар және көңіл көтеру мақсатымен келген туристер үшін қолайлы. Олар фешенебелді, орташа, экономикалық, апартаментті бола алады, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болуы мүмкін. Олар тұрақтау мен қызметтердің әр түрлі жағдайларын жасайды. Фешенебелді қонақ үйлердің артықшылығы: кең интерьер, ауқымды қызмет көрсету – вестибюль мен қабаттарда консьерждер, сән салоны, спорт залы, жүзу бассейні, теннис корты, билет кассасы, автомашиналарды жалға беру агенттігі, номерде тек қана даяршы ғана емес, сонымен қатар, хатшылар, жеке дәрігерлер, медбикелер қызмет көрсетеді, әр бөлмеде компьютер, факс болады. Әдетте отельдердің қарамағында фирмалық мейрамхана, кафе, бар, демалысқа арналған холдар, конференц-зал, би залы, түнгі клуб болады. Орталық қонақ үйлердің құрылысы бірқалыпты жүрмеді: инвесторлар қаражатты қонақ үй бизнесін дамытуды ынталандыруға бағытталған үкімет қаулысы шыққаннан кейін ғана салып отырды. Мәселен, 1960 жылдары қалаларды қайта жөндеу жобасын инвестициялауға арналған салық жеңілдіктері көптеген қалаларда жаңа орталық қонақ үйлерді салуға тиімді экономикалық жағдай қарастырды. Қонақ үй құрылысындағы жаңа өрлеу 1980 жылы басталды. Жаңа қонақ үйлердің пайда болуы кеңселер мен конференц-орталықтардың жаңа ғимараттары секілді «ішкі қалалардың» туындауына әкелді. Бұның мысалы ретінде Атлантадағы бостондық Copley Center мен Peachtree Plaza жатқызуға болады. Нью-Йорктік орталық отельдердің ішінен фешенебелді St.Regis Hotel, орташа Ramada Hotel, экономикалық Days Inn, апартаментті Embassy Suits атауға болады.

Курорттық қонақ үйлер темір жол көлігінің даму кезінен бастап кең тарай бастады. Қала тұрғындарының басым бөлігі бос уақыттарында экзотикалық аймақтарға баруға талпынды. Курорттық жерлерде 1900 жылдары теміржол көлігімен келген демалушыларды орналастыруды басты мақсат етіп көздеген арнайы қонақ үйлер салына бастайды. Олардың ішіндегі ең танымалдары Уайт-Сульфур-Спрингстегі (Батыс Вирджиния штаты) Greenbrier қонақ үйі, Сан-Диего қаласына жақын жердегі (Калифорния штаты) Hotel del Coronado, Хот-Спрингстегі (Вирджиния штаты). Жартасты таулар жанындағы ғажайып өңірлердегі канадалық Banff Springs Hotel мен Chateau Lake Louise отельдері сол кезеңнің бай әрі танымал тұлғаларын өзіне тартты. Көңіл көтеру мақсатындағы саяхаттар мұхит жағажайлары мен табиғаты көркем таулы аймақтарға бағытталды. Бастапқы кезде бұл курорттар маусымдық сипатқа ие болды. Алайда, автокөліктер мен ұшақтар ең алыс аймақтарға жетуді бағындырған соң және саяхаттауға қаражаттың көпшілік адамда пайда болуына байланысты көптеген курорттар жыл бойында жұмыс істеуге көшті.  Палм-Спрингстен Палм-Бичке дейін созылып жатқан «Күншуақты белдеу» курорттарға бай. Олардың кейбіреулерінде спорттық ықпалға (су шаңғысы, гольф, балық аулау), ал басқалары отбасылық демалысқа мамандандырылған. Европа, Кариб бассейнінің елдері, Мексика ауқымды түрде туристерге молынан келуіне жол ашты.

Информация о работе Әлемдік қонақ үй шаруашылығы