Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 19:56, дипломная работа
Теміржол көлігі Қазақстан экономикасын дамытуда басты роль ойнап, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың негізгі бөлігін атқару арқылы мемлекеттің көлік жүйесінің негізі болып табылады.
Кіріспе…………………………………………..................………………………5
1. Қаржылық жоспарлаудың ролі мен міндеттері және теміржол көлігінің экономикалық маңызы
1.1 Қаржылық жоспарлаудың ролі мен міндеттері…………..…………...............8
1.2 Қаржылық жоспар жүйесінің ерекшеліктері............................................11
1.3 Теміржол көлігінің экономикалық маңызы………………….................... ...16
2. "Қазақстан темір жолы" Маңғыстау бөлімінің қаржылық – экономикалық жағдайын талдау
2.1 "Қазақстан темір жолы" Маңғыстау бөлімінің кұрылысы............................23
2.2 Маңғыстау темір жол белімінің 2007-2008 жылғы қызметінің технико
-экономикалық көрсеткіштерін талдау................................................................ ..25
2.3 Маңғыстау темір жол белімінің 2007-2008 жылғы қызметінің шығындары мен табыстылығын талдау.......................................................................................30
3 . “Қазақстан темір жолы” ҰК” қаржысын жоспарлау және жобалау
3.1 “Қазақстан темір жолы” ҰК”-ның Мемлекет экономикасын тиімді пайдалануда жаңа темір жол торабтарын енгізу....................................................45
3.2 Темір жол көлігінің даму перспективалары.....................................................48
Қорытынды…………………………………..................………………………..60
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................63
Қосымша
Айрықшалықты көрсеткіштер банк, сақтық қызметтерінде, зейнетақы және басқа қорларда пайдаланылады.
Салық салу кезінде жиынтық жылдық табыс, жиынтық жылдық табыстан шегерімдер, салық салынбайтын табыс, айналым және импорт сияқты және басқа көрсеткіштер қолданылады.
Мемлекеттік
ұйымдар мен мекемелерде жалпы
және жеке элементтер (санаттар,
сыныптар, қосалқы сыныптар, ерекшеліктер)
бойынша шығыстардың
Жиынтық
қаржы көрсеткіштеріне
Ұлттық
шаруашылық деңгейіндегі
Қаржылық
көрсеткіштерді есептеу
Нормалар мен нормативтер салыстырмалы немесе абсолюттік шамаларда (пайыздарда, коэффициенттерде, өнімді өлшеудің натуралды бірліктерінде, уақытта, ақша өлшемінде) тұлғаланады.
Қаржылық жоспарлауда қаржы ресурстарын жасаудың, бөлудің және пайдаланудың ең төменгі, орташа және нормативтері қолданылады. Жиынтық қаржылық жоспарлауда көбінесе орташа нормалар мен нормативтер, нақтылы шаруашылық органдарының қаржылық көрсеткіштерін жоспарлағанда жеке – ара нормалар мен нормативтер пайдаланылады.
Қаржы нормалары мен нормативтері сондай –ақ бекітілетін және есеп – қисаптық болып бөлінеді. Бекітілетін нормалар мен нормативтер қолданыстағы заңнамамен белгіленеді, есеп – қисаптары ішкі жопарлауда пайдаланылады. Бекітілетіндерге салық мөлшерлемелері, әлеуметтік қажеттерге, бджеттен тыс қорларға аударылатын аударымдардың нормалары және кәсіпорындар мен ұйымдардың қорлау және тұтыну қорларын, негізгі қорларды (капиталдарды) жөндеу қорын жасау нормативтері және кәсіпорындар мен мекемелердің қаржы қызметін реттейтін басқалары жатады. Сондай – ақ біріңғай нормалар мен нормативтер болвп ажыратылады, мысалы, әр түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен салалар үшін амортизациялық аудырымдардың нормалары және сараланған – түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілерде түрліше болатын айналым қаржаттарының нормалары мен нормативтері.
Көптеген
қаржылық көрсеткіштер бір
1.3 Теміржол көлігінің экономикалық маңызы
Көліктің мәні мен қызметін сипаттау алдында оған қысқаша түсінік берейік. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес көлік-бұл Қазақстан Республикасының территориясында тіркелген теміржол, автомобиль, өзен, ішкі су, қала электрлік, оның ішінде метрополитен, сонымен қатар Қазақстан Республикасы территориясындағы магистральді құбыр жол көлігі.
Шығарылған бұйымдар мен еңбек құралдарын тасымалдайтын көлік болмайынша, өндірістің дамуы мүмкін емес, басқаша айтқанда қоғам мен адамның күнделікті бүкіл қызметі көлікпен тығыз байланысты. Ол халық шаруашылығының бір бөлігі ретінде қоғамдық өндіріс пен тұтынушылар арасында оның барлық саласына қызмет көрсетеді және аймақтардың табиғат байлығын айналымға тартады. Бұған Түрксіб жолы айқын мысал бола алады. Ол Қазақстанның өте бай және пайдалы кең аймағын өмірге келтіреді, сөйтіп осы аймақтың өндіргіш күштерінің тез дамуына мүмкіндік туғызады.
Көлік, халық шаруашылығының барлық саласының өндіріс барысындағы айналым өрісін одан әрі жалғастырады, сөйтіп оның өнімдерін тұтынушыларға жеткізуді аяқтайды. Ол жаңа өнім жасамағанымен, тасымалдау процесін орындайды, сөйтіп шығарылған өнімнің соңғы құнын анықтайды.
Бұрыңғы КСРО-да тұтас көлік жүйесі құрылды, оған теміржол, автомобиль, өзен, теңіз, құбыр, әуе көлігі жатады. Қазір теміржолдың жалпы ұзындығы 150 мың км.-ден асады. Өнеркәсіп теміржол желісінің жайылмалы ұзындығы да осы шамада.
Қазақстан көлігінде 1 миллионнан астам адам жұмыс атқарады. Бұл халық шаруашылығындағы барлық жұмысшылардың шамамен 9%. Оның ішінде теміржол көлігінде 90 мыңдай адам еңбек етеді.
Республикадағы халық шаруашылығының барлық қор құнының шамамен 20,6% маманын құрайды. Сонымен бірге, электр энергиясының 6% және дизель отынының 17% темір жолдың үлесінде.
Кейінгі жылдары басқа көлік түрлерінің, әсіресе құбыр көлігінің дамуына байланысты тасымалдау құрылымы өзгерді. Соның нәтижесінде қазір темір жолмен мұнайдың тек 5%, ал қалғаны құбырмен тасылады. Ішкі және халықаралық қатынастарға барлық көлік түрлерін қамти отырып, қымбат бағалы бұйымдарды контейнер жүйесімен тасымалдау жедел қарқынмен жүзеге асырылуда. Ағаш, металл прокаты мен тайланған дара жүктерді көп мөлшерде пакеттеп тасымалдау тез өрістеуде.
Келешекте арнайы вагондармен, контейнерлермен, пакеттеп тасымалдау жүйесі қарқындай береді, себебі, бұлар-тиеп-түсіру жумысын механикаландырудың, ауыр қол жұмысындағы еңбекшілердің санын азайтудың ең тиімді жолы. Оның тек халық шаруашылығын дамытуда ғана емес, әлеуметтік салада да үлкен маңызы бар. Ол барлық көлік жүйесінің жұмысын анағұрлым жақсартады.
Көліктің барлық түрі мемлекеттің шаруашылық өмірінде өте қажет. Бұған қоса мемлекеттің барлық көліктерінің жүйесін дамытуға, оның географиялық орналасуы да ықпалын тигізеді.
Яғни, кейбір елдерде су жолдарының жоқ болуы немесе екіншілерінің таулы жерлерде орналасуы белгілі бір көлік түрін дамытуға, оны пайдалануға әсерін тигізуі мүмкін. Бүгінгі күнде халықаралық қатынастардың өте қарқынды дамуы, әртүрлі терактілер мен мемлекеттердің арасындағы саяси жағдайының шиеленісуі, көлік жүйесіне өте қатты ықпалын тигізуде. Мысалы, қазіргі кезде Ирак мемлекетінің айналасындағы жағдай, көрші мемлекеттерінің көлік пен коммуникация жүйелеріне кері әсерін тигізуі мүмкін. Ал біз білетініміздей, көлік бұл кез-келген кәсіпкердің, кәсіпорынның, мемлекеттің, макро деңгейде глобализацияның негізі болып табылады. Теміржол көлігі туралы төменде әлі көп айтылады, ал бұл тараудың бөлігі жалпы көлік туралы болғандықтан, көліктің басқа да түрлері туралы қысқаша айтып кетейін.
Су көлігі, әлемдік көлік жүйесінің сонымен қатар Қазақстан көлік жүйесінің бірден бір басты бөлігі болып табылады. Ол орман мен құрылыс материалдарын, сондай-ақ мұнай мен мұнай өнімдерін көп көлемде тасымалдауда өте тиімді. Бұл көлік түрінің ерекшелігі, басқа көліктермен, әсіресе теміржол көлігімен тікелей байланыста бола алуы. Яғни, жүктерді теміржол көлігінен кемеге тиеу және кері процесстің еш қиындықсыз жүзеге асырылуы. Қазақстанда ішкі су жолдарының жүйесі нашар дамыған. Қазіргі жағдайда кеме жүзе алатын бүкіл территория бойынша 7-ге жуық су бассейні бар. Айта кететін жайт, Қазақстан территориясы бойынша кеме жүретін өзендер бірқалыпты орналаспаған. Орталық Қазақстанды алатын болсақ, мұнда кеме жүзетін өзен жоқ. Республикамыздың батысында –Орал өзені, шығысында –Ертіс өзені, ал оңтүстікті бойлай – Сыр-Дария, Балхаш көлі мен оған құятын Іле мен Қаратал бар. Республиканың солтүстігінде –Ишим жатыр.
Соңғы жылдары жүк айналымының өсуіне байланысты, кеме жүретін желілерді жақсарту үшін шығындарды көбейту қажеттілігі туып отыр, өйткені қазіргі кезде Қазақстанның су жолдарының дамуы, көлік флоты жұмысының дамуынан қалып қойып отыр.
Қазақстан өзендері үшін кеме жолдарын жақсарту мәселесі бірінші болып табылады. Бұл оның болашақтағы жүк тасымалдаудың өсуімен мемлекеттің жалпы жүк тасымалдаудағы өзен көлігі үлесінің өсуіне жағдай жасайды.
Екінші маңызды мәселе болып, техникалық жабдықтандырылған, механикаландырылған кемежайлардың жоқ болуы. Жүк тасымалдау көлемі бойынша өзен көлігі Қазақстанда теміржолмен автомобильден кейін 3-ші орында. 1963ж. бастап Қазақстанның өзендерінде жүктерді контейнерлерде тасымалдау дами бастады. Мұндай тасымалдау жүктердің жоғалмауына, сонымен қатар механизмдерді қолдану арқылы бір көлік түрінен екінші көлікке қайта тиеудің арзандығымен ыңғайлылығымен ерекшеленеді.
Өзен көлігі Қазақстанда ерекше ролде болмаған, өйткені оның экономиканы дамытудағы үлесіаз еді. 1996 жылы Семейде, Павлодарда, Өскеменде, Оралда, Атырау мен Қапшағайда су жолдарының мемлекеттік кәсіпорны құрылған болатын. Егемендігімізді алғалы бері жалпы көлік саласында көптеген өзгерістер болды. Мемлекет тарапынан әртүрлі бағдарламалар жүзеге асырылуда. Сөйтіп Каспий теңізінің экономикалық тиімділігін біліп, мемлекет Ақтау кемежайын реконструкциялап, оған «халықаралық» дәреже атағын берді. Қазіргі кезде Ақтау кемежайының еліміздің экономикасына пайдалылығын оның жүк тасымалдау көлемінен көруге болады.
Еліміздің келесі бір қан тамыры бұл автомобиль көлігі. Қазақстанда автомобиль көлігінің дамуы кезеңге бөлініп жүзеге асырылды. Бастапқыда революцияға дейінгі Қазақстанда негізгі қозғалыс құралы түйелер мен жылқылар болған. Автомобильдер сирек болатын. Мысалы, 1910 ж. олардың саны не бары 20 болатын. Сондықтан да темір жол көлігінің құрылысы кезінде, автомобильдердің аз болуы және сол кездегі керуен көлігінің жұмыс істеуі темір жолдарды салуда қиынға соқты. Бұл өз кезегінде автомобиль көлігінің дамуына түрткі болды. Қазақстанда сол жылдары шетел автомобильдер саны көбее бастады.
Жалпы, автомобиль көлігінің мемлекет өмірінде басқа көлік түрлері сияқты маңызы өте зор. Бірақ әрбір көліктің өзіне тән ерекшелігі бар. Сол сияқты автомобильдің де ерекшеліктері өте көп. Әрине, әрбір көліктің жақсы да, жаман да жақтары бар. Күннен күнге ғылыми-техникалық прогресс те өсуде. Оның өсуімен адамзат өмірінде де әр түрлі жаңалықтар ашылуда. Әлемде автомобильден көп нәрсе жоқ шығар. Дегенмен, ҒТР-дың дамуы автомобильдердің жаңа түрлерінің пайда болуына алып келеді. Бір жанұяда 4-5 авто барлары да жоқ емес. Сонша көп автомобильдердің болуы және күнделікті мыңдаған көлемде шығуы не үшін керек деп ойлайсың. Автомобильдерге сұраныстың болуы – күнделікті қажеттіліктерді қанағаттандыру және өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталады. Басқа көлік түрлеріне қарағанда, автомобиль көлігінің бірден бір ерекшелігі- адамзаттың бұл көлік түріне қолы жетеді. Екіншіден, өз мұқтаждықтарын өтеуде өте тиімді. Үшіншіден, экономикалық тұрғыдан да пайдалы және басқа да өзіне тән қасиеттері бар. Бірақ менімше, басты ерекшелігі жүк тасымалдауда өте ыңғайлы. Яғни, бұл көлік түрі жүктерді жақын аралықтарда тасымалдауға ыңғайлы. Мысалы, алыс сапардан келген жүктерді автомобильге тиеп, қажетті орынға немесе үй, мекеме есігіне дейін жеткізуге болады. Осы жағынан оған теңдесі жоқ. Біздің мемлекетімізде автомобиль көлігімен жүк тасымалдау әлі де болса дамымаған, бірақ көліктің басқа түрлері арасында тез қарқынмен дамуда. Қазіргі кезде үкіметіміз автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды дамыту үшін шаралар қолдануда. Сонымен қатар, автожолдарды жөндеуге және жаңа автожолдар салуға бюджеттен көп қаржы бөлуде. Осындай шараларды қолданудан, автомобиль көлігінің мемлекетке қандай дәрежеде қажеттілігін көруге болады. Мемлекетіміздің географиялық орналасуы, еліміздің экономикасына да пайдалылығын тигізуде. Алматы-Бішкек негізгі экономикалық жолдардың бірі, дәл осы уақытта өте күрделі өзгерістерге ұшырауда. Бұл бағыт, еліміздегі бүкіл жүк айналымының 11% көтеруде. Соңғы жылдары жаңа мұнай кен орындарының ашылуына байланысты, құбыр жол көлігінің дамуы үлкен көрініс тапты. Бұған қоса әсер еткен маңызды факторлардың бірі – ол, шетел ірі инвестор фирмалардың келіп, мұнай саласы жағына назар аударуы болып табылады. Құбыр жолдардың салынып, іске қосылуы жалпы мұнай тасымалдаудың 90% алып жатыр.Егер де бұрыңғы кезде мұнайды тасымалдау темір жол көлігімен жүзеге асырылса, бүгінгі уақытта темір жол көлігімен мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдаудың 5% жүзеге асырылады. Құбыр жолдың тиімділігі, қажетті шикізат көлемін тез уақытта және аз шығынмен жеткізу болып табылады. Ал нарықтық жағдайда уақыт сақтау қандай роль ойнайтынын барлығымыз білеміз. Сондықтан да бұл көлік түрінің экономикадағы орны өз бетінше бөлек.
Әуе көлігі де салыстыруға келмейтін, көлік жүйесінде ерекше орынға ие негізгі түрлерінің бірі. Әлі де болса жас Қазақстанның көлік өмірінде әуе көлігі нашар дамыған. Бұған дәлел ретінде, тәуелсіздігімізді алғаннан соң жалпы әуе көлігімен тасымалдау үлесі 81980 ж.ж. салыстырғанда анағұрлым төмендеп кетті. Жүк тасымалдауды шетке қойғанда да, жолаушыларды тасымалдау үлесі салыстыруға келмейді. Жақын қалаларға немесе мемлекеттерге әуе көлігімен сапарға бару көлемінің төмендеуіне, ескі ұшақтардың әлі де болса жұмыс істеп, жиі істен шығуы себеп болуда. Оның үстіне ұшақтарды жөндеу және шығару зауыттарының жоқ болуы да әсерін тигізуде. Дегенмен, жас мемлекет үшін әуе көлігінің бүгінгі біздегідей деңгейде болуы, менімше жаман емес. Біздің әуе жолы компаниялардың көрсететін қызметтері күннен күнге дамуда. Ал бұған ең алдымен мемлекеттің көмегі, үкімет тарапынан назар аударылу ықпалын тигізуде.
Сонымен көліктің адам өмірінде, қоғамдағы қызметі туралы жоғарыда айтылғандарды біртұтас жүйеге келтіріп, қысқаша айтып кетейік.
Көлік - халық шаруашылықтың барлық салаларындағы кәсіпорындардың өнім өндірудің барлық деңгейлерінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл темір жол, автомобиль, су, өзен, құбыр, әуе, өндіріс және қалалық жүк және адам тасымалдау көлік түрлерін қосқандағы ірі көпсалалы сала.
Көлік - дегеніміз бұл нарық және нарықтық қатынастар көліксіз мүмкін бола алмайтын қызмет көрсету, өнім, тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасын байланыстырушы құрал.
Теміржолдар және кейбір басқа да көлік түрлері негізгі қызметі бойыншатасымалдау тарифтері реттелетін федералды немесе мемлекеттік меншік.
Әртүрлі меншіктегі барлық мекемелердің қызметі ауыл шаруашылықтың, өнеркәсіп салаларының қызмет етуі мен экономикалық және технологиялық тиімділігі көліктің ұйымдық қызметіне тәуелді. Нәтижесінде көлік жақын және алыс шетел мемлекеттерінің халық шаруашылықтарымен қоғам, мемлекет және оның экономикалық қатынастар мен көлікпен байланысы қызметі мен қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Өз дамуында көлік қоғамдық өндірістің барлық салаларымен тығыз байланыста. Көлік кәсіпорындары базалық салалардан жаңа техникалық құралдар алады, ал олар өз кезегінде оның жұмыс көлемі мен сапасының жоғарылауын қамтамасыз етеді. Өндірістік кәсіпорындардың басты мақсаты, тұтыну мен айырбас үшін өнім өндіру. Бұл жердегі көліктің қызметі, ол үзіліссіз қоғамдық өндірісті қамтамасыз ете отырып, өнімді материалдық өндіріс аумағынан тұтыну аумағына тасымалдау. Басқаша айтқанда, көлік айналу аумағында өндіріс процессін жалғастырады. Көлікті материалды өндіріс салаларына жатқызу, оның қоғамдық ұдайы өндіріс жүйесіндегі алатын ерекше орны мен ролі түсіндіреді. Көлік барлық кәсіпорындармен байланыста. Кез-келген өнімді өндіру, сол өнімді тұтыну жеріне жеткізумен аяқталады. Көлік халық шаруашылығының барлық салаларындағы өнімді өндіру процессін жалғастырып, оны тұтынушыларға жеткізіп аяқтайды.