Кәсіпорынның еңбек ресурстарын талдау және еңбек потенциялын көтерудің жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2015 в 13:35, дипломная работа

Краткое описание

Кәсіпорынның еңбек ресурстарын талдау кезінде төмендегілер зерттеледі:
• Еңбек ресурстарының өндіріс процесінде қолданылуы (жұмыс уақыты);
• Еңбек ресурстарын қолдану тиімділігі (бір жұмысшыға өнім өндірудің өзгеруі және де осы негіз бойынша еңбек өнімділігінің өзгеруі);
• Еңбекақыға құралдарды қолданудың тиімділігі;
• Өндірістің еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі.
Кәсіпорында еңбекті қолдануды сипаттайтын негізгі көрсеткіштерге жұмыс күшін, жұмыс уақытын, еңбек өнімділігін, еңбекақы шығындарына қатысты көрсеткіштерді қолдану жатады.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………………..5
1 Кәсіпорынның еңбек ресурстары және оның маңыздылығы
1.1. Кәсіпорынның еңбек ресурстары, олардың құрылымы және көрсеткіштері..........................................................................................................9
1.2. Кәсіпорындағы еңбек ресурстарын бөлістіру.............................................20
1.3. Еңбекті нормалау және еңбек өнімділігі.....................................................24
2 Кәсіпорынның еңбек ресурстарын талдау және еңбек потенциялын көтерудің жолдары
2.1. «Жайик-Универсал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде кадрлар жағдайы және олардың қызмет ету тиімділігін талдау.....................................32
2.2. «Жайик-Универсал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде еңбекті нормалау және еңбек өнімділігін талдау............................................................44
2.3. «Жайик-Универсал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде еңбекақы қорын талдау..........................................................................................................53
3 Еңбек ресурстарының жағдайын жақсартудың және еңбек потенциалын көтерудің негізі жолдары
3.1. Еңбек ресурстарын ұйымдастырудың шетел тәжірибесі...........................56
3.2. Кәсіпорындағы еңбек ресурстарының жағдайын жақсартудың негізгі жолдары..................................................................................................................64
Қорытынды..........................................................................................................69
Библиография.....................................................................................................72
Қосымшалар

Вложенные файлы: 1 файл

диплом.doc

— 789.00 Кб (Скачать файл)
    • Еңбек процесін зерттеп, оларды элементтерге бөлу;
    • Еңбек шығындарына әсер ететін факторларды анықтау;
    • Жұмыс орнын жақсартатын шаралар жүргізу;
    • Жұмысты орындауға кеткен уақытты есептеу;
    • Нормаларды өндіріске енгізу.

Талдау әдісі – хронометраждан, жұмыс күнін суретке түсіруден тұрады.

Хронометраж - өндіріс процесін және операциялардың ұзақтығын айқындау және бақылау, өлшеу арқылы уақыт шығындарын есептеу әдісі. Негізгі кезеңдер:

    • Бақылауға дайындау;
    • Бақылау;
    • Бақылаудың  нәтижелерін талдау, әрбір операцияның ұзақтығын тексеру, оларды нормативтермен салыстыру;
    • Қорытынды шығару.

Жұмыс күнін суретке түсіру – белгілі бір уақыт аралығында жұмыс уақытын бақылап, ұзақтығын өлшеу арқылы еңбек уақытын анықтау, яғни жұмыс орнын дайындау уақыты,  жұмысты бастау және аяқтау уақыты, үзіліс уақытын өлшеу. Жұмыс күнін суретке түсірудің қорытындылары уақыт шығынын азайтуға, өндіріс озаттарының жұмысын зерттеуге, құрал – жабдықтардың қызмет ету нормасын анықтауға, жұмыс орнына қызмет ету және дайындау, аяқтау уақытын, демалыс уақытын нормалауға жағдай жасайды.

Кезеңдері:

    • Бақылауға дайындау – жұмысшымен және оның жұмыс орнымен таныстыру, жұмыс орындау жағдайымен және элементтерімен таныстыру;
    • Бақылау – барлық уақыт шығындарын бақылап, жазып отыру;
    • Бақылау қорытындыларын талдау – уақыт шығындарын топтау, еңбек уақытының балансын құру, жұмысшылардың категориясына байланысты уақыт шығындарын талдау;
    • Қорытынды шаралар – жұмыс уақытын дұрыс пайдалануды жақсартудың шараларын жасау, жұмыс уақытының нормативтік балансын жобалау, еңбек өнімділігін арттыру жолдарын қарастыру.

Хронометраж – бұл жұмыс күнін суретке түсіру арқылы уақыт нормасын анықтайды.

Уақыт нормасы – белгілі бір ұйымдық техникалық жағдайда шығарылатын өнімнің бір өлшемін дайындауға жұмсалатын уақыт шығыны.

Уақыт нормасының құрамына келесі элементтер кіреді:

Тн  = Тн  + Тқ.ету  + Тд.а. + Тү + Тдем ,

 Мұндағы: Тн –  негізгі уақыт;

                  Тк  –  көмекші уақыт;

                  Тқ.ету  –  жұмыс орнына қызмет ету уақыты;

                  Тд.а.  –  дайындау және аяқтау уақыты;

                  Т дем.  –  демалыс уақыты;

                  Тү – технологияларға және өндіріс процесін ұйымдастыруға байланысты болатын үзілістер уақыты.

Кәсіпорындарда еңбек ресурстарының тиімді қолданылуы еңбек өнімділігінің өзгеруіне байланысты болады.

Еңбек өнімділігі - өндіріс процесіндегі еңбектің тиімділігі. Өнімнің бір мөлшерін өндіруге жұмсалған уақыт мөлшерімен немесе уақыттың бір өлшемінде өндірілген өнім көлемімен өлшенеді. Еңбек өнімділігі динамикасының деңгейінен адамның әл – қуат деңгейінен қоғамның дамуымен тәуелді. Сонымен қатар, еңбек тиімділігі деген түсінік бар. Ол экономикалық аспектімен қатар психофизиологиялық және әлеуметтік аспектіні қосып қарастырады. Еңбектің психофизиологиялық тиімділігі адамның организміне еңбек процесінің әсерімен анықталады. Ол еңбек зиянсыз болса, қауіпсіздік жақсы санитарлық гегиеналық жағдай. Әлеуметтік – ол әрбір адамның жағдайы жақсы болғанда квалификация жоғарылату, ұжымның ішіндегі қарым - қатынастың жақсы болуы. Осы шарттар орындалмаса онда еңбек өнімділігі төмендейді. Сондықтан тиімділік пен өнімділік тығыз байланысты.

Еңбек өнімділігін жоғарылату қоры – ол өндіргіш күштерін толық пайдалану мүмкіндігі. Сонымен қатар, барлық факторлардың өнімділігін, еңбекті басқаруды, өндірістің ұйымдастаруын жақсарту, технология мен техниканың жетілдіруімен байланысты жоғарлату.3

Еңбек өнімділігін жоғарылату қорының бірнеше классификациясы бар. Олар үлкен екі топқа бөлінеді:

1. еңбек күшін пайдалануды жақсарту  қоры ( ұйымдастыру, еңбек жағдайы, жұмысшының  жұмыс жасауын жоғарылату, кадрлардың  құрылымы, үздіксіз жұмысқа қажетті  ұйымдастыру жағдайын жасау, еңбек нәтижесінің жоғары дәрежеде материалдық және рухани мүдделерін қамтамасыз ету );

2. негізгі және айналым қорларын  тиімді пайдалану ( резерв, машина, механизм  және т.б. уақытқа, шарттарға байланысты  жақсы пайдалану, шикізат, материалдарды, энергияны үнемді және толық пайдалану ).

Қорлар пайдалану мүмкіндігі бойынша жиналған қорға және жойылған қорға бөлінеді.

Пайдалану уақытына байланысты ағымды және перспективалыққа бөледі.

Ағымды қор – ол техникалық процесті өзгертпей, қосымша капиталды енгізбей жүргізеді.

Перспективалық қор - өндірісті өзгертуді, жаңа құрал – жабдықтарды орнатуды, капитал шығындарды және дайындыққа көп уақытты қажет етпейді.

Пайдалану орны бойынша: халық шаруашылық, салааралық және өндірістің ішіндегі қорға бөлінеді.

Халық шаруашылық қорлар: табиғи ресурстар, оларды пайдалану т.б.

Салааралық қорлар: кәсіпорынды мамандандыру, өндірісті бір жерге жинақтау, техника мен технологияны жақсарту.

Өндіріс ішіндегі қорлар: бұл қорлар өте маңызды болып табылады. Оларды кәсіпорында пайдаланады.

Ағымды және перспективалық қорлардан басқа олар екіге бөлінеді.

    1. Өнімнің еңбек сыйымдылығын төмендету қоры;
    2. Жиынтық жұмыс уақытын жақсы пайдалану қоры.

Тәжірибеде еңбек өнімділігінің динамикасы мен өнімділікті анықтау үшін әртүрлі әдістер қолданылады:

1. Еңбек өнімділігін өлшейтін деңгейі бойынша біртекті өнім шығаратын жеке жұмыс орындарын қарастыруға болады. Өндірілген өнімнің көлемін анықтау үшін натуралдық әдісті қолданады ( дана, тонна, метр,). Бірақ бұны өте сирек қолданады. Себебі, біртекті өнім бір жұмыс орында, бригадада сирек өндіріледі. Сондықтан көлденең шартты натуралды әдісті қолданады. Онда өнімнің бір түрі немесе басқасымен салыстырмалы еңбек сыйымдылығы бойынша теңестіріледі.

2. Еңбек әдісі жұмыс орында бригадалар әртүрлі көп өнім өндірсе олардың барлығы номенклатуралы белгілі бір натуралды өлшеуішке санаудың қажеті жоқ. Өнім мен қызметтің көлемін еңбек өлшеуішпен анықтайды (жұмыс көлемі уақыт өлшеміне көбейтіледі, ал қорытындылары қосылады).

3. Кәсіпорынның деңгейі халық шаруашылығы салаларымен бірдей өздерінің көлемімен еңбек өнімділігін өлшеу үшін көбіне құндылық әдісі қолданылады. Барлық жұмыстың, қызметтің, өнімнің көлемі мен түрлері бірдей ақша өлшеуішпен көрсетіледі.

4. Өңдеудің нормативтік құн әдісі жеңіл өнеркәсіпте өндіріс көлемі мен еңбек өнімділігін анықтау үшін қолданылады.

Еңбек өнімділігі көптеген факторлардың әсерінен үнемі өзгеріп отырады. Кейбіреуі еңбек өнімділігін жоғарылатады немесе төмендетеді. Сонымен қатар, еңбек өнімділігіне еңбек жағдайы да әсер етеді. Мысалы, табиғи, қоғамдық, өндірістің техникалық жағдайы, санитарлы гегиеналық жағдайлар, жұмыс уақытының номиналдық қорын пайдалану жұмыс жасаған уақыттың номиналды уақыт қорына қатынасын анықтайды.

Ішкі факторлар кәсіпорынның   техникамен қамтылуы, қолданған технологияның тиімділігі мен өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, жағдай жасау, жұмысшыларды оқыту, квалификациясын жоғарылату және т.б. Бұл факторлар ұжым  мен жұмыс берушіге байланысты.

Сыртқы факторлар нарыққа сұраныс пен ұсыныс немесе мемлекеттің тапсырыстарының өзгеруіне байланысты өнімнің ассортименті және еңбек сыйымдылығы өзгереді. Қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық жағдай, табиғи, материалдық – техникалық жабдықтармен қамтылуы, ішкі мазмұны және маңызы бойынша барлық факторларды үш негізгі топқа біріктіруге болады:

    1. Материалдық  –  техникалық;
    2. Ұйымдастыру;
    3. Әлеуметтік – экономикалық;

Материалдық – экономикалық фактордың әсерінен еңбек өнімділігі жоғарылайды, ал өнімнің технологиялық еңбек сыйымдылығы төмендейді. Еңбек сыйымдылығының көрсеткіші бойынша еңбек өнімділігінің өсуі келесі формуламен анықталады:

Пт  = Пст * 100 / 100 – Пст

Мұндағы:  Пст  - өнім бірлігінің, еңбек сыйымдылығының төмендеуі;

Ұйымдастыру факторы – ол өндірісті, еңбекті басқаруды білдіреді. Жұмыс уақытын тиімді пайдалануда еңбек өнімділігінің өсуін келесі формуламен қарастыруға болады:

Пт = ФРВпл  /  ФРВбаз * 100 - 100;

Мұндағы:   ФРВпл   -  жоспарланған жұмыс уақытының қоры;

                    ФРВбаз  -  базистік жұмыс уақытының қоры.

Ғылыми – техникалық прогрестің дамуы өндірістің материалдық негіздерінің қалыптасуы және әртүрлі кейде күрделі ұйымдастыру жұмыстарының болмауы. Оған әлеуметтік – экономикалық фактор әсер етеді.

Еңбек өнімділігіне әсер ететін әлеуметтік – экономикалық факторлар:

1. еңбек нәтижесінде материалдық  және моралдық мүддесі;

2. жұмысшының квалификациялық деңгейі, кәсіби дайындығы, сапасы, жалпы мәдени техникалық деңгейі;

3. еңбекке көзқарасы, еңбек тәртібі және өзінің ішкі тәртібі;

4. еңбек нәтижесімен өндіріс құралдарына меншік түрлерінің өзгеруі;

5. саяси және өндірістік өнімнің демократизациялануы және осының негізінде әртүрлі меншік түрлерінің жағдайында еңбек ұжымының өзін - өзі басқаруының дамуы;

6. негізгі және айнымалы өндірістік қорды тиімді пайдалану;

7. өткен еңбектің ағымдық шығынмен жұмсалуы.

Еңбек өнімділігінің деңгейі 2 көрсеткіш арқылы анықталады:

    • Белгілі еңбек бірлігінде өнім шығарумен ( тура көрсеткіш );
    • Еңбек сыйымдылығымен ( кері көрсеткіш ).

в = B / T;

t = Т / В,

Мұндағы: в – белгілі еңбек бірлігінде шығарылған өнім;

                   t – еңбек сыйымдылығы;

                   В – шығарылған өнім көлемі;

                   Т - өнім шығаруға кеткен нақты  еңбек шығындары.

Еңбек өнімділігінің негізгі көрсеткіші - өнім шығару көрсеткіші.

Өнім шығаруды белгілеуге әртүрлі өлшем бірліктері қолданылады.

Табиғи өлшем бірліктер – тонна, метр, дана, және т.б.

Нормаланған жұмыс уақыты қолданылған кезде өнім шығару норма / сағат бойынша алынады.

Кәсіпорындарда әрқашан да еңбек өнімділігін арттырудың ұйымдық – техникалық шаралары қарастырылып отырылады.

Еңбек өнімділігін арттырудың резервтеріне мыналар жатады:

    1. Өндірістің техникалық деңгейін жоғарылату:
      • өндірісті механикаландыру және автоматтандыру;
      • құрал – жабдықтардың жаңа түрін қолдану;
      • жаңа технологиялық процестерді қолдану;
      • өнімнің конструкциялық қасиеттерін жақсарту;
      • шикізаттың және жаңа конструкциялық материалдың сапасын арттыру.
    2. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жақсарту:
      • қызмет ету көлемі және нормаларын ұлғайту;
      • нормаларды орындамайтын жұмысшылардың санына азайту;
      • есеп және есептеу жұмыстарын толық механикаландыру;
      • өндірісті мамандандырудың деңгейін арттыру;
      • басқару құрылымын жақсарту.
    3. Өндірістегі құрылымдық өзгерістер:
      • өнімнің жеке түрлерінің көлемі деңгейін  өзгерту;
      • өндірістік бағдарламаның еңбек сыйымдылығын өзгерту;
      • жартылай дайын өнімдер мен қосалқы бөлшектердің көлемін өзгерту.

Өндірістің ішкі резервтеріне – техника мен жұмыс күшін аса тиімді қолдану және дамыту, жұмыс уақытын азайту, шикізат пен материалдарды үнемдеу,  құрал – жабдықтарды дұрыс қолдану жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2  Кәсіпорынның еңбек ресурстарын талдау және еңбек потенциялын көтерудің жолдары

 

2.1 «Жайик-Универсал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде кадрлар жағдайы және олардың қызмет ету тиімділігін талдау

 

«Жайик-Универсал» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі   2003  жылы 7 желтоқсанда  Атырау  облысының   юстиция  Басқармасымен                       ( мемлекеттік тіркелу куәлігі № 4510 – 1943 – ЖШС ) тіркелді. 

 «Жайик-Универсал» ЖШС - нің құрылтайшыларының құрылу келісім шарты 2003 жылдың 1 желтоқсанында қабылданды.

Информация о работе Кәсіпорынның еңбек ресурстарын талдау және еңбек потенциялын көтерудің жолдары