Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2013 в 10:37, курсовая работа
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Мұра қалдырушының өлімі оның өзіне және мұрагерге, сонымен қатар, басқа да тұлғаларға құқық тарапынан ауыртпалық әкелуі мүмкін. Бұның өзі таңдаған тақырыптың өзектілігін көрсетеді. Неге? Себебі ол әртүрлі болуы мүмкін.
1-ден көптеген азаматтарды өлімнен кейін мұрагерлік құқыққа сай нормалармен бөлінетін мүлік ретін қолдайды. Бұл түсінікті жағдай, өйткені заң бойынша мұрагерлер ең жақын туыстары болып табылады.
2-ден ажал кезкелген уақытта болуы мүмкін. Сондықтан кей адамдар өсиетті жазып үлгермейді.
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Конституциясының 26-бабына сәйкес, жеке меншік пен оны мұра ретінде алу құқығы мемлекетпен қорғалады [1].
Мұрагерлік құқығы жеке меншік құқығымен тығыз байланысты.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Мұра қалдырушының өлімі оның өзіне және мұрагерге, сонымен қатар, басқа да тұлғаларға құқық тарапынан ауыртпалық әкелуі мүмкін. Бұның өзі таңдаған тақырыптың өзектілігін көрсетеді. Неге? Себебі ол әртүрлі болуы мүмкін.
1-ден көптеген
азаматтарды өлімнен кейін
мұрагерлік құқыққа сай
2-ден ажал кезкелген уақытта болуы мүмкін. Сондықтан кей адамдар өсиетті жазып үлгермейді.
3-ден өсиет жазу кейбіреулерге жазу қиынға түседі. Өйткені көптеген адамдар өлім деген суық сөзден қорқады. Бірақта ақиқаттан қашуға болмайды.
Сонымен, тақырыптың
өзектілігі жоғары көрсетілгендер
мен қатар келесідей
1-ден тақырыптың өзектілігі азаматтық заңнама көлеміндегі жаңалықтардағы деректердің жоқ болуында.
2-ден алдағы уақыттағы заңнама мен қазіргі кездегі мұрагерлік құқықтық салыстырмалы түрде саралау.
3-ден құқық тәжірибесіндегі қалыптасқан кезекті жаңа мұрагерлікті зерттеу.
Осы жұмыстың мақсаты болып, өсиеттік құқық мирасқорлықты құқықтық құбылыс ретінде түрлі ерекшеліктерін және өсиеттің негізінде пайда болатын қатынастарды зерттеу табылады. Осы мақсатқа жетуде келесі міндеттер алға қойылады:
теориялық аспектілерін қарастыру;
Мұрагерліктің негізгі зерттеу объектісі - мұра қалдырушының өмірі кезінде мұрагерлер пайдаланылатын мүлік, азаматтардың жеке меншігі және кейбір мүліктік емес құқықтар мен міндеттер.
Зерттеу жұмысының пәні – берілген құқықтың нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар. Мұрагерлік құқықтың әсер ету шеңбері мұрагерлік қатынастың әрекет шеңберінен әлдеқайда кеңірек, өйткені олар – мұрагерлік құқықтың тек бір бөлігі ғана. Мұрагерлік құқықтың пәні – мұрагерлік заңымен реттелетін мүліктік-бағалық сипаттағы қоғамдық қатынастар.
Жекелеген азаматтардың қолында жеке меншік заттардың шоғырлануы қоғамдық еңбек өнімділігінің жоғарылауына және оның нәтижесінде мүдделлігін арттырады. Демек, мұрагерлік құқық қоғамның экономикалық негізін нығайтуға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің елдің халқына Үндеуінде, жеке меншік институттары жерге жеке меншік есебінен және де мұрагерлік құқықты қорғайтын заңды жүйе есебінде бекітіледі[2].
Мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкiнiң басқа адамға
(адамдарға) - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы.
Мұрагерлік әмбебап тәртібінде құқықтың ауысымен өтетін, яғни мұрагер мұраны қабылдай отырып, мұраға қатысты барлық құқықтыр мен міндеттерге ие болып отырған. Мұрагерлік процесте екі кезеңді байқауға болады: мұраның ашылуы (мұра қалдырушының қайтыс болуы) және мұраны қабылдау. Мұрагердің мүлікке деген меншік құқығы мұраны қабылдаған соң жүзеге асқан.
Мұра - мұрагерлік құқық бойынша қайтыс болған азаматқа тиесілі, мұрагерлік құқық нормалары бойынша біртұтас ретінде құқықмирасқорына тікелей өтетін белгілі бір азаматтық құқықтар мен міндеттердің бір бөлігі. Мұра екі жолмен жүреді: өсиет бойынша немесе (және) заң бойынша (егер өсиет қалдырылмаса немесе өсиет бойынша мұрагер мұраны қабылдамаса).
Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесiлi мүлiк, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен мiндеттерi кiредi.
Барлық мүліктік құқықтар мен мүліктік міндеттер мұраның құрамына кірмейді. Мұра қалдырушыға тиесілі болған жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа да материалдық емес игiлiктердi мұрагерлердiң жүзеге асыруы және қорғауы мүмкiн.
Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұраға ие болу үшін мұрагер оны қабылдау керек. Мұраны қабылдау – біржақты келісім және әрбір келісім сияқты қабылдау тек қана қабілетті азаматты тұлғамен орындалады.
Қабылдау екі тәсілмен іске асырылады:
Егер мұраны
қабылдаудан өсиет бойынша
Мұрагерлік құқықтың маңыздылығы жеке меншіктің тұтынушылық сипатымен анықталады. Мұра ретінде өтетін мүлік – бұл олардың материалдық және рухани сұраныстарын қанағаттандыратын азаматтардың жеке меншігі. Мұрагерлік құқық – азаматтық құқықтың өте ертедегі және бөлшекті жасалынған саласы. Мұра сөзі адамзатқа өте ертеден белгілі. Мұрагерліктің мәні және ролі қоғамдық қатынастың даму деңгейіне байланысты өзгереді, бірақ та кез келген жағдайда мұра қалдырушы өзі жинаған мүлкін, мұрагерлік құқығын өзі тағайындаған жақын туыстары немесе жеке және заңды тұлғаларға мұра қалдырып кетуге деген сенімі мол болады. Сонымен қатар, « .... Мұрагер болу құқығы - әрбір азаматтық құқықтың мәртебесінің бөлінбейтін элементі». Бірақ та мұрагерліктің конституциялық құқығы азаматта нақты мұра туғызбайды. Ондай құқықтар өсиет немесе заң негізінде туындайды [3].
Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негіздемесі. Аталған мәселелерді зерттеу барысында қазақстандық авторлардың еңбегімен қатар, шет елдік әдебиеттер де қолданылды.
Дипломдық жұмыста ең үлкен толық көрінісін, ғылыми зерттелу деңгейін М.Ю. Барщевскийдің «Наследственное право»[25], З.И. Иманбаеваның «Қазақстанда: өсиет бойынша мұраны қалдыру»[33] деген еңбектерінен көруге болады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Бұл дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасында өсиет бойынша мұраны қабылдау тәртібін құқықтық реттеу жолдарын зерттейтін дербес ғылыми жұмыс болып табылады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зертеу объектісі, пәні, жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздемесі, ғылыми жаңалығы толық ашылған.
Бірінші бөлімде
Қазақстан Республикасының
Екінші бөлімде өсиет бойынша мұраны қабылдау тәртібін құқықтық реттеу жолдары зерттеледі.
Үшінші бөлімде мұраны қабылдау мәселелері анықталады.
Жұмыстың нәтижелері қорытынды бөлімінде келтірілген.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША МҰРАГЕРЛІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Мұрагерлік құқықтың пайда болуы және даму кезеңдері
Мұра қалдыру құқық қатынастары басқа қатынастар сияқты дамыған. Олар қоғамның экономикалық даму өнімі болып табылады. Материалдық құндылықтар өндірісіндегі процессте адамның қарым қатынасы қоғамның экономикалық базисі болып табылады. Өндірістік қүштердің дамуымен бірге экономикалық құрылыста өзгереді.
Экономикалық құрылыстың өзгеруімен қоғамның көз қарасы да өзгереді. Өндірістік күштердің дамуы құқықтың өзгеруіне алып қеледі, жекелеп айтқанда мұра қалдыру қатынастарына.
Мұра қалдыру және өзгеде қатынастардың өзгеруі, тек қоғам нысанының ауысуы нәтижесімен ғана емес, сонымен қатар бір мезгілде экономикалық құрылыстың өзі өндірістік қүштердің дамуымен белгілі бір өзгерістерге ұшырайды [4].
Құқық нормаларының өзгеруіне және қалыптасуына, соның ішінде мұра қалдыру тәртібін реттейтін нормаларына тек экономикалық базис әсер етіп қоймай, сонымен қатар қоғамдық құрылымдарының әртүрлі бөліктері әсер етеді: мемлекет, дін, философия, мораль және тағы басқалар.
Мұрагерлік құқықтың экономикалық, саяси және өзге де қоғам өмірінің басқада жағдайларынан тәуелділігін анық көру үшін, оның қалыптасу мен өзгерістерін тарихи аспектіде қарастыру керек. Ол үшін мұра қалдыру тәртібін әр-түрлі әлеуметтік – экономикалық нысандарын қарастыру керек.
Алғашқы қауымдық құрылыс - адамзат тарихындағы бірінші қоғамдық – экономикалық формация. Бұл құрылыс жүйелі түрде дамуда матриархат және патриархат қезеңінен асып түскен. Жеке меншік, таптар және мемлекеттің пайда болуы алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауына алып келген.
Матриархаттың бастапқы кезеңінде топтық неке орын алды, онда бір топ ер адамдар бір топ әйелдермен некеге тұрды. Өндірістің негізгі құралдары ( жер, аң және балық аулайтын құралдар), сонымен қатар бірге дайындалатын және пайдаланылатын ( тұрғын үй, қайық, азық-түліқ және т.б.) заттар рудың жекеменшігі болып танылды.
Рулық қауымдастықттың экономикалық негізін бекіту мақсатында, әдет-ғұрып бойынша өлген адамның мүлкін рудан тысқары шығармады. Өлген адамға тиісті болған мүлік жақын туысқандардың арасында бөлінді. Көбінесе мұра шешесі жағындағы жақын қандық туыстарына берілді. Жеке өзі пайдаланылатын құнды заттар олардың иесімен бірге көмілді.
Матриархат кезеңінде жеке меншіктің әр – түрлілігі мен мөлшері аз болғандықтан мұрагерлікке ешкім мүдделі болған жоқ.
Патриархат кезеңі бірнеше өндірістік қүштердің адамның қызметінің барлық шаруашылық саласында дамуымен сипатталады.
Жеке меншік ер адамның қолында болған соң, оның отбасы шеңберінде сақтап қалу қажеттігі туды. Сондықтан, меншік иесі өлген соң мүлікке тек өзіне жақын адамдар мұрагерлер болғанын дұрыс көрді. Мұрагерлік мүлікті өз балаларына қалдыру үшін, меншік иесінен некеде туған баласы болуы қажет[4].
Өндірістік қатынастары өзгерген соң мұра қалдыру тәртібі де өзгерді. Ортақ шаруашылық жүргізетін тұлғалар шеңбері тарылуы, мұрагерлердің шеңберінің тарылуына алып келді. Матриархат кезеңіндегі мұра қалдыру тәртібі бойынша өлген адамның мүлігі барлық ру мүшелерінің арасында бөлінген болса, патриархаттың алғашқы кезеңінде мұрагерлік - агнаттық тәртіппен ауыстырылды. Өлген адамның мүлкі Патриархалды отбасының шегінен шықпай, агнаттар арасында бөлінді.
Қалған туыстары мұра ретінде тек агнаттардан ешкім қалмағанда ғана алатын. Агнаттар - деп мұра қалдырушымен агнаттық туыстықтағы тұлғаларды атаған. Агнаттық туысқандарға: отбасы иесі, оның әйелін, олардың ұлдары мен күйеуге шықпаған қыздары, ұлдарының әйелдері мен оның балалары жәнеде асырап алған тұлғалар кірді.
Рулық қауымдастықтың соңгы қезеңінде өсиет бойынша мұра қалдыру институты пайда болды.
Сонымен, алғашқы қауымдық құрылыста мұра қалдырудың ешқандай тәртібі болмаған. Қоғамның экономикалық дамуының өнімі мұрагерлік өмірдегі өндіріс құралдарының тәсілдерінде болған өзгерістермен бірге ауысты. Өндірістік күштердің дамуымен тамақтану үшін туыстық негізіндегі бір топқа жиналған тұлғалардың шеңбері тарылды. Сонымен қатар, мұрагерлердің де саны азайды.
Демек, шаруашылық жүргізудің экономикалық негізі өндіріс құралдарына деген қауымдық меншік болған соң мұрагерлік мүлік өндірістік ұжымның шегінен шықпады.
Өндіріс құралдарына деген ортақ меншікті мұра қалдырушы өз еркімен билей алмады. Сондықтан рулық қауымдастыққа өсиет бойынша мұра қалдыру мәлім болмады. Жеке меншік пайда болған соң ( рулық қауымдастықтың соңғы сатысында) өсиет бойынша мұра қалдыру институты пайда болды[5].
Құл иеленушілік құрылыстың мұрагерлік құқығы. Құл иеленушілік қоғам екі негізгі топқа бөлінді: құл иеленушілер және құлдар.
Құлдық құрылыстың экономикалық негізі болып, өндіріс құралдары мен құлдарға деген құл иеленушінің меншігі табылды. Жаңа қоғамдық - экономикалық формацияға өту сол уақытқа өндірістік күштердің өсуі қарқынды болды.
Мемлекетпен бірге құқықта пайда болды. Құлдық мемлекеттердің алғашқы заңдары алғашқы қауымдық құрылыстың соңғы кезінде жүзеге асырылатын мұрагерліктің, үшінші мұрагерлік тәртіптегі қатынастарды реттеп, бекітті. Сонымен қатар заңдарда мүлік иеленушінің құқықтары, оған өсиет ету құқықтарын беру жолымен ұлғайтылды[5].
Информация о работе Мұрагерлі мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін қорғаушылардың шара қолдануы