Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Января 2014 в 20:24, курсовая работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі басты міндеттердің бірі – жеке тұлғаны қазіргі өмірге тез бейімделіп кетуіне көмектесетін біліммен, икемділікпен қамтамасыз ету, өз ана тілінде дұрыс, таза сөйлеуге машықтандыру. Соның бірі – қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға қабілетті, өзіндік пікірін тиянақты, анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Яғни білім мазмұнын байыту, жан-жақты дамыған, рухани бай, өз ойын ашық айта білетін, сөйлеу мәдениеті жетілген тұлға тәрбиелеу өз шешімін қажет ететін, кезек күттірмей, іс жүзіне асыратын мәселе болып отыр.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1. Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың теориялық негіздері
1.1. Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытуды педагогикалық тұрғыдан негіздеу.......................8
1.2. Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың мүмкіндіктері....................................................20
2 Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың жолдары
2.1 Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың әдістемесі….................................…..................38
2.2 Эксперименттік жұмыстың нәтижесі............................................................61
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................80
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................82
Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың ерекшеліктері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1. Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың теориялық негіздері
1.1. Мектепке
дейінгі даярлық топтарында халық ауыз
әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытуды
педагогикалық тұрғыдан негіздеу......................
1.2. Мектепке
дейінгі даярлық топтарында халық ауыз
әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың
мүмкіндіктері.................
2 Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың жолдары
2.1 Мектепке
дейінгі даярлық топтарында халық ауыз
әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың
әдістемесі…...................
2.2 Эксперименттік
жұмыстың нәтижесі......................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі басты міндеттердің бірі – жеке тұлғаны қазіргі өмірге тез бейімделіп кетуіне көмектесетін біліммен, икемділікпен қамтамасыз ету, өз ана тілінде дұрыс, таза сөйлеуге машықтандыру. Соның бірі – қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға қабілетті, өзіндік пікірін тиянақты, анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Яғни білім мазмұнын байыту, жан-жақты дамыған, рухани бай, өз ойын ашық айта білетін, сөйлеу мәдениеті жетілген тұлға тәрбиелеу өз шешімін қажет ететін, кезек күттірмей, іс жүзіне асыратын мәселе болып отыр.
Балабақшадағы оқу – тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастырудың бірден – бір жолы сапалы білім берумен қатар, сол білімді алуға балалардың қызығушылығын ояту, өз ана тілдерінде таза сөйлеуге баулу. Бүгінгі бабалақшада тәрбиеленетін балалар еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы.
Осымен байланысты мәселелер мемлекет тұрғысынан көптеген маңызды құжаттарда қарастырылды. Осыған орай Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуын, жеке тұлғаның дарындылығын, талантын, өз ойын терең жеткізе білу қабілетін дамыту өзекті мәселе енгізіліп отырғаны белгілі. Қазақстанда баланың тілін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру негізінен, «Қазақстан–2030» стратегиялық құжаттарындағы «Білім беру» бөлімінде көрсетілді.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында да бағдарламалар баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталып, оның қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, шығармашылықпен өзін-өзі көрсетуін қалыптастыру қажеттігі» көрсетілді.
Жоғарыда келтірілген үкімет тарапынан жарық көрген құжаттарда балалардың тілдік қарым-қатынасына, ана тілін қадірлеуге, сондай ақ сөйлеу мәдениетіне көп көңіл бөлініп отырғандығын көреміз.
Тілдік білім беруді сапалы дамыту мәселелері тек ұлтық қана емес, елдің әлеуметтік те дамуының негізі ретінде танылып отыр. Мұндай мақсатқа жетуде жалпы білім беру жүйесі, оның ішінде үздіксіз білім беру жүйесінің ең маңызды да күрделі сатысы – балабақша үлкен орын алады.
Балабақшада әдеби материалдарды өз тәжірибесінде пайдалана білудің ғылыми-әдістемелік жолдарын көрсетіп, ойын жүйелі түрде дұрыс айта және жаза алатындай етіп үйрету күрделі мәселе. Мұның себебі, біріншіден, тіл – адам мәдениетінің, интеллектісі мен жан-жақтылығының көрсеткіші болса, екіншіден, өз ойын байланыстырып айту және жазу баланың басқа адамдармен еркін қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді. Басқалармен қарым-қатынастың тартымды, сәтті болуы адамның өзінің ойын қаншалықты еркін, тиянақты, жүйелі түрде жеткізуіне байланысты. Балабақшада балаларды сөйлеу мәдениетіне үйрену арқылы тілдің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін тануға, көркемдік бейнелілігін ұғынуға, сөздік қорының кеңеюіне мүмкіндік алады.
Баланың сөйлеу мәдениетінің фольклормен тығыз байланысты мәселелерін зерттеуде әдебиеттанушылардың да қосқан үлестері зор. Осы тұрғыда М.Әуезов, Қ.Жұбанов, А.Байтұрсынов, М.Қаратаев С.Қалиев, М.Қараев, М.Әлімбаев, Б.Адамбаев т.б. ғалымдар әдебиеттің рөлін педагогикалық тұрғыда қарастырып, тәрбиелік мәнін ашып берді.
Балалардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мәселесінің психологиялық негіздеріне М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Т.Тәжібаев, М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев т.б және шетел психологтары Л.С.Рубинштейн, Л.С.Выготский, А.Р.Лурия, А.А.Леонтьев, Н.И.Жинкин, Дж.Брунер, Ж.Пиаже, В.Я.Ляудис, И.П.Негурэ т.б. еңбектері негізге алынды.
Шет ел және ТМД ғалымдары баланың сөйлеу мәдениеті мен тіл дамыту жұмыстарын әр түрлі аспектілерде қарастырған: тіл дамыту жұмыстарын таза бала тілін бақылау арқылы жүргізу (В.А.Малаховский, П.О.Афанасьев); тіл дамытуда газет-журналдардың, ресми іс-қағаздарының тілін пайдалану (А.М.Пашковский, А.Б.Шакиров б.); тіл дамытуда көркем-әдебиет түрлерін үлгіге алу (М.Н.Петерсон, М.А.Рыбникова т. б.). Байланыстырып сөйлеуге үйрету мәселелерін зерттеген (Т.А.Ладыженская, Г.С.Щеголева, В.И.Капинос, Н.Н.Сергеева, М.С.Соловейчик т.б.) шетел әдіскерлері баланың мәтін құру білігі мен дағдысын арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға болатындығын көрсеткен.
Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселесі бойынша тарихи-әдістемелік, ғылыми-теориялық арнайы зерттеулер жүргізген ғалымдар Б.Б.Баймұратова, А.К.Меңжанова, Қ.М.Меңдаяқова, М.Т.Тұрыскелдина, А.Б.Бақреденова, Метербаева К.М, Т.А.Левченко, Ә.С.Әмірова, Т.Иманбеков, Ф.Н.Жұмабекова, А.Е.Манкеш, Б.О.Арзанбаева, Р.К.Керімбаева, С.Н.Жиенбаева, А.П.Капенова, Таубаева Ғ.З және т.б. зерттеулері нәтижесінде ғылыми-әдістемелік еңбектер, оқу құралдары бағдарламалары жасалынды.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту мәселелерімен айналысқан Н.Құлжанова, Б.Баймұратова, А.Бақреденова, Х.Қожахметова, А.Меңжанова, Ә.Әмірова, Қ.Меңдаяхова және т.б. ғалымдардың еңбектерін талдау барысында балалардың сөздік қорын дамыту мәселесінің әр қырынан анықталғандығын байқадық.
Дегенмен байланыстырып сөйлеуде көркем-әдебиет үлгілерін, оның ішінде халық ауыз әдебиеті пайдалану арқылы баланың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға байланысты әлі шешімін таппай отырған мәселелер бар.
Осы тұрғыдан алғанда төмендегідей қарама-қайшылықтар туындап отыр:
- балалардың сөйлеу мәдениетінің мүмкіндіктері мен оқу-тәрбие үдерісінде оны мектепке дейінгі топтарда халық ауыз әдебиеті арқылы қалыптастыру жолдарының анықталмағандығы;
– бүгінгі қоғам талабына сай балаларының сөйлеу мәдениетін халық ауыз әдебиеті арқылы қалыптастырудың өзектілігі мен оны жүзеге асыру әдістеменің ғылыми тұрғыдан жеткіліксіздігі.
– балабақшаға арналған білім мазмұнында балалардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру талаптары қойылғанмен, оны іске асыруда тәрбиешілердің әдістемелік тұрғыда дайындық деңгейлерінің төмендігі.
Аталған қарама-қайшылықтар шешімін іздестіру балалардың сөйлеу мәдениеті әлеуетін дамытудың тиімді жолдары мен әдістерін іздестіру проблемасын туғызды. Көрсетілген проблема зерттеу тақырыбын: « Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың ерекшеліктері» деп таңдауға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: баланың сөздік қорын халық ауыз әдебиеті арқылы қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу және оның әдістемесін жасау.
Зерттеу нысаны – балабақшадағы оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні. даярлық топ балаларының сөйлеу мәдениетін халық ауыз әдебиеті арқылы қалыптастыру
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер баланың сөйлеу мәдениетін халық ауыз әдебиеті арқылы қалыптастыру теориялық тұрғыда негізделсе, әдістемесі даярланса, онда балалар сөз мағынасын, мәтіндерді саналы ұғыну әрекеттері іске асады, өйткені бұл жағдайда балаларды ана тілінде таза сөйлеуге баулып, сөздік қорын, сөйлеу тілдерін дамыту мүмкіндігі туады.
Зерттеудің міндеттері.
- халық ауыз әдебиеті арқылы даярлық топ балаларының сөздік қорын дамытуды педагогикалық тұрғыдан негіздеу;
- сөздік қорын халық ауыз әдебиеті арқылы қалыптастырудың мүмкіндіктерін айқындау;
- баланың сөздік қорын халық ауыз әдебиеті арқылы қалыптастыруды әдістемесін даярлау және оның тиімділігін тәжірибеде тексеріп, ғылыми ұсыныстар беру.
Зерттеудің жетекші идеясы. халық ауыз әдебиеті арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыру барысында баланың ана тілінде таза сөйлеуге баулып, сөздік қорын, сөйлеу тілдерін дамыту мүмкіндігі туады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері. Диалектикалық таным теориясы, жеке тұлға, іс-әрекет теориясы, қарым қатынас, сөйлеу мәдениеті бойынша философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық тұжырымдар мен көркем-әдебиет үлгілері туралы ой-пікірлер.
Зерттеу көздері ретінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (2007), Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасынның білім беру бағдарламасы (2000), зерттеу мәселесіне қатысты философтар, психологтар, педагогтар, әдіскерлердің еңбектері, Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, пәндік оқу бағдарламалары, оқу-әдістемелік кешендер, алдыңғы қатарлы ұстаздардың және автордың педагогикалық ғылыми іс-тәжірибелері алынды.
Зерттеудің әдістері:
– теориялық (ғылыми-теориялық әдебиеттерді талдау, қорытындылау, салыстыру, нәтижені жобалау);
– эмпирикалық (сауалнама, интервью, әңгімелесу, бақылау, оқу-әдістемелік құжаттарды саралау, балалардың шығармашылық жұмыстарын талдау, тест, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізу);
– статистикалық (зерттеу бойынша алынған нәтижелерді математикалық-статистикалық тұрғыда өңдеу).
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
– сөздік қорын дамытудың теориялық негіздері анықталды;
– «сөздік қорын дамыту» ұғымының анықтамасы айқындалды;
– балалардың сөздік халық ауыз әдебиеті арқылы қалыптастырудың мүмкіндіктері айқындалды;
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
– бағдарламасы балабақшаның оқу-тәрбие үрдісіне тәжірибеге ұсынылды;
– әдістемесі жасалды;
– зерттеу нәтижелері мен қорытындылары болашақ ғылыми ізденіс жұмыстары барысында, балабақша тәрбиешілерінің іс-тәжірибесінде пайдалануға болады.
Зерттеу базасы.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, зерттеудің мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, болжамы, зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері, ғылыми жаңалығы, оның теориялық және практикалық мәнділігі, қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар, зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру анықталған.
«Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде даярлық топ балаларының сөздік қорын дамытудың теориялық негіздері анықталып, «сөздік қорын дамыту» ұғымының философиялық, психологиялық, педагогикалық, тілдік тұрғыдағы мәні мен мазмұны айқындалды. даярлық топ балаларының сөздік қорын халық ауыз әдебиеті арқылы қалыптастырудың мүмкіндіктері анықталды. «Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың жолдары» атты екінші бөлімде халық ауыз әдебиеті арқылы даярлық топ балаларының сөздік қорын дамытудың қазіргі жағдайы анықталып, әдістемесі жасалды. Тәжірибелік-эксперимент жұмыс нәтижелері берілді.
Қорытындыда болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері түйінделіп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді. Зерттеу мәселесіне байланысты келешекте қарастырылатын жұмыстардың бағыттары айқындалды.
1. Мектепке дейінгі даярлық топтарында халық ауыз әдебиеті арқылы баланың сөйлеуін дамытудың теориялық негіздері
Егеменді еліміз өркениет жолына бет бұрып, республикамызда этно-мәдени білім беру ісі қолға алынып жатқан тұста білім ұяларын ұлттық негізде қайта түрлендіруге байланысты толғандырар мәселелер баршылық. Солардың бірі баланың ұлттық рухпен сусындатуға ерекше мән беру. Бұл орайда, халық ауыз әдебиетінің міндеті орасан зор.
Халық ауыз әдебиетінің дүниетанымдық негізі, тәлім-тәрбиелік маңызы туралы зерттеу дәстүрі ерте қалыптасқаны белгілі. Марко Поло тамсанған, Янушкевич таңданған, Даль ізденген, Радлов жоғары бағалаған иманды халқымыздың өнері, ауыз әдебиеті, салт-дәстүрлері халық педагогикасының қуатты құралы екендігі айғақтайды.
Кезінде қазақ даласындағы ұлы ғұламалар әль-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Иассауи, күміс көмей, жез таңдай ақын жазушылар (Шалкиіз, Доспамбет, Бұхар жырау), ұлы ағартушылар (Шоқан, Абай, Ыбырай) болашақ ұрпақты имандылық, адалдық сияқты қасиеттерге тәрбиелеуге талпынған және халық даналығын жоғары бағалаған.